Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23  қаңтардағы                            «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі             ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қосымшаға сәйкес жұмыс орындарының жалпы санының екіден төртке дейін пайызын, оның ішінде еңбек жағдайлары ауыр, қызметі зиян, қауіпті қызметтерді қоспағанда, мүгедектер үшін қосымшаға сәйкес жұмыс орындарына квота белгіленсін.

елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

жүзден екі жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

екі жүз елуден артық – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

  1. Жаңаөзен қала әкімдігінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 76 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3277 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және 2017 жылғы 7 сәуірде «Жаңаөзен» газетінің №14 болып жарияланған) қаулысы жойылсын.
  2. «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Т. Шаудирбаев):

квотаға сәйкес мүгедектерге жұмыс орнына жолдама беруді қамтамасыз етсін;

осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап

күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Нурдаулетовке жүктелсін.

Қала әкімі                                                                                     М. Ибагаров

Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Дата публикации
04 августа 2020