Жаңаөзен қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 6- бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Жаңаөзен қалалық әкімшілігі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2023 жылғы қыркүйек-желтоқсанға арналған туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерді айлық есептік көрсеткіштердің 0,5 (нөл бүтін оннан бес) мөлшеріне бекітілсін.
2. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық әкімшілігі 2023 жылғы 25 сәуірдегі «Жаңаөзен қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» №2/9 шешімінің (Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2023 жылғы 4 мамырдағы №2/7 болып тіркелген ) күші жойылды.
3. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күніне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.