Жаңаөзен қалаішілік және Теңге, Рахат, Кендірлі елді мекендеріне жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
1. «Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі, 2023 жылдың мамыр айының 25-ші жұлдызынан бастап Жаңаөзен қалаішілік және Теңге, Рахат, Кендірлі елді мекендеріне жолаушылар мен багажды автомобильмен қалаішілік тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурстың өтетіндігі туралы хабарлайды.
2. Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:
№ 1 лот№1 маршрут «Мамыр ш/а, Жаманқара Иса к-сі – Бөкен базары»,
№ 2 лот№2 маршрут «Теңге ауылы – Бөкен базары»
№ 3 лот№4 маршрут «Темір жол вокзалы – Бөкен базары»
№ 4 лот - №5 маршрут «Кендірлі ауылы (бұрынғы Рахат ауылы) Жұлдыз ш/а 27 көше – Бөкен базары»
№ 5 лот№6 маршрут «Сак базары – Бөкен базары»
№ 6 лот№10 «Рауан ш/а – Бөкен базары»
3. Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
4. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Жаңаөзен қаласы Жалын ш/а, №25 «Б» ғимараты, № 309 бөлме мекен-жайына ұсынуы тиіс.
5. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2023 жылдың маусым айының 16-шы жұлдызы.
6. 2023 жылдың мамыр айының 30-шы жұлдызы күні конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
7. Анықтама телефондары: 8 /72934/ 47-8-40, факс: 8 /72934/ 46-8-43.