Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 2/7 «Жаңаөзен қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 2/7 «Жаңаөзен қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4561-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы төмендегідей жаңа редакцияда жазылсын.
«1. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде бекітілсін.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 2/7 «Жаңаөзен қаласы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
|
№ р/н |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылған редакция |
Негіздеме |
|
|
||||
|
1
|
Шешім |
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде бекітілсін. |
2023 жылғы 1 шілдеден бастап туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 5 (бес) пайызы мөлшерінде бекітілсін
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы |