Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылдың қорытынды АҚПАРАТЫ
Жаңаөзен қаласы әкімдігі, ҚР ЦДИАӨ министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39 н/қ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылы 16 тамыздағы №339/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, қызметтерді көрсетеді.
Жаңаөзен қаласы және Теңге, Рахат, Қызылсай ауыл әкімдіктерімен 2023 жыл:
Көрсетілген қызмет түрі – 83 (47 537 қызмет саны, оның ішінде жеке тұлғалар – 46 408, заңды тұлғалар – 1 129),
жергілікті атқарушы органмен – 5 қызмет түрі бойынша 1 118 қызмет,
мемлекеттік корпорация – 39 қызмет түрі бойынша 12 233 қызмет,
портал – 58 қызмет түрі бойынша 34 186 қызмет көрсетілді
Қарастырылып отырған кезеңінде барлығы 5 237 бас тартулар ұсынылған (қағаз түрінде - 1 375, электрондық түрінде – 3 862).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2023 жылы өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы
Қала әкімдігі тарапынан жоспарға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу тәртібін, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы тиімділігін насихаттау бойынша өткізілген шаралар саны – 46, оның ішінде қоғамдық қабылдау – 2, ашық есік – 5, тәжірибе алмасу – 5, телеарнаға шығу – 6, мақала – 2, әлеуметтік желіде тікелей эфир – 3, дөңгелек үстел – 5, жиналыс – 6, әлеуметтік желіге публикация – 8, бейнеролик – 4. Қамтылған адам саны – 529.
Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша 2023 жылы өткізілген іс-шаралары
Жаңаөзен қаласы әкімінің 2023 жылғы 31 шілдесіндегі №54 н/қ «Жаңаөзен қаласы әкімі міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №87 н/қ «2023 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне өзгерістер енгізу туралы» өкіміне сәйкес, жоспар бойынша 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 5 бақылау іс-шарасы жоспарланған, оның ішінде:
Жүргізілген ішкі бақылау нысаны – 5:
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
«Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» ММ;
«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
«Теңге ауылы әкімінің аппараты» ММ.
Анықталған кемшіліктер саны – 91, оның ішінде:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері – 16;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 3;
- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері – 23;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 49.
Ұсынымдар саны – 14, оның ішінде орындалды – 14.