Жаңаөзен қаласы мәслихатының кезекті VII шақырылымдағы
депутаттарын сайлау қорытындысы туралы хабарлама
2021 жылы 10 қаңтарда Жаңаөзен қаласы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Қала бойынша сайлаушылар тізіміне 74 789 азамат енгізілді, оның 41 987 адамы немесе 56,14 пайызы бюллетень алды.
Дауыс беруге 41 800 адам қатысты, 831 сайлаушы үй-жайынан тыс жерде дауыс берді.
Сайлауға 3 саяси партия қатысты.
Саяси партияларға дауыс беру кезінде келесі дауыстар берілді:
«Nur Otan» партиясы – 33 832 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан дауыстарының 81,76%; Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы – 7 369 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 17,81%; «АДАЛ» саяси партиясы - 177 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 0,43%. Дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылар дауысының жеті және одан көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың келесі бөлінуі белгіленді: «Nur Otan» партиясы - 13 мандат; Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - 3 мандат.
Жаңаөзен қаласының аумақтық сайлау комиссиясы