Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылы қаңтар-наурыз айларына
АҚПАРАТ
Жаңаөзен қаласы әкімдігіне ҚР ЦДИАӨ министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39 н/қ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылы 13 наурыздағы №86 н/қ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, 67 қызмет түрлері, оның ішінде 80 кіші қызмет түрлері бекітілген.
Жаңаөзен қаласы және Теңге, Рахат, Қызылсай ауыл әкімдіктерімен 2023 жылы қаңтар-наурыз айларында (бұдан әрі - есептік кезең):
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қаңтар – наурыз айларында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы
Қала әкімдігі тарапынан жоспарға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің алу тәртібін, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы тиімділігін насихаттау бойынша өткізілген шаралар саны – 11, оның ішінде дөңгелек үстел – 1, ашық есік – 2, телеарнаға шығу – 2, тәжірибе алмасу – 1, жиналыс – 2, әлеуметтік желіге публикация – 2, бейнеролик – 1. Қамтылған адам саны – 289.
Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша қаңтар- наурыз айларында өткізілген іс-шаралар
ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 «Мемлекеттік қызметтеркөрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміндедегі №14740 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, қала әкімінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №87н/қ «2022 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес, 2023 жылы 5 нысанға бақылау іс-шарасын жүргізу жоспарланған. Аталған жоспар бойынша қаңтар - наурыз айларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 1 бақылау іс-шарасы жүргізілді, оның ішінде:
Жүргізілген ішкі бақылау нысаны – 1:
«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.
Анықталған кемшіліктер саны – 2, оның ішінде: