Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі №191 «Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі №191 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3579 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын:

«Сайлау кезеңінде барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы»;

қаулының 1 тармағы алынып тасталсын;

2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін  орындар 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.»;

қөрсетілген қаулының 1 қосымшасы алынып тасталсын;

көрсетілген қаулыға 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы                                 Аты-жөні

«КЕЛІСІЛДІ»

Жаңаөзен қалалық сайлау

комиссиясы

Сайлау кезеңінде барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

№

р/с

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Жаңаөзен қаласы

«Өркен» шағын ауданынының № 19 үйінің жанындағы ақпараттық стенд.

2

Жаңаөзен қаласы

Сәтпаев көшесіндегі Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд

3

Жаңаөзен қаласы

«Шаңырақ» шағын ауданынының № 27 үйіне қарама-қарсы ақпараттық стенд.

4

Жаңаөзен қаласы

«Жалын» шағын ауданындағы 25 В ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд

5

Жаңаөзен қаласы

«Көктем» шағын ауданының № 22 үйінің жанындағы  ақпараттық стенд.

6

Теңге ауылы

Достық даңғылындағы ақпараттық стенд.

7

Қызылсай ауылы

«Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сүгір Бегендікұлы атындағы № 4 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд.

8

Рахат ауылы

«Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 18 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд.

9

Кендірлі ауылы

«Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 23 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы ақпараттық стенд.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі №191 «Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
14 июля 2023