ХАБАРЛАНДЫРУ
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы, санаты Е-4 (уақытша бос орын, 2023 жылғы 5 қыркүйекке дейін негізгі қызметкердің жүктілік және босануға байланысты демалыс кезеңіне), «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты Е-R-4 және «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты Е-R-4 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жарияланған жалпы конкурсқа қатысқан кандидаттардың ұсынған құжаттарын қарау, өткізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша, Бірыңғай конкурс комиссиясы ашық дауыс беру жолымен, Шешім қабылдады:
- Ешбаева Гаухар Жұмабайқызының кандидатурасы «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы (уақытша бос орын, 2023 жылғы 5 қыркүйекке дейін негізгі қызметкердің жүктілік және босануға байланысты демалыс кезеңіне) лауазымына ұсынылсын.
- Досан Асланбек Асылбекұлының кандидатурасы «Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы лауазымына ұсынылсын.
- Қалдыбаев Берік Мұратұлының кандидатурасы «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы лауазымына ұсынылсын.