Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 2/7 «Жаңаөзен қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 2/7  «Жаңаөзен қаласы бойынша  2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы 

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі  №181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 2/7 «Жаңаөзен қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4561-12)  шешімінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы                                 Аты-жөні

 

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 2/7 «Жаңаөзен қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы
Дата публикации
02 октября 2023