Тексеру нәтижесі туралы ақпарат

Тексеру нәтижесі туралы ақпарат

Облыс прокуратурасының тапсырмасының негізінде Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің (бұдан əрі - Орталық) ішкі еңбек нарығын қорғауға, жұмыспен қамтуға жəрдемдесуге, сондай-ақ 2021-2022 жылдары жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды нəтижелі жұмыспен қамтуға тартуға бағытталған заңнаманың сақталуына тексеру жүргізілді.

Конституцияның 24-бабында әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар екендігі көзделген.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.

Статистикалық деректерге сәйкес, қала аумағында 2022 жылы жұмыссыздық мəселесімен «Халықты жұмыспен қамту орталығына» 2981 тұлға жүгініп, жұмыс іздеуші ретінде 2563 тұлға тіркелген.

 «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» жөніндегі Ұлттық жобасы бойынша:

-    «Жастар практикасы» бойынша  - 157 тұлға;

-    «Әлеуметтік жұмыс орындарына» - 151 тұлға;

-    «Алғашқы жұмыс орындарына» - 42 тұлға;

 -   «Ұрпақтар келісім шарты» бойынша - 3 тұлға;

 -    «Қоғамдық жұмыс орнына» - 2161 тұлға;

-    «Кәсіптік оқыту» бойынша – 58 тұлға;

-    «Күміс жас» жобасы бойынша - 26 тұлға жіберілген.

Тексеру нәтижесімен төмендегідей заңдылықтың бұзылу фактілері анықталды.

Мемлекеттік грант бойынша

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша (бұдан әрі – Ұлттық жоба) 2022 жылы 204 кәсіпкерге 250 000 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілген.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысының (бұдан әрі - Қағида) 24-тармағына сәйкес, мемлекеттік гранттардың мақсатты пайдаланылуына мониторингті Халықты жұмыспен қамту орталығы жүзеге асырады.

Қағиданың 23-тармағында бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грант алған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркеу немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы оның нысаналы пайдаланылуын растайды.

Алайда аталған қағидадаларға сәйкес мониторинг жүргізу Орталық қызметкерлерімен толық орындалмайтындығы анықталды.

Атап айтар болсақ, 14.04.2022ж. Орталықпен бизнес-идеяларын іске асыруға грант беру туралы №2022-13159-00005 шартына сәйкес Жұлдыз шағын ауданы Дәулеткерей көшесі, №22 үй тұрғыны 04.07.1977 ж.т. Сагиева Нағима Амангелдиевна мал шаруашылығы арқылы сүт, ет өнімдерін сату бойынша мемлекеттік грант берілген.

Дегенмен, Н. Сагиеваның құжаттарын зерделеу барысында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салықтық есептілік тапсырмағандығы, сондай-ақ мал сатып алғандығын растайтын ешқандай құжаттың болмағандығы анықталды.

Осыған ұқсас факт, 14.04.2022ж. Орталық пен Шаңырақ шағын ауданы №11үй, №3 үй тұрғыны 31.12.1980 ж.т. Оразымбетова Бахытгул Ауесбаевна арасында жана бизнес-идеяларын іске асыруға грант беру туралы №2022-13159-00008 шартына сәйкес «наубайхана» кәсібін ашу бойынша келісімшарт жасақталған.

Көрсетілген бизнес-жоспар бойынша Б. Оразымбетованың құжаттарын зерделеу барысында жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салықтық есептілік тапсырмағандығы, сондай-ақ наубайханаға қажеттілігі туындайтын жабдықтардың сатып алғандығын растайтын ешқандай құжаттың болмағандығы анықталды.

Сондай-ақ, 14.04.2022ж. Орталықпен жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға грант беру туралы №2022-13159-00079 шартына сәйкес Арай шағын ауданы Б.Калиев көшесі, №20 үй тұрғыны 01.03.1991 ж.т. Агаджанов Аллаберген Дусунбаевичке «шар» дүкенін ашу мақсатында мемлекеттік грант берілген.

Аталған бизнес-жоспар бойынша А.Агаджанов Орталыққа дәлелді ешқандай құжаттар тапсырмай және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегендігі анықталды.

Тексеру нәтижесі туралы ақпарат
Дата публикации
11 мая 2023