Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылы қаңтар-желтоқсан айларына АҚПАРАТ

Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылы қаңтар-желтоқсан айларына АҚПАРАТ 

Жаңаөзен қаласы әкімдігіне ҚР ЦДИАӨ министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31  қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2022 жылы 05 қыркүйектегі №310н/қ бұйрығымен бекітілген  мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, 128 қызмет түрлері, оның ішінде 118 электронды қызмет түрлері бекітілген.

Жаңаөзен қаласы және Теңге, Рахат, Қызылсай ауыл әкімдіктерімен 2022 жылы қаңтар-желтоқсан айларында (бұдан әрі - есептік кезең):

  • Көрсетілген қызмет түрі – 77, оның ішінде жергілікті атқарушы органмен – 4, мемлекеттік корпорация – 43, портал – 51.
  • Көрсетілген қызмет саны – 64 584, оның ішінде оның ішінде жергілікті атқарушы органмен – 1 066, мемлекеттік корпорация – 12 755, портал – 50 763

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қаңтар – желтоқсан  айларында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы 

Қала әкімдігі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндіру жұмыстары бойынша өткізілген шаралар саны – 57, оның ішінде мақала – 5, ашық есік – 4, дөңгелек үстел – 9, онлайн жәрмеңке – 5, бейнеролик  – 1, телеарнаға шығу – 10, жиналыс – 9, тәжірибе алмасу – 9, қоғамдық қабылдау – 2, семинар – 3. Қамтылған адам саны – 611.

Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау бойынша қаңтар- желтоқсан айларында өткізілген іс-шаралар 

ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы  №78 «Мемлекеттік қызметтеркөрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы»  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміндедегі №14740 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, қала әкімінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы «2022 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер саласындағы заңнамасының  және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкімімен бекітілген жоспарға сәйкес, 2022 жылы 8 нысанға бақылау іс-шарасын жүргізу жоспарланған. Аталған жоспар бойынша қаңтар - желтоқсан айларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына 8 бақылау іс-шарасы жүргізілді, оның ішінде:

Жүргізілген ішкі бақылау нысаны – 8:

«Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ.

«Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ.

«Қалалық сәулет және қала құрылы бөлімі» ММ.

«Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ.

 «Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ.

«Рахат ауылы әкімінің аппараты» ММ.

«Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ.

«Кендірлі ауылы әкімінің аппараты» ММ.

Анықталған кемшіліктер саны –39, оның ішінде:

- ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап ету – 5;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 23.

Бизнес процестің бұзылуы - 11

Ұсынымдар саны – 33,  орындалды.

Жаңаөзен қаласы әкімдігімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылы қаңтар-желтоқсан айларына АҚПАРАТ
Дата публикации
31 марта 2023