Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылы қазан-желтоқсан айларына АҚПАРАТ

Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылы қазан-желтоқсан айларына АҚПАРАТ 

Жаңаөзен қаласы әкімдігі, ҚР ЦДИАӨ министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39 н/қ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылы 16 тамыздағы №339/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, қызметтерді көрсетеді.

Жаңаөзен қаласы және Теңге, Рахат, Қызылсай ауыл әкімдіктерімен 2023 жылы қазан-желтоқсан айларына:

Көрсетілген қызмет түрі – 50 (4 410 қызмет саны, оның ішінде жеке тұлғалар – 3 969, заңды тұлғалар – 441),

жергілікті атқарушы органмен – 5 қызмет түрі бойынша 231 қызмет,

мемлекеттік корпорация – 21 қызмет түрі бойынша 1 499 қызмет,

портал – 31 қызмет түрі  бойынша  2 680 қызмет көрсетілді

Қарастырылып отырған кезеңінде барлығы 563 бас тартулар ұсынылған (қағаз түрінде -  110, электрондық түрінде – 453).

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қазан-желтоқсан айларында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы 

Қала әкімдігі тарапынан жоспарға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу тәртібін, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы тиімділігін насихаттау бойынша өткізілген шаралар саны – 10, оның ішінде: дөңгелек үстел – 2, ашық есік – 1, телеарнаға шығу – 1, тәжірибе алмасу – 1, жиналыс – 2, әлеуметтік желіге публикация – 2, бейнеролик – 1. Қамтылған адам саны – 63.

 

Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша қазан-желтоқсан айларында өткізілген іс-шаралары. 

Жаңаөзен қаласы әкімінің 2023 жылғы 31 шілдесіндегі №54 н/қ «Жаңаөзен қаласы әкімі міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №87 н/қ «2023 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау             іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне өзгерістер енгізу туралы» өкіміне сәйкес, жоспар бойынша қазан-желтоқсан айларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына     1 бақылау іс-шарасы жоспарланған, оның ішінде:

Жүргізілген ішкі бақылау нысаны – 1:

«Теңге ауылы әкімінің аппараты» ММ.

Анықталған кемшіліктер саны – 23, оның ішінде:

- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері – 12;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 11.

Ұсынымдар саны – 2,  оның ішінде орындалды – 2.

Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылы қазан-желтоқсан айларына АҚПАРАТ
Дата публикации
11 января 2024