Жаңаөзен қаласында шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамы келеді. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлерге және тұрғындарға жеңілдетілген несиелер, қайтарымсыз гранттар берілуде.
Атап айтсақ:
- «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысына сәйкес кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде төмендегідей мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі: екінші деңгейлі банктерден 23 пайызбен несие алып «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау (кәсіпкердің банктен алынған кредиттерін 7% төмендету);
- «Ауыл халқының табысын арттыру» пилоттық жобасы аясында ауыл тұрғындарына ауыл шаруашылықпен айналысуға 2,5 пайызбен, жеке кәсіпкерлерге 8,6 млн.теңгеге, ал Кооперацияны дамытуға 27,6 млн.теңге дейін несие беру.
- Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік қайтарымсыз 5 млн.теңгеге дейін гранттар беру;