Рахат ауылы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

ЖОБА

 

 

Рахат ауылы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын

өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық

құрамын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының          6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) сәйкес Жаңаөзен қалалық мәслихаты                                                    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған:

1) Рахат ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары;

2) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

 

 

Жаңаөзен қалалық

мәслихатының төрағасы                                         Ғ.Ұ.Байжанов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рахат ауылы жергілікті қоғамдастықтың

бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Рахат ауылы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және Рахат ауылының тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
  • бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – Рахат ауылы тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;
  • жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Рахат ауылында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

 

2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

 

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Рахат ауылының аумағы.
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
  3. Рахат ауылының әкімі ауыл шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде

көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Рахат ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.
  2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауыл тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Рахат ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Рахат ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

  1. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жаңаөзен қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
  2. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

  1. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Рахат ауылы әкімінің аппаратына береді.

Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

  • жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
  • тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
  • қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
  • жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
  • күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

        

 

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

 

р/с

Елді мекеннің атауы

Өкілдерінің саны (адам)

1.

Рахат ауылы

25

Барлығы

25

 

 

Жаңаөзен қалалық мәслихатының «Рахат ауылы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешім жобасына түсіндірме жазба

 

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы – «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  2. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

             Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122  «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына,  Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігіжәне оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп –қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы  шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

            Қаржылық шығындар талап етілмейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік – экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздік қамтамасыз етуге ықпалы.

 Осы жобаны қабылдау  теріс әлеуметтік – экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Жаңаөзен қалалық мәслихатының «Рахат ауылы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешімін қабылдау.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

             Жоқ.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін – етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

            Жоқ.

  1. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет – ресурсында, сондай – ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат.

 Жоба ашық нормативтік құқықтық актілер порталында 27.12.2023 жыл орналастырылды.

  1. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

Жоба Жаңаөзен қаласы әкімдігінің сайтында 27.12.2023 жылы орналастырылды.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Талап етілмейді.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп – қисаптар нәтижелері.

Талап етілмейді.

 

 

Рахат ауылының әкімі                                                       Р. Сырымов

Рахат ауылы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Дата публикации
27 декабря 2023