Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылы қаңтар-қыркүйек айларына АҚПАРАТ
Жаңаөзен қаласы әкімдігіне ҚР ЦДИАӨ министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39 н/қ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылы 16 тамыздағы №339/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, 57 қызмет түрлері, оның ішінде 60 кіші қызмет түрлері бекітілген.
Жаңаөзен қаласы және Теңге, Рахат, Қызылсай ауыл әкімдіктерімен 2023 жылы шілде-қыркүйек айларына:
Көрсетілген қызмет түрі – 48 (8 860 қызмет саны, оның ішінде жеке тұлғалар – 8 604, заңды тұлғалар – 256),
жергілікті атқарушы органмен – 5 қызмет түрі бойынша 408 қызмет,
мемлекеттік корпорация – 14 қызмет түрі бойынша 3 467 қызмет,
портал – 37 қызмет түрі бойынша 4 985 қызмет көрсетілді
Қарастырылып отырған кезеңінде барлығы 3 208 бас тартулар ұсынылған (қағаз түрінде - 488, электрондық түрінде – 2 720).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шілде-қыркүйек айларында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы
Қала әкімдігі тарапынан жоспарға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу тәртібін, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы тиімділігін насихаттау бойынша өткізілген шаралар саны – 10, оның ішінде: дөңгелек үстел – 1, телеарнаға шығу – 1, ашық есік – 1, жиналыс – 1, тәжірибе алмасу – 1, бейнеролик – 1, қоғамдық қабылдау – 1, әлеуметтік желіге публикация – 3. Қамтылған адам саны – 68.
Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша шілде-қыркүйек айларында өткізілген іс-шаралар
Жаңаөзен қаласы әкімінің 2023 жылғы 31 шілдесіндегі №54 н/қ «Жаңаөзен қаласы әкімі міндетін атқарушының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №87 н/қ «2023 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкіміне өзгерістер енгізу туралы» өкіміне сәйкес, жоспар бойынша шілде-қыркүйек айларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 1 бақылау іс-шарасы жоспарланған, оның ішінде:
Жүргізілген ішкі бақылау нысаны – 1:
«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.
Анықталған кемшіліктер саны – 25, оның ішінде:
- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері – 11;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 14.
Ұсынымдар саны – 3, оның ішінде орындалды – 3.