Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылы қаңтар-маусым айларына
АҚПАРАТ
Жаңаөзен қаласы әкімдігіне ҚР ЦДИАӨ министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39 н/қ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылы 13 наурыздағы №86 н/қ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, 67 қызмет түрлері, оның ішінде 80 кіші қызмет түрлері бекітілген.
Жаңаөзен қаласы және Теңге, Рахат, Қызылсай ауыл әкімдіктерімен 2023 жылы қаңтар-маусым айларына:
Көрсетілген қызмет түрі – 70 (34 232 қызмет саны, оның ішінде жеке тұлғалар – 33 820, заңды тұлғалар – 412),
жергілікті атқарушы органмен – 3 қызмет түрі бойынша 438 қызмет,
мемлекеттік корпорация – 36 қызмет түрі бойынша 7 267 қызмет,
портал – 52 қызмет түрі бойынша 26 527 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қаңтар – маусым айларында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы
Қала әкімдігі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндіру жұмыстары бойынша өткізілген шаралар саны – 26, оның ішінде мақала – 2, ашық есік – 3, дөңгелек үстел – 2, тікелей эфир – 3, бейнеролик – 2, телеарнаға шығу – 4, жиналыс – 2, тәжірибе алмасу – 3, қоғамдық қабылдау – 1, семинар – 1, әлеуметтік желіге пост – 3. Қамтылған адам саны – 313.
Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша қаңтар-маусым айларында өткізілген іс-шаралар
Қала әкімінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №87 н/қ «2023 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес, 2023 жылы 5 нысанға бақылау іс-шарасын жүргізу жоспарланған. Аталған жоспар бойынша қаңтар-маусым айларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 3 бақылау іс-шарасы жоспарланған, оның ішінде:
Жүргізілген ішкі бақылау нысаны – 3:
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
«Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» ММ;
«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.
Анықталған кемшіліктер саны – 43, оның ішінде:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері – 14;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 5;
- Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 24.
Ұсынымдар саны – 9, оның ішінде орындалды – 9.