Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзен жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі тплдау нәтижелері бойынша 2023 жылдың 1-ші жарты жылдықтың талдамалы анықтамасы

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзен жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі тплдау нәтижелері бойынша 2023 жылдың 1-ші жарты жылдықтың талдамалы анықтамасы.

 

Қаржы саласы бойынша; Есеп бөлімі алдына қойған тапсырмалар заң шеңберінде дер кезінде орындалуда, жұмысшылар жалақылары ҚР НҚА – мен белгіленген мерзімде төленіп отыр. Кәсіпорнының 2023 жылдың 1-ші жарты жылдық бойынша есептеулер тиісті органдарға тапсырылуда. Қызметкерлердің міндетті әлеуметтік салымдары және сақтандыру төлемдері төленуде.

Персональды басқару қызметі бойынша; Персоналды басқару қызметі бойынша ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдық кәсіпорындағы қызметінен босатылғандар саны 157 адам, оның ішінде 105 адамның келісім шарты тоқтатылды. 52 адам өз еркімен жұмыстан босатылды. Ал жұмысқа қабылданған жұмысшылар саны 29 адам. Жұмысшылар арасында әдептілік және этика нормаларын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр.

      Сонымен қатар, «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығы» КММ бөлімімен бірлесе отырып, Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық деңгейін көтеріліп кетуінің алдын алу шараларын жүзеге асыру барысында ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдықта 56 қоғамдық жұмысшы 2023 жылдың желтоқсан айына дейін мекемеге уақытша жұмысқа бағытталған болатын. Екі жақты келісімге сәйкес, қазіргі таңда 60 қоғамдық жұмысшы жұмыс жасауда.

        Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 08.08.2012 жылғы қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында кәсіпорын базасында, Жаңаөзен қалалық пробация қызметінің бағыттауымен 16 сотталушы азамат үшін тегін пайдалы қоғамдық жұмыстары ұйымдастырылды.

        Қаржы-экономикалық және тарифтерді қалыптастыру бөлімінің қызметі бойынша 2023 жылдың 1-ші жарты жылдықта атқарған жұмыстары туралы бойынша. Ағымдағы жылда «Өзен жылу» МКК жұмысшылары атынан еңбек ақыны жоғарлату үшін ұжымдық талап-арыз келіп түсті.

         Қазіргі таңда шешімін таппай отырған мәселе бұл жалақы мәселесі болып отыр. Жалақыны көтеру тікелей мекеменің экономикалық жағдайына байланысты.

         Статистика басқармасына кәсіпорынның ай сайынғы статистикалық есептері тапсырылып отыр.

          Жылу энергиясы ресурстары өткізу бөлімі; абонеттердің тұтынған жылу ресурстарын ай сайынғы есепке алу, санау, қадағалау, бақылау жұмыстарын және коммуналдық қарыздарын өндіру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

          Сонымен қатар ағымдағы жылдың басынан бастап ыстық су есептегіш құралдарының сенімдеу мерзімі өткен пәтер иелеріне 1205 ескерту таратылып, 271 қайтадан жаңа есептегіш құралдары қойылып, пломба салынды. Ыстық су алудан бас тартқан пәтер иелері саны 797.

                    Тұтынушылардан қарыздарды өндіру жұмыстары заң талаптарына сай жүргізіледі.

         Өндірістік техникалық бөлімінің саласы бойынша; Кәсіпорын 1-ші жарты жылдықта 14 техникалық шарт ұсынылды. Соның ішінде қолданыстағы жылу желісіне қосуға

Жеке кәсіпкерлік нысанға -2

Жаңа салынған тұрғын үйлер- 2

Жаңа салынатын әлеуметтік нысан-10

         Техникалық шарттар Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары және ережесіне сәйкес ұсынылуда. ҚР Ұлттық эконоика министрінің 2014 жылы 5 қарашадағы №67 бұйрығымен бекітілген 2-ші қосымшасына сәйкес, ҚР Жер кодексінің 43 бабы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы №301 бұйрығы негізінде елді мекен шегінде нысан салу үшін жеке және заңды тұлғаларға қортынды берілуде.

         Ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдықта қортынды беріліп, соның ішінде;

Оң қортынды берілген -360 дана.

Теріс қортынды берілген – 9 дана.

         Яғни жер учаскесінің жылу желілерімен қорғау аймағы сақталмаған жер учаскесі болып табылады.

 

        Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік саласы бойынша: Есептік кезеңде кәсіпорын бойынша қандай да бір адам денсаулығына қәуіп төндіретіндей жағдайлар орын алған жоқ. Кәсіпорын қызметкерлері арасында ережеге сәйкес, техника қауіпсіздігі саласындағы шараларды қатаң сақтау қажеттілігін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отыр.

Жаңаөзен қаласының төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан жыл сайынғы жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізілді. Осы тексеріс аясында анықталған бұзушылықтардың барлығы жойылды.

         Әр аптаның сәрсенбі күні кәсіпорын шеңберінде техникалық қауіпсіздік күні болып бекітілген болатын. Осыған орай, мекеме қызметкерлері арасында аталған күні түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. Әр апта сайын, аталған күні кәсіпорынның жауапты тұлғаларымен барлық қазандықтар мен бөлімшелердің тазалығы, қазандар мен басқа да қондырғылардың жәй-күйлері, техника  қауіпсіздігі шараларының орындалысы тексеріледі.

         Кәсіпорынның барлық қызметкерлері арнайы қысқы және жазғы киімдермен, қауіпсіздік құралдарымен қамтылған.

       І жарты жылдықта нұсқамадан өткен қоғамдық жұмысшылар саны – 42 адам;

       І жарты жылдықта кіріспе нұсқамадан өткен жұмысқа қабылданушылар саны – 112 адам;

       І жарты жылдықта басқа қызметке ауысуына байланысты, арнайы нұсқамадан өткен жұмысшылар саны – 23 адам;

        Электр қауіпсіздігі бойынша 8 адам аттестациялаудан өтті

           2022-2023 жылдарға барлығы 156 жұмысшы кезекті медициналық тексеруден өткізілді.

 

           Кәсіпорынның жабдықтау бөлімі бойынша; Ағымдағы жылдың 1-ші жарты жылдықта кәсіпорынға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар тиісті келісім-шарттар жасақталуда.

           Барлық қызметкерлер лауазымдық нұсқаулыққа сай жұмыстарын жасауда.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Өзен жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі тплдау нәтижелері бойынша 2023 жылдың 1-ші жарты жылдықтың талдамалы анықтамасы
Дата публикации
14 июля 2023