Жаңаөзен қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылғы қазан-желтоқсанға шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері туристерді орналастыру орындарына болған әрбір тәулік үшін 0,5 (нөл бүтін оннан бес) мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
|
Аты-жөні |