Жаңаөзен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2023 жылғы «__»________
№___ шешіміне қосымша
Жаңаөзен қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 9/102 «Жаңаөзен қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3322 болып тіркелген) шешімі;
2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 9/101 «Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3323 болып тіркелген) шешімі;
3. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 40/468 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 9/101 «Жаңаөзен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4094 болып тіркелген) шешімі.