Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылы қаңтар-қыркүйек айларына АҚПАРАТ

Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылы қаңтар-қыркүйек айларына

АҚПАРАТ 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шілде-қыркүйек айларында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы 

Қала әкімдігі тарапынан жоспарға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу тәртібін, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы тиімділігін насихаттау бойынша өткізілген шаралар саны – 10, оның ішінде: дөңгелек үстел – 1, телеарнаға шығу – 1, ашық есік – 1, жиналыс – 1, тәжірибе алмасу – 1, бейнеролик – 1, қоғамдық қабылдау – 1, әлеуметтік желіге публикация – 3. Қамтылған адам саны – 68.

Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша шілде-қыркүйек айларында өткізілген іс-шаралар 

Жаңаөзен қаласы әкімінің 2023 жылғы 31 шілдесіндегі №54 н/қ «Жаңаөзен қаласы әкімі міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №87 н/қ «2023 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне өзгерістер енгізу туралы» өкіміне сәйкес, жоспар бойынша шілде-қыркүйек айларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 1 бақылау іс-шарасы жоспарланған, оның ішінде:

Жүргізілген ішкі бақылау нысаны – 1:

«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.

Анықталған кемшіліктер саны – 25, оның ішінде:

- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері – 11;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 14.

Ұсынымдар саны – 3,  оның ішінде орындалды – 3.

Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылы қаңтар-қыркүйек айларына АҚПАРАТ
Дата публикации
17 октября 2023