«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары туралы» 2023 жылғы 13 қаңтардағы 1 н/қ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы, Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы №9/77 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №27/206 «2023-2025 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы №607 «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 5 қаңтардағы №1 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №27/206 «2023-2025 жылдарға арналған Жаңаөзен қаласының бюджеті туралы» шешімін іске асыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің «2023-2025 жылдарға арналған келесі бюджеттік бағдарламасы» туралы 13 қаңтардағы 1 н/қ бұйрығына төмендегідей өзгерістер енгізілсін.
454.001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 1 қосымшасына сәйкес;
Бөлім басшысы Р. Абишаев