Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының
2023 жылдың 04 маусымында өткен
Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылы әкімі сайлауының қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылдың 04 маусымы күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылының әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бап пен 113-10 бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Қызылсай ауылы әкімінің сайлауы нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Қызылсай ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 2947 сайлаушы енгізілді, оның ішінде 897 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 62, «бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 1.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Қ.Аманжанов - 661, А.Ермуханов - 158, Б.Кударкулов - 15.
Сайлау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылының әкімі болып Аманжанов Қанат Қуатбайұлы сайланды, 1991 жылы туған, «Қызылсай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде бас маман лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, ұлты - қазақ.
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы