«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ оның ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ оның ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңаөзен қаласы, 2023 жыл

 

Атауы

Парақ беттері (аралығы)

Мәлімет қысқаша шолу

 

«Жаңаөзен қаласы әкімдігінің аппараты» ММ

 

«Кендірлі ауылы әкімдігінің аппаратының» ММ

 

«Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ 

 

Рахат  ауылының әкімдігінің аппараты» ММ

 

Қызылсай ауылы әкімдігінің аппараты» ММ

 

«Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі» ММ

 

«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

 

«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ  

 

«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

 

Теңге  ауылы әкімдігінің аппараты» ММ

 

«Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 

 

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 

 

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

 

«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» ММ

 

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ

 

Ішкі саясат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңаөзен қаласының әкімінің аппараты, оның ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша қысқаша

М Ә Л І М Д Е М Е

 

 

       Жаңаөзен қаласының әкімінің аппараты, оның ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, нақтырақ атап айтқанда: Жаңаөзен қаласы әкімдігінің аппаратының бөлімдері (Персоналды басқару бөлімі, Жалпы бөлім, Ұйымдастыру-бақылау бөлімі, Мемлекеттік-құқықтық бөлімі, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша) сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметіндегі мемлекеттік мекемелер ( ауыл әкімдіктері: Қызылсай ауылы әкімдігінің аппараты, Кендірлі ауылы әкімдігінің аппараты, Теңге ауылы әкімдігінің аппараты, Рахат ауылы әкімдігінің аппараты) және де  (Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Қаржы бөлімі» ММ, «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Құрылыс бөлімі» ММ, «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Ішкі саясат бөлімі» ММ, «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ) ұсынды.

      Ұсынылған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері нақтырақ сараланып толыққанды ақпаратпен қамтылған.

      Яғни, ұсынылған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша тек қана ауыл әкімдіктері: Теңге ауылы әкімдігінің аппараты, Рахат ауылы әкімдігінің аппараты, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ЖОЮ БОЙЫНША ұсынымдар ұсынды.

       Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары жұмыстары жүргізілетіндігін қареріңізге саламыз.

 

        

 

 

 

 

Жаңаөзен қаласының әкімінің аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша 2023 жылдың 6 ай бойынша талдамалы анықтамасы

 

         Жаңаөзен қаласы әкімінің аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы 25 мамыр 2023 жылы №91 бұйрығына сай  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыстары төмендегідей атқарылды.

  1. Персоналды басқару бөлімі. 2023 жыл 6 айы бойынша Жаңаөзен қаласына қарасты мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің барлығы қызметінен босатылғандар саны – 10 (Ішкі конкурс қорытындысы бойынша 1 қызметші, жалпы конкурс бойынша 4 қызметші, квазимемлекеттік сектор ұйымына кетумен 1 қызметші, денсаулығына байланысты кеткен қызметшілер саны 1, басқа қалаға көшуіне – 3) құраса,  мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы  орын алған жоқ.

 Ал 2023 жыл 6 айы бойынша  Жаңаөзен қаласына қарасты мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің барлығы қызметінен босатылғандар саны - 17 (Ішкі конкурс қорытындысы бойынша 2 қызметші, жалпы конкурс бойынша 7 қызметші, денсаулығына байланысты кеткен қызметшілер саны 1, басқа қалаға көшуіне – 3 мемлекеттік органды қайта ұйымдастырумен – 1, негізгі қызметкердің жұмысқа шығуымен – 1, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты – 1, қысқартылуына байланысты - 1)  құраса,  мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы  орын алған жоқ.

Қала әкімі аппаратының және оған қарасты мемлекеттік органдардың «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің бос орындарын болдырмау мақсатында ішкі және жалпы конкурстар жарияланып,  2022 жылдың 6 ай бойынша  барлығы 4 ішкі конкурс, 11 жалпы конкурс өткізілді.

2022 жылдың 6 ай бойынша 15 конкурс өткізілді. Соның ішінде 4 ішкі конкурс өткізіліп, нәтижесінде 3 мемлекеттік қызметші, 11 жалпы конкуср өткізіліп 10 қызметші тағайындалды. Барлық конкурстарға байқаушылар 100%  қатысты.

          Ал 2023  жылдың 6 ай бойынша 25 конкурс өткізілді. Соның ішінде 10 ішкі конкурс өткізіліп 8 конкурсант құжаттар тапсырып, әңгімелесу қорытындысы бойынша 7 мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымға тағайындалды.  15 жалпы конкурс өткізіліп 12 конкурсант құжаттар тапсырып әңгімелесу қорытындысы бойынша 7 мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымға тағайындалды. Өткізілген ішкі конкурстарға байқаушылардың қатысу үлесі 100% құрады.

         2023 жылы 6 ай қорытындысы бойынша 4 мемлекеттік қызметшіге тәлімгер бекітіліп, 4 сынақ мерзімін сәтті аяқтады. Ал 2022 жылдың 6 айы бойынша 4 мемлекеттік қызметшіге тәлімгер бекітіліп, 2 сынақ мерзімі сәтті аяқталды.

Қала бойынша әдеп кодексінің талабының сақталуы бойынша, Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспар кестесіне сәйкес қалаға қарасты меморгандарда 15 семинар-кеңес өткілізді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының м.а. 2017 жылғы   4 тамыздағы №156 «Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес,  Жаңаөзен қаласына қарасты мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер арасында жылына 2 рет анонимді сауалнама жүргізіледі.

2023 жылдың 6 ай қорытындысы негізінде 8 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолданылды. Ескерту-6, сөгіс-2. Ал, 2022 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Ескерту-9.

Қалаға қарасты мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілік арттыру курстарынан өткізу бойынша жоспар бекітілді. Соның ішінде 17 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өту жоспарланып 2022 жылдың 6 ай бойынша  10 мемлекеттік қызметші, біліктілік арттыру бойынша 31 мемлекеттік қызметші жоспарланып                        23  қызметші өтті.

Ал 2023 жылы 9 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өту жоспарланып, 6 ай бойынша  5 мемлекеттік қызметші,  біліктілік арттыру бойынша 28  мемлекеттік қызметші жоспарланып 14 қызметші өтті.өтті.

Облыс әкімдігіне және  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департментіне қалаға қарасты мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік  әкімшілік қызметшілерінің /кадрларының/ жай-күйінің морниторингі бойынша статистикалық есебі бірыңғай жинақ жасақталып, тоқсан сайын  уақытылы тапсырылуда. 

Сонымен қатар, қалаға қарасты мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысына талдау жасақталып, тоқсан сайынғы есептілігін  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне  тапсырылуда. Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы тоқсан бойынша есебін жасақталып, Облыс әкімдігіне және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департментіне  уақытылы тапсырылуда. Сонымен қатар, қалаға қарасты мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің таза ауысымдылығы, кадрлық тұрақтылыға бойынша ай-сайынғы ақпаратты  бірыңғай ұсынылуда.

  1. Жалпы бөлім. 2023 жылдың 6 ай (1 жарты жылдық) қорытындысы бойынша Жаңаөзен қаласы әкімінің аппаратына 1490 өтініш келіп түсті. Өткен 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,8 есеге азайған (өткен жылы 10268 өтініш болған). Ал 2021 жылмен салыстырғанда 0,8 есеге көбейген (2021 жылы 1211 өтініш болған). Оның ішінде 1306 өтініш жеке тұлғалардан, 184 өтініш заңды тұлғалардан келіп түскен. 1490 өтініштің 1340-і қаралып түсіндірілді, ауыртпалықты әкімшілік акт қабылданды – 0, тоқтатылды (ӘРПК 89; 70-бб.) – 24, қарауға қалғандары - 72, өтініш құзыретіне қарай басқа мекемеге жолданған - 54.

Өтініштердің көп бөлігі мынадай мәселелерді қамтиды:

      тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық мәселелері – 322 (21,6%);

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер – 586 (39,3%);

      жер және жер пайдалану (жер телімін бөлу, жер ресурстары) – 225 (15,1%);

      білім мәселесі – 12 (0,8%);

      жол – 48 (3,2%)

      кәсіпкерлік – 58 (3,9%);

      қаржы – 12 (0,8%);

      қала құрылысы және сәулет– 25 (1,7%);

      аштық, наразылық акциясы – 58 (3,9%);

      денсаулық сақтау – 8 (0,5%)

      мәдениет, туризм, спорт – 12 (0,8%)

      еңбек дауы – 24 (1,6%);

      әр түрлі – 100 (6,7%).

         Басқа органдардан келіп түскен өтініштер саны – 176. Оның ішінде:

         Президент әкімшіліген – 12;

         Үкімет аппаратынан – 1;

         Парламент Сенатынан – 1;

         Облыс әкімі аппаратынан – 44;

         «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалынан – 2;

         «Amanat» партиясының Жаңаөзен қалалық филиалы – 13;

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментінен – 2;  

         Қалалық прокуратурадан – 59;

          Қалалық маслихаттан-30;

          т.б ұйымдардан – 12.

         Жыл басынан қала әкімі аппаратында 886 жеке және заңды тұлғалар өкілдері қабылданған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1.6 есеге азайған. (2022 жылы 1451 адам жеке қабылдауда болған). Ал 2021 жылмен салыстырғанда 305 есе көбейген. (2021жылы 250 адам жеке қабылдауда болған.)

         Қала әкімінің жеке қабылдауында 136 тұрғын, қала әкімі орынбасарларының жеке қабылдауында 750 тұрғын болды.

 Қайталанып келген өтініштердің басым көпшілгі, баспана және жұмыспен қамту  бойынша,  әлеуметтік көмек сұрау мәселелері болып отыр.

 

 

 

 

  1. Ұйымдастыру-бақылау бөлімі.

Ағымдағы жылдың қаңтар - маусым айларында қала әкімінің қатысуымен 10 жиын (7 селекторлық кеңес және т.б.) тиісті деңгейде ұйымдастырылып, хаттамалары уақытылы рәсімделіп, облыс әкімдігінің 56 хаттамалық тапсырмасы беріліп, оның 15 орындалды, 41 бақылауда, ал Жаңаөзен қаласына қатысты емес тапсырмалар саны – 0. Сондай-ақ қала әкімінің қатысуымен өткізілген жиналыстардың хаттамалары үнемі бақылауда.

Қала әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесулерінде түскен ұсыныс-пікірлерден іс-шаралар жоспары бекітілді. Бекітілген іс-шара жоспарының тоқсан бойынша орындалысы БАҚ және қала әкімдігінің ресми интернет ресурсына жарияланды.

Қалалық терроризмге қарсы комиссиясының 2 отырысы өткізілді.

Қала аумағында азаматтық қорғаныс саласындағы республикалық, деңгейдегі штабтық оқу-жаттығуларын өткізу бойынша облыс әкімімен бекітілген 2023 жылға арналған жоспар негізінде азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығуларының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 6 ай қорытындысы Көктем 2023 1 оқу-жаттығу өткізілді. 1 РКШОЖ (Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу).

4.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша.

            Жаңаөзен қаласы әкімдігіне ҚР ЦДИАӨ министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылы 13 наурыз №86 н/қ бұйрығымен бекітілген  мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, 67 қызмет түрлері, оның ішінде                   80 кіші қызмет түрлері бекітілген.

 

Жаңаөзен қаласы және Теңге, Рахат, Қызылсай ауыл әкімдіктерімен 2023 жылы қаңтар-мамыр айларында (бұдан әрі - есептік кезең):

  • Көрсетілген қызмет түрі – 70, оның ішінде жергілікті атқарушы органмен – 3, мемлекеттік корпорация – 36, портал – 49.
  • Көрсетілген қызмет саны – 30 064, оның ішінде жергілікті атқарушы органмен – 380, мемлекеттік корпорация – 5 913, портал – 23 771.

 

         ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы                               8 желтоқсандағы  №78 «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы»  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміндедегі №14740 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, қала әкімінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы «2021 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер саласындағы заңнамасының  және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес, 2023 жылы 5 нысанға бақылау іс-шарасын жүргізу жоспарланған. Аталған жоспар бойынша қаңтар-мамыр айларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 2 бақылау іс-шарасы жоспарланған, оның ішінде:

Жүргізілген ішкі бақылау нысаны – 2:

 «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

«Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» ММ.

Анықталған кемшіліктер саны –5, оның ішінде:

- Құжаттар топтамасы толық болмағанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету фактілері  – 2;

- Көрсетілетін қызметті алушылардан артық құжаттарды талап ету фактілері – 3.

Ұсынымдар саны – 5,  орындалды.

 

Мемлекеттік-құқықтық бөлімі Қала бойынша нормативтік құқықтық актілерді заң талаптарына 2023 жылдың 6 айында, 300 қаулы қабылданып,  бүгінгі таңда Маңғыстау облысы әділет департаментінде тіркелген 14 нормативтік құқықтық акт қолданыста.

Жаңаөзен қаласының әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 1 отырысы өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңаөзен қаласының әкімінің аппараты, оның ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша 2023 жылдың

6 айы бойынша талдамалы анықтамасы:

 

 

«Кендірлі ауылы» әкімдігі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау нәтижелері.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 20 мамырдағы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасында 13-тармақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, оның ішінде жаңа заңнаманы әзірлеуге арналған.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес шенеуніктердің азаматтармен тікелей байланыстарын қысқартатын және сыбайлас жемқорлық құбылыстары үшін жағдайларды барынша азайтатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту және мемлекеттік аппарат жұмысын ақпараттандыру бойынша кешенді шаралар қабылдануда.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығында көрсетілген тәртіпте жүргізіледі.

Ішкі талдау жұмыстарының міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметін үйлестіру болып табылады.

Осы мәселеге қатысты қолданыстағы нормативтік актілерде жетекші рөлдер сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқартуға, оның мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі бөлінеді, яғни оның салдарымен күреске емес, сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюға баса назар аударылады.

 

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жер саласындағы орталық мемлекеттік орган болып табылады. Комитеттің облыстық деңгейде өзінің аумақтық бөлімшелері жоқ.

Облыстық деңгейде екі облыстық басқарма жұмыс істейді: жер қатынастары басқармасы менқала құрылысы және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы. Аталған басқармалар облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымына кіреді, олардың қалалық/аудандық салаларында туындататын себептері мен жағдайларын жоюға қабілетті алдын алу сипатындағы кешенді шараларға

деңгейлерде бөлімшелері де жоқ.

Қалалық және аудандық деңгейде жергілікті атқарушы органдардың құрылымына кіретін жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдар жұмыс істейді. Ауылдық деңгейде жер қатынастары саласында негізгі функцияларды ауыл/ауылдық округтердің, кенттердің әкімдері орындайды.

Сондай-ақ, жер қатынастары саласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы –«Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы көптеген қызметтер атқарады. Дирекцияның филиалдары облыстық және аудандық деңгейде бар.

Бұдан басқа, жер саласына жерге орналастыру жұмыстарын орындайтын азаматтар мен заңды тұлғалар (бәсекелестік орта) тартылған.

 

1.1. Жүргізілген талдаудың өзектілігі мен мәні

Қазіргі уақытта жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау өте өзекті болып табылады. Жер қатынастары және ресурстар саласында, жоғарыда айтылғандай, бірнеше мемлекеттік органдар жұмыс істейді. Іс жүзінде жер саласына тартылған мемлекеттік органдардың функциялары мен құзыреттерін ажырату күрделі мәселе болып табылады.

Көрсетілетін қызметтердің көптігі, ведомстволық бақылаудың және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс – қимылдың болмауы, нормативтік актілердің сәйкессіздігі немесе олардың әркелкі тұжырымдары, артық құжаттарды талап ету және жасанды әкімшілік кедергілерді жасау, дискрециялық өкілеттіктер, құқықты іріктеп қолдану – осының барлығы сыбайлас жемқорлық көріністеріне әкеп соғуы мүмкін.

 

1.2. Талдау жүргізудің мақсаттары мен міндеттері

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың мақсаты сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы болып табылады. Өзара сәйкес келмейтін нормативтік актілерді келтіру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын тұрақты бақылау, мемлекеттік органдар функцияларының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасындағы байланыстар мен байланыстарды жою, «жасырын»мемлекеттік қызметтерді анықтау жүргізілетін талдаудың міндеттері болып табылады.

 

1.3. Талдау барысында пайдаланылған ақпарат көздері

- Қазақстан Республикасының Жер кодексі;

-Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;

- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 ж. сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы бұйрығы;

- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 ж. сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығы;

- «Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.05.2015 ж. №379 бұйрығы;

- ҚР АШМ01.11.2021 жылғы №301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидасы.

 

 

 

 

  1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖЕР САЛАСЫНДАҒЫ

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙ

 

2.1. Өңірлік деңгейдегі сыбайлас жемқорлықтың негізгі көріністері мен үрдістері

 

Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы

Жаңаөзен қалалық сотының 27.09.2016 ж. үкімімен Жаңаөзен қаласы Теңге ауылыәкімінің орынбасары Б.Жилкибеков мүлкін тәркілеумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Лауазымды тұлға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бергені үшін жеке тұлғалардан ақша алған, бұл ретте ол жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру туралы жалған шешімдерін дайындаған.

2016 жылы Маңғыстау облысының Әдеп жөніндегі кеңесімен жер қатынастары саласындағы облыс деңгейіндегі кейбір лауазымды тұлғаның құқық бұзушылықтары қаралды.

Оның ішінде, Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы И.Орынбеков Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Лауазымды тұлға ҚР Жер кодексінің және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының нормаларын өрескел бұза отырып, заңды тұлғаның жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішін ұзақ уақыт қарамаған.

         2020 жылы Маңғыстау облысының Әдеп жөніндегі кеңесімен Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, басшының уақытша міндетін атқарушы Г. Жубаниязоваға қатысты жеке тұлғаның тарапынан келіп түскен өтінішін негізсіз бас тартып, мерзімінде жауап бермегені үшін тәртіптік шара қолданылған.

2021 жылдың 01 мамырына дейін жер қатынастары саласында қызметкерлер тарапынан заң бұзушылық фактісі орын алмауына байланысты жауапкершілік қаралмады.

 

 

 

 

Сот дауларымен

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің (бұдан әрі - Комитет) 15.03.2021 жылғы №19-2-20/3020 хатына сәйкес, Жаңаөзен қаласы прокуратурасының тарапынан азаматша Н.Елдесова тарапынан жеке тұрғын үй мақсатында қала аумағынан бірнеше жер учаскелерінің табысталу дерегі бойынша жолданған хатын (оған негіз болған «Жаңаөзен қалалық жер қатынастар бөлімі» ММ-нің 04.11.2019 ж. №01-34/2298 хаты)қаралып нақты шаралар алынуда.

Аталған хат, өз кезегінде Комитетке, «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» РММ-нің тарапынан келіп түскен.

Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 14-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес, орталық уәкілетті органның құзыретіне облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау жатады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетімен «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне қатысты Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптары мен қағидаларының сақталуы нысанына жоспардан тыс тексеріс жүргізілді.

Осы хаттың негізінде, қала әкімінің аппаратына жоспардан тыс жүргізілген тексеріс қорытындылары (09.03.2021 жылғы №19-2-29/6 тексеріс Актісі және 09.03.2021 жылғы №19-2-26/6 Нұсқамасы) қабылданған.

Аталған қадағалау актісінде көрсетілген мән-жайлар бойынша Жаңаөзен қаласы әкімінің аппаратына анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында іс-шараларды көрсетілген мерзімде қарау мақсатында, ал Жаңаөзен қаласының прокуратурасына, «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы               іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» РММ-не, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» РММ-не, «Азаматтарға арналған үкімет»Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-на өз құзыреттерінің шегінде баға беру мақсатында жолдап отыр.

Бүгінгі таңда, қала әкімінің аппараты тарапынан Комитеттің Тексеру Актісі мен 09.03.2021 жылғы бұзушылықты жою туралы №19-2-26/6 Ұйғарымын басшылққа ала отырып, азаматша Н.Елдесованың атына бұрын рәсімделген және басқа тұлғаларға сатылған (кадастрлық нөмірлері: 13-201-004-641; 13-201-005-1329; 13-201-005-1087, 13-201-015-875)жер учаскелерінің негіз болып табылатын әкімдіктің шешімдері мен қаулыларын, сондай-ақ, жер учаскелерінің сәйкестендіру құжаттарын сот тәртібімен бұзу жөніндеталап-арыз берілді.

Бүгінгі күні, сот отырысы қарау жұмыстарын жүргізуде.

 

 

Прокуратура органы тарапынан заңдылықты бұзушылықты жою жөнінде Ұсынысы:

Жаңаөзен қаласы прокуратурасының 22.04.2021 жылғы № 2-1102-21-00633 заңдылықты бұзушылықты жою туралы Ұсыну хаты туралы:

Жаңаөзен қаласының прокуратурасымен облыс прокуратурасының тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті атқарушы органмен қала аумағындағы пайдаланылмай жатырған жер учаскелерін мемлекет меншігіне кері қайтару бағытында жұмыстарды атқару барысында жер заңнамалары талаптарының сақталуына талдау жүргізілді.

Талдаудың нәтижесімен қала аумағында жалпы көлемі 2,29 га құрайтын игерілмеген 11 жер учаскелерінің пайдалану мерзімдері өтіп кеткендігі анықталды.

Осыған байланысты, Ұсынымдакөрсетілген жер учаскелерінің пайдалану мерзімі өтіп кетуіне және мақсатына сәйкес игерілмеуіне байланысты мемлекет  меншігіне кері қайтаруға және одан әрі аталған бағыттағы жұмыстарды  жандандырып, анықталған бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылдау  қажеттігі көрсетілген.

Бүгінгі күні, көрсетілген жер учаскелеріне мониторинг жүргізіліп, 11 жер учаскесінің ішінен 7 жер учаскесінің мақсаты бойынша игерілмегені және жалға алу мерзімінің аяқталғаны анықталып, жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Ал, қалған 4 жер учаскесі бойынша құжаттар жинақталып, Маңғыстау облысының жерді пайдалану бақылау басқармасына жолданды.

 

  1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ЖАСАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН СЕБЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАРДЫ АНЫҚТАУ

 

3.1. Талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

 

3.1.1. Дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі

 

ҚР Жер кодексінің 14-1 бабына сәйкес жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіне жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және өз құзыреті шегінде уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру кіреді.

2019 жылға дейін жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган шарттар жасасумен ғана шектеледі, ал жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру екінші жоспарға ауыстырылған.

Талдау кезінде 2019 жылға дейін жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстардың тиісті тәртіпте жүргізбейтіні анықталды.

Атап айтқанда, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан объектінің Шартта көрсетілген мерзімде аяқталғаны туралы, аумақты көгалдандыру және жарықтандыру туралы және т.б. ақпарат талап етуге, сондай-ақ тиісті талап қою талаптарымен сот органдарына жүгінуге құқығы бар.

Сондай-ақ, көрсетілген шарттарды жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де бар, өйткені уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын (жалға алу құқығын) сатумен дайындалатын шарттың үлгілік шарттардың болмауына байланысты уәкілетті органдардың жер пайдаланушылармен әртүрлі талаптармен шарттар жасасуға құқығы бар.

Мысалы, бір жер пайдаланушымен шарт жасасқан кезде уәкілетті орган жер пайдаланушыны объектінің 3 жыл ішінде аяқталғаны туралы міндеттей алады, осындай жағдайда басқа кезеңді көрсете алады немесе шартта көрсетілген міндеттемені алып тастай алады.

Сонымен бірге, типтік шарт нұсқасы жоқ болғанымен осы шарттың жобасында өзге де талаптар мен міндеттемелерді қосу немесе алу бағытында шаралар алынып келеді. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық факторын туғызуына әкеп соғу мүмкін.

 

3.1.2. Формула бойынша құзыреттілікті айқындау

 

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың әкімшілік жауаптылығы:

Егер облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесін беру туралы шешімінде өзгеше көзделмесе, ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 10-тармағына сәйкес жер учаскесінің нақтылы (белгілі бір жердегі) шекарасы белгіленгенге дейін және құқық белгілейтін құжаттар берілгенге дейін жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді. Бұл норманың сақталмауы жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу ретінде сараланады және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылықты көздейді.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136-бабына сәйкес, мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иелену немесе айырбастау не жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттік жерді уақтылы қайтармау – жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз – жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Жер қатынастары саласындағы уәкілетті органы мен ауыл әкімдері жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде өтініш берушілер тарапынан жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға назар аударады.Бұл жер пайдаланушының жалға алу мерзімі өткеннен кейін берілген жер пайдалану құқығын ұзарту туралы өтініші, тұлғаның қосымша құрылыстарды, жапсарлас құрылыстарды, баспалдақтарды және т.б. аумақтан тыс, жер учаскесін бақылау өлшемінен кейін анықталған жер учаскесінің артық алаңын заңдастыру туралы өтініші болуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда қалалық жер қатынастары бөлімі мен ауыл әкімдері жеке тұлғалардан басқа өтініш берушінің әкімшілік жауапкершілігін тексеру және қарау үшін Маңғыстау облысының қала құрылысы және жердің пайдаланылуын бақылау басқармасына материалдар жіберуге құқылы.

Аталған мәселелер бойынша 2021 жылдың 4 айында жер учаскесінің мерзімі өтіп кеткен – 12 материал, жер учаскесін нысаналы мақсатына сай пайдаланбау – 1 материал және жер учаскесін өз еркімен иеленген – 1 материал Маңғыстау облысының жерді пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына тиісті шаралар алу үшін жолданды.

Алайда, аталған бақылау басқармасы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына сәйкес,  тексерулерді тоқтатып, әкімшілік жауапкершілікке тартуды қараусыз қалдыруда.

 

 

3.1.3. Құқықтар көлемін іріктеп өзгерту

 

Құқықтар көлемінің іріктеп өзгеруі негізінен мемлекеттік қызметтер тізіліміне кірмейтін уәкілетті органдардың функцияларында орын алады.

Бұл бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату, жер учаскесін өтеулі жер пайдалану құқығын жаңа мерзімге ұзарту, жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату сияқты функциялар.

Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату:

Жер пайдаланушының бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін объектіні пайдалануға беру актісін алғаннан кейін жеке меншікке сатып алуға құқығы бар. ҚР Жер кодексінің 47-бабы 3-тармағында көрсетілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі қазіргі уақытта ескірген.

Өйткені, жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжатты немесе нотариат куәландырған құжаттың көшірмесін, салық төлеуші куәлігінің көшірмесін, жер учаскесіне мәмілелер жасасуға кедергі келтіретін ауыртпалықтардың жоқтығы туралы жылжымайтын мүлік орталығынан анықтаманы және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы уәкілетті органдар электрондық шлюз арқылы ала алады.

Бұл ретте, Жер кодексінің 47-бабының 3-тармағында көзделген қажетті құжаттар тізбесінде жер учаскесін жеке меншікке сату туралы Жергілікті атқарушы органның шешімінде кадастрлық құнын көрсету үшін қажет жер учаскесінің бағалау құнының актісі жоқ. Бұдан басқа, жер учаскесін жеке меншікке сату үшін негізінен объектіні пайдалануға беру актісі негіз болып табылады, ол да қажетті құжаттар тізбесінде жоқ.

Осылайша, лауазымды тұлғалар дискрециялық өкілеттіктерге ие, өйткені олар материалдарды жер қатынастары саласындағы уәкілетті органы  немесе ауыл әкімдері өз құзыреті шегінде қарай алады немесе қажетті құжаттардың болмауына байланысты өтінішті қараудан бас тарта алады.

Өтеулі жер пайдалану құқығын ұзарту жаңа мерзім:

ҚР Жер кодексінің 37-бабының 2-тармағына, 2-тармағына сәйкес, өз міндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, шарт мерзімі аяқталғаннан кейін басқа тең жағдайларда жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады.

Жергілікті атқарушы органдар мен әкімдіктер жанындағы жер комиссиялары іс жүзінде жер учаскесін жалдау мерзімін жаңа мерзімге ұзарту үшін кең дискрециялық өкілеттіктерге ие.

Өйткені бір ғана өтініш бойынша жалдау мерзімін жаңа мерзімге ұзарту туралы шешім қабылдай алады, сондай-ақ, жер учаскесін игеруге қатысты келесі құжаттарды сұрата алады: эскиздік және техникалық жобалар, салынып жатқан объектінің фотосуреті, салық органынан жерге салықтың болмауы және әділет басқармасынан ауыртпалықтың болмауы туралы анықтамалар және т. б.

Бұл ретте, лауазымды тұлғалардың өздері жер учаскелерін жалдау мерзімдерін ойдан жасауы мүмкін, өйткені ұқсас жағдайларда бір жер пайдаланушыға жалдау мерзімін бір жылға ұзарта алады, содан кейін олар жер учаскесін 3 немесе 5 жылға жалға алуға рұқсат бере алады.

Кәсіпкерлік мақсаттар үшін берілген жер учаскесін жалдау мерзімін жыл сайын ұзарту кәсіпкерге бизнесті дамыту жөнінде мықты кепілдіктер бермейді.

Лауазымды тұлғалардың тарапынан алғаш рет жер пайдалану құқығын жаңа мерзімге ұзартудан бас тартқан, жер пайдаланушы сол құжаттармен қайта жүгінген кезде олардың өтініштерін қанағаттандыратын фактілер болуы мүмкін.

Көптеген жағдайларда ЖАО салынып жатқан объектімен танысу мақсатында жер учаскелеріне шығулар жүргізеді, соның нәтижесінде лауазымды тұлғалардың қалауы бойынша тексеру актілері ресімделуі мүмкін.

Бұл функциялар сыбайлас жемқорлық көріністеріне әкелуі мүмкін, өйткені жер учаскелеріне бару, тексеру актілерін жасау, жер учаскелерінің аумағын суретке түсіру нормативтік актілермен реттелмеген және тиісінше лауазымды адамдардың субъективті пікірлерімен түсіндірілуі мүмкін.

Жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату.

Жер кодексінің 49-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі жер учаскесі сатып алушының жазбаша өтініші бойынша сатып алу-сату шартын жасасу жолымен он жылға дейінгі мерзімге бөліп-бөліп сатылады.

Бөліп төлеу мерзімі жергілікті атқарушы органның шешімінде көрсетіледі, осыған байланысты лауазымды тұлғалардың жер учаскесін бөліп-бөліп сатудан бас тартуға құқығы бар, сондай-ақ жер учаскесін бөліп-бөліп сата алады. Бұл ретте, бөліп-бөліп сатудың бір жарамды, үш жылдық, бес жылдық, он жылдық мерзімі де жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша белгіленеді.

Кейбір жағдайларда жер учаскелерін бөліп-бөліп сату туралы өтініштер жер қатынастары бөлімі арқылы қаралады және шешіледі, ал басқа жағдайларда жер учаскесін бөліп-бөліп сату туралы шешім қабылдаған ауыл әкімдері тікелей шешеді.

 

3.1.4. Әкімшілік рәсімдердің болмауы немесе тиісінше реттелмеуі

Төмендегі Әкімшілік рәсімдер тиісті түрде реттелмеген:

- Жер учаскесін бөлуге немесе біріктіруге жолдама (рұқсат) беру;

- Жер учаскесінің конфигурациясын өзгертуге жолдама (рұқсат) беру;

- Жер учаскелерін беру туралы қаулылардың/шешімдердің телнұсқаларын және жер учаскелерін сатып алу-сату/жалдау шарттарының телнұсқаларын беру.

 

Жер учаскелерін бөлуге немесе қосуға жолдама (рұқсат) беру:

ҚР Жер кодексінің 14-1-бабының1-тармағының5-тармақшасына;2-тармағының, 13-тармақшасына;3-тармағының 4-тармақшасына, сәйкес, жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыретіне кіреді.

Жер кодексінің 51-бабының 1-тармағына сәйкес, жер учаскесі бөлінетін және бөлінбейтін болуы мүмкін. Өзінің нысаналы мақсатын өзгертпей және өртке қарсы, санитариялық, экологиялық, құрылыс және өзге де міндетті нормалар мен ережелерді бұзбай бөліктерге бөлінуі мүмкін, олардың әрқайсысы бөлінгеннен кейін дербес жер учаскесін құрайтын, олай болмаған жағдайда ол бөлінбейтін жер учаскесі бөлінетін жер учаскесі болып табылады.

Іс жүзінде жерді бірнеше жер учаскелеріне бөлу дискрециялық өкілеттіктерге әкеледі. Бір жағдайда ЖАО бір өтініш негізінде жер учаскесін бөлуге рұқсат береді, қандай да бір құжаттарсыз, басқа жағдайда өз қалауы бойынша әртүрлі құжаттарды талап ете алады (жер учаскесінің жалпы жоспары, жер учаскесін бөлу жоспары, жоспарланған объектілердің эскиздері және т.б.).

Сондай-ақ, бір тұлғаның жер учаскесін бөлу туралы өтініші қаланың сәулет және қала құрылысы бөліміне ұсынылуы мүмкін, онда дискрециялық өкілеттіктер де болады, бұл жағдайлардың өзінде де тұлғаның өтінішін қанағаттандыруға немесе одан бас тартуға болады.

Кез келген жағдайда ЖАО жауапкершілігі болмайды, өйткені жер учаскелерін бөлу немесе біріктіру мәселелері заңнамалық тәртіппен осы кезге дейін регламенттелмеген.

Қазіргі уақытта аталған функциялар берілген өтініштерді қарау арқылы мемлекеттік орган басшысының бұйрығы нысанында көрсетіледі.

Осы функцияны қала деңгейінде көрсету мысалдары:

Жер қатынастары бөліміСәулет және қала құрылысы бөліміне жібереді. Сәулет бөлімінің қызметкерімен жер учаскесінің орналасқан орнын бас жоспармен салыстыра отырып, жер учаскесін тексеру актісі ресімделеді. Осыдан кейін материалдар Жер қатынастары бөлімінің қарауына қорытындысымен бірге қайтаберіледі және қанағаттанарлық қорытынды болған жағдайда жер учаскесін бөлуге жолдама беріледі.

Сондай-ақ қала әкімдігінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешіміне жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін көрсету практикасы кеңінен таралған. Бұл ретте, жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін лауазымды адамдар қандай да бір негіздерсіз айқындайды.

Көрсетілгендер құқық белгілейтін құжаттарда жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігін көрсету жер учаскесінің меншік иесін немесе жер пайдаланушыны құқық белгілейтін құжаттарға өзгерістер енгізу үшін жергілікті атқарушы органдарға қайта жүгінуге міндеттейтінін куәландырады.

 

Жер учаскесінің конфигурациясын өзгертуге жолдама (рұқсат) беру

ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.05.2015 жылғы №379 «Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 5-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары (конфигурациясы, шекарасы) өзгерген кезде қолданыстағы жер учаскелерін реттеу бойынша жерге орналастыру жобаларын әзірлеу жүргізіледі.

ҚР Жер кодексінің 14-1 бабының 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес, жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыретіне кіреді.

Бұл ретте, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 бұйрығына«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасымен қолданыстағы жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын реттеу мәселелері қаралмайды.

Осылайша, қолданыстағы жер учаскесінің конфигурациясын өзгерту туралы өтінішті қанағаттандыруды немесе одан бас тартуды уәкілетті тұлға өз қалауы бойынша қарайды.

 

Жер учаскелерін беру туралы қаулылардың/шешімдердің телнұсқаларын және жер учаскелерін сатып алу-сату/жалдау шарттарының телнұсқаларын беру:

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар жер учаскелерін беру туралы қаулыларды/шешімдерді және жер учаскелерін сатып алу-сату/жалға беру телнұсқаларын жоғалтқан кезде телнұсқа беру үшін жергілікті атқарушы органдарға/уәкілетті органдарға өтініш береді.

Іс-қимылдардың нақты алгоритмі және құжаттардың телнұсқаларын беру бойынша қажетті құжаттардың тізбесі жоқ. Уәкілетті органдар дискрециялық өкілеттіктерге ие, өйткені олар өтініш бойынша құжаттардың телнұсқаларын бере алады немесе бұқаралық ақпарат құралдарына құжаттардың жоғалғаны туралы хабарлама беруді талап ете алады. Сондай-ақ, өтініш берушіге олардың мұрағатқа жүгінгені туралы түсіндіре отырып, телнұсқа беруден бас тартуы мүмкін. Бұл жағдай өз кезегінде сыбайлас жемқорлық факторының туындауына әкеп соғады.

 

Жер учаскесінің пішінін басқа аумаққа көшіру арқылы отырғызу:

Іс жүзінде жер учаскесінің пішінін басқа аумаққа көшіру арқылы отырғызужағдайлары кездеседі. Жергілікті атқарушы органның көрсетілген функциясы қазіргі жер учаскесі жаңадан құрылатын жолдардың, құбырлардың, байланыс, электр беру желілерінің, инженерлік-коммуникациялық желілердің және т. б. аумақтарында болған жағдайларда жүргізілуі мүмкін.

Мемлекет мұқтажы үшін мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі функцияларды жүргізудің күрделілігіне байланысты ЖАО жер учаскесі меншік иесінің немесе жер пайдаланушының келісімімен жер учаскесін басқа аумаққа көшіру жөнінде оңтайлы шешім қабылдайды. ЖАО-ның көрсетілген функциясында нақты регламент жоқ.

 

3.1.5. Құқықтық-лингвистикалық сыбайлас жемқорлық

Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін беру

ҚР Жер кодексінің 50-бабының 2-тармағына сәйкес, осы Кодекстің 48-бабының 1-тармағына сәйкес сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату үшін ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізілгендерді қоспағанда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:

1) ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;

2) жеке тұрғын үй құрылысы үшін-0,10 гектар;

3) бағбандық, сондай - ақ саяжай құрылысы үшін-0,12 гектар.

Ауылдық елді мекендердің аумағында бос жерлер болған кезде жеке тұрғын үй құрылысы және өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері көрсетілген мақсаттар үшін көзделген жер учаскелерінің нормалары шегінде бірыңғай алап болып беріледі.

Сондай-ақ, Жер кодексінің 102-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауылдық елді мекендердің жерінен жер учаскелері беріледі.

Жеке қосалқы шаруашылықты жүргізуге арналған жер учаскесі үй маңындағы және егістік телімдерден тұрады.

Үй маңындағы телім ауылдық елді мекендердің шекараларында (шегінде) беріледі және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ,тұрғын үй, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар салу үшін пайдаланылады.

Далалық телім елді мекен аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобасына сәйкес ауылдық елді мекендердің жерінен не әкімшілік бағынысқа берілген аумақтағы жерден беріледі және тек қана ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін пайдаланылады.

Сондай-ақ, Жер кодексінің 12-бабының37-тармағына сәйкес, жеке қосалқы шаруашылық ұғымына ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз мұқтажын қанағаттандыруға арналған қызмет түрінде жеке анықтама берілген.

Бұдан басқа, Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін жер учаскелері осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) жүзеге асырмай жер учаскелерін беру кезінде ерекше жағдайлар болып табылады.

Осылайша, Жер кодексінің 50-бабына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері бірыңғай алап болып берілуге тиіс.

Бірақ, Жер кодексінің 9, 48, 102-баптарына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін нысаналы мақсаты бар жер учаскелері жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінен бөлек көрсетілген.

Жоғарыда көрсетілген заң - лингвистикалық мән-жайларды пайдалана отырып, жергілікті атқарушы органдар қазіргі уақытта ҚР Жер кодексінің 44-1-бабына және «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысаналы мақсаты Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін» жер учаскелерін береді.

Бұл ретте, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу үшін арнайы есепте тұрған азаматтар жер учаскелерін кезекпен, бірнеше жыл бойы беруді күтуде.

Баяндалғанның негізінде, мүдделі тұлғалар ҚР ҰЭМ 27.03.2015 ж. бұйрығымен бекітілген «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру» қағидаларында көзделген арнайы есепке алмастан, тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін ала алады.

 

Жер учаскесін кеңейту және инженерлік желілер салу үшін жер учаскелерін беру

Жер учаскесін кеңейту мәселесі қолданыстағы Жер кодексінде нақты реттелмеген. Керісінше, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды)кеңейту және реконструкциялау үшін жер учаскесі сауда саттықсыз берілетіні көрсетілген.

Мәселен, ҚР Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес,  жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскесі сауда саттықсыз беріледі.

Бұл өз кезегінде жер учаскесін кеңейту кезінде жер пайдаланушылар арасында дауды тудыруға және сыбайлас жемқорлық факторын қоздыруға әкеп соғады.

2019 жылға дейін әртүрлі қалада қолданыстағы жер учаскесін кеңейту және инженерлік желілерді салу үшін жер учаскелерін беру тәртібі әр түрлі тәртіпте жүргізілген.Жаңаөзен қаласындажер учаскесін кеңейту және инженерлік желілер салу үшін жер учаскелерін беру Жер кодексінің 44-1-бабы бойынша ресімделіп келген.

Бүгінгі таңда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына сәйкес, Жер кодексінің 43-бабы бойынша жер учаскелеріне құқық беру функциясы «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі, ал, Жер кодексінің 44-1-бабын пайдалану кезінде жер учаскесін беру «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметі түрінде жүргізілетінін ескеру қажет.

Осы тұрғыда, жер учаскесінде орналасқан ғимаратты кеңейту мақсатында қосымша жер учаскесін беру механизмін заңдық тұрғыда қабылдануы тиіс және қосымша кеңейтілген жер учаскесі негізгі жер учаскесімен жер кадастрлық құжаттамасына өзгерістер енгізіле отырып, негізгі жер учаскесінің кадастрлық номерімен меншік құқығын сақтай отырып, негізгі және қосымша жер учаскесі тұтас бір жер учаскесі болып қалыптастырылуы тиіс деп санаймыз.

Себебі, жеке меншік құқығындағы жер учаскесіне қосымша кеңейту мақсатында жер учаскесі қазіргі заң талабы бойынша жалға беріледі де, өз алдына дербес жер учаскесі болып қалыптасады.

Бұл өз кезегінде тұрғындарды әуреге салу, уақытын алу сияқты, бюрократиялық және сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне алып келетіні сөзсіз.

 

Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының 21) тармақшасында көзделген ерекше жағдайлар үшін жер учаскелерін беру:

Жер кодексінің 48 бабының 1 тармағына сәйкес, мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру, жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы берілетін жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін;

      2) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға;

      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер пайдаланушыларына;

      4) мемлекеттік органдар өткізетін объектілерді салу жөніндегі конкурстарды (тендерлерді) жеңіп алған тұлғаларға және мұндай құрылыс тікелей аталған тұлғаларға жер учаскесін беруді талап еткен кезде;

      5) жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін;

      5-1) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес құрылыс салу мақсаты үшін бұрын жеке және заңды тұлғалар іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшiн, егер олар егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланатын құрылыс шеңберінде бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі болған жер учаскелеріне құқықтарды сатып алған жағдайда жеке және заңды тұлғаларға;

      5-2) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттармен және сәулет-жоспарлау тапсырмасымен бірге сәулет және қала құрылысы органдары беретін трассалар схемаларына сәйкес өздеріне меншік және жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелерді салу үшін жеке және заңды тұлғаларға;

      6) кондоминиум объектісін пайдалану және ұстау үшін кондоминиумға қатысушыларға;

      7) жайылымдық және шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын ұстау, сондай-ақ бақша өсіру жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін;

      8) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қажет инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды салу және (немесе) орналастыру үшін;

      9) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарттың негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде;

      10) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысына, арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына;

      10-1) аумақтық сулар алып жатқан су қоры жерлерінің құрамынан жасанды ғимараттар салу үшін;

      11) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыржолы көлігінің мұқтажы үшін, байланыс пен энергетика мұқтажы үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін;

      12) халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланудағы объектілерге (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылыстары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер), сондай-ақ осы Кодекстің 107-бабы 3-тармағы бесінші бөлігінің 8) тармақшасына сәйкес арнайы мақсаттағы объектілерге;

      13) осы Кодекстің 121-бабына сәйкес жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтарын белгілеу үшін;

      14) осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылыстары үшін;

      14-1) жекеше орман өсіру үшін;

     15) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді салу, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызды мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобалар үшін;

      16) осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар мен отандық өнеркәсіп орындарына;

      17) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін жекеше әріптестерге не концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлерге;

     18) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға;

      19) индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне;

      20) шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің қатысушыларына (мүшелеріне) олар осы Кодекстің 101-бабының 3-тармағына сәйкес қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде;

      21) қоныс аударушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде, облыстық маңызы бар қалаларды қоспағанда, елді мекендердің шегінде объектілер салу үшін берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығы беріледі.

Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген жер учаскелерін беру тәртібі жекелеген нормативтік актілермен регламенттелмеген.

Осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағы жер учаскелері Жер кодексінің 48-бабының нормаларынсыз беріледі деп көрсетілген.

Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелері қандай нормалармен берілуі тиіс екендігі жер заңнамасының нормаларымен айқындалмаған.

 

3.1.6. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау үшін мүмкіндік туғызатын құқық нормаларының коллизиялары

ҚР Жер Кодексінің 43-бабы 2-тармағына сәйкес жұмыс істейтін жер комиссиясының әрекетін нақты реттемеген.

Жер комиссиясы мүшелерінің оның ішінде, 50% құрайтын мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларынан бөлек, басқа қоғам бірлестіктерінің жауапкершілігі жоқ, сондай-ақ көптеген мәселелердің нақты сипаты жоқ. Іс жүзінде жер комиссиясының хаттамалары өтініш деректемелері көрсетілген кесте түрінде дайындалады.

Бұл жерде сыбайлас жемқорлық тәуекелі жекелеген тұлғаларды тізімге енгізу ықтималдығында немесе керісінше алып тастауында байқалады, өйткені өзгерістер енгізу арқылы осы кестені ауыстыру біршама күрделі болып табылады.

Осылайша, лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық мүдделерін қанағаттандырған тұлғалар тізімге қандай да бір кідіріссіз енгізілуі және комиссияның өзінің келісімінсіз жер учаскелерін алуы мүмкін.

 

3.1.7. НҚА-да артық бланкеттік және сілтемелік нормалардың болуы

Жер кодексінің 14-1 бабының 3 тармағына сәйкес жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдардың құзыретіне иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру кіреді.

Іс жүзінде бұл норма иесі жоқ жер учаскелерін анықтау бойынша ведомстволық бақылаудың және бірыңғай практиканың болмауына байланысты жұмыс істемейді.

Осыған байланысты, иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша бірыңғай практиканы (қадамдық алгоритм) әзірленуі қажет.

 

3.1.8. Мүдделер теңгерімін бұзу

         ҚР Жер кодексінің 92, 94-баптарына сәйкес мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскелері мәжбүрлеп алып қоюға жатады. Жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою сот тәртібімен жүргізіледі. Жер учаскесі жер учаскесінің меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылған жағдайда (мемлекеттен сатып алынған жер учаскесін жалдау құқығы), жер учаскесіне меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы Жер кодексінің 94-бабының 3-тармағына сәйкес ҚР Азаматтық іс жүргізу заңнамасында және ҚР Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатылады.

Жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою жөніндегі шығыстар шегерілгеннен және орындалуы жер учаскесі немесе жер пайдалану құқығы кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша талаптар мөлшерінде кепіл ұстаушыға төленгеннен кейін түскен сома жер учаскесінің бұрынғы меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға төленеді.

Бір жыл ішінде кемінде үш сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізілгеннен кейін мұндай жер учаскесін немесе оған жер пайдалану құқығын өткізу мүмкін болмаған кезде жер учаскесі сот шешімі бойынша арнайы жер қорына есепке алынады.

Жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы заңды күшіне енген сот шешімі жер учаскесі мәжбүрлеп алып қойылған тұлғаны жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тиісті тізіліміне енгізу үшін негіз болып табылады.

Жер кодексінің 96-1 бабына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді.

ҚР АШМ Интернет-ресурсында "Жер ресурстары" бөлімінде Қазақстан Республикасының аумағында жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған жеке және заңды тұлғалардың тізілімі орналастырылған.

2021 жылдың 13 сәуірдегі жағдай бойынша республика көлемінде барлық алып қойылған тізілімде (реестрде)713 жер учаскесі тіркелген, оның ішінде Маңғыстау облысында 34 жер пайдаланушыға (4,7%) қатысты субьект тіркелген. Жаңаөзен қаласында реестрде тіркелген тұлға жоқ.

Бұл ретте, алынған жер учаскесі сауда-саттыққа (конкурстар, аукциондар) шығарылған жоқ.

Мұнда 2 проблема туындайды:

1) нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау және оларды мәжбүрлеп алып қою жөніндегі жұмыстарды күшейту;

2) алып қойылған жер учаскелерін сауда-саттыққа шығару.

Аталған проблемаларды шешу бизнестің дамуына ықпал етеді, өйткені пайдаланылмайтын жер учаскелері бизнесті дамытуға қабілетті жаңа меншік иелеріне ие болады, ал жер учаскелерінің бұрынғы меншік иелеріне жер учаскесін сатып алу кезінде болған шығыстары төленетін болады.

Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау қалалық жер қатынастары бөлімі мен ауыл әкімдерінің құзыретіне жатады.

Пайдаланылмайтын жер учаскелерінің материалдарын анықтау және көрсетілген жерлерді қайтару үшін «Облыстың қала құрылысын және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-не жіберу регламенті (қадамдық алгоритм) жоқ.

«Тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 194 бұйрығына сәйкес, объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының жер заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау:

 1) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-1-бабы 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес объектілер салуға арналған жер учаскелері иелерін (жер пайдаланушыларды) есепке алу (бұдан әрі – жер учаскелерін есепке алу);

2) объектілер салуға арналған жер учаскелерін игеру, оларды Қазақстан Республикасының жер заңнамасын сақтай отырып тиісті мақсаттарда пайдалану үшін Кодекстің 92-бабында белгіленген мерзімдердің орындалу мониторингін жүргізу (бұдан әрі - мониторинг);

3) объектілер салу үшін берілген жер учаскелері иелерін (жер пайдаланушыларды) мұндай учаскелердің тиісті мақсаттарда пайдаланылуы (пайдаланылмауы) немесе Қазақстан Республикасының жер заңнамасы сақтала (бұзыла) отырып пайдаланылуы фактілерін растау тұрғысынан тексеру жолымен жүргізіледі.

Жер учаскелерін есепке алуды жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер-кадастрлық және объектілер салуға арналған жер учаскелері туралы өзге де ақпаратты жинау арқылы жүзеге асырады.

Осы тұрғыда көрсетілген шараларды жүргізудің нақты механизмі мен алгоритмі ашып көрсетілмеген.

Осыған байланысты, қалалық жер қатынастары бөлімдерінің лауазымды тұлғаларында дискрециялық өкілеттіктер бар, себебі мемлекеттік қызметшілер жер учаскесінің материалдарын оларды қайтару бойынша шаралар қабылдау үшін «Маңғыстау облысының қала құрылысы және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-не ғана жібере алады.

Пайдаланылмайтын жерлерді «көрсетпегені» үшін жауапкершіліктің болмауына және қолданыстағы жер учаскелерінің меншік иелері бойынша бірыңғай базаның болмауына байланысты (жер учаскелерінің меншік иелері бойынша мәліметтер ЖАО, «Азаматтарға арналаған үкімет»МК КЕ АҚ департаменті және әділет басқармалары арасында ерекшеленеді) пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жұмыстардың белгілі бір тәуекелдері бар.

 

 

 

 

3.1.9. Артық әкімшілік кедергілердің болуы

         Талдау барысында жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның іс-әрекеттерінде жер учаскесінің кадастрлық құнының бюджетке түсуін тексеру бөлігінде артық әкімшілік кедергілер бар екені анықталды.

Мысалы, меншік иесі жер учаскесінің кадастрлық құнын төлегеннен кейін бюджетке меншік иесінің және жер учаскесінің деректемелері көрсетілген кадастрлық құнды толық төлеу туралы жер қатынастары бөлімі басшысыныңбұйрығы беріледі. Толық төлемеген жағдайда белгілі бір азаматтық мәміле жасамас үшін құқық белгілеу құжаттарына шектеу немесе ауыртпалық қойылады.

Кей жағдайда меншік иесі жер учаскесінің кадастрлық құнын төлегеннен кейін жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган төлем қаражатының түсуін растау үшін салық органына немесе қаржы бөліміне хат жібереді. Себебі, бұл анықтаулар жүргізілмесе, жер пайдаланушы немесе меншік иесі тарапынан төлем төлегені жөнінде жалған түбіртек көшірмесін ұсыну қаупі орын алуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген бұйрықты беру, қаржы бөлімі мен салық органдарына сұрау салулар құқықтық актілермен регламенттелмеген және оларды лауазымды адамдар өз қалауы бойынша пайдалана алады.

«Азаматтарға арналаған үкімет»МК КЕ АҚ департаменті «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді дайындау және беру" мемлекеттік қызмет көрсету кезінде артық құжаттарды жер учаскесінің кадастрлық құнын бағалау актісі, жер учаскесін сатып алу және кадастрлық құнын толық төлеу туралы қалалық жер қатынастары бөлімі басшысыныңбұйрығын сұратады.

 

3.2. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Жаңаөзен қаласында жеке тұлғалар тарапынан жер учаскесінің құқығын сатып алу барысында бюджетке кадастрлық құнды төлемеу фактілері орын алған.

Кейбір тұлғалар жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу туралы қала әкімдігінің қаулысы қабылданғаннан кейін, он жұмыс күні ішінде келісімшартқа отыру кезінде төлейтін қаражаты болмай, қаражаты болғанға дейін кадастрлық құнын төлегісі келмей, жер қатынастары саласындағы уәкілетті органмен жер учаскесін сатып алу-сату шарты жасаспай жүре бергендер жағдайлар орын алған.

Бұл ретте орын алған фактілер 2019 жылы болған және уәкілетті органдар жер учаскесін сатып алу-сату шартын жасасу немесе көрсетілген шешімнің заңды күшін жою туралы шаралар қабылдамаған.

Талдау барысында жеке тұлғалардың кадастрлық құнды төлемеуі себебінен жер учаскелерін сатып алу-сату шарттары жасалмаған жергілікті атқарушы органдардың осыған ұқсас бес шешімі бар екені анықталды.

Бұдан басқа, үш тұлға тарапынан жер учаскелерінің кадастрлық құнын төлеу бойынша кідірістер орын алған. Жер кодексінің 47 бабына сәйкес, жер учаскесін алған сатып алушы шартта белгіленген мерзімде оған ақы төлеу жөніндегі міндетін орындамаған жағдайларда, сатушы берілген жер учаскесіне ақы төлеуді немесе оны қайтаруды талап етуге құқылы.

Сатып алушы берілген жер учаскесіне ақы төлеу жөніндегі міндеттерін шартта белгіленген мерзімде орындамаған және шартта өзгеше көзделмеген жағдайларда, учаске төленуге тиіс болған күннен бастап сатып алушы учаскені төлеген күнге дейін мерзімі өткен сомаға тұрақсыздық айыбы төленуге тиіс.

Тұрақсыздық айыбының мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негізге алына отырып есептеледі.

Бірақ, уәкілетті орган тарапынан жер учаскесінің кадастрлық құнын және мерзімі өткен сомаға тұрақсыздық айыбын төлеуді талап ету жөніндегі шаралар немесе оларды мемлекетке қайтару жөніндегі мәселелер 2020 жылға дейін жеткілікті деңгейде қабылданбаған.

 

3.2.1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы

  2020 жылы Маңғыстау облысының Әдеп жөніндегі кеңесімен Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, басшының уақытша міндетін атқарушы Г.Жұбаниязоваға қатысты жеке тұлғаның тарапынан келіп түскен өтінішін негізсіз бас тартып, мерзімінде жауап бермегені үшін тәртіптік шара қолданылған.

2016 жылы Маңғыстау облысының Әдеп жөніндегі кеңесімен жер қатынастары саласындағы облыс деңгейіндегі кейбір лауазымды тұлғаның құқық бұзушылықтары қаралды. Оның ішінде, Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы И.Орынбеков Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Лауазымды тұлға ҚР Жер кодексінің және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының нормаларын өрескел бұза отырып, заңды тұлғаның жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішін ұзақ уақыт қарамаған.

         2016 жылы бас маман К.Мамбетназарова (мемлекеттік қызметші)«Ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

         2021 жылдың 4 айы бойынша жауапкершлігі қаралған тұлғалар жер қатынастары бөлімінде орын алмаған.

 

3.2.2. Мемлекеттік қызметтерді көрсету

  «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі:

ҚР Жер кодексінің 49-1-бабының 3-тармағына сәйкес, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш келіп түскен кезінен бастап он үш жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады.

ҚР Жер кодексінің 49-1-бабының 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 13-тармақтары бойынша  келісу, қорытынды беру, ұсыныстар мен шешімдер дайындау, сондай-ақ өтініш берушіге шешім беру мерзімдері жұмыс күндері белгіленген.

Аталған қызмет толықтай электронды түрге ауыстырылған.Бүгінгі таңда қалаға қарасты ауылдық елді мекендерде электронды қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» жүйесі іске қосылмаған.

Ауылдық елді мекен аумағында орналасқан жер учаскелердің мақсатын өзгерту мәселесі проблема болып отыр.

Тиісті органдарға бірнеше рет ұсыныс берілгенімен оң шешім табылмаған.

Бүгінгі таңда, Жаңаөзен қаласына қарасты ауылдардың аумағындағы жерлердің мақсатын өзгерту мәселесін қала деңгейінде қарап, қала әкімі аппаратындағы орнатылған «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы ауыл әкімінің шешімінің орнына қала әкімдігінің қаулысымен рәсімдеп, рұқсат беруді жалғастырып келеді.

Бұл өз кезегінде «Е-лицензиялау» жүйесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің реинженерингі дұрыс жолға қойылмаған және сол жүйенің үйлестіруші операторлары мен программисттер тарапынан дәрменсіздік танытуда. Мәселе бүгінгі күнге дейін шешілмей келеді.

 

Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру " мемлекеттік көрсетілетін қызметі:

Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру тәртібі Жер кодексінің 44-1-бабымен регламенттелген.

Қызмет көрсету процессінде жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жеті жұмыс күні ішінде ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.

 

Жер учаскесін таңдау актісінде қазіргі бар инженерлік коммуникациялар көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда, инженерлік коммуникацияларды берілетін жер учаскесінің шекарасынан тыс жерге көшіру көзделеді.

Келісу органдары мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны он екі жұмыс күні ішінде ұсынады.

Табиғи монополиялар субъектілері техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, ахуалдық схеманы және топографияны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады.

Осы процедуралар бүгіннің өзінде тиісті тәртіпте орындалмай келеді. Оны орындау үшін көрсетілген мерзім ішінде табиғи монополиялар субъектілеріхабарсыз екенін және нақты кімдер екенін, олармен қалай жұмыс жүргізуді және міндеттеуді қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің тарапынан жұмыстар жүргізілмеген және жолға қойылмаған.

 

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу "мемлекеттік көрсетілетін қызметі:

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 бұйрығымен«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы бекітілді.

Аталған қызмет толықтай электронды түрге ауыстырылған.Бүгінгі таңда қалаға қарасты ауылдық елді мекендерде электронды қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» жүйесі іске қосылмаған. Ауылдық елді мекен аумағында орналасқан жер учаскелердің мақсатын өзгерту мәселесі проблема болып отыр. Тиісті органдарға бірнеше рет ұсыныс берілгенімен оң шешім табылмаған.

Бүгінгі таңда, Жаңаөзен қаласына қарасты ауылдардың аумағындағы жерлердің мақсатын өзгерту мәселесін қала деңгейінде қарап, қала әкімі аппаратындағы орнатылған «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы ауыл әкімінің шешімінің орнына қала әкімдігінің қаулысымен рәсімдеп, рұқсат беруді жалғастырып келеді. Бұл өз кезегінде «Е-лицензиялау» жүйесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің реинженерингі дұрыс жолға қойылмаған және сол жүйенің үйлестіруші операторлары мен программисттер тарапынан дәрменсіздік танытуда. Мәселе бүгінгі күнге дейін шешілмей келеді.

         Сонымен бірге, «Е-лицензиялау» жүйесінде тұлғалар тарапынан бірінші этаптың қызметі алу үшін өтінішті толтырар кезінде жүйе тұлғадан жер комиссиясының оң қорытындысы сұратылады. Бұл өз кезегінде жүйеде міндетті толтырылатын баған (графа) ретінде қаралған. Оны толтырмай өтінішті жолданылмайды. Керісінше, бірінші этап бойынша өтінішке жалғанатын сұралған жер учаскесінің ситуациялық сызбасын ұсынатын баған (графа) орны жоқ.

         Қызмет алушылар өз тарапынан жер комиссияның оң қорытындысының орнына басқа ақпарат файлды жүктеу арқылы өтінішті жергілікті атқарушы органға жолдай алады.

Жергілікті атқарушы орган бірінші этапта көзделген процесстерді жүргізіп, бірінші этапты аяқтау сәтінде жер комиссиясының оң қорытындысын қызмет алушыға «Е-лицензиялау» жүйесінде жеке кабинетіне жолдау мүмкіндігі қаралмаған. Керісінше, оның орнына «Е-лицензиялау» жүйесінде екінші этапты аяқтау процесі енгізілген, яғни, жер комиссиясының қорытындысын қызмет алушыға ұсыну үшін екінші этаптың соңғы процессіндегі қала әкімдігінің қаулысын және оның мазмұнын бағандармен (графалармен) толықтырылған.

Нәтижесінде, қала әкімдігі жер комиссиясының қорытындысын қала әкімдігінің қаулысымен беру қажет болуда. Бұл өз кезегінде,                                         «Е-лицензиялау» жүйесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің реинженеригі талаптары толық жүйеге келтірілмегендіктен лауазымды тұлғалардың заң бұзу фактісіне алып келеді және қызмет алушының тиісті тәртіпте сапалы қызмет ала алмау себебін тудырып отыр.

 

         Жалпы жер қатынастары саласындағы электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дұрыс атқарылуын қайта қарап, жүйелі шешім қабылдап, қызметті көрсетуге кедергі келтіретін барлық теріс факторларды жою қажет деп есептейді.

 

3.2.3. Рұқсат беру функцияларын орындау

Жер кодексінің 150-бабының 2-тармағына сәйкес жерге орналастыру жұмыстарын азаматтар мен заңды тұлғалар орындайды.

ҚР ҰЭМ 06.05.2015 ж. № 379 бұйрығымен жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау Қағидалары бекітілді.

Қағидалардың 16-тармағына сәйкес, жобаланатын жер учаскесі мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келген жағдайда (шекаралардың қойылуының болмауы, орналасқан жерінің, алаңының сәйкестігі, ұсынылған деректер бойынша жер учаскесінің сызықтарының, конфигурациялары мен координаттарының шаралары, ауыртпалықтар мен шектеулердің болмауы) Мемлекеттік корпорация жер учаскесінің жоспарына және оның бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаталар ведомосына белгі қояды және әзірлеушіге келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде береді.

Сондай-ақ, аталған тармақта жобаны келісуден бас тарту үшін мерзімдер мен негіздер көзделген.

Аталғандар «Азаматтарға арналған үкімет»МК КЕ АҚ департаментінің Жаңаөзен қалалық бөлімшесі осы функциясында мемлекеттік көрсетілетін қызмет белгілері бар екенін және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілуге жататынын куәландыруы қажет.

Алайда, облысымыздағы жерге орналастыру жобаларын әзірлеуші жеке және заңды тұлғалар тарапынан соңғы кездері көп айтылатын шағым «Азаматтарға арналған үкімет»МК КЕ АҚ департаментінің Жаңаөзен қалалық бөлімшесінің тарапынан негіссіз бас тартулар мен заңда көрсетілмеген талаптарды міндеттеу, сұрау сияқты әкімшілік және бюрократиялық әрекеттерді қолдануда. Бұл өз кезегінде, өңірде жерге орналастыру саласын дамытуды және заңмен рұқсат етілген бәсекелестік ортаны қалыптастыру тетіктерін тежейді.

 

  1. ЖЕР САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

4.1. Жер саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жаңа тетіктер мен институттарды енгізу жөніндегі ұсыныстар

Жер кодексінің 44-1-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар ұлттық қауіпсіздік органдарымен және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, деректерді жаңартып отыру кезеңділігімен тоқсан сайын орналастыруға міндетті.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация қалалар мен аудандардың жер-кадастрлық схемаларын интернет-ресурста деректерді апта сайын жаңартып отыру кезеңділігімен орналастыруға міндетті.

Талдау кезінде жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация Жер кодексінің 44-1-бабында айқындалған схеманы интернет-ресурста орналастыру жөніндегі нормаларды сақтамайтыны анықталды.

Бұл жөнінде қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің тарапынан жұмыстар мүлдем жүргізілмеген.

Жер қатынастары саласындағы қалалық және аудандық бөлімдердің де ресми интернет-ресурстары жоқ, бұл аталған органдардың қызметі туралы ашықтықтың, қол жетімділіктің және ашықтықтың жоқтығын көрсетеді.

Баяндалғанның негізінде, жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдарға ресми интернет-ресурстарда орындалатын жұмыстар туралы ақпаратты өзектендіру қажет.

         Бүгінгі таңда, бұл шараларды қалалық жер қатынастары бөлімі мүмкіндігінше қала әкімінің ресми сайтына енгізіп келеді.

 

4.2. Жер саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі ұсыныстар

  1. Кадр персоналының жетіспеушілігіне байланысты жер қатынастары саласындағы барлық уәкілетті органдарда штаттан тыс қызметкерлер жұмыс істейді. Кейде штаттан тыс қызметкерлердің саны қазіргі мемлекеттік қызметшілердің санынан көп.

Мысалы, қалалық жер қатынастары бөлімінде 2020 жылы 3 мемлекеттік қызметші және 5 штаттан тыс қызметкер жұмыс істейді.

Негізгі жұмыстар, атап айтқанда халықтан құжаттарды қабылдау, жер заңнамасының нормаларын түсіндіру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, есептер жасау, аумақты тексеру, актілер жасау, жер учаскелерінің жұмыс картасын жүргізу, жер учаскелеріне құқық беру туралы шешімдердің жобаларын дайындау және оларды келісу бойынша жұмыстар жүргізу, жергілікті атқарушы органдардың шешімдері мен хаттарын тіркеу және оларды мүдделі тұлғаларға беру - осындай ұқсас жұмыстарды нақ осы штаттан тыс қызметкерлер жүргізеді.

Аталған қызметкерлердің жалақысы 50 000-60000 теңге мөлшерінде түрленеді, бұл өңірдегі орташа жалақының жетінші бөлігін құрайды.

Талдау барысында штаттан тыс қызметкерлер Жер кодексін, сондай-ақ «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарды жетік білмейтініанықталды.

Жер қатынастары саласында жоғарыда аталған штаттан тыс қызметкерлердің жәрдемімен халыққа көрсетілетін көптеген «Жасырын» мемлекеттік қызметтер мен жергілікті атқарушы органдардың құқықтық актілермен регламенттелмеген функциялары қалып отырғанын атап өту қажет.

Олар үшін мүдделер қақтығысы, кәсібилік, бақылауда болу және есептілік, жеке жауапкершілік және әдептілік, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты есепке алу және т. б. сияқты нормалар қолданылмайды.

Штаттан тыс қызметкерлер бос уақытында немен айналысады, қандай адамдармен кездеседі, олар мемлекеттік органдардың басшыларымен туыстық қатынастарда тұр ма, қоғамдық орындарда өздерін қалай ұстайды, сондай-ақ көптеген ұқсас мәселелер Мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалып отыр.

 

  1. Уәкілетті органдар мен жер пайдаланушылар/жер учаскелерінің меншік иелері арасында жасалатын жер учаскелерінің электронды жалдау шарттары мен электронды сатып алу-сату шарттарын жасасу институтын қайта қарау қажет.

 

  1. АНЫҚТАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ЖОЮ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР:

         - жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдар мен жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар арасында жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша бірыңғай практиканы әзірлеу;

- иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі бірыңғай практиканы әзірлеу;

- өтеулі жер пайдалану құқығын жаңа мерзімге ұзарту жөнінде регламент әзірлеу;

- электронды түрде жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату кезінде бірыңғай тәжірибені әзірлеу;

- жер учаскесін бөлуге, қосуға және оның конфигурациясын өзгертуге жолдама (рұқсат) электронды түрде беру жөніндегі бірыңғай практиканы әзірлеу;

- жер учаскелерін беру туралы қаулылардың/шешімдердің телнұсқаларын және жер учаскелерін сатып алу-сату/жалдау шарттарының телнұсқаларын беру жөніндегі қағидасын әзірлеу;

- жер учаскесін басқа аумаққа көшіру /конфигурациясын өзгерту/ тәжірибесін заңдық қаңғидамен бекіту;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне «Электронды түрде кақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын жаңа мерзімге ұзарту», «Электронды түрде бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату (сату мерзімін ұзарту шарттарымен)», «Электронды түрде жер учаскесін бөлу», «Электронды түрде жер учаскесін біріктіру», «Электронды түрде жер учаскесінің конфигурациясын өзгерту» сияқты функцияларды енгізу бойынша шаралар қабылдау;

- қолданыстағы жер учаскесінің аумағын кеңейту үшін қосымша жер учаскесінэлектронды түрде беру жөніндегі бірыңғай практиканы әзірлеу;

- инженерлік желілерді салу үшін жер учаскелерін электронды түрде берудің бірыңғай практикасын әзірлеу;

- жер учаскесінің кадастрлық құнының бюджетке түсуін электронды тексерудің бірыңғай практикасын әзірлеу;

- белгілі бір жүйеде тіркеу жолымен жер комиссиясы хаттамаларының шаблоны бойынша, комиссия мүшелерінің барлық ЭЦП қолдарын тіркеу және олардың мазмұнына өзгерістер енгізу мүмкіндігін шектеуді қамтамасыз ету бойынша бірыңғай практика әзірлеу;

- жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін беру механизмін қалыптастыруға қатысты ұсыныс енгізу»;

- елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру туралы шешімді келісетін органдар (табиғи монополия қатысушыларына қатысты) олардың орындылығын ескере отырып, нормативтік тәртіппен айқындалсын;

- жер қатынастары саласындағы уәкілетті органдар арасында «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»мемлекеттік қызметін көрсету бойынша «Е-лицензиялау» жүйесінде ретке келтіру бағытында жұмыстарды жүргізу;

- сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу жолымен Жер кодексінің 48-бабы бойынша жер учаскелерін беруді жандандыру бойынша жер қатынастары саласындағы мемлекеттік органдар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- тікелей мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде «Жасырын» мемлекеттік қызметтер көрсету орындарында және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстары арқылы азаматтар үшін ақпараттық стендтермен және жадынамалармен қамтамасыз ету туралы мәселені қарау;

- ресми интернет-ресурста атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты өзектендіру, сондай-ақ Жер кодексінің 44-1-бабы 2-тармағының нормаларын сақтау бойынша жұмыстар жүргізу;

- құқықтық актілерді екі рет түсіндіруге ықпал ететін әркелкіліктер мен алшақтықтарды болдырмау үшін және жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін тұрақты негізде азаматтық сектор мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу;

- анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралардың бірлескен жоспарын әзірлеу және Департаментпен келісу;

- ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне жазаның төменгі және жоғары шегін (ескерту немесе айыппұл) қолдануды түсіндіру жөнінде ұсыныстар жіберу);

- мемлекет меншігіндегі жерлерді өз бетінше иеленіп алуды бақылауды күшейту үшін жергілікті атқарушы органдармен, жергілікті полиция қызметімен және "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты күшейту»;

- жер пайдаланушылардың бұрын жалға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату туралы өтініштерін ҚР Жер Кодексінің 43, 47-баптарында көрсетілген мерзімдерде қатаң сақтау;

- сатып алу-сату және уақытша өтеулі жер пайдалану шарттары жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей жасау жөнінде ұсыныс енгізу;

- кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мақсатындағы мақсаттар үшін жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беруді сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асыру;

- сатып алушылардан шарттарда белгіленген мерзімдерге сәйкес жер учаскелерінің кадастрлық құнын төлеуді талап ету бойынша шаралар қабылдау немесе жер учаскелерін қайтару мәселелерін шешу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-і  қызметіндегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» бойынша ақпарат.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                            19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік Мекеме) Мемлекеттік мекемесінің қызметіне ішкі талдау жүргізілді.

Талдау кезеңі: соңғы үш жылды салыстырғанда 2023 жылдың                        12 маусымына сәйкес.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

I Мемлекеттік мекеменің қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

II Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

  • персоналды басқару қызметі бойынша;
  • мүдделер қақтығысын реттеу;
  • іс-құжаттарын жүргізу бойынша;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер.

 

  1. Мемлекеттік мекеменің қозғайтын

нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Мемлекеттік мекеменің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекеменің миссиясы – жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалардың орындалуына мониторингті қамтамасыз ету. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру және іске асырудың мониторингін қамтамасыз ету. Қалалық бюджетті нақтылау туралы ұсыныстар әзірлеу. Тиісті қаржы жылына қалалық бюджетті бекіту және нақтылау туралы мәслихат шешімдерінің жобасын және мәслихат шешімін іске асыру туралы қала әкімдігінің қаулыларын әзірлеу. Алдағы үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджет түсімдерін, шығындарын жасақтау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың функцияларын және штаттық кестесіне талдау жүргізу, штаттық санын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу. Бөлімі аппаратының қызметінің мақсатты нәтижелерінде қол жеткізу жұмыстарын қамтамасыз ету.

  1. Міндеттері:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытына негізделген мақсаттар мен басымдықтарды қалыптастыру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бөлімге жүктелген өзге де міндеттер.

3)Қала экономикасының өсуіне мониторинг жүргізу.

15.Функциялары:

1) жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын жүзеге асыру, олардың орындалуына мониторинг жүргізу;

2) заңды тұлғаның жарғылық капиталын көбейту мен қалыптастыруда қатысуы арқылы бюджеттік инвестиция бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталын көбейту мен қалыптастыруда қатысу арқылы іске асырылатын бюджеттік инвестицияны қаржы-экономикалық негіздеу бойынша сараптаманың қорытындысын дайындау;

4) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) техникалық-экономикалық негіздемелеудегі экономикалық сараптама қорытындысына келісім жасау;

5) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) басым тізбесін қалыптастыру;

6) бюджеттік инвестицияларды тиімді жүзеге асырудың шаралары бойынша мониторинг жүргізу;

7) Маңғыстау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыратын бюджеттік инвестицияларды іске асырудың барысы туралы жиынтық ақпаратты дайындау және ұсыну;

8) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу;

9) қалалық бюджетті нақтылау (түзету) туралы ұсыныстар әзірлейді;

10) тиісті қаржы жылына қалалық бюджетті бекіту туралы мәслихат шешімдерінің жобасын әзірлейді, бюджетке өзгерістер мен толықтыруларды енгізу;

11) тиісті қаржы жылына қалалық бюджетті бекіту туралы мәслихаттың шешімін іске асыру жөнінде қала әкімдігінің қаулысының жобасын әзірлеу;

12) бөлімнің жылдық қаржыландыру жоспарын дайындау және бекіту;

13) мемлекеттік, аймақтық бағдарламалардың жасақталуына және іске асырылуына қатысу, олардың іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыру;

14) әлеуметтік-экономикалық дамуды, бюджеттік жоспарлауды жасақтау және іске асыруды әдістемелік қамтамасыз ету;

15) қаланың төлқұжатын әзірлеу;

16) жергілікті бюджет түсімдерін және шығындарын болжау;

17) қалалық бюджетті әзірлеу барысында бюджет бағдарламаларының әкімшіліктерімен  бюджеттік өтінімдері бойынша қорытындыны қарау, талдау және дайындау;

18)   қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу;

19) бөлімнің құзыретіне кіретін бағыттар бойынша бағдарламаларды дайындауға қатысу;

20) есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік  орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, қаланың, әлеуметтік- экономикалық даму болжамына, өңірлердің даму жоспарының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, сондай-ақ әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерек қоры пайдаланылады;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін талдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштердің өңірлердің даму жоспарының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланыстығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қолжетімділік дәрижесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша  бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.   

21) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыты бойынша қала әкімдігіне ұсыныстарды енгізу;

3) өз құзіреті шегіндегі нормативтік-құқықтық актілер әзірлейді;

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарының орындалысы және қала бойынша жиынтық есептер алуға;

5) өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

6) қалалық бюджетті нақтылау (түзету) сатысында қалалық бюджет бағдарламалары әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын тексеруді жүргізу, қажет жағдайларда орындарда тексеруді жүргізуге;

7) бөлімге қолданыстағы заңнамамен жүктелген өзгеде құқықтар мен міндеттер.

 

Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

II Мемлекетік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

1.Персоналды басқару қызметі бойынша

 

Мемлекеттік мекеме штаты – Мемлекеттік мекеме өз қызметін Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 03 шілдедегі №414 қаулысымен бекітілген «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Мемлекеттік мекеменің штаттық кесте шегі құрылымы мен штаттық саны мемлекеттік қызметшілер 7 бірлікті (Бөлім басшысы, 2 сектор меңгерушісі және 4 бас маман) және 7 штаттан тыс қызметкерлер құрайды. Мемлекеттік қызметшілер штаттық бірліктерінде вакансия жоқ және штаттан тыс қызметкерлер бірліктерінде 1 вакансия бар.

Конкурс өткізу тәртібін сақтау - Мемлекеттік мекемеде Конкурс рәсімі жүргізілмейді.

Қызметке тағайындау бойынша – талдауға қамтылған кезде Мемлекеттік мекемеде қызметке вакансиялық тағайындау жүргізіліп, конкурс нәтижесі бойынша E-R-4 санатына мемлекеттік қызметші тағайындалды.

Міндетті арнайы тексеруден өту тәртібін сақтау – Талдау барысында қызметкерлердің жеке істерінде міндетті арнайы тексеру нәтижелері толығымен тігілген.

Ауысу тәртібімен қызметке тағайындау бойынша – Талдау уақыты аралығында ауысу тәртібімен мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметке тағайындалмаған.

Ант қабылдау бойынша – Талдауға қамтылған кезеңде Ант қабылдау рәсімі болмады және де жаңадан тағайындалған қызметкерге Ант қабылдау рәсімі 23 маусым-Мемлекеттік қызметшілер күніне жоспарланды.

 

2.Мүдделер қақтығысы мәселелері

 

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін атқаруда мүдделер қақтығысы орын алмағаны анықталды.

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдаған.

Мемлекеттік мекемеде ерлі зайыптылар, қызметкерлердің бір біріне жақын туысқандарының қызмет атқаруы анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу шарттары, шот-фактура, жөнелтпе құжаттары электронды нысанда рәсімделеді. Талдау барысында мемлекеттік сатып алу кезеңінде лауазымды тұлғалардың бірігуі, белгілі бір тұлғалардың мүдделерінің жақталуының орын алуы, алдын ала сөйлесу, сөз байласу тәуекелдері анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері ашықтық, жариялылық, барлық тараптарға теңдік дәреже принципіне негізделіп                ҚР-ның «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының  қағидаларына негізделген.

Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жазаға тарту тәртібін сақтау –талдауға қамтылған мерзімде Мемлекеттік қызметшілер және штаттан тыс қызметкерлер арасында тәртіпті бұзу және тәртіптік жазаға тарту фактісі орын алған жоқ.

Сенімгерлік басқаруға беру тәртібін сақтау – Мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен мүліктері сенімгерлік басқаруға берілмеген, яғни қызметшілердің жеке істерінде сенімгерлік басқаруға бергендігі туралы ешқандай мәліметтер анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы мен мемлекеттік қызметшілердің ант кодексінің талабын сақтауы – Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің тараптарын бұзу кодексі тіркелмеген.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту - Талдау уақыты аралығында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шаралары жүргізілген.

 

                                 3.Іс-құжаттарын жүргізу

 

Мемлекеттік қызметкердің жеке іс құжаттары талаптарға сәйкес қызметтік тізімдері, өтініштері, білім туралы құжаттары, еңбек кітабының көшірмесі, дәрігерлік анықтама және бұйрықтардың көшірмелері толтырылып жинақталған. Салық декларациясын тапсырғандығы жөніндегі анықтамалары, мемлекеттік қызметкерлердің қызметте болуға байланысты шектеулері толтырылып қол қойылған, арнайы тексерудің анықтамасы және қызметкерлердің анты толтырылып тігілген.

Мемлекеттік мекемедегі барлық қызметкерлердің қылмыстық, әкімшілік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік, тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны немесе тартылмағаны, әрекетке қабілетсіз деп танылғаны/танылмағаны туралы деректерді анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің сұранысы бойынша мәліметтің жоқтығы туралы анықтама алынған.

Мемлекеттік қызметшілердің активтері мен міндеттемелері туралы декларация уақытылы және толық тапсырылуы анықталды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 9 және 10 баптарына сәйкес «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2022 жылдың іс-шаралар жоспары және Жемқорлыққа қарсы стандарты жасақталып бекітілген.

 

 

 

 

4.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2020 жылы ауылдық елді     мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға:

* көтерме жәрдемақы беру бойынша 93 маманға 25 835,4 мың тенге (100 АЕК көлемде);

* тұрғын-үй сатып алуға бюджеттік кредит беру үшін 10 маманға 41 670,0 мың теңге бөлінді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2021 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға:

* көтерме жәрдемақы беру бойынша 37 маманға 10 792,9 мың теңге (100 АЕК көлемде);

* тұрғын-үй сатып алуға бюджеттік кредит беру үшін 20 маманға 87 510,0 мың теңге (1500 АЕК) бөлінді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2022 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға:

* көтерме жәрдемақы беру бойынша: 84 маманға 25 729,2 (100 АЕК көлемде);

* тұрғын-үй сатып алуға бюджеттік кредит беру үшін 15 маманға 68 917,5 мың тенге бөлінді.

 

«Қызылсай, Теңге, Рахат және Кендірлі ауылдарына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын алушыларды есепке алу және кезектілікке қою туралы» 2020 жылға ниет білдірген 93 маманға көтерме жәрдемақы беру бойынша тізім жасақталып (білім саласы – 58, денсаулық саласы – 34, спорт саласы – 1;) 10 маманға тұрғын-үй сатып алуға бюджеттік кредит беру бойынша тізім жасақталып (білім саласы – 6, денсаулық саласы – 4;)

Жаңаөзен қаласының әкімдігінің 29.10.20 жылғы №582 қаулысы, 25.08.2020 жылғы №472 қаулысы, 22.10.2020 жылғы №573, 12.11.2020 жылғы №611, 23.09.2020 жылғы №528, 17.09.2020 №513, 26.05.2020 №302 қаулысымен бекітілді.

«Қызылсай, Теңге, Рахат және Кендірлі ауылдарына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын алушыларды есепке алу және кезектілікке қою туралы» 2021 жылға ниет білдірген 16 маманға көтерме жәрдемақы беру бойынша тізім жасақталып (білім саласы – 10, денсаулық саласы – 4, спорт саласы – 1, мәдениет саласы – 1), Жаңаөзен қаласының әкімдігінің 19.03.2021 жылғы №131 қаулысы, 09.04.2021 жылғы №164 қаулысымен бекітілді.

 

«Қызылсай, Теңге, Рахат және Кендірлі ауылдарына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын алушыларды есепке алу және кезектілікке қою туралы» 2022 жылға ниет білдірген 84 маманға көтерме жәрдемақы беру бойынша тізім жасақталып (білім саласы – 38, денсаулық саласы – 37, мемлекеттік қызметкер – 3, мәдениет саласы – 6;)

15 маманға тұрғын-үй сатып алуға бюджеттік кредит беру бойынша тізім жасақталып (білім саласы – 6, денсаулық саласы – 7, мәдениет саласы – 2;)

Жаңаөзен қаласының әкімдігінің 19.07.2022 жылғы №350 қаулысы, 27.05.2022 жылғы №275 қаулысы, 30.05.2022 жылғы №276 қаулысы, 08.07.2022 жылғы №333 қаулысы, 27.07.2022 жылғы №362 қаулысы, 17.10.2022 жылғы №522 қаулысы, 26.10.2022 жылғы  №532 қаулысы, 28.10.2022 жылғы №533 қаулысы, 10.03.2022 жылғы №116 қаулысы, 17.10.2022 жылғы №523 қаулысы, 08.12.2022 жылғы №593, 11.11.2022 жылғы №550, 14.10.2022 №521, 05.10.2022 жылғы №478 қаулысымен бекітілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Рахат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау нәтижелері туралы

 

Бағалау жүргізудегі сыбайлас жемқорлық факторлары мынадай  типтік негіздерде  Құқықтық олқылық – құқықтық актіде немесе ішкі құжатта қандай да бір мәселені құқықтық реттеудің болмауы әкім аппаратында орын алмады. Құқықтық актілер мен ішкі құжаттар ережелерінің қайшылығы – белгілі бір не сабақтас құқықтық қатынастарды реттейтін жекелеген құқықтық актілер, ішкі құжаттар арасындағы алшақтықтар немесе қайшылықтар, сондай-ақ құқық қолдану қызметі және объект лауазымды адамдарының өз өкілеттіктерін талдауын жүзеге асыру процесінде туындайтын қайшылықтар әкім аппаратында орын алмады.

Құқықтық - лингвистикалық белгісіздік –Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін беру

ҚР Жер кодексінің 50-бабының 2-тармағына сәйкес, осы Кодекстің 48-бабының 1-тармағына сәйкес сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату үшін ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізілгендерді қоспағанда, жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:

1) ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;

2) жеке тұрғын үй құрылысы үшін-0,10 гектар;

3) бағбандық, сондай - ақ саяжай құрылысы үшін-0,12 гектар.

Ауылдық елді мекендердің аумағында бос жерлер болған кезде жеке тұрғын үй құрылысы және өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері көрсетілген мақсаттар үшін көзделген жер учаскелерінің нормалары шегінде бірыңғай алап болып беріледі.

Сондай-ақ, Жер кодексінің 102-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауылдық елді мекендердің жерінен жер учаскелері беріледі.

Жеке қосалқы шаруашылықты жүргізуге арналған жер учаскесі үй маңындағы және егістік телімдерден тұрады.

Үй маңындағы телім ауылдық елді мекендердің шекараларында (шегінде) беріледі және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ, тұрғын үй, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар салу үшін пайдаланылады.

Далалық телім елді мекен аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобасына сәйкес ауылдық елді мекендердің жерінен не әкімшілік бағынысқа берілген аумақтағы жерден беріледі және тек қана ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін пайдаланылады.

Сондай-ақ, Жер кодексінің 12-бабының 37-тармағына сәйкес, жеке қосалқы шаруашылық ұғымына ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз мұқтажын қанағаттандыруға арналған қызмет түрінде жеке анықтама берілген.

Бұдан басқа, Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін жер учаскелері осы Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) жүзеге асырмай жер учаскелерін беру кезінде ерекше жағдайлар болып табылады.

Осылайша, Жер кодексінің 50-бабына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелері бірыңғай алап болып берілуге тиіс.

Бірақ, Жер кодексінің 9, 48, 102-баптарына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін нысаналы мақсаты бар жер учаскелері жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінен бөлек көрсетілген.

Жоғарыда көрсетілген заң - лингвистикалық мән-жайларды пайдалана отырып, жергілікті атқарушы органдар қазіргі уақытта ҚР Жер кодексінің               44-1-бабына және «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес нысаналы мақсаты Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін» жер учаскелерін береді.

Бұл ретте, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлу үшін арнайы есепте тұрған азаматтар жер учаскелерін кезекпен, бірнеше жыл бойы беруді күтуде.

Баяндалғанның негізінде, мүдделі тұлғалар ҚР ҰЭМ 27.03.2015 ж. бұйрығымен бекітілген «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру» қағидаларында көзделген арнайы есепке алмастан, тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін ала алады.

 Дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі – лауазымды тұлғаның және/немесе талдау объектісінің өкілеттігі, оның мазмұнынан осы өкілеттіктің шектерін анықтау мүмкін еместігі әкім аппаратында орын алмады.

Лауазымды адамдар міндетемелерінің орнына құқықты белгілеу - лауазымды адамдардың азаматтар мен ұйымдарға қатысты іс-әрекеттер жасау мүмкіндігін диспозитивті белгілеу әкім аппаратында орын алмады.

Адамға тиесілі құқықты іске асыру үшін, оған қойылатын жоғары талаптар  жеке және заңды тұлғаларға субъективті құқықтары мен бостандықтарын іске асыру кезінде заңмен негізделмеген қосымша міндеттемелерді жүктеу; сақталуы Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында бекітілген құқықтар мен бостандықтарды шектейтін ауыртпалықты тыйым салулар мен шектеулерді белгілеу; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін және/немесе оларды ұсыну заңнама нормаларымен негізделмеген өзге де талаптарды белгілеу; азаматтар мен ұйымдарға қойылатын белгіленбеген, орындалуы қиын талаптарды белгілеу әкім аппаратында орын алмады.

Артық әкімшілік кедергілердің болуы –жеке және заңды тұлғаларға талдау объектісінде көрсетілген мәліметтердің болуына байланысты талап ету орынсыз құжаттарды, ақпаратты және басқа да деректерді ұсыну міндеттемесін жүктеу не талдау объектісі осы мәліметтерді қажетті көздерден дербес талап етуге уәкілеті;  иемденіп алынған құқыққа сәйкес келмейтін белгілерге (кәсіптік, мүліктік, әлеуметтік) сәйкес келу міндеті;  оларды дереу ұсыну мүмкіндігі болған кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың ұзақ мерзімдері (мысалға, егер талдау объектісінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер пайдаланылса); егер мұндай тәртіп халықаралық актілерде не көрсетілген құжаттарды жіберу көзделетін басқа мемлекеттің заңнамасында көзделмесе, азаматтарға құжаттарды олар жүгінген мемлекеттік органда олардың түпнұсқалары мен көшірмелерін салыстыру мүмкіндігі болған кезде, оларды басқа мемлекеттік органдарда нотариалды куәландыру және апостиль қою міндетін жүктеу;  белгілі бір қызмет түрімен айналысуға үміткер азаматтың нормативтік белгіленген біліктілік талаптарына (тиісті кәсіптік тәжірибесінің, біліктілігінің, еңбек өтілінің және т. б. болуы) сәйкестігіне қарамастан, олардың емтихандардан, тестілеуден, әңгімелесуден және т. б. өту қажеттілігін белгілеу әкім аппаратында орын алмады.

 Функцияларды, міндеттемелерді, құқықтар мен жауапкершілікті тиісінше айқындамау құқықтық актінің немесе ішкі құжаттың мазмұнынан шешім қабылдауға жауапты лауазымды адамды анықтаудың мүмкін еместігі; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың туындауына жол бермеуге мүмкіндік беретін шектеулер мен тыйымдар жоқ (мысалға, шешім қабылдауды басқа лауазымды адамға беруге, белгілі болған мәліметтерді жария етуге және т. б. тыйым салу);  лауазымдық міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауаптылықтың белгіленбеуі; лауазымды адамдардың міндеттемелері мен өкілеттіктерін орындауын бақылау рәсімі әкім аппаратында орын алмады.

Персоналды басқару бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша әкім аппаратында орын алмады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша әкім аппаратында

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі;

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;

«Сауда-саттықты талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;

«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»  мемлекеттік көрсетілетін қызметтері көрсетіледі.

Электронды қызметті көрсету үшін «Е-лицензиялау» жүйесі іске қосылды.

Алайда,  «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы қызмет алушылар 1 /бір/ азаматтың Электрондық цифрлық кілті арқылы арыз түсіре алады, бірақ қызмет алушының жер учаскесіне оның жолдасыныңда үлесі болады.

Қызметті көрсететін лицензияр болып ауыл әкімдігі болып табылғанымен, толықтай шешімнің электрондық жобасын «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі дайындап отыр.

Осы жағдайда, азаматтың атына жер учаскесінің  шешімі қала әкімінің  «өкімі»  болып және азаматтың бір өзінің атына шығады.

Және электрондық шешімді жүйеде тіркеу мүмкіндігі қарастырылмаған. Қызмет алушының жүйеде жолдасының үлесінің бар/жоқ екендігін көрсететін  міндетті толтырылатын баған (графа) болуы қажет ретінде қаралу тиіс.

Бұл өз кезегінде «Е-лицензиялау» жүйесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің реинженерингі дұрыс жолға қойылмаған және сол жүйенің үйлестіруші операторлары мен программисттер тарапынан дәрменсіздік танытуда. Мәселе бүгінгі күнге дейін шешілмей келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдері туралы ақпарат. Қызылсай ауылы әкімдігі

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын  бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік Мекемесі) Мемлекеттік мекеменің қызметіне ішкі талдау жүргізілді.

Талдау кезеңі: 2023 жылдың 3 ай /2тоқсан/қорытындысы бойынша.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

I Мемлекеттік мекеменің қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

II Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

  • персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
  • мүдделер қақтығысын реттеу;
  • іс-құжаттарын жүргізу;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  • мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде туын-дайтын өзге де мәселелер.

 

I Мемлекеттік мекеменің қозғайтын

нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде 

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Мемлекеттік мекеменің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекеменің миссиясы – ауыл әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Міндеттері:

  • әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу;
  • әкімнің іс-қағаздарын жүргізеді және хат-хабарларды өңдейді;
  • әкімнің қарауына енгізілген актілер жобалары өтінуінің Жаңаөзен қаласы әкімдігінің үлгі регламентімен белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

4) қолданыстағы заңнамамен көзделген қызметтің басқа да түрлерін жүзеге асырады.

Функциялары:

1) Мемлекеттік мекеме өз құзіреті шегінде:

  • жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • ауылдың бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;
  • жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және Жаңаөзен қаласы мәслихатына ауыл бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;
  • ауылдың бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
  • жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
  • шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде обьектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру обьектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру обьектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Жаңаөзен қаласы әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
  • Мемлекеттік мекеменің ережесінде келтірілген өзге функцияларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Құқықтары мен міндеттері:

Мемлекеттік мекеме өз құзіреті шегінде:

  • мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;
  • мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
  • мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;
  • шарттар, келісімдер жасауға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
  • Мемлекеттік мекеменің өз құзіреті шегіндегі міндеттері:
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, Жаңаөзен қаласы әкімінің және әкімдігінің, ауыл әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
  • қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

II Мемлекетік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

 

Мемлекеттік мекеме штаты – Мемлекеттік мекеме өз қызметін Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 09 шілдедегі №418 қаулысымен бекітілген «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Мемлекеттік мекеменің штаттық кесте шегі құрылымы мен штаттық саны мемлекеттік қызметшілер 3 бірлікті (Ауыл әкімі, ауыл әкімінің орынбасары және 1 бас маман) және 6 штаттан тыс қызметкерлер құрайды. Мемлекеттік қызметшілер штаттық

бірліктерінде 2 вакансия (бас маман, E-G-3 санаты) және штаттан тыс қызметкерлер бірліктерінде вакансия жоқ.

Конкурс өткізу тәртібін сақтау - Мемлекеттік мекемеде Конкурс рәсімі жүргізілмейді.

Қызметке тағайындау бойынша – талдауға қамтылған кезде Мемлекеттік мекемеде қызметке тағайындау жүргізілмеді.

Міндетті арнайы тексеруден өту тәртібін сақтау – Талдау барысында қызметкерлердің жеке істерінде міндетті арнайы тексеру нәтижелері толығымен тігілген.

Ауысу тәртібімен қызметке тағайындау бойынша – Талдау уақыты аралығында ауысу тәртібімен мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметке тағайындалмаған.

Тәлімгерді тағайындау бойынша – Талдауға қамтылған кезеңде негізгі қызметке  желтоқсан айында маман тағайындалды.

Ант қабылдау бойынша – Талдауға қамтылған кезеңде Ант қабылдау рәсімі болды.

Тағылымдамадан өту бойынша – Таңдауға қамтылған кезеңде тағылымдамадан өту үрдісі болды.

 

Мүдделер қақтығысы мәселелері

 

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін атқаруда мүдделер қақтығысы орын алмағаны анықталды.

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдаған.

Мемлекеттік мекемеде ерлі зайыптылар, қызметкерлердің бір біріне жақын туысқандарының қызмет атқаруы анықталған жоқ.

Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік сатып алу рәсімінің жүргізілуін қамтамасыз ету Мемлекеттік мекеменің бас маманы Аманжанов Қанат Қуатбайұлына жүктелген. Мемлекеттік сатып алудың өткізу барысы мемлекеттік сатып алудың бірыңғай электронды порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алудың 2023 жылға бекітілген жылдық жоспарында тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға барлығы 141 253 524 теңге көлемінде сомма бекітілген. Жылдық жоспар бойынша Мемлекеттік мекеменің негізгі функцияларын қамтамасыз ету мақсатында қажетті тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды ҚР-ның 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңын басшылыққа ала отырып, баға сұрату, ашық конкурс және бір көзден алу тәсілдерімен сатып алу жүзеге асырылған.

Мемлекеттік сатып алу шарттары, шот-фактура, жөнелтпе құжаттары электронды нысанда рәсімделеді. Талдау барысында мемлекеттік сатып алу кезеңінде лауазымды тұлғалардың бірігуі, белгілі бір тұлғалардың мүдделерінің жақталуының орын алуы, алдын ала сөйлесу, сөз байласу тәуекелдері анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері ашықтық, жариялылық, барлық тараптарға теңдік дәреже принципіне негізделіп ҚР-ның «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының  қағидаларына негізделген.

Мемлекеттік  қызметшілерді тәртіптік жазаға тарту тәртібін сақтау – талдауға қамтылған мерзімде штаттан тыс қызметкерлер арасында тәртіпті бұзу және тәртіптік жазаға тарту фактісі орын алды.

Сенімгерлік басқаруға беру тәртібін сақтау – Мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен мүліктері сенімгерлік басқаруға берілмеген, яғни қызметшілердің жеке істерінде сенімгерлік басқаруға бергендігі туралы ешқандай мәліметтер анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы мен мемлекеттік қызметшілердің ант кодексінің талабын сақтауы – Мемлекеттік мекеме Жаңаөзен қаласы, Қызылсай  ауылы Абай көшесі, 8-ші ғимаратта орналасқан. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызмешілердің қызметтік әдеп қағидалары) мәтіні мемлекеттік және ресми тілдерде баршаға көрінетін жерде орналастыруы қамтамасыз етілген. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің тараптарын бұзу кодексі тіркелмеген.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту  - Талдауы уақыты аралығында Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шаралары жүргізілген.

 

 

 

 

Іс-құжаттарын жүргізу

 

Мемлекеттік қызметкердің жеке іс құжаттары талаптарға сәйкес қызметтік тізімдері, өтініштері, білім туралы құжаттары, еңбек кітабының көшірмесі, дәрігерлік анықтама және бұйрықтардың көшірмелері толтырылып жинақталған. Салық декларациясын тапсырғандығы жөніндегі анықтамалары, мемлекеттік қызметкерлердің қызметте болуға байланысты шектеулері толтырылып қол қойылған, арнайы тексерудің анықтамасы және қызметкерлердің анты толтырылып тігілген.

Мемлекеттік мекемедегі барлық қызметкерлердің қылмыстық, әкімшілік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік, тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны немесе тартылмағаны, әрекетке қабілетсіз деп танылғаны/танылмағаны туралы деректерді анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің сұранысы бойынша мәліметтің жоқтығы туралы анықтама алынған.

Мемлекеттік қызметшілердің активтері мен міндеттемелері туралы декларация наурыз айында  60 пайыз тапсырылуы анықталды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 9 және 10 баптарына сәйкес «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2021 жылдың іс-шаралар жоспары және Жемқорлыққа қарсы стандарты жасақталып бекітілген.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

 

«Қызылсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан көрсетілетін келесі мемлекеттік қызметтер жүзеге асырылады:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру туралы;
  3. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп, не бөліп төлеу арқылы сату;
  4. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

 

Басқа да мәселелер

 

Мемлекеттік мекеменің штаттан тыс қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары бар, бектілген. Сонымен қатар жеке іс құжаттарында «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жолдамалары тігілген.

Ақпараттық түсіндіріу жұмыстары бойынша – Мемлекеттік мекеменің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес күнделікті атқарылып жатқан шаралар туралы мәліметтері мен ақпараттары әлеуметтік желілерге жарияланған.

Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі» ММ-і  қызметіндегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                            19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, «Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік Мекеме) Мемлекеттік мекемесінің қызметіне ішкі талдау жүргізілді.

Талдау кезеңі: соңғы үш жылды салыстырғанда 2023 жылдың                        23 маусымына сәйкес.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

I Мемлекеттік мекеменің қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

II Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

  • персоналды басқару қызметі бойынша;
  • мүдделер қақтығысын реттеу;
  • іс-құжаттарын жүргізу бойынша;

 

 

  1. Мемлекеттік мекеменің қозғайтын

нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Мемлекеттік мекеменің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің миссиясы: қала бюджетінің уақытылы атқарылуына бақылау жасауды, бюджеттік бағдарламаларды қаржылық қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қаржылық ресурстардың құрылуы және пайдалануы кезінде операциялардың нақты есепке алынуын қамтамасыз етуі. Жаңаөзен қаласының экономикасының жоғары бәсекелестікке жетуіне және экономикалық өсуіне бағыт жасау мақсатында, коммуналдық меншіктің тиімді басқарылуы.

  Міндеттері:

 1) мемлекет мүддесінде коммуналдық мүлікті басқару;

 2) бюджеттік саясатты іске асыруға, бухгалтерлік есепті, мемлекеттік қаржының бухгалтерлік есебін орындау, жүргізу, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жасау;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бөлімге жүктелген өзге де міндеттер;

 Функциялары:

  • өз құзыреті шегінде қалалық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
  • егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қалалық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
  • "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындайды;
  • егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қалалық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
  • қалалық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
  • қалалық коммуналдық мүлікті қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
  • қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
  • егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қалалық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы келісім береді;
  • коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен қалалық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды бағдарлама әкімшісімен бірге ұйымдастырады;
  • сенімгерлікпен басқарушының қалалық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
  • қалалық коммуналдық мүлікті, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

 Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан бөлімге жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға;

2) салық органдарынан жергілікті бюджетке салықтардың және басқа да міндетті түсімдер сомасы жөнінде, бюджетке төлемдер бойынша берешектер сомасы жөнінде есептер алуға, заңды тұлғалардын бухгалтерлік баланс және салық салу құрамы мен нысандары, қаржы шаруашылық қызметі туралы, материалдар, статистикалық және жергілікті бюджеттің орындалуын ұйымдастыру үшін қажетті өзге де материалдар алуға, сондай – ақ Бөлімге жүктелген және құзыретіне кіретін басқа міндеттерді атқару үшін қажетті статистикалық және басқа да мәліметтерін алуға;

3)  қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден белгіленген мерзімде қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы тоқсандық (жылдық) есептер алуға;

4) қалалық бюджет есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттердің орындалу жөніндегі нормативтік – құқықтық актілер талаптарына сәйкес болуына бақылау жасауға;

5) қалалық бюджет есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелердің, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының қаржылық есептілігіне бақылау жасауға;

6) Қалалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамаларының талаптарының бұзылу себептеріне баға, сондай – ақ бекітілген қалалық бюджет бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тиімділігі мен орындалғандығына баға беруге;

7) қалалық бюджет есебінен қамтамасыз  етілетін мемлекеттік мекемелерден, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардан, осыны жүзеге асыруға өкілеттенген мемлекеттік органдардан бақылау өткізу жөніндегі актілерді сұратуға;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша басқа да Бөлімге жүктелген құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

 

II Мемлекетік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

1.Персоналды басқару қызметі бойынша

 

Мемлекеттік мекеме штаты – Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президеті мен Үкіметінің актлеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ 27.04.2018 жылғы №30-1943-07-ММ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекеменің штаттық кесте шегі құрылымы мен штаттық саны мемлекеттік қызметшілер 5 бірлікті (Бөлім басшысы, 1 сектор меңгерушісі және 3 бас маман) және 8 штаттан тыс қызметкерлер құрайды. Мемлекеттік қызметшілер штаттық бірліктерінде вакансия жоқ.

Конкурс өткізу тәртібін сақтау - Мемлекеттік мекемеде Конкурс рәсімі жүргізілмейді.

Қызметке тағайындау бойынша – талдауға қамтылған кезде Мемлекеттік мекемеде қызметке вакансиялық тағайындау жүргізіліп, конкурс нәтижесі бойынша E-R-5 және E-R-4   санатына мемлекеттік қызметші тағайындалды.

Міндетті арнайы тексеруден өту тәртібін сақтау – Талдау барысында қызметкерлердің жеке істерінде міндетті арнайы тексеру нәтижелері толығымен тігілген.

Ауысу тәртібімен қызметке тағайындау бойынша – Талдау уақыты аралығында ауысу тәртібімен мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметке тағайындалмаған.

Ант қабылдау бойынша – Талдауға қамтылған кезеңде Ант қабылдау рәсімі 1 рет болды.

 

2.Мүдделер қақтығысы мәселелері

 

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін атқаруда мүдделер қақтығысы орын алмағаны анықталды.

Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдаған.

Мемлекеттік мекемеде ерлі зайыптылар, қызметкерлердің бір біріне жақын туысқандарының қызмет атқаруы анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу шарттары, шот-фактура, жөнелтпе құжаттары электронды нысанда рәсімделеді. Талдау барысында мемлекеттік сатып алу кезеңінде лауазымды тұлғалардың бірігуі, белгілі бір тұлғалардың мүдделерінің жақталуының орын алуы, алдын ала сөйлесу, сөз байласу тәуекелдері анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері ашықтық, жариялылық, барлық тараптарға теңдік дәреже принципіне негізделіп                ҚР-ның «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының  қағидаларына негізделген.

Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жазаға тарту тәртібін сақтау –талдауға қамтылған мерзімде Мемлекеттік қызметшілер және штаттан тыс қызметкерлер арасында тәртіпті бұзу және тәртіптік жазаға тарту фактісі орын алған жоқ.

Сенімгерлік басқаруға беру тәртібін сақтау – Мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен мүліктері сенімгерлік басқаруға берілмеген, яғни қызметшілердің жеке істерінде сенімгерлік басқаруға бергендігі туралы ешқандай мәліметтер анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы мен мемлекеттік қызметшілердің ант кодексінің талабын сақтауы – Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің тараптарын бұзу кодексі тіркелмеген.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту - Талдау уақыты аралығында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шаралары жүргізілген.

 

3.Іс-құжаттарын жүргізу

 

Мемлекеттік қызметкердің жеке іс құжаттары талаптарға сәйкес қызметтік тізімдері, өтініштері, білім туралы құжаттары, еңбек кітабының көшірмесі, дәрігерлік анықтама және бұйрықтардың көшірмелері толтырылып жинақталған. Салық декларациясын тапсырғандығы жөніндегі анықтамалары, мемлекеттік қызметкерлердің қызметте болуға байланысты шектеулері толтырылып қол қойылған, арнайы тексерудің анықтамасы және қызметкерлердің анты толтырылып тігілген.

Мемлекеттік мекемедегі барлық қызметкерлердің қылмыстық, әкімшілік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік, тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны немесе тартылмағаны, әрекетке қабілетсіз деп танылғаны/танылмағаны туралы деректерді анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің сұранысы бойынша мәліметтің жоқтығы туралы анықтама алынған.

Мемлекеттік қызметшілердің активтері мен міндеттемелері туралы декларация уақытылы және толық тапсырылуы анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V ҚРЗ Заңының 8 бабына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                                  19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес, «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі /бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме/ Мемлекеттік мекеменің қызметіне ішкі талдау жүргізілді.

Талдау кезеңі: 2023 жылдың 6 ай /1-тоқсан/ қорытындысы бойынша.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

- Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

- Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

  • Персоналды басқару;
  • Мүдделер қақтығы мәселелері;
  • Іс-құжаттарын жүргізу;
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;

 

         І. Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

         Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының Құрылыс салу нормаларының бұйрықтарына, Маңғыстау облысы әкімдігінің, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулылары мен өкімдеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Мемлекеттік мекеменің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

         Мемлекеттік мекеменің миссиясы - Жаңаөзен қаласының сәулет және қала құрылыс саласының бірінғай мемлекеттік саясатын жүзеге асыру болып табылады.

        Құқықтары мен мiндеттерi:

  • Мемлекеттік сәулет және қала құрылысы саясатын іске асыру.

2) қала аумағында сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу, нысандар мен кешендерді орнату үшін қала құрылысы мақсатына жер телімін бөлуге және Қазақстан Республикасының заңды актілерінде қаралғандай, мемлекет қажеттілігіне керек болған жағдайда сол жер телімдерін қайтаруға қала әкіміне ұсыныстарды дайындау.

3) «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі»   мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

4)қала және іргелес орналасқан елді мекендерде салынуға тиісті нысандар бойынша мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету;

5) «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

ІІ. Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Мемлекеттік мекеме штаты – Мемлекеттік мекеме өз қызметін Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 05 наурыздағы №47 қаулысымен бекітілген ««Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі»» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүргізеді.

Мемлекеттік мекеменің штаттық кесте шегі құрылымы мен штаттық саны мемлекеттік қызметшілер 4 бірлікті (Бөлім басшысы және бас маман) және 5 штаттан тыс қызметкерлер құрайды. Мемлекеттік қызметшілер штаттық бірліктерінде вакансия жоқ.

Конкурс өткізу тәртібін сақтау – Мемлекеттік мекемеде Конкурс рәсімі жүргізілмейді.

Қызметке тағайындау бойынша – талдауға қамтылған кезеңде Мемлекеттік мекемеде қызметке тағайындаулар жүргізілмеген.

Міндетті арнайы тексеруден өту тәртібін сақтау - Талдау барысында қызметкерлердің жеке істерінде міндетті арнайы тексеру нәтижелері толығымен тігілген.

Ауысу тәртібімен қызметке тағайындау бойынша – Талдау уақыты аралығында ауысу тәртібімен мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметке тағайындалмаған.

Тәлімгерді тағайындау бойынша – Талдауға қамтылған кезеңде Мемлекеттік мекемеде Тәлімгерді тағайындау болған.

Ант қабылдау бойынша – Талдауға қамтылған кезеңде Ант қабылдау рәсімі болған.

Тағылымдамадан өту бойынша - Талдауға қамтылған кезеңде Тағылымдамадан өту үрдісі болған.

Мүдделер қақтығысы мәселелері - Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін атқаруда мүдделер қақтығысы орын алмағандығы анықталды.

          Мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылданған.

          Мемлекеттік мекемеде ерлі-зайыптылар, қызметкерлердің бір біріне жақын туысқандарының қызмет атқаруы анықталған жоқ.

         Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік сатып алу рәсімінің жүргізілуін қамтамасыз ету Мемлекеттік мекеменің штаттан тыс қызметкерлі есепші Базаргуль Аймухановаға жүктелген. Мемлекеттік сатып алуды өткізу барысы мемлекеттік сатып алудың бірыңғай электронды порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алудың 2023 жылға бекітілген жылдық жоспарында тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға барлығы                        76 115 000 теңге  көлемінде сома бекітілген. Жылдық жоспар бойынша мемлекеттік мекеменің негізгі функцияларын қамтамасыз ету мақсатында қажетті тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды ҚР-ның 2015 жылғы                                4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» №434-V ҚРЗ Заңын басшылыққа ала отырып баға сұрату, бір көзден алу және ерекше тәртіпті қолдана отырып конкурстық тәсілдерімен сатып алу жүзеге асырылған.

         Мемлекеттік сатып алу шарттары, шот-фактура, жөнелтпе құжаттары электронды нысанда рәсімделеді. Талдау барысында мемлекеттік сатып алу кезеңінде лауазымды тұлғалардың бірігуі, белгілі бір тұлғалардың мүдделерінің жақталуының орын алуы, алдын ала сөйлесу, сөз байласу тәуекелдері анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері ашықтық, жариялылық, барлық тараптарға теңдік дәреже принципіне негізделіп ҚР-ның «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының қағидаларына негізделген.

Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жазаға тарту тәртібін сақтау – Талдауға қамтылған мерзімде мемлекеттік қызметшілер және штаттан тыс қызметкерлер арасында тәртіптік жазаға тарту фактілері орын алмады.

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы мен мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талабын сақтауы – Мемлекеттік мекеме Жаңаөзен қаласы, «Жалын» шағын ауданы, №25 Б «Мемлекеттік мекемелер» ғимаратының 3 қабатында орналасқан.  Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мәтіні мемлекеттік және ресми тілде ғимаратта орналасқан барлық Мемлекеттік мекемелер үшін ортақ баршаға көрінетін жерде орналастырылуы қамтамасыз етілген. Әдеп Кодексінің бақылау кітабы арналған, сенім телефоны орнатылған. Әдеп кодексінің бақылау кітабында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің талаптарын бұзу фактісі тіркелмеген.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту - Талдау уақыты аралығында  Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шаралары жүргізілген.

        

 

 

Іс-құжаттарын жүргізу

 

        Мемлекеттік қызметкерлердің жеке іс-құжаттары талаптарға сәйкес қызметтік тізімдері, өтініштері, білім туралы құжаттары, еңбек кітабының көшірмесі, дәрігерлік анықтама және бұйрықтардың көшірмелері толықтырылып жинақталған. Салық декларациясын тапсырғандығы жөніндегі анықтамалары, мемлекеттік қызметкерлердің қызметте болуға байланысты шектеулері толтырылып қол қойылған, арнайы тексерудің анықтамасы және қызметкерлердің анты толтырылып тігілген.

        Мемлекеттік мекемедегі барлық қызметкерінің қылмыстық, әкімшілік, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік, тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны немесе тартылмағаны, әрекетке қабілетсіз деп танылғаны/танылмағаны туралы деректерді анықтау мақсатында  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің сұраныс бойынша мәліметтің жоқтығы туралы анықтамалары алынған.

         Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V ҚРЗ Заңының 9 және                            10 баптарына сәйкес ««Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі»» мемлекеттік мекемесінің /бұдан әрі – Бөлім/ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2023 жылдың іс-шаралар жоспары және Жемқорлыққа қарсы стандарты жасқталып бекітілген.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

         «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі  тарапынан келесі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жүзеге асырылады:

- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру;

- Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

- Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;

- Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;

- Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру;

- Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

- Обьектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру;

- Облыстық маңызы жол бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі )жарнама  келісім беру:

 

 

 

 

Басқа да мәселелер

 

 

Мемлекеттік мекеменің штаттан тыс қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптары бар, бекітілген. Сонымен қатар жеке іс құжаттарында «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жолдамалары тігілген.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша

Мемлекеттік мекеменің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес күнделікті ақтқарылып жатқан шаралар туралы мәліметтері мен ақпараттары әлеуметтік желілерге жарияланған.

Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің қорытындылары туралы  

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

КІРІСПЕ БӨЛІМ

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі болып «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлім» мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай- бөлім) қызметі табылады.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына  сәйкес жүргізілді.
  3. «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлім» мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылдың 08 маусымдағы № 2.3-16/12 б-н/қ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығының негізінде жүргізді.
  4. 2023 жылдың 08 маусым және 08 шілде аралығында «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлім» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
  5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде 2022 жылдың  қаңтар айынан 2023 жылдың мамыр айына дейінгі кезең қамтылды.
  6. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Г. Азанға топ басшысы ретінде сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне ішкі талдау жүргізу және жұмыс нәтижелері үшін басшылық жасау, үйлестіру және жауапкершілік жүктелді.

СИПАТТАМА БӨЛІМІ

 

  1. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
  2. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде (әрі қарай - НҚА) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  3. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талданатын объект туралы мәліметтер:

Бөлім мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын ҚР мемлекеттік органы болып табылады.

         Бөлім өз қызметін ҚР Конституциясына және Заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ мекеменің Ережесіне сәйкес іске асырады.

         Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сатбаев 1А ғимараты, индекс: 130200.

 

  1. Бөлімнің қызметіне, оны ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін НҚА мен ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыс тобы кодектерді, заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді, бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын құқықтық актілерді зерделеді.

         Бөлім қызметінде келесідей НҚА пайдаланылады:

-Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдары;

-Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңы;

-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы заңы;

-Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін;

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

-Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы

-Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы;

-Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы заңы;

-Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы;

-Қазақстан Республикасындағы Мерекелер туралы заңы;

-Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңы;

-«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;

-«Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы;

-Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

-Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы.

 

III. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуелкелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

2022 жылы жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:

Кадрлық құрам бойынша: «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлім» мемлекеттік мекемесінің құрамында штат бойынша                           3 мемлекеттік қызметкер, 5 азаматтық қызметкер, нақты 3 мемлекеттік қызметкер, 4 азаматтық қызметкер (1 бос орын - әдіскер лауазымы, декреттік демалысқа байланысты Еңбек.кз порталына жарияланған және Персоналды басқару бөлімі ақпараты берілген).

2023 жылы мамыр айына дейінгі жүргізілген ішкі талдау нәтижесімен:

Кадрлық құрам бойынша: «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлім» мемлекеттік мекемесінің құрамында штат бойынша                           3 мемлекеттік қызметкер, 5 азаматтық қызметкер, нақты 2 мемлекеттік қызметкер (1 бос орын Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайтына ішкі және жалпы конкурс бірнеше ретін жарияланған), 4 азаматтық қызметкер 1 бос орын. (1 бос орын - статистик лауазымы, декреттік демалысқа байланысты Еңбек.кз порталына жарияланған және Персоналды басқару бөлімі ақпараты берілген).

Тәртіптік жауапкершілікке қатысты.

Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2022 жылдың  қаңтар айынан 2023 жылдың мамыр айына дейінгі кезеңдерде мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік шара қолданылған жоқ.

Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратынының Әдеп жөніндегі уәкілі және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істер агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департтаментінің жыл сайын мемлекеттік қызметкерлерге анонимді түрдегі сауалнамаларды тұрақты түрде жүргізген.

Кадр мәселерін реттеу барысында құқықтық проблемалар немесе сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Бос орынның  болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты орналастырмау, уақытылы және/немесе толық орналастырмау.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстар өткізу кезінде хабарландыру мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

Бос орынның болуы, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты орналастырмау, уақытылы және/немесе толық орналастырмау фактілері болған жоқ.

Бөлімнің конкурсы бойынша қала әкімі аппаратының бірыңғай конкурс отырысы арқылы өткізіліп келеді. Бірыңғай конкурс отырыс кезеңінде бөлім тарапынан жарияланған конкурстарда тиісті құжаттарды рәсімдеу қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі арқылы жүзеге асырады.

 «Б» корпусының мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурс бойынша әңгімелесу мен тестілеу өткізу үшін сұрақтарды қалыптастыру бірыңғай конкурс өткізу бойынша қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі арқылы жүзеге асырады.

Жұмыскерлерді конкурстық іріктеу жүргізбей, лауазымға жоғарлату, өзге лауазымдарға ауыстыру:

Бөлім бойынша жұмыскерді конкурстық іріктеу жүргізбей, лауазымға жоғарлату, өзге лауазымдарға ауыстыру фактілері орын алған жоқ.

Талдау объектісі қызметкерлерінің жалақысы, көтермелеулері туралы ақпараттың жабықтығы:

Қызметкерлердің еңбегі ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде жүзеге асырылады.

Тәртіптік жаза алынбаған жағдайда, жұмыскерлерді көтермелеу:

Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысы бағалау нәтижелері бойынша қолданылады. «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде, тәртіптік жазалары бар қызметкерлерге бөлім тарапынан сыйақы берілмейді.

Жұмыс нәтижелеріне қарамастан, талдау объектісінің лауазымды адамдардының қалауы бойынша қызметкерлерді көтермелеу:

Бөлім қызметінің алға басуына өз үлесін қосып отырған бөлім қызметкерлеріне сыйақы беру үшін бөлім басшысының ұсыныс негізінде сыйлыақы беру жөніндегі бұйрықтар заңға сәйкес қолданылып келеді.

«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде сыйлықақы беру туралы бұйрықтар заңға сәйкес қабылданып келген.

2022 жыл бойынша:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысы және қала әкімінің 2022 жылғы 04 наурыз № 16 н/қ өкіміне сәйкес, 2022 жылдың Қазақстан Республикасының Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы мемлекеттік мерекелеріне орай;
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы                     № 1127 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысы және қала әкімінің 2022 жылғы 14 маусым № 39 н/қ өкіміне сәйкес, 2022 жылдың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай;
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы, Жаңаөзен қаласы әкімінің «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне сыйлықақы төлеу туралы» 2022 жылғы 11 қазандағы өкімі, 2022 жылдың 17 қазандағы «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде өткізілген жиналыстың № 1-06-1/7 хаттамасына негізінде;
  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы, қала әкімінің 2022 жылғы 06 желтоқсан № 84 н/қ өкіміне сәйкес, 2022 жылдың IV-тоқсанының қортындысы бойынша қаржының үнемделуі, есебіне                               Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мен Жаңа жыл мерекелеріне орай;

2023 жылдың мамыр дейінгі ақпарат бойынша:

  1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 01 ақпанындағы № 09 н/қ «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне сыйлықақы төлеу туралы» өкімі негізінде;
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы, қала әкімінің 2023 жылғы 24 наурыз № 23 н/қ өкіміне сәйкес, ағымдағы жылдың тиісті қаржыландыру жоспарларының қаражатын үнемдеу шегінде;
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысы cәйкес 2023 жылдың 21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай;
  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысы және қала әкімінің 2023 жылғы 16 маусым № 43 н/қ өкіміне сәйкес, 2023 жылдың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай.

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде 2022 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың мамыр айына дейінгі кезеңдерде мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету:

«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлім» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

 

VIII. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:

Мемлекеттік сатып алуларды «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.

2022 жылға бюджет қаражатының игерілуі туралы мәлімет

Бөлінгені – 26 199 000,00

Игерілгені – 26 120 307,03

2023 жылдың 5 ай бюджет қаражатының игерілуі туралы мәлімет

Бөлінгені – 28 127 000,00

Игерілгені – 10,107 625,31

 

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты:

2022 жылы жеке және заңды тұлғалардың барлығы 20 өтініш келіп түскен. Жеке тұлғалардан – 19 Заңды тұлғалардан – 1. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Бөлім басшысының жеке қабылдауында 45 азамат болды.  

2023 жылдың 5 ай бойынша жеке және заңды тұлғалардың барлығы   17 өтініш келіп түскен. Жеке тұлғалардан – 15 Заңды тұлғалардан – 2. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Бөлім басшысының жеке қабылдауында 36  азамат болды.

Бөлім басшысының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кесте сәйкес, тұрақты жүргізілді.

Бөлімге қарауға жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларына, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жауаптар берілуін, өтініштердің уақытылы есепке алынуын қадағалау бағытында талаптарын бұзушылықтар орын алмаған.

Талдау нәтижесінде бөлімнің қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын сәйкестіктерді жою бойынша.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-і  қызметіндегі «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» бойынша ақпарат

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V ҚРЗ Заңының 8 бабына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес, «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі /бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме/ Мемлекеттік мекеменің қызметіне ішкі талдау жүргізілді.

Талдау кезеңі: 2023 жылдың 12 маусымына дейін.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

  1. Мемлекеттік мекеменің қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
  • персоналды басқару қызметі бойынша;
  • мүдделер қақтығысын реттеу;
  • іс-құжаттарын жүргізу бойынша;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер.

 

         І. Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

         Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Маңғыстау облысы әкімдігінің, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қаулылары мен өкімдеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау  саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Міндеттеріне:

1) Халықты жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік әріптестік салаларында ықпал етуді ұйымдастыру;

2) Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық қызметтер;

3) Халықты жұмыспен қамту, кедейшілікті төмендету және нысаналы  топтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге көмектесуге аймақтық, қалалық бағдарламаларды жүзеге асыру.

  Функциялары:                                  

1) Жұмыспен қамтуды, әлеуметтік көмектің және әлеуметтік қызметтерді көрсетудің тиімділігін көтеру;

2) 2021-2025 жылдарға арналған  Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бағдарлама аясында қала аумағында халықты жұмыспен қамтуға,  кедейшілікті төмендетуге ықпал ету  бағдарламаларын іске асыру;

3) Халықты жұмыспен қамту саласында  азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру;

4) Жұмысқа орналасуға ықпал ету  жөнінде хабарласқан азаматтарды қабылдау, есепке алу және тіркеу әлеуметтік кәсіптік бағдарлау қызметтерін көрсету;

5) Азаматтарды жұмысқа орналастыруға  ықпал ету, жастар тәжірибесі, халықтың нысаналы топтарынан азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау, жұмыссыздарды, соның ішінде оралмандарды кәсіптік оқыту және әлеуметтік  қолдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

6) Келісім бойынша жұмыссыз азаматтарды ақылы қоғамдық жұмысқа жолдау;

7) Қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар тәжірибесін жүргізу үшін кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды іріктеу еңбек нарығы сұранысына сәйкес мамандарды даярлауға қажеттілікті анықтау, жұмыссыздарға қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар тәжірибесін және кәсіптік оқытуды жүргізуге шарт жасау;

8) Жұмыссыз азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамтуын және жұмыспен қамтудың басқа түрлерін ұйымдастыруға ықпал ету;

9) Жұмыссыздық деңгейін төмендету;

10) Жаңа жұмыс орнын құру;

11) Еңбек нарығының жай-күйінің талдау мен болжамы, еңбек нарығы бойынша деректер базасын қалыптастыру және еңбек делдалдығын көрсету;

12) Жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы  туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды ата-анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізу;

13) «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асыру;

14) Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;

15) Әлеуметтік көмекті қажет ететін тұлғаларды анықтау және олардың  дербес есебін жүргізу;

16) Халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету, отбасы қолдау, ананы, балалық шақты қорғау;

17) Мүгедектер мен олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ халықтың басқада топтарын қолдау бөлігінде азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету;

18) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;

19) Тұрғын үй көмегін  тағайындау төлеу;

20) Мемлекеттік және мемлекеттік емес негіздерден халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына аз қамтамасыз етілген азаматтарға, көп балалы аналарға және халықтың әлеуметтік  көмек көрсету және есебін жүргізу;

21) Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің өсуіне байланысты өтем ақы төлеу;

22) Үйде қызмет көрсетуге мұқтаж қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетуді үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері арқылы ұйымдастыру;

23) Денсаулығына байланысты  өз бетінше өз құқықтартын  жүзеге асыра алмайтын және өз міндеттерін орындай алмайтын, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі  кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылық және қорғаншылық тағайындау функцияларын жүзеге асыру;

24) Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерге  жеке көмекшілер  мен ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін, техникалық көмекші құралдары, арнаулы жүріп-тұру құралдарын санаторий-курорттық  емдеуді ұсыну және құжаттарды қабылдау;

25) Облыстық, қалалық өкілетті органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, мекемелер мен ұйымдар, қайырылымдылық қорларымен және басқа әлеуметтік-мәдени құрылымдармен зейнеткерлерді, кәмелетке толмаған балалары бар мемлекеттік қолдауды қажет ететін тұрғындардың барлық топтарын қолдау мақсатында қарым-қатынастарды үйлестіру;

26) Ардагерлермен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің қызметтеріне қолдау жасау және көмек көрсету;

27) Қайырылымдылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу;

28) Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды әлеуметтік оңалту;

29) Әлеуметтік көмек көрсету саласындағы  өзге де қызметтер.

Құқықтары мен мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сонымен қатар басқа да мекемелерден бөлімге жүктелген қызметтерді жүзеге асыру мақсатында құжаттар, қорытындылар, анықтама және басқа материалдарды сұратуға және қабылдап алуға;

2) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және басқа әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құжаттар қабылдауға талаптар белгілеуге;

3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және басқа әлеуметтік төлемдерге тапсырылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге;

4) халықты жұмыспен қамту сауалдарына тиісті түсініктемелер беруге;

5) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу туралы қажетті түсініктемелер беруге;

6) заңда қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.

Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

ІІ. Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Мемлекеттік мекеме штаты – Мемлекеттік мекеме өз қызметін Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы  №701 қаулысымен бекітілген «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүргізеді.

Мемлекеттік мекеменің штаттық кесте шегі құрылымы мен штаттық саны мемлекеттік қызметшілер 14 бірлікті (Бөлім басшысы және басшы орынбасары, 2 сектор меңгерушісі, 9 бас маман (1 бас маман бала күтімінде), 1 жетекші маман) және 6 штаттан тыс қызметкерлерді, одан бөлек 17 әлеуметтік қызметкерлерді, 2 жүргізушіні, 1 диспетчерді құрайды. Мемлекеттік қызметшілер штаттық бірліктерінде  вакансия 1 орын.

Конкурс өткізу тәртібін сақтау – Мемлекеттік мекемеде Конкурс рәсімі жүргізілмейді.

Қызметке тағайындау бойынша – талдауға қамтылған кезеңде Мемлекеттік мекемеде қызметке тағайындаулар жүргізілмеген.

Міндетті арнайы тексеруден өту тәртібін сақтау – Талдау барысында қызметкерлердің жеке істерінде міндетті арнайы тексеру нәтижелері толығымен тігілген.

Ауысу тәртібімен қызметке тағайындау бойынша – Талдау уақыты аралығында ауысу тәртібімен мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметке тағайындалмаған.

Тәлімгерді тағайындау бойынша – Талдауға қамтылған кезеңде Мемлекеттік мекемеде Тәлімгерді тағайындау үрдісі болмаған.

Ант қабылдау бойынша – Талдауға қамтылған кезеңде Ант қабылдау рәсімі болмаған.

Тағылымдамадан өту бойынша – Талдауға қамтылған кезеңде Тағылымдамадан өту үрдісі болмаған.

  1. Мүдделер қақтығысы мәселелері – Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін атқаруда мүдделер қақтығысы орын алмағандығы анықталды.

          Мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылданған.

          Мемлекеттік мекемеде ерлі-зайыптылар, қызметкерлердің бір біріне жақын туысқандарының қызмет атқаруы анықталған жоқ.

         Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік сатып алу рәсімінің жүргізілуін қамтамасыз ету мемлекеттік мекеменің бас маман Өскембаева Перизат Бақытқызына жүктелген. Мемлекеттік сатып алуды өткізу барысы мемлекеттік сатып алудың бірыңғай электронды порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алудың 2023 жылға бекітілген жылдық жоспарында тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуға барлығы сыз 58019,2 мың теңге  (ҚҚС-ны қосқанда 64981,5 мың теңге) көлемінде сома бекітілген. Жылдық жоспар бойынша мемлекеттік мекеменің негізгі функцияларын қамтамасыз ету мақсатында қажетті тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды  ҚР-ның 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» №434-V ҚРЗ Заңын басшылыққа ала отырып баға сұрату және бір көзден алу тәсілдерімен сатып алу жүзеге асырылған.

         Мемлекеттік сатып алу шарттары, шот-фактура, жөнелтпе құжаттары электронды нысанда рәсімделеді. Талдау барысында мемлекеттік сатып алу кезеңінде лауазымды тұлғалардың бірігуі, белгілі бір тұлғалардың мүдделерінің жақталуының орын алуы, алдын ала сөйлесу, сөз байласу тәуекелдері анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері ашықтық, жариялылық, барлық тараптарға теңдік дәреже принципіне негізделіп ҚР-ның «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының қағидаларына негізделген.

Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жазаға тарту тәртібін сақтау –Талдауға қамтылған мерзімде мемлекеттік қызметшілер және штаттан тыс қызметкерлер арасында тәртіпті бұзу және тәртіптік жазаға тарту фактілері болмады.

Сенімгерлік басқаруға беру тәртібін сақтау – Мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен мүліктері сенімгерлік басқаруға берілмеген, яғни қызметшілердің жеке істерінде сенімгерлік басқаруға бергендігі туралы ешқандай мәліметтер анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы мен мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талабын сақтауы – Мемлекеттік мекеме Жаңаөзен қаласы, 3а шағын ауданы, Бейбітшілік көшесі 9. Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мәтіні мемлекеттік және ресми тілде ғимаратта орналасқан барлық Мемлекеттік мекемелер үшін ортақ баршаға көрінетін жерде орналастырылуы қамтамасыз етілген. Сенім телефоны орнатылған. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің талаптарын бұзу фактісі тіркелмеген.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту - Талдау уақыты аралығында  Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру шаралары жүргізілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Маңғыстау облысы бойынша филиалында Мемлекеттік мекеменің бас мамаын А.Э. Муратбаева 29-31.03.2023 жыл күндері «Цифрлық құзыреттерді дамыту. Мемлекеттік органның цифрлық трансформациясы» (оның ішінде 3 сағаты Ресми жазылым) тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасы 24 академиялық сағат көлемінде нәтижелі аяқтағаны жөнінде сертификаты бар /Тіркеу №MNG00057/.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Маңғыстау облысы бойынша филиалында Мемлекеттік мекеменің бас мамаын А.О. Мунатова 26-28.04.2023 жыл күндері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар» (оның ішінде 3 сағаты Ресми жазылым) тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасын                              24 академиялық сағат көлемінде нәтижелі аяқтағаны жөнінде сертификаты бар /Тіркеу №MNG00139/.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Маңғыстау облысы бойынша филиалында Мемлекеттік мекеменің бас мамаын А.К. Кожанова 07-09.06.2023 жыл күндері «Ұлттық жобаларды жүзеге асырудың практикалық құралдары» (оның ішінде 3 сағаты Ресми жазылым) тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасын 24 академиялық сағат көлемінде нәтижелі аяқтағаны жөнінде сертификаты бар /Тіркеу №MNG00182/.

 

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

         «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі  тарапынан келесі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жүзеге асырылады:

1) Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

2) Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;

3) Жұмыссыздарды тіркеу;

4) Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру;

5) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

6) Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

7) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;

8) Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

9) Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

10) Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

11) Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;

12) Мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

13) Мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

14) Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

15) Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;

16) Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;

17) Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру;

18) Тұрғын үй көмегін тағайындау;

19) Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу.

Көрсетілген мемлекеттік қызметі туралы ақпарат:

 

Мемлекеттік мекемеде төмендегі нормативтік-құқықтық актілер негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетілген.    

*2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» №482-V Заңы;

*2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» №246 Заңы;

*2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің №26 бұйрығы.

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айлары (04.01- 12.06.2023) аралығында Мемлекеттік мекемеде барлығы        23994      мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  1. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша 311 қызмет көрсетілді.
  2. Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қызметі бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығынан» арқылы 4255 қызмет көрсетілді.
  3. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу қызметі «Халыққа қызмет көрсету орталығынан» арқылы 1, Қазақстан Республиасының Электрондық үкіметң «www.egov.kz» арқылы 17 қызмет көрсетілді.
  4. Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі «Халыққа қызмет көрсету орталығынан» арқылы 65, Қазақстан Республиасының Электрондық үкіметң «www.egov.kz» арқылы 247 қызмет көрсетілді.
  5. Мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі «Халыққа қызмет көрсету орталығынан» арқылы 123, Қазақстан Республиасының Электрондық үкіметң «www.egov.kz» арқылы 310 қызмет көрсетілді.
  6. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу қызметі «Халыққа қызмет көрсету орталығынан» арқылы 15, Қазақстан Республиасының Электрондық үкіметң «www.egov.kz» арқылы 231 қызмет көрсетілді.
  7. Есту кемістігі бар мүгедектерді жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу қызметі проактив  арқылы 21 қызмет көрсетілді.
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ оның ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы
Дата публикации
14 июля 2023