2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың облыс халқымен кездесулерде көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

«БЕКІТЕМІН»

Маңғыстау облысының әкімі

___________ Н.А. Ноғаев

«___» _______2023 жыл

                       

 

Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендердің тұрғындарымен кездесудің қорытындысы бойынша

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ 

Барлығы: 125

(Орындалды:38; Бақылауда:86;Облыстық деңгейде жүргізілед:1)

     

 

№

Іс – шара атауы

Мерзімі

Жауапты

Орындалысы

Жаңаөзен қаласы

Қызылсай ауылы

1.          

Ақмола қорымына тоқ тартып беру

(Қызылсай ауылының тұрғыны М.Төленбаев)

2023- жыл

желтоқсан

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

Қызылсай ауылы әкімінің міндетін атқарушы

Б.Кударкулов

Бақылауда:

Ақмола қорымына тоқ тартып беру бойынша Қала әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаевтың  атынан «Өзенмұнайгаз» АҚ-на хат жолданып, 16.03.2023 жылғы №1086 санды жауап хатында электржабдықтайтын материалдардың болмауына байланысты Қоғамның көмек көрсетуге мүмкіншілігі жоқ екендігі хабарланды.

«Ақмола» қорымына «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Бұрғылау» ЖШС мекемелерінің демеушілігімен ток жүргізу бойынша ұсыныс хат жолданды.

2.          

Жаңаөзен қаласындағы № 18, 17, 5, 4, 9 мектеп директорлары мұғалімдерге және кіші қызметкерлерге қысым көрсетуі туралы

(Қызылсай ауылының тұрғыны Г.Айбергенова)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов

«Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Ө.Табынчаев

Орындалды:

Азаматша Г. Айбергенованың шағымы бойынша Жаңаөзен қаласындағы №4, 5, 9, 17, 18 мектептеріне қалалық білім бөлімі тарапынан қызметтік зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесі бойынша мектеп директорлары тарапынан қызметкерлерге қысым көрсету фактілері анықталған жоқ.  Аталған мәселе бойынша Г.Айбергенованың жұмыс орнына Қызылсай әкімдігіне мектеп ұжымымен кездесу өткізу туралы хат жіберілді. Алайда Г.Айбергенова «телефонымдағы дәлелді жазбалар кетіп қалған, сол себепті дәлелім жоқ» деп жиналысқа келмегендігін хабарлайды.

Сондай ақ азаматша Г.Айбергенованың шағымы нақты дәлелдердің болмауы себепті негізсіз деп саналады. Жыл басынан бері Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарындағы қызметкерлерге қысым көрсетілгендігі жөнінде қалалық білім бөліміне арыз-шағым түскен жоқ.

3.          

Жаңаөзен қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу және бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру

(Қызылсай ауылының тұрғыны Г.Айбергенова)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев
«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

 

 

Орындалды:

Жаңаөзен қаласы және оған қарасты ауылдарда  462 нысан орналасқан. Оның ішінде 15 супермаркет  50 шағын маркет, 292 үй жанындағы дүкендер, 96 өзге тауарлар дүкендері,  10 базар және   1 көкөніс өнімдерінің қоймасы бар.

 Жаңаөзен қаласы әкімінің өкімімен    «Халық бақылауы» мониторинг тобының құрамы құрылды. «Халық бақылауы» мониторинг топ  құрамында облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, халық белсенділері және қала блогерлері, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері және жергілікті атқарушы орган өкілдері белгіленді. Аталған топтың жұмыс кестесі жасақталып, әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік   тауарларының бағаларына мемлекеттік реттеу бойынша 2022 жылы 40 рет, ағымдағы жылы 11 рет мониторинг жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда.   

Жаңаөзен қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бағалардың өсуі орын алған жағдайда шұғыл әрекет етуге арналған Call –орталығы байланыс қызметі іске қосылып, әлеуметтік желілер арқылы халыққа хабарландырулар берілді. Қаладағы және оған қарасты ауылдардағы дүкендердегі   әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының  үстемесіне 10% асырмау бойынша 60 ынтымақтастық меморандум жасақталып қол қойылды. Бүгінгі таңда нан бағасын бір қалыпты ұстау мақсатында «Даулет» ұнын 16 наубайханаға ұсынылды, соның ішінде 12 наубайхана 208 тонна ұнды алып,   нан бағасын 90/95 теңгеден, ал 152 дүкен сөрелерінде 100 теңгеден сатылуда. Қалған дүкендерде қалаш нан бағасы 120 теңгеден сатылып отыр. 

           

4.          

«КазТрансГазАймақ» АҚ, «Маңғыстау Жарық» ЖШС, «Тазалық-С» ЖШС ай сайын 20-күніне дейін коммуналдық қызметке төлем жүргізбегені үшін өсімпұл қосады. Ал бюджет саласындағы мекеме қызметкерлеріне айлық айдың 25 күнінен кейін төленеді. Осы мәселені реттеу үшін жария шартқа өзгеріс енгізу туралы ұсыныс енгізу

(Қызылсай ауылының тұрғыны Г.Айбергенова)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

 

Бақылауда:

Филиал табиғи монополиялар субьектісі болып табылады.ҚР-ң 27.12.2018 ж «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26 бабы  2-тармағы 5 тармақшасына сәйкес  «тұтынушыларға  реттеліп көрсетілетін қызметке  қолжетімділіктің тең жағдайларын  ұсынуға міндетті»деп көрсетілген.Яғни Филиал  барлық тұтынушыларға бірдей қызмет көрсетеді,қызметті ұсыну шарттары  да бірдей болғандықтан ,жоғарыда аталған тұтынушының  өтінішін қанағаттандыра алмайтынын Сіздің қаперіңізге береді.

5.          

Газды, тоқты, суды есепке алу аспаптарын  пайдалану (қызмет ету) мерзімін он жылға өзгерту туралы министрлікке ұсыныс жолдау

(Қызылсай ауылының тұрғындары Г.Айбергенова, Н.Темирбаев)

Зан салу

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

 

Бақылауда:

Есепке алу аспаптарын пайдалану мерзімін заң талаптарға сәйкес сараптама жүргізілуде. Егер заңсыздықтар орын алған жағдайда, министрлікке хат жолданатынын хабарлаймыз.

Тұрмыстық  газ есептегіштердің бірыңғай қызмет ету мерзімін шешу туралы 2020 жылдың 14 сәуіріндегі №2 метрологиялық ғылыми-техникалық комиссия негізінде №934  2018 жылдың 27 желтоқсанынан Қазақстан Республикасының инвестиция және даму министрлігінің бұйрығымен бекітілген пайдалану мерзімі:мемлекеттік  өлшеу бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің реестрінде тіркелген тұрмыстық тұрмыстық газ есептегіштер үшін пайдалану мерзімі 5 жылдан аспайтындай етіп бекітілсін делінген.

6.          

Тұрғындарға тазалық, қоқыс жинау қызметтерін көрсетпегені үшін                        «Тазалық-С» ЖШС қызметінен бас тарту, тұрғындарға төлем жүргізбегені үшін өсімпұл қосуын болдырмау

(Қызылсай ауылының тұрғыны Г.Айбергенова)

 

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

 

Бақылауда:

«Тазалық – С» ЖШС-не әкімдік және бөлім атынан бірнеше ескертулер берілді, қазіргі таңда сотқа беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Тазалық-С» ЖШС Рахат, Кендірлі, Теңге, Қызылсай ауылдарымен 2023 жылы 1 қаңтардан бастап өз жұмыстарын тоқтатқанын хабарлаймыз. «Тазалық-С» ЖШС-мен әкімдік ешқандай шартқа отырмағанын, мекеме тек тұрғындар мен жария шарт негізінде жұмыс жасап жатқанын хабарлай отырып, жария шартты бұзуға немесе басқа мердігер мекемемен жария шарт жасақтауға құқылы екеніңізді қаперіңізге береміз.

                  

7.          

Қызылсай ауылында газды, суды, тоқты жөндеу бойынша учаске ашып, өтінім түскен күні жөндейтін маман белгілеу

(Қызылсай ауылының тұрғыны Н.Темирбаев)

 

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев Қызылсай ауылы әкімінің міндетін атқарушы Б.Кударкулов

Бақылауда:

Қызылсай ауылында газды, тоқты жөндеу бойынша учаске ашып, өтінім түскен күні жөндейтін маман белгілеу бойынша  Қала әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаевтың  атынан «РКЦУ-АКТАУ» ЖШС-не 03.03.2023 жылы хат жолданды.      

 

  

8.          

Ауыл тұрғындары «бір терезе» қағидаты бойынша барлық қызметтерді бір жерден алу үшін Қызылсай ауылындағы коммуналдық қызмет (газ, су, тоқ) көрсетуші ұйымдар мен Қызылсай ауылы әкімінің аппаратына екі қабатты жаңа ғимарат салу

(Қызылсай ауылының тұрғыны Н.Темирбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары

Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» ММ басшысы Д.Жантуаров  Қызылсай ауылы әкімінің міндетін атқарушы Б.Кударкулов

Бақылауда:

Ауыл тұрғындарына «бір терезе» қағидасы бойынша барлық қызметтерді бір жерден алу үшін газ, электр жарығына қызмет көрсетуші ұйымдарға  Қала әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаевтың  атынан «РКЦУ-АКТАУ» ЖШС, «Маңғыстау Жарық» ЖШС және «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ филиалына 03.03.2023 жылы хат жолданды.  Қазіргі таңда ғимарат табылып,  қызмет көрсетуші мекемелермен көліссөздер жүргізілуде.

9.          

Мектеп пен балабақшадағы балаларды тамақтандырумен қамтамасыз етуді мектеп пен балабақша директорларына жүктеп, тендер жүйесіне өзгеріс енгізу бойынша министрлікке ұсыныс жолдау

(Қызылсай ауылының тұрғындары  Ж.Мараева, Н.Темирбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов

«Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Ө.Табынчаев

 

 

Орындалды:

Мектеп пен балабақшадағы балаларды тамақтандырумен қамтамасыз ету  бәсекелестік орта болуына байланысты 2015 жылғы                  4 желтоқсандағы № 434-V ҚР Мемлекеттiк сатып алу туралы заңына сәйкес жүргізіледі. 

10.       

Қызылсай ауылындағы мектеп, балабақшаларды автобус-газельмен қамтамасыз ету

(Қызылсай ауылының тұрғыны Н.Темирбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов

«Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Ө.Табынчаев

Қызылсай ауылы әкімінің міндетін атқарушы Б.Кударкулов

Орындалды:

ҚР қолданыстағы заңнамасында Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарының теңгеріміндегі автокөліктермен оқушыларды мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды реттейтін нормалар қарастырылмаған.

Мектеп көліктерінің міндеті – оқушыларды қала, облыс деңгейінде өтетін мәдени-көпшілік, спорттық шараларға тасымалдау болып табылады. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен жүргізушінің жалақысына, көліктің қосалқы бөлшектеріне, жанар-жағар майға тиісті қаражат бөлінеді.

Оқушыларды тасымалдау елдімекенде білім беру ұйымы болмаған жағдайда ұйымдастырылады.

«Білім туралы» ҚР Заңының 6-бабының, 2-тармағының, 24-12)- тармақшасына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабының                                                      2-тармағы, 4)-тармақшасына сәйкес балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге ата-ана міндетті делінген. Алайда, ауа-райының қолайсыздығына байланысты №4 мектептің автобусы Қызылсай ауылы бойынша маршрут жасақталып, қазірі таңда оқушылар тасымалдануда. Ал балабақшадағы  балалардың жас ерекшелігіне сәйкес тасымалдау заңда қарастырылмаған. 

11.       

Мектептердегі, бала бақшалардағы  кіші қызметкерлердің (еден жуушы, жүргізуші т.б.) еңбекақыларын көтеру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы министрлікке ұсыныс жолдау

(Қызылсай ауылының тұрғыны Н.Темирбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов

«Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Ө.Табынчаев

Орындалды:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес 2022 жылдан бастап  мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілердің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықтарының  белгіленген мөлшері жыл сайын өсіп келеді.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде айқындалады.

12.       

Ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін несие пайызын 5-16%-дан                   2-2,5%-ға төмендету және несие алғанда кепілдік мүлік ретінде тұрғын үйдің орнына кепілгер ретінде несие алушының мұнайшы досын, тумаласын қою бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша министрлікке ұсыныс енгізу

(Қызылсай ауылының тұрғыны Н.Темирбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы

Р.Абишаев

 

Бақылауда:

Барлық несиелер ережелеріне сәйкес жүргізіледі. «Ауыл халқының табысын арттыру» пилоттық жобасы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің   2022 жылғы 7 ақпандағы «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» № 47  бұйрығы негізінде іске асады.  

13.       

Кәсіпкер ретінде жер учаскесін алу тәртібін (сауда-саттық (аукцион) немесе инвестициялық жобаны іске асыру) жеңілдету бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша министрлікке ұсыныс енгізу, Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімінен инвестициялық жобамен жұмыс жасайтын бір маманды белгілеу, қағазбастылықты азайту

(Қызылсай ауылының тұрғыны Н.Темирбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

Орындалды:

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес, кәсіпкерлік мақсаты үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукцион) жүзеге асырылады. Қазіргі таңда, кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелері 15.10.2021 жылғы №297 «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі. Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталына шығарылып келеді. Осы электронды сауда алаңында жер учаскесінің жалдау құқығын сату жөніндегі ағылшын әдісімен электрондық аукционға қатысуға болады. Жер  учаскесін алу тәртібін (сауда-саттық (аукцион) немесе инвестициялық жобаны іске асыру) жеңілдету бойынша қалалық жер қатынастары бөлімі жауап береді. Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімінде  инвестициялық жобамен жұмыс жасайтын             2 маман бар.

14.       

Мал шаруашылығын дамыту үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы берілетін несие пайызын 6%-дан 2,5%-ға төмендету бойынша министрлікке  ұсыныс енгізу, қағазбастылықты азайту

(Қызылсай ауылының тұрғыны Н.Темирбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы  Р.Абишаев

Бақылауда:

Ағымдағы жылы «Ауыл халқының табысын арттыру» пилоттық жобасын Маңғыстау облысында іске асыру мақсатында, іріктелген ауылдық округтерге 2,5% пайызбен шағын несие беру жоспарлануда.

2023 жылға Маңғыстау облысына 800,0 млн.теңге қаражат бөлінді. Өңірде 170 жобаны жүзеге асыру көзделген. Жоба шілде  айында басталады деп күтілуде.

15.       

Ақтау және Жаңаөзен қалаларында малды зерттейтін лаборатория ашу және мал басына қарай лаборатория ашу тәртібіне қатысты қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныс жолдау

(Қызылсай ауылының тұрғыны Н.Темирбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының "Жаңаөзен қалалық ветеринариялық инспекция" КММ басшысы

Б.Нұржауов

Орындалды:

Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендерде тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларының басты саны Жаңаөзен қаласында  ветеринариялық санитариялық зертхана ашу тиімсіз. Себебі жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы алдын ала диагностика тексеруге алынатын мал бас санына шыққан шығын, зертхананы ұстауға арналған шығынды ақтамайды. Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласының малдардың ауруларын зерттеуге Қарақия ауданы немесе Маңғыстау ауданында орналасқан ветеринариялық зертханаларға жолданады.

16.       

Мораторийге қарамастан ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтамайтын мал сою бекеттеріне тексеру жүргізу туралы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша министрлікке ұсыныс енгізу

(Қызылсай ауылының тұрғыны Н.Темирбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасының "Жаңаөзен қалалық ветеринариялық инспекция" КММ басшысы

Б.Нұржауов

 

 

Бақылауда:

ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің 15.02.23ж. ұсынысына сәйкес, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің №02-14/2359, 06.03.2023 ж.  жауабында, Жарлықтың 1-т. 2-1)тармақшасына сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін,.ашу микро кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді және профилактикалық бақылауды барып жүргізуді тоқтатсын, оған Кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулер қосылмайды.

17.       

 «Интергаз Орталық Азия» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп, даладағы                   7 мұнараға ұялы байланыс тартып, даладағы шаруаларды ұялы байланыспен қамтамасыз ету 

(Қызылсай ауылының тұрғыны Н.Темирбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

 

 

Бақылауда:

Қызылсай ауылы маңындағы 7 мұнараға ұялы байланыс тартып, даладағы шаруаларды ұялы байланыспен қамтамасыз ету бойынша Маңғыстау облысы цифрлық технологиялар басқармасына 28.03.2023 жылы №03-08-588 санды және Маңғыстау обылысы әкімінің бірінші орынбасары Ж. Қарағаевқа 25.04.2023 жылы хат жолданды, нәтижесі күтілуде.                                                     

18.       

Қызылсай – Сайөтес ескі жолын  грейдермен қайта жаңғырту

(Қызылсай ауылының тұрғыны Н.Темирбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

 

 

Бақылауда:

Қызылсай – Сайөтес ескі жолын  грейдермен қайта жаңғырту бойынша «ӨзенМұнайГаз» АҚ на ұсыныс хат жолданды нәтижесі күтілуде.

            

19.       

Қызылсай ауылында ат спортын дамыту  мақсатында ауылға кіре берісте ескі ипподромның орнын қоршау, «ӨзенМұнайГаз» АҚ көмегімен ай сайын автогрейдермен жолдарын тегістеу

(Қызылсай ауылының тұрғыны Н.Темирбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев «Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

Қызылсай ауылы әкімінің м.а Б.Кударкулов

 

 

Бақылауда:

Қызылсай ауылында ат спортын дамыту  мақсатында ауылға кіре берісте ескі ипподромның орнын қоршау, және ай сайын автогрейдермен жолдарын тегістеу үшін «ӨзенМұнайГаз» АҚ на ұсыныс хат жолданды нәтижесі күтілуде. 

           

 

 

          

20.       

Жылжымайтын мүлікті тіркеу, сәулет, жер қатынастары саласында қағазбастылықты азайту, электрондық үкіметке көшу, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін «Қазпошта» АҚ арқылы төленетін мемлекеттік баж төлемдерін екінші деңгейдегі банктер («Halyk Bank», «Home Credit bank» т.б.) арқылы төлеу жолдарын қарастыру

(Қызылсай ауылының тұрғыны Н.Темирбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының м.а. С.Бектегенов «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а. Р.Жалғасбай

Бақылауда:

    Н.Темирбаевтың жылжымайтын мүлікті тіркеу, сәулет, жер қатынастары саласында қағазбастылықты азайту, электрондық үкіметке көшу және жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін мемлекеттік баж төлемдерін екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеу жолдарын қарастыру туралы өтініші бойынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы ХҚКО департаментінің Жаңаөзен қалалық бөлімі тарапынан, корпорацияның облыстық филиалына ұсыныс хат берілген болатын.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қызметі әділет органдарынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-на берілді.

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 28.04.2015 жылғы №246 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес, «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты болып табылады.

Өз кезегінде, Мемлекеттік корпорация жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде ҚР Ақпараттандыру және коммуникация министрінің 27.09.2018 жылғы №418 бұйрығымен бекітілген бағаларды қолданатынын көрсетуде.

                   

21.       

Қызылсай ауылының дәрігерлік амбулаториясын медицина мамандарымен қамту, материалдық-техникалық базасын жақсарту. Ауыл тұрғындарын қаладағы емханадан емес, ауылдағы дәрігерлік амбулаториядан медициналық тексеруден, скринингтен өтуін  ұйымдастыру (Қызылсай ауылының тұрғындары Қ.Арықбаев, Н.Темирбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов  Жаңаөзен қаласы бойынша денсаулық сақтау ісі үйлестірушісі, №2 Жаңаөзен қалалық емхана директоры С.Танаева

Қызылсай ауылы әкімінің м.а Б.Кударкулов

 

 

Орындалды:

Қызылсай ауылының тұрғындарын  ауылдық медициналық скринингтен өту үшін №1 қалалық емханадан айына 2 рет флюромобиль машинасы барады. Аптасына 2 рет Ультра дыбыстық зерттеу дәрігері қабылдау жүргізеді. Сонымен қатар стоматолог маманымен қамтамасыз етілген.

   

22.       

Қызылсай ауылының дәрігерлік амбулаториясында көп балалы және жалғыз басты аналарға, динамикалық байқауда тұрған балалар мен ересектерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін тұрғындардың назарына жеткізу

(Қызылсай ауылының тұрғыны Ж.Мараева)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов  Жаңаөзен қаласы бойынша денсаулық сақтау ісі үйлестірушісі, №2 Жаңаөзен қалалық емхана директоры С.Танаева

Қызылсай ауылы әкімінің м.а Б.Кударкулов

 

Орындалды:

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі Д есепте тұрған және қаралуға келген тұрғындарға  дәрілік заттармен медициналық тексеру тегін жүргізіледі.

Халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі және емхана кіре берісінде стендтер орналастырылған

 

    

23.       

Жедел медициналық жәрдем көрсететін фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадаларда тиісті инъекциялық дәрілік заттардың болуын қарастыру

(Қызылсай ауылының тұрғыны Ж.Мараева)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов  Жаңаөзен қаласы бойынша денсаулық сақтау ісі үйлестірушісі, №2 Жаңаөзен қалалық емхана директоры С.Танаева

 

Орындалды:

ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 қарашадағы №225/2020 бұйрығының 5 қосымшасы – Жедел медициналық жәрдем станциясындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесінде көрсетілген барлық дәрі – дәрмектермен қамтамасыз етілген.

                 

24.       

Аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің монетизациялау форматынан табиғи нысанына ауыстыру немесе монетизациялау форматында берілетін ақшалай көмектің мөлшерін көбейту туралы министрлікке ұсыныс енгізу

(Қызылсай ауылының тұрғыны Ж.Мараева)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов  «Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы

Ө.Табынчаев

Бақылауда:

Аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама 01.01. 2023 жылдан бастап  атаулы әлеуметтік  көмек алатын отбасының мектеп жасына дейінгі балаларына берілетін азық-түлікпен тұрмыстық заттар ақшалай нысанда төленеді. Мемлекет әр балаға 5174 теңге көлемінде ақшалай нысанда төленеді.Осылайша, керек-жарақты ата-ананың өзі таңдап алуына мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы бойынша 248 отбасынан    479 бала кепілдендірілген әлеуметтік ақшалай төлем алуда.

25.       

Қызылсай ауылында С.Бегендікұлы атындағы №4 орта мектебі жанынан ғимарат пен спорт залын салуды қарастыру

(Қызылсай ауылының тұрғыны А.Каменов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов,

Ж.Қайнарбаев,

«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» ММ басшысы Д.Жантуаров  «Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы

Ө.Табынчаев

Бақылауда:

№4 мектепте соңғы үш жылда контингент санының өсімі байқалмайды. (2020-2021. – 1479 оқушы, 2021-2022 – 1459 оқушы, 2022-2023 о.ж. -1478 оқушы). Мектеп  жанынан қосымша ғимарат салуға «Ауыл – ел бесігі», және «Жайлы мектеп» жобаларына енгізуге ұсыныс берілгенмен, бала өсімінің болмауы мектепке орын тапшылығының жоқтығына байланысты жобаға енгізуге қолдау таппады. Мектеп әкімшілігіне екі кезеңдегі нақты оқушы отыратын сыныптар санына қарай (еңбек кабинеті (ұлдар, қыздар), лингофон, ағылшын, информатика кабинеттерін қоспағанда), жобалық сыйымдылығын есептеп  мектептің техникалық паспортын қайта қарау тапсырылды.

26.       

Қызылсай ауылының мал иелері малды ауылдың басынан суару, шаруа қожалықтарына малдарын ауылдың сыртынан бөлек жерден суару, жайылым үшін жер беру

(Қызылсай ауылының тұрғыны Қ.Мазенов)

 

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а. Р.Жалғасбай

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласы жер қатынастары бөлімінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарында қала аумағынан шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 20 жер учаскесін конкурс арқылы табыстау жоспарланған болатын.

Алайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі жер ресурстары басқару комитетінің 19-1-19/3924 хатына сайкес, Жаңаөзен қаласы бір тұтас елді мекен жері болғандықтан, ауыл шаруашылығы мақсатында жер учаскесін конкурс арқылы беру заңсыз деп танылуына байланысты қазіргі таңда жер учаскесін беру тоқтатылғанын хабарлайды.

27.       

Қаңғыбас, бұралқы иттерге шара қолдану, аулау мәселесі

(Қызылсай ауылының тұрғыны Қ.Мазенов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

 «Жаңаөзен қалалық ветеринариялық станциясы»КММ басшысының міндетін атқарушы

А.Ергалиев

 

Бақылауда:

 «Жанаөзен қалалық ветеринариялық станциясы» КММ-нің штатында ағымдағы жылда бір ғана ит аулау бригадасында бір ит аулаушы, бір көмекшісі (ит жинаушы) қарастырылған.  

Қазіргі таңда қала және оған қарасты елді мекендерінде бұралқы (қараусыз) иттерді аулау жұмыстары -тұрғындардың дәлелді арыз-шағымдары бойынша ғана айналаға қауіп төндірген ит топтары аулануда.

Жалпы, Жаңаөзен қаласы бойынша жыл басынан бері барлығы 1352 бас, оның ішінде тек Қызылсай ауылынан күні бүгінге дейін тұрғындардың арыз шағымы бойынша 129  бас ит ауланды.

Ит аулау бригадасының санын көбейту бойынша әр бір ауылдың жергілікті атқарушы органы (ауыл әкімдігі) тарапынан 1 бригада қосымша ұйымдастыруды ұсынамыз.

Өздеріңізге белгілі, ҚР «Жануарлар жауапкершілікпен қарау туралы» заңының талабы бойынша, қаңғыбас үй жануарларын залал келтірмей (өлтірмей, мертіктірмей) аулап, ұстап арнайы панажайларға (уақытша ұстау пункттері) тапсыру керек. Сонымен бірге,  Жануарлар жауапкершілікпен қарау туралы» заңының  15-бабы 1-тармағы 4) тармақшасы және 3-тармағы бойынша  Жануар адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және жануарлар адамның жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда жануарларды жансыздандыруға жол берілетіндігі нақты көрсетілген.  

 

 

28.       

Ірі қараға (түйеге, жылқыға, сиырға) бөлінетін 20000 тг, ұсақ малға (қойға, ешкіге) 5000 тг бөлінетін субсидияны халыққа беру бойынша мүмкіндік жасау. Малды plem.kz сайтында тіркеуді, жем-шөпке түбіртек ұсынуды алып тастау туралы Ережеге өзгеріс енізу бойынша министрлікке ұсыныс енгізу

(Рахат ауылының тұрғыны Н.Табылдиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы

Р.Абишаев

Орындалды:

ҚР АШМ 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім саласын арттыруды субсидиялау» қағидаларына сәйкес жүргізіледі. 2023 жылға ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басы азығының құнын арзандатуға 727,7 млн.теңге қарастырылған. Қазіргі таңда күту парағына т.скен өтінімдерді 389,3 млн.теңгеге 274 АӨК субъектісі субсидияланды.

2022 жылы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басы азығының құнын арзандатуға 619,1 млн.теңгеге 329 АӨК субъектісіне субсидия берілді. Халыққа түсіндірме жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр, алдағы уақытта жалғасын табады. Осыған байланысты Ережеге өзгеріс енгізу қажеттілік туындамайды деп есептиміз. 

Теңге ауылы

 

29.       

Қаңғыбас, бұралқы иттерге шара қолдану, аулау мәселесі

 (Теңге ауылының тұрғындары Байжанов,  Ж.Аралбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

 «Жаңаөзен қалалық ветеринариялық станциясы»КММ басшысының міндетін атқарушы

А.Ергалиев

 

Бақылауда:

 «Жанаөзен қалалық ветеринариялық станциясы» КММ-нің штатында ағымдағы жылда бір ғана ит аулау бригадасы қарастырылған.

Қазіргі таңда қала және оған қарасты елді мекендерінде бұралқы (қараусыз) иттерді аулау жұмыстары -тұрғындардың дәлелді арыз-шағымдары бойынша ғана айналаға қауіп төндірген ит топтары аулануда.

Жалпы, Жаңаөзен қаласы бойынша жыл басынан бері барлығы 1352 бас, оның ішінде тек Теңге ауылынан күні бүгінге дейін тұрғындардың арыз шағымы бойынша 228 бас ит ауланды.

Өздеріңізге белгілі, ҚР «Жануарлар жауапкершілікпен қарау туралы» заңының талабы бойынша, қаңғыбас үй жануарларын залал келтірмей (өлтірмей, мертіктірмей) аулап, ұстап арнайы панажайларға (уақытша ұстау пункттері) тапсыру керек. Сонымен бірге,  Жануарлар жауапкершілікпен қарау туралы» заңының  15-бабы 1-тармағы 4) тармақшасы және 3-тармағы бойынша  Жануар адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және жануарлар адамның жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда жануарларды жансыздандыруға жол берілетіндігі нақты көрсетілген. 

 

30.       

Жұмыссыздық мәселесі

(Теңге ауылының тұрғындары Байжанов, А.Жанабаева, С.Тұрмұханов, Ж.Құлымжанова)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов

«Жаңаөзен қалалық жұмысен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Ұ.Орынбаева

Бақылауда:

Тізімде көрсетілген Теңге ауылының тұрғындары:

Байжанов Талғат  жұмыспен қамту орталығына «жұмыссыз» ретінде тіркелмеген. Жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарына қатысуға мүмкіншілігі бар. E-Qamtu платформасынада тіркелмеген.

 

А.Жанабаева жұмыспен қамту орталығына «жұмыссыз» ретінде тіркелмеген. Жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарына қатысуға мүмкіншілігі бар. E-Qamtu платформасынада тіркелмеген.

 

С.Турмуханов  жұмыспен қамту орталығына «жұмыссыз» ретінде тіркелмеген. Жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарына қатысуға мүмкіншілігі бар. E-Qamtu платформасының «Мүгедегі бар отбасы» санатының №425 кезегінде тұр.Кезегі келген жағдайда «Өзенинвест»МКК-не жолданады.

 

Ж.Құлымжанова: Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығына шақыртылып немересіне «Korkem-Alem»ЖШС –нен ақылы қоғамдық жұмыс ұсынылды. Бас тартты.

31.       

Теңге ауылына ардагерлер үйіне ғимарат қарастыру

(Теңге ауылының тұрғыны Қ.Жұмабеков)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

Теңге ауылының әкімі Т.Шаудирбаев

 

Бақылауда:

Қазіргі таңда, ауыл әкімдігіне жаңа ғимарат салуға жер телімі белгіленді және Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі тарапынан ЖСҚ жасақталып, сараптамаға енгізілді. Сараптама қорытындысы 2022 жылдың қараша айында алынып, құрылыс жұмыстарын салу үшін қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі тарапынан Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасына бюджеттік өтінім берілді. Тиісті қаражат бөлініп, жаңадан әкімшілік ғимараты бой көтерген жағдайда, ауыл әкімдігінің ескі ғимаратын жөндеуден өткізіп, ардагерлер үйіне ауыстыру жоспарлануда. Қазіргі таңда, ауыл әкімшілігінің ғимаратының құрылысын салу үшін қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі тарапынан Маңғыстау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қаражат бөлу туралы ұсыныс хат жолданды.

        

 

32.       

Фетисов және Әліби Жангелдин көшелерінің атауын ауыстыру

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ы.Нұриханов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ  басшысы

Г.Азан

 

Бақылауда:

Фетисов және Әліби Жангелдин көшелерінің қайта атауы туралы 2021 жылы түскен ауыл ақсақалдарының ұсынымына сәйкес, Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысы негізінде 2021 жылдың қазан-қараша айында өткен халық санағынан кейін, ұсынымға орай бірқатар жұмыстар басталды. 2021 жыл соңына дейін жинақталған құжаттардың, 2022 жылы тапсырылуына байланысты мерзімі өткендіктен сәйкес деп танылмаған. Сол себепті, қайтадан жұмыс процессі басталуы керек. Қазіргі уақытта, Теңге ауыл әкімдігі жұмысты қайта бастады. Жұмыс барысына кедергі келтуші сұрақтар және екі көше тұрғындарының көше атауын қайта атау бойынша қарсылық жоқ. Жұмысты тездету жөнінде «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нен Теңге ауыл әкімдігіне хат жолданды. Сондай-ақ, бөлім тарапынан орындалуын жылдамадату мақсатында тапсырмалар берілді.

Қазіргі таңда, Теңге ауыл әкімдігі Жаңаөзен қаласы Теңге ауылының көшелерінің қайта атау туралы шешімінің жобасын Маңғыстау облысының Әділет департаментінің келісімін алып, Қазіргі таңда, мемлекеттік тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

             

33.       

Жаңаөзен қаласының «Арай 2» шағын ауданындағы Х.Өзбекқалиев көшесіне  асфальт төсеу

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ы.Нұриханов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

 

Бақылауда:

Мамыр шағынауданы «Халел Өзбекқалиев» (4) және «Ер Төлеп»(5), «Нохат Дербесов»(5а) көшелеріне автокөлік жолын салу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақтауға іздену жұмыстары (ПИР) жүргізіліп, ЖСҚ жасақтауға  5,682 млн. теңге қажеттігі анықталып, бюджеттік өтінім берілген болатын.

Қазіргі таңда бюджеттен 1 млн.теңге бөлініп, ЖСҚ жасақтау үшін сатып алу порталы арқылы конкурс өткізілуде. 2023 жылы қажетті қаражат толық бөлінген жағдайда ЖСҚ жасақталып, жоғарыда аталған көшелерге 2024 жылы автокөлік тас жолын  салу үшін бюджеттік өтінім беріледі.

 

34.       

Өзен-Горган темір жолы бойында пойыз бен автокөліктің іркіліссіз өтуін қамтамасыз ету және кептелісті болдырмау мақсатында темір жол көпірін салуды қарастыру

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ы.Нұриханов, Теңге ауылының тұрғыны Ж.Аралбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

Бақылауда:

Теңге ауылы Марабаев даңғылымен теміржол жолының қиылысына көпір салу үшін алдымен жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) жасақтауды қажет етеді. Жасақталған (ЖСҚ) негізінде, бюджеттің сыйымдылығына қарай қаражат бөлуге ұсыныс берілетіндігін хабарлайды.

Бюджеттен тиісті қаражат бөлінген жағдайда, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін қаперіңізге береді.

35.       

Жаңаөзен қаласын көгалдандыру мәселесі

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ы.Нұриханов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

 

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласын көгалдандыру мәселесі бойынша, ұңғымалар  қала аумағында 10 ұңғыма қазу  жұмыстары басталды.Маңғыстау, Қашаған, Сәтбаев, Достық, Қосқұлақов, Бейбітшілік, Абай көшелері мен Абіш-Қожа мешіті аумағы және Тәуелсіздік, Жалын, Бұрғышылар, Даңқ, Ауған соғысы ардагерлеріне арналған саябақтары.

            Жаңадан отырғызылатын ағаштардың саны 1000 түп болатын, алайда қазіргі таңда МКК, Өзенмұнайгаз және оған еншілес кәсіпорындар, Жеке кәсіпкерлер, ЖПИК иелері есебінен барлығы 2800 түп ағашы егілді.  Оның ішінде 350 тікенді ағаш, раушан гүлдер-500 дана, бұталар-1000 дана, бір жылдық гүлдер -80 000 дана егілуде

 

        

                 

36.       

Тұрғын үй мәселесі

(Теңге ауылының тұрғыны А.Жанабаева, Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ы.Нұриханов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласы күрделі жөндеу жұмыстары қажет етілетін 52 көппәтерлі тұрғын үй бар. 2 үй авария тұрғын үй ретінде таңылған.

2020 жылы 3 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2021 жылы 2 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2022 жылы 7 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2023 жылға 5 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 Қазіргі таңда инвесторлардың қолдауымен  «Шаңырақ» ш/а ауданы үйлеріне  ренавация бағдарламасы аясында  жаңа тұрғын үй салыну жоспары жүргізілуде.

 

37.       

Теңге ауылына асфальт төсеу мәселесі

(Теңге ауылының тұрғыны Ж.Аралбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

Бақылауда:

Теңге ауылында автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 54,85 шқ, оның ішінде асфальттанған бөлігі 20,5 шқ. 37,37% құрайды. Асфальттанған бөлігін 37,37%-дан 58,7%-ға жақсарту үшін, ұзындығы 11,7 шқ құрайтын «Жаңаөзен қаласы Теңге ауылы автокөлік жолдарының құрылысы»  ЖСҚ жасақталып, 04.10.2021 жылы № 15-0269/21  мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, 719,1 млн. теңгеге бюджеттік өтінім берілді.

Осыған орай, 2023 жылға 200 млн.теңге бөлу жоспарланып, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс өткізіліп, нәтижесі бойынша «Altynjolgrup» ЖШС 639 464 647.36 жеңімпаз атанған болатын. Қалған 439 464 647.36 теңге қаражатты бюджеттен бөлуді қажет етеді.

Қазіргі таңда М. Бигенов және С.Кулжанов көшелерінде автокөлік тас жолдарын салу құрылыс жұмыстарын бастау үшін  жолдың негізін дайындау  жұмыстары жүргізілуде.

38.       

Теңге ауылындағы апаттық жағдайдағы  дәрігерлік амбулаторияның орнына жаңадан дәрігерлік амбулатория салу

(Теңге ауылының тұрғыны Ж.Аралбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов  Жаңаөзен қаласы бойынша денсаулық сақтау ісі үйлестірушісі, №2 Жаңаөзен қалалық емхана директоры С.Танаева

«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» ММ басшысы Д.Джантуаров

 

Бақылауда:

Теңге ауылындағы дәрігерлік амбулаториясына техникалық тексеру зерделеу жұмыстары жүргізіліп, апатты жағдайға жатпайтындығы туралы және ғимаратты кауіпсіз мақсатта пайдалану туралы 2022 жылдың желтоқсан айында қорытындысы алынды. Осыған орай, қазіргі таңда Жаңаөзен қалалық №2 емханасы, күрделі жөндеу жұмыстарына жоба жасақтау үшін, жобалық іздестіру жұмыстарының (ПИР) 6,7 млн.теңге құрайтын сметасы жасалды. МО басқармасына бюджеттік өтінім жолдануда.

 

39.       

Теңге ауылына банк бөлімшелерін ашу

(Теңге ауылының тұрғыны Ж.Аралбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының м.а. А.Джанатаева Теңге ауылының әкімі Т.Шаудирбаев

 

Бақылауда:

Теңге ауылында екінші деңгейлі банктердің бөлімшелерін ашу үшін бос ғимарат жоқ болуына байланысты, банк әкімшіліктеріне бөлімше ашуға ниет білдірген жағдайда, бос жер телімін қарастыру мүмкіншіліктерін қарастыруға болатындығы туралы хаттар жолданды. «Халық банк» АҚ-ның 31.03.2023 жылғы №12-430 санды хатына сәйкес, ауылдан банк бөлімшесі ашу ұсынысымыз назарға алынғандығы туралы мәлімдеді.  

                   

40.       

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін темір жол бойындағы көшеге прожекторлар орнату

(Теңге ауылының тұрғыны Ж.Аралбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

Теңге ауылының әкімі

Т.Шаудирбаев

Бақылауда:

Қазіргі таңда, Теңге ауылы бойынша көше жарық шамдарына қызмет көрсетуші «Өзенэнергосервис»  МКК тарапынан темір жол бойындағы көшеге жаңадан көше жарық шамдарын орнату жұмыстары басталды.            /8-дан кранштейндері  орнатылуда/

   

                           

41.       

Теңге ауылындағы спорт залын өз алдына бюджеті бар спорт мектебі ретінде қарастыру

(Теңге ауылының тұрғыны Ж.Аралбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт» бөлімі ММ басшысы А.Жалгасбаева

Теңге ауылының әкімі

Т.Шаудирбаев

 

Бақылауда:

Ауыл тұрғындарын салауатты өмірге баулу мақсатында Теңге ауылының шығыс бөлігіндегі Әліби Жангелдин көшесінің бойынан спорт зал салу үшін 0,95 гектар жер телімі бөлінді. Қазіргі таңда, құрылыс нысанының сыртқы келбетінің жұмыстары толық аяқталып, ішкі бетін әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны – 493 млн 600 мың теңге. Мердігер мекеме – «АС - Құрылыс» ЖШС. Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылдың мамыр айы.

Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Теңге ауылы, Жұбантұр Құлжанұлы көшесінің бойында орналасқан «Бөбекжай» балабақшасы аумағының бір бөлігінен жалпы ауданы 0,18 гектар жер учаскесіне көп функционалдық ангар типті спорт кешенінің құрылысы басталды. Бұл құрылыс нысанының да сыртқы келбетінің жұмыстары толықтай аяқталып, ішкі бетінің жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны – 436 млн 100 мың теңге. Мердігер мекеме – «Нұржол» ЖШС.  Пайдалануға беру мерзімі 2023 жылдың мамыр айы..Аталған спорт кешендерін өз алдына бюджеті бар спорт мектебі ретінде қарастыру

Маңғыстау облыстық спорт басқармасының құзыретіне жатады. Екі спорттық кешен мемлекеттік мекеменің теңгерімінде.. спорттық кешендер ашылған жағдайда, ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді игеру және бос жұмыс орындары ашылатын болады.

             

 

 

 

42.       

Кендірлі демалыс аймағына баратын жолын жөндеуден өткізу

(Теңге ауылының тұрғыны Ж.Аралбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

Бақылауда:

Кендірлі демалыс аймағына қатынайтын жол Қарақия ауданының әкімдігіне қарайтындығын ескере отырып, тиісті шара алу үшін ұсыныс хат жолданды. Сонымен қатар 25.04.2023 жылы  Маңғыстау обылысы әкімінің бірінші орынбасары Ж. Қарағаевқа 25.04.2023 жылы хат жолданды, нәтижесі күтілуде.

43.       

Жаңаөзен қаласындағы 1972 жылы салынған 2-23а жатақханада тұратын 80 тұрғынның атынан жатақхананың нашар жағдайын комиссиямен барып қарап, тұрғын үймен қамтамасыз ету

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ә.Тулебаева және бірнеше тұрғындар)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

 

Бақылауда:

Жатақхана жағдайы бойынша қала әкімі орынбасары Ж.Қайнарбаевтың бастауымен және қаланың коммуналдық қызметтер көрсетуші мекеме басшыларымен қосылып комиссия құрылды. Комиссия барысында коммуналдық қызмет көрсетілетін құбырлардың ескіруі, тазалық жоқтығы, әжетханалрдағы құрылғыларды жаңарту бойынша кемшіліктер болды. Комиссия тексеру барысында табылған бірқатар кемшіліктерді жою мақсатында, «Өзенинвест» МКК басшысына тапсырмалар берілді. 

                 

44.       

Дүкен ашуға жер беру мәселесін қарастыру 

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ә.Тулебаева және бірнеше тұрғындар)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а.

Р.Қартабаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы

Р.Абишаев

Бақылауда:

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабына сәйкес, кәсіпкерлік мақсаты үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукцион) жүзеге асырылады. Қазіргі таңда, кәсіпкерлік максаттағы жер учаскелері 15.10.2021 жылғы №297 «Жер учасклерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі. Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталына шығарылып келеді. Осы электрондысауда алаңында жер учаскесінің жалдау құқығын сату жөніндегі ағылшын әдістемесімен электрондық аукционға қатысуға болады.

Кәсіпкерлік бөлімі: 

 Маңғыстау облысын әлеуметтік - экономикалық  дамытудың

2021 – 2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының «Жаңаөзен қаласында аялдама кешендерінің және халық көп жиналатын өзге де объектілердің базасында кәсіпкерлік қызмет объектілерін құру» тармағына сәйкес,   ағымдағы жылы кәсіпкерлік қызмет нысандарын салу және орналастыру (аялдама сауда орнының кешені) үшін 22 сауда орындары белгіленді. Қала әкімінің өкімімен комиссия құрамы бекітіліп, құжаттар қабылау жұмыстары жүргізілуде. 

45.       

Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекте тұрған адамдарға АТП-ның арғы жағындағы бос жерлерден жер беру мүмкіндігін қарастыру

(Теңге ауылының тұрғыны Р.Қаржаубайұлы)

 

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

Теңге ауылының әкімі Т.Шаудирбаев

«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а.

Р.Қартабаев

 

Бақылауда:

Теңге ауылының әкімі аппаратының хаты негізінде Теңге ауылының шығыс бөлігінен жеке тұрғын үйлер құрылысы үшін көлемі 9,4 гектар жер учаскесін беру мәселесі 27.02.2023 жылғы №03-06/17 хаттамасында қаралып, ҚР Жер кодексінің 34 және 43-баптарына сәйкес, жер учаскесін тұрақты жер пайдалану құқығымен беру ұсынылды.

Жер учаскелерін бөлу  Теңге ауылының әкімі аппаратымен реттелетін болады.

Аталған жер учаскелерді бөлу кезінде тұрғын-үй құрылысы үшін жер телімінің кезегінде тұрған азаматтар арасында түсініспеушілік пайда болуына байланысты мәселені оңтайлы шешу мақсатында Теңге ауылы әкімінің тарапынан 03.04.2023 жылы №01-26-341 санды  Жаңаөзен қаласы әкімі атына қызметтік хат жолданды. Бүгінгі таңда аталған мәселе бойынша Жаңаөзен қалалық жер қатынастар бөлімі мәселені шешу жолын қарастыруда және оң шешім қабылданған жағдайда кезектен тыс жер учаскелері берілетін болады.  

46.       

Қылмыстарды ашу және алдын алу үшін Теңге ауылында АТП-да полиция пунктісін, бейнекамераларды көбейту

(Теңге ауылының тұрғыны Т.Қожахметова)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының бастығы Б.Қорғанбаев

Бақылауда:

2023жылы Жаңаөзен қаласы Теңге АТП ауылына модульдік полиция бекетін орналастыру жоспары бар. Сонымен қатар «Аманат» партиясының бағдарламасы аясында (2023жылы орындалуы тиіс тармақтарына сай) АТП ауылына қоғамдық тәртіпті сақтауға арналған бейнекамералар санын арттыру бақылауға алынды. 

47.       

«Теңге» БК» ЖШС өндірістік аймағында қазылып жатырған ұңғымаларды Теңге ауылына жақындатпау, санитариялық-қорғау аумағынан шықпауын қадағалау, адам денсаулығына кері әсерін тигізбейтіндей жағдайлар жасау, өндірістің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындауы бойынша тексеру, осы мекеменің төленетін салықтары ауылдың бюджетіне келіп түсетінін анықтау, халыққа атқарған қызметі туралы жылдық есеп беруін қарастыру

(Теңге ауылының тұрғыны Ж.Исмагулов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

Теңге ауылының әкімі Т.Шаудірбаев

Бақылауда:

«TENGE Oil & Gas» ЖШС өндірістік аймағында қазылатын ұңғымалар Теңге ауылына жақындамайды және қазылатын ұңғымаларға жоба бойынша, мемлекеттік органдармен келісіліп, Қоршаған ортаға әсер етуге экологиялық рұқсаты алынған. Алдағы уақытта  қазылатын ұңғымалардың көбі  Теңге кен орнының батыс жағында орналасады. Теңге кен орыны 1970 жылдан бері жұмыс жасап келетінін қаперіңізге бере отырып, алдағы уақытта «TENGE Oil & Gas» жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің санитарлық қорғау аймағына жақын жерден жер учаскілерін берілмеуін әкімшілік тарапынан қадағаланатын болады.

                    «TENGE Oil & Gas» Жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің санитарлық қорғау аймағы (СҚА) 1000м құрайды. Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен санитарлық-эпидемиологиялық оң қорытындысы бар. Санитарлық-эпидемиологиялық өндірістік бақылау және өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы бойынша (мониторинг) тексерістер, зерттеулер жүргізіліп,   Маңғыстау экологиялық департаментіне есеп тапсырылады. Осы уақытқа дейін шекті рұқсат етілген концентрациялардан асуы Тенге кен орнында санитарлық қорғау аймағында анықталған жоқ. Мекеменің төленетін салықтары республикалық және жергілікті бюджетіне келіп  түседі (оның ішінде эмиссия, әлеуметтік және жер учаскесін пайдалану) бойынша.

48.       

Жаңаөзен қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу және бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру

(Теңге ауылының тұрғыны С.Айтбаев)

 

Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

Орындалды:

Жаңаөзен қаласы және оған қарасты ауылдарда  462 нысан орналасқан. Оның ішінде 15 супермаркет  50 шағын маркет, 292 үй жанындағы дүкендер, 96 өзге тауарлар дүкендері,  10 базар және   1 көкөніс өнімдерінің қоймасы бар.

 Жаңаөзен қаласы әкімінің өкімімен    «Халық бақылауы» мониторинг тобының құрамы құрылды. «Халық бақылауы» мониторинг топ  құрамында облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, халық белсенділері және қала блогерлері, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері және жергілікті атқарушы орган өкілдері белгіленді. Аталған топтың жұмыс кестесі жасақталып, әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік   тауарларының бағаларына мемлекеттік реттеу бойынша 2022 жылы 40 рет, ағымдағы жылы 11 рет мониторинг жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда.   

Жаңаөзен қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бағалардың өсуі орын алған жағдайда шұғыл әрекет етуге арналған Call –орталығы байланыс қызметі іске қосылып, әлеуметтік желілер арқылы халыққа хабарландырулар берілді. Қаладағы және оған қарасты ауылдардағы дүкендердегі   әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының  үстемесіне 10% асырмау бойынша 60 ынтымақтастық меморандум жасақталып қол қойылды. Бүгінгі таңда нан бағасын бір қалыпты ұстау мақсатында «Даулет» ұнын 16 наубайханаға ұсынылды, соның ішінде 12 наубайхана 208 тонна ұнды алып,   нан бағасын 90/95 теңгеден, ал 152 дүкен сөрелерінде 100 теңгеден сатылуда. Қалған дүкендерде қалаш нан бағасы 120 теңгеден сатылып отыр.

49.       

№ 14 жалпы білім беретін мектептің жөндеу жұмыстарын тездетіп аяқтау

(Теңге ауылының тұрғыны С.Айтбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» ММ басшысы

Д.Жантуаров

Орындалды:

Орындаушы мердігер "Оңдасынстрой" ЖШС өз тарапынан жөндеу жұмыстарын аяқтауды 03.04.2023 жылдан бастап нысан толықтай іске қосылды. Тапсырма орындалды.

   

   

 

50.       

Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің қымбатшылығы, делдал мекемелерді алып тастау  мәселесі

(Теңге ауылының тұрғыны С.Айтбаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

 

Бақылауда:

Аталған мәселелер бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетіне алдағы уақытта хат жолданатын болады.

51.       

Маршрут автобустарының уақытылы жүруі мен көлік санын көбейту

(Кендірлі ауылының тұрғыны  Ү.Қожанова)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласында қоғамдық көлік тасымалын дамыту, жолаушыларды сыйымдылығы үлкен заманауи жаңа автобустарға ауыстыру, бүгінгі  бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап «AKTAU BUS» ЖШС №3 «Теңге ауылы (АТП) – Бөкен базары» және №11 «Мерей ш/а 74 көше – Бөкен базары» бағыттарына  жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау ұйымдастырылды.

2022 жылдың қараша айында 3-ші рет жарияланған конкурстың нәтижесі бойынша 2023 жылдың қаңтар айынан айынан бастап, №9 «Қызылсай ауылы – Бөкен базары» бағыты «AKTAU BUS» ЖШС және №12 «Мерей ш/а 61 көше – Бөкен базары» бағыты жеке кәсіпкер «Е.Аманов» тарапынан жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау ұйымдастырылды.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар деп танылған, кәсіпкердің шығынын бюджет есебінен субсидиялауға мүмкіндік бар (субсидия алдымен жолаушылар санына, тиімсіз болған жағдайда қоғамдық көліктің нарықтағы бағасы есептеле отырып жүрген қашықтығына байланысты төленеді) №4 маршрут «Темір жол вокзалы - Бөкен базары», №5 маршрут «Кендірлі ауылы Жұлдыз ш/а 27 көше - Бөкен базары» бағыттарына және №1 маршрут «Мамыр ш/а Жаманқара Иса к-сі - Бөкен базары», №2 маршрут «Теңге ауылы - Бөкен базары»,  №6 маршрут «Сак базары - Бөкен базары» және №10 маршрут «Рауан ш/а - Бөкен базары» бағыттары бойынша 2023 жылдың 2 наурызында жолаушыларды тасымалдау қызметіне арналған конкурс жарияланды. Алайда кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық болмауына конкурс өтпеді деп танылды. Сәуір айының соңына дейін қайта конкурс жариялау жоспарлануда.

Мамыр айының 21 жұлдызынан бастап   жолаушыларды тасымалдау қызметіне арналған конкурс жарияланды, нәтижесі күтілуде.  

52.       

Қуаңшылық кезінде төрт түлік малдың жем-шөбіне бөлінген қаржы, Жаңаөзен қаласына белгіленген оператор және ол қандай жұмыс жасағаны туралы мәселе

(Рахат ауылының тұрғыны  Д. Тасмағанбетов)

 

Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

Орындалды.

2021-2022 жылдары Жаңаөзен қаласында қуаңшылық кезедерінде мал азығының қорын қалыптастыру үшін 4 оператор белгіленіп, «Каспий ӘКК» АҚ-ы арқылы 0,1% үстемесімен барлығы 86,3 млн. теңге қаражат берілді. Жоспар бойынша алынған мал азығының  көлемі (1 түк шөп 494 тонна, арпа-бидай, 128,9 тонна, орама шөп 11 932 дана,  кебек  216,5 тонна) алынды, бүгінгі таңда арпа-бидай, 128,9 тонна, орама шөп 11 932 дана толықтай сатылды. (ЖК Агисов Ж., «Нұрдария» ШҚ, ЖК Сәрсенгалиев, «Қарағантүбек» ЖШС).

1 түк шөп 494 тоннаның жеке кәсіпкер Сәрсенгалиевтың мәліметі бойынша қорда 98 тоннаға жуық шөптың бар екендігін хабарлады. Алайда 10.01.2023 жылғы мониторинг барысында қор жоқ екендігі анықталды. Қазіргі таңға «Каспий ӘКК» АҚ-ына қарызы 2,2 млн. теңгені құрайды.

«Қарағантүбек» ЖШС-і «Каспий ӘКК» АҚ-ы арқылы  0,1% үстемесімен 21,8 млн.тг қаражат алып (алынған кебек - 152 тонна),   кебек 102 тоннасы (1950 теңге) сатылды. Қалған 50 тоннасы мекеменің 20.11.2022 жылғы жасақтаған акті бойынша жарамсыз деп танылды. Қазіргі таңға «Каспий ӘКК» АҚ-ына қарызы 14,3 млн. теңгені құрайды.

53.       

Синтетикалық есірткілерді жасырын өндіру мен таратудың жолын кесу бағытында жедел-іздестіру шараларын жандандыру

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ә.Нұрланов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының бастығы

Б.Қорғанбаев

 

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласы ПБ-мен есірткі затының заңсыз айналымының алдын алу бағытында біршама жұмыстар атқарылуда, жыл басынан 26 есірткі затын сақтау дерегі анықталды.  оның ішінде 2 дерек синтетикалық есірткі.   Есірткімен күрес күн тәртібіне қойылып  тиісті дәрежеде жұмыстар ұйымдастырылуда.

          

           

54.       

Жаңаөзен қаласынан бөлек жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясын және диспетчерлік пункт ашу

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ә.Нұрланов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов

Жаңаөзен қаласы бойынша денсаулық сақтау ісі үйлестірушісі С.Танаева

 

Бақылауда:

 ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 қарашадағы №225/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2023 жылғы 19 қаңтардағы №11 бұйрыққа сүйене отырып, Жаңаөзен қаласында жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясын өз алдына бөлек дипетчерлік пунк етіп қайта құру бойынша жұмыстары жүргізілуде барлық құжаттары тапсырылды облыс әкімдігінен қаулы шыққанан кейін нақты жұмыстар жүргізіледі.

              

55.       

А.Өтембетұлы көшесіндегі үйлерде тоқ нашар, электр желісінің қуатын арттыру, трансформатор орнату мәселесі

(Теңге ауылының тұрғыны)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары «Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

Орындалды:

«Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» АҚ тарапынан А. Өтембетұлы көшесіндегі тұрғын үйлерге мониторинг жүргізді. Нәтижесінде электр кернеуі қалыпты деңгейде екендігі анықталды. Қазіргі таңда,

А.Өтембетұлы көшесіндегі электр кернеуі қалыпты жұмыс жасауда.

56.       

Өзі ойлап тапқан насос, фильтрін «Өзенмұнайгаз» АҚ өндірісіне енгізуге қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыру  мәселесі

(Теңге ауылының тұрғыны М. Қожабергенов)

 

 Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

              

Бақылауда:

 «Өзенмұнайгаз» АҚ тұрғынның ұсынысы негізінде хат жолданады.

            

57.       

Теңге ауылындағы жеке тұрғын үй секторынан 100-250м қашықтықтағы құрылысы 1981 жылы жүргізілген «КазГПЗ-КС-Жаңаөзен» және «Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау» магистральдық газ құбырларын ауылдан                    4-5 шақырым қашықтыққа ауыстыру  мәселесі

(Теңге ауылының тұрғыны Қ.Жайлы)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

Бақылауда:

13.10.2020 жылғы Қазақстан Республикасының сол кездегі Примьер-Министрі А.Ұ.Маминнің төрағалығымен өткен кеңестің хаттамасы негізінде, Маңғыстау облысы әкімі С.Ө.Трұмовтың төрағалығымен өткен мәжілістің хаттамасы бойынша, 1.1.-тапсырмасы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылының оңтүстік-шығысынан солтүстік-батысына дейін жеке тұрғын үй секторынан, 100-250 метр қашықтықта  «КазГПЗ - КС Узень» және «Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау» магистральдық газ құбырлары орналасқан. Бірқатар жер учаскелері магистральдық газ құбырларының санитарлық қауіпсіздік аймағына кіруіне байланысты, 2010-2011 жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапынан  тұрғын үй құрылысын жүргізуге тыйым салынған. Сол магистральдық газ құбырларының санитарлық қауіпсіздік аймағына кірген жер учаскелерінің иелеріне әкімдік тарапынан құжаттарының көшірмелерін тапсыру жөнінде ескертілген болатын.

Қазіргі таңға дейін тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелеріне құрылыс жұмыстарын жүргізбеген 21 адам ғана құжаттарын ауыл әкімшілігіне тапсырды.

Магистральдық газ құбырының 200 метр санитарлық аймағында орналасқан, алайда, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізбеген жер учаске иелері, жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін өзге жерден жер учаскесін беруді немесе кезінде тұрғын үй құрылысы үшін берілген жерлеріне жүргізуге рұқсат беруді сұраған. Бірақ, осыған дейін бұл мәселе оңтайлы шешімін тапқан жоқ.

13.10.2020 жылы Қазақстан Республикасының сол кездегі Премьер-Министрі А.Ұ.Маминнің төрағалығымен өткен кеңестің хаттамасы негізінде, Маңғыстау облысының әкімі С.Ө.Трұмовқа мәселені жан-жақты қарап, пысықтау туралы тапсырма берілген.

Өз кезегінде, облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжіліс жиналысының хаттамасында Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылындағы бірқатар үйлердің газ құбырының қорғау аймағына түсіп кетуіне байланысты, «Индустрия және инфрақұрылымдық даму, қаржы министрліктерімен бірлесіп ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен 2021 жылға арналған РБ нақтылау кезінде «Жаңаөзен-Ақтау» газ құбырынан АГТС орната отырып, ұзындығы 41 шқ магистральдық газ құбырын салу» жобасын іске асыруға 2,0 млрд теңге мөлшерінде қаражат бөлу мәселесін және қалған 1,9 млрд теңге мөлшеріндегі соманы 2022-2024жылдарға арналған РБ жасақтау кезінде қарастыру» тапсырмасы беріліп, бақылауға алу тапсырылды.

Жаңаөзен қаласы әкімінің 2015 жылғы 16 сәуіріндегі № 484 қаулысымен Теңге ауылының нақты жоспарлау жобасы бекітілді. Жобаға сәйкес, бас жоспарға жаңадан  жеке тұрғын үй құрылысына арналған 44, 45, 46, 47 және 48 көшелері енгізіліп, жалпы саны 68 жер учаскесі белгіленген.

Жаңаөзен қаласының Теңге және Рахат ауылдарында аяқталмаған жер учаскелерінің инженерлік желілерін салу (электрмен жабдықтау) жобасының» аясында ауылдың шығыс бөлігіндегі жер учаскелеріне (44, 45, 46, 48 көшелер) электр желісі жүргізіліп, көше шамдары орнатылды. Бірақ, газ, ауыз су инфрақұрылымдарының желілері жүргізілмеген.

Сондай ақ, 44, 45, 46, 48 көшелерге электр желісін тарту жұмыстары кезінде, бұрын жер астынан су құбыры жүргізілгенге ұқсас белгілері байқалғандығына орай, «ӨзенИнвест» МКК тексеру жүргізілді. Тексеру жұмыстары барысында 44,45,46 көшелерге су құбыры жүргізіліп, толықтай аяқталмағаны анықталды. (44 көше 191 метр, 45 көше  188 метр, 46 көше 178 метр).

Осыған орай, 44, 45, 46 көшелердегі су құбырын аяқтау, 48 көшеге су құбырын жүргізуге «Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан жобалық сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) жасақтау мақсатында конкурс ұйымдастырылды. Қазіргі таңда, мемлекеттік сараптама қорытындысы күтілуде. Ал, 44, 45, 46 көшелерге газ желісін жүргізуге сметалық құжаттама жасақтау үшін тиісті қаражат қарастырылмаған.

Сонымен қатар, «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан ауылдың шығыс бөлігінен жеке тұрғын үйлер құрылысына арналған бос учаскелерінен дайын алаңды бекіту туралы хат жолданып, нәтижесінде 02.12.2023 жылғы №01-26-1210 санды «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 01.03.2023 жылғы №01-34-390 санды хатына сәйкес, 27.03.2023 жылғы №03-06/17 санды жер учаскелерін қарау комиссиясының шешімі негізінде, Теңге ауылының шығыс бөлігінен жеке тұрғын үйлер құрылысы үшін көлемі 9,4 гектар жер учаскесін тұрақты жер пайдалану құқығымен беру ұсынылды.

Рахат ауылы

 

58.       

Рахат шағын ауданы, Саяжай көшесі, № 1-20 үй аралығында үй құрылысы салынады деп тереңдікі 4 метр қазылған шұңқырды көміп, балаларға арналған ойын алаңын салу

(Рахат ауылының тұрғындары Ж. Өсербаева, И. Маденова,А. Дегениязов, Тлеубаев,                     Д. Баянжанов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

Рахат ауылының әкімі

Р.Сырымов

Бақылауда:

  Рахат ауылы, «Рахат» шағынауданы, Н.Тлендиев (0) көшесі, №11а жер учаскесіндегі заңсыз жүргізілген құрылыс бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айында қалалық әкімшілік сотқа іс материалдары жолданған болатын. Нәтижесінде, жер иесі "Теңге" ЖШС-ға жер учаскесін көміп, бастапқы қалпына келтіруді міндеттеу жөнінде 24.01.2023 жылғы сот ұйғарымы шықты. Алайда, «Теңге» ЖШС-ның апелляциялық шағымына сәйкес, Жаңаөзен қалалық соты ұйғарымының күші жойылып, негіздемесі бойынша облыстық экономикалық сотқа жолдау жөнінде қорытынды берілді.

Осыған орай, ағымдағы жылдың наурыз айында аталған мән-жәй бойынша  облыстық экономикалық сотқа талап-арыз жолданды. Нәтижесінде, 12.05.2023 жылы «Теңге» ЖШС-ға өз қаражаты есебінен заңсыз құрылысты мәжбүрлі түрде бұзу және жер учаскесін бастапқы қалпына келтіру туралы сот шешімі қабылданды. ҚР қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, шешімнің заңды күшіне енуі және аппеляциялық шағым беру мерзімі 1 ай.

Қазіргі таңда, «Теңге» ЖШС тарапынан 09.06.2023 жылы «Апелляциялық шағым» түсіргені туралы хабарлама алдық.  Апелляциялық шағымды қарау күні белгіленбеген, тапсырма бақылауда.

                

59.       

Қаңғыбас, бұралқы иттерге шара қолдану, аулау мәселесі

(Рахат ауылының тұрғыны Ж. Өсербаева)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық ветеринариялық станциясы»КММ басшысының міндетін атқарушы

А.Ергалиев

Бақылауда:

«Жанаөзен қалалық ветеринариялық станциясы» КММ-нің штатында ағымдағы жылда бір ғана ит аулау бригадасында бір ит аулаушы, бір көмекшісі (ит жинаушы) қарастырылған. 

Қазіргі таңда қала және оған қарасты елді мекендерінде бұралқы (қараусыз) иттерді аулау жұмыстары -тұрғындардың дәлелді арыз-шағымдары бойынша ғана айналаға қауіп төндірген ит топтары аулануда.

Жалпы, Жаңаөзен қаласы бойынша жыл басынан бері барлығы 1352 бас, оның ішінде тек Қызылсай ауылынан күні бүгінге дейін тұрғындардың арыз шағымы бойынша 129  бас ит ауланды.

Ит аулау бригадасының санын көбейту бойынша әр бір ауылдың жергілікті атқарушы органы (ауыл әкімдігі) тарапынан 1 бригада қосымша ұйымдастыруды ұсынамыз.

Өздеріңізге белгілі, ҚР «Жануарлар жауапкершілікпен қарау туралы» заңының талабы бойынша, қаңғыбас үй жануарларын залал келтірмей (өлтірмей, мертіктірмей) аулап, ұстап арнайы панажайларға (уақытша ұстау пункттері) тапсыру керек. Сонымен бірге,  Жануарлар жауапкершілікпен қарау туралы» заңының  15-бабы 1-тармағы 4) тармақшасы және 3-тармағы бойынша  Жануар адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және жануарлар адамның жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда жануарларды жансыздандыруға жол берілетіндігі нақты көрсетілген. 

 

60.       

Жұмыссыздық мәселесі

(Рахат ауылының тұрғындары Ә.Досанов, Н.Қараманов, Жаңаөзен қаласының тұрғындары Д. Қадырбек, Т.Избанова)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов

«Жаңаөзен қалалық жұмысен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Ұ.Орынбаева

Орындалды:

Рахат ауылының тұрғындары:

Ә.Досан 02.03.2023ж «ӨзенЭнергоСервис» МКК-не ақылы қоғамдық жұмысқа жолданған.  E-Qamtu платформасының «Аз қамтылған мүжәлсіз отбасы» санатының №1458 кезегінде тұр. Кезегі келген жағдайда «Өзенинвест»МКК-не жолданады.

 

Н.Караманов жұмыспен қамту орталығына «жұмыссыз» ретінде тіркелмеген. Жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарына қатысуға мүмкіншілігі бар. E-Qamtu платформасының «Табысы бар отбасы» санатының №798 кезегінде тұр.   Кезегі келген жағдайда «Өзенинвест»МКК-не жолданады.

 

Жаңаөзен қаласының тұрғындары:

Д.Қадырбекова 18.01.2023ж «Өзенинвест» МКК-не ақылы қоғамдық жұмысқа жолданған.

 

Т.Избанова жұмыспен қамту орталығына «жұмыссыз» ретінде тіркелмеген. Жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарына қатысуға мүмкіншілігі бар.

61.       

Жаңаөзен қаласында ҚазГӨЗ күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе жаңадан зауыт салу мәселесі

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны А.Нурымбетов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» ММ басшысы Д.Жантуаров

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

Бақылауда:

Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттама жасақтау үшін техникалық экономикалық негіздемеге конкурстық процедуралы жүргізілуде. Тапсырыс беруші Самұрық қазына контракт ЖШС, қазіргі 3 әлеуетті өнім беруші өтінім білдірген, құжаттары қаралу үстінде.

Кәсіпкерлік бөлімі:

«Қазмұнайгаз» АҚ-ның 06.03.2023 жылғы №25/1936 хаты негізінде:

2018-2019 жылдары «ҚазГӨЗ» ЖШС Салаватгазнефтехимпроект» ЖШС-мен бірлесіп «ҚазГӨЗ» ЖШС дамыту тұжырымдамасы» техникалық-экономикалық зерттуін әзірледі, оның нәтижелері бойынша жаңа газ өңдеу зауытын салу нұсқасы неғұрлым оңтайлы болып қабылданды.                                              2020 жылы «Linde Aktiengesellschaft» компаниясы (бұдан әрі - Линде) жаңа газ өңдеу зауытын салу жобасының pre-FEED жобасын әзірледі, соған сәйкес Жобаның құны 610 млн. АҚШ долларын құрады.            Линде ұсынылған Жобаның жоғары құнына байланысты АҚШ-тың өндіруші зауытынан Жобаны жүзеге асырудың балама нұсқасы пысықталды, оған сәйкес 2021 жылы Жобаның pre-FEED әзірленді, «ҚазГӨЗ» ЖШС жобасының тапсырыс берушісі құрылыс құны – 167,7 млрд. теңге Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ТЭН) әзірледі, ТЭН бойынша «Мемсараптама» РМК-дан және қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен оң қорытындылар алынды. 

2022 жылдың қаңтарынан бастап өнімге бағаны мемлекеттік реттеудің күшіне енуіне байланысты түзетілген Жоба деректері айтарлықтай теріс экономикалық нәтижелерді көрсетті және құрылыстың аяқталу мерзімі 2025 жылы өзгерді.           

Теріс көрсеткіштері бар жобаларды іске асыру үшін «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ (бұдан әрі - Қор) құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайтын Заңға, Қор іске асыратын әлеуметтік маңызы бар  және (немесе) индустриялдық-инновациялық жобаларды жатқызу қағидаларына және Қор Жарғысына сәйкес Қордың уәкілетті органдарының шешімі қажет екендігін атап өткім келеді. Қор 2022 жылы 10.06.2022 ж. №197 аяқталған тендерлік процесті өткізу үшін сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің талаптарына өзгерістер енгізу бойынша Қордың Директорлар кеңесінің мақұлдауын алу мақсатында корпоративтік іс-шаралар өткізді.         Жобаны іске асыру шеңберінде 2022 жылы ҚМГ Инвестициялық комитетінің 01.06.2022 ж. №6-22, ҚМГ Басқармасының 29.06.2022 ж. № 35 10-тармақ, ҚМГ Директорлар кеңесінің 08.07.2022 ж. №12/2022 21-тармақ мақұлдаулары қайта алынды.15.09.2022ж. Қордан ҚМГ-ға Қордың Инвестициялық-стратегиялық комитеті отырысының хаттамасынан үзінді көшірме келіп түсті (13.07.2022 ж. №31/22). Жобаны қаржыландыру үшін Қордың кепілдігімен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тан несие желісі ашылды. Қазіргі уақытта Қор тарапынан кепілдік беру мәселелері бойынша Қордың корпоративтік іс-шаралары аяқталуда, «ҚазГӨЗ» ЖШС «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-мен бірлесіп, Қордың сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне сәйкес Жоба объектілерін салуға сенімді білікті мердігерді айқындау үшін алдын ала біліктік іріктеудің сатып алу рәсімі жүргізілуде.

62.       

Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау туралы

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны А.Нурымбетов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов

«Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Ө.Табынчаев

Бақылауда:

2021/2022 оқу жылы 33 мың 831 оқушымен аяқталды. (оның ішінде: 9 сыныпты - 2 604 оқушы, 11 сыныпты - 1 482 оқушы). «Алтын белгі» белгі» иегері - 28 оқушы, «Үздік аттестат» иегері - 139 оқушы. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1 380 оқушы қатысып, орта ұпайы 61%-ды құрады. Оның ішінде: мемлекеттік білім гранты - 363 түлек, облыс әкімінің гранты - 24 түлек иеленді. Еліміздің жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне – 725 оқушы, колледждеріне 130 оқушы оқуға түсіп, білім алуда; 17 оқушы әр түрлі себептермен оқуға орналаспады. (әскерге кетуіне, жанұя жағдайына, денсаулығына байланысты). Сонымен қатар, Туркия, Чехия, Ұлыбритания және Америка құрама штатына барлығы 124 оқушы құжат тапсырып, қазірде 121 оқушы білім алуда. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компанияның қолдауымен «Жарқын болашақ» жобасы аясында 2022 жылдың 11-20 шілде аралығында еліміздің 10 өңірінен (Алматы, Астана, Көкшетау, Өскемен, Семей, Қарағанды, Жезқазған, Қостанай, Павлодар, Петропавловск қалалары) 86 колледждің өкілдері Жаңаөзен қаласына келіп, түлектермен кездесулер өткізіп, 2 244 талапкерді қабылдады. Нәтижесінде 76 колледжге  177 талапкер оқуға қабылданып, білім алуда. «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның бастамасы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Samruk-KazynaTrust» қолдауымен «Айқанат» қоғамдық қоры 8-ші және 9-шы сыныптың оқушылары арасында маусым және шілде айында олимпиада екі кезеңде өткізіліп, барлығы 858 оқушы қатысып, нәтижесінде іріктеу турынан өткен 9-шы сыныпты бітірген 50 оқушы Бурабайдағы Айқанат жоғарғы мектеп пансионатына жолдама алып, білім алуда. Сонымен қатар, Алматы қаласындағы Орынбек Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының мамандары 7-ші және 8-ші сыныптың оқушыларынан тест алды. Тестке 250 оқушы қатысып, нәтижесінде 10 оқушы жолдама алып, қазіргі таңда білім алуда. Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының колледжі, «Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, Республикалық эстрада-цирк колледжі, Қазақ ұлттық өнер театры академиясының колледждеріне қаламыздың 50 баласы тестілеуден өткізіліп, нәтижесінде 11 студент білім алуда. Орта білім беру сапасын арттыру мақсатында, «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның демеушілігімен «Білім-инновация» мектеп лицейінің оқу-әдістемелік, кәсіби бағдар беру тәжірибелерін Жаңаөзен қаласының 6 мектебіне (№ 1, 7, 15, 18, 20, 22 мектептер) енгізу бойынша келісім-шарт жасақталып, жұмыстары жүргізілуде.

63.       

Жаңаөзен қаласының және оған іргелес ауылдардың тазалық мәселесі, қоғамдық резонанс тудырған «Тазалық С» ЖШС орнына басқа мекемені қою, тендерді ұйымдастырғанда полигонды, ТҚҚ шығаруды, санитарияны бір мекемеге беру, полигонды мемлекеттік мекеменің балансына қайтару мәселесі

(Рахат ауылының тұрғындары Н.Табылдиев,  А.Нурымбетов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

 

 

Орындалды:

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттының 25.11.2022 жылы №4712-22-00-2/1544 ісі бойынша шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 18.01.2023 жылғы №4799-23-00-2а/84 қаулысына сәйкес Теңгерім ұстаушы  - Жаңаөзен  қалалық   тұрғын – үй   коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ өзіне жүктелген полигонды пайдалану функциясын бастады.

Тазалық-С ЖШС-не ескерту хат бірнеше рет берілді. Қазіргі таңда өз жұмысын уақытылы орындамау бойынша сотқа жүгіндік. Қазір полигон мемлекет меншігіне қайтарылды.

                   

64.       

Ірі қараға (түйеге, жылқыға, сиырға) бөлінетін 20000 тг, ұсақ малға (қойға, ешкіге) 5000 тг бөлінетін субсидияны халыққа беру бойынша мүмкіндік жасау. Малды plem.kz сайтында тіркеуді, жем-шөпке түбіртек ұсынуды алып тастау туралы Ережеге өзгеріс енізу бойынша министрлікке ұсыныс енгізу

(Рахат ауылының тұрғындары Н.Табылдиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

Орындалды:

ҚР АШМ 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім саласын арттыруды субсидиялау» қағидаларына сәйкес жүргізіледі. 2023 жылға ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басы азығының құнын арзандатуға 727,7 млн.теңге қарастырылған. Қазіргі таңда күту парағына т.скен өтінімдерді 389,3 млн.теңгеге 274 АӨК субъектісі субсидияланды.

2022 жылы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басы азығының құнын арзандатуға 619,1 млн.теңгеге 329 АӨК субъектісіне субсидия берілді. Халыққа түсіндірме жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр, алдағы уақытта жалғасын табады. Осыған байланысты Ережеге өзгеріс енгізу қажеттілік туындамайды деп есептиміз. 

65.       

Маңғыстауда түйе шаруашылығын дамыту бойынша атқарылған                          іс-шаралар туралы

(Рахат ауылының тұрғыны Н.Табылдиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

Орындалды:

Қазіргі таңда, Маңғыстау облысының әкімдігімен Маңғыстау облысының 2023-2027 жылдарға арналған түйе шаруашылығын дамыту бағдарламасының жобасы жасақталды. ҚР АШМ-ге түйе шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.

-      Асыл тұқымды түйелер сатып алу құнын арзандату үшін, сатып алынған әр басқа кемінде 300 000 теңгеге субсидиялау мүмкіндіктерін қарастыру;

-      Түйе шаруашылығында селекциялық жұмысты субсидиялау мүмкіндіктерін қарастыру;

-      Түйе шаруашылығының етті бағыттағы құнын арзандату үшін, өндірген түйе етінің килограмы 300 теңгеге дейін субсидиялау мүмкіндіктерін қарастыру;

-      Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату үшін, өндірген түйе сүтінің литірін 300 теңгеге дейін субсидиялау мүмкіндіктерін қарастыру.

Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласында жайылымдық жерлердің болмауына байланысты түйе шаруашылығы жоқ.

66.       

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік  тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында бөлінген қаражатқа Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлерінен операторды белгілеу мәселесі

(Рахат ауылының тұрғыны Н.Табылдиев, Кендірлі ауылының тұрғыны Ү. Қожанова)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

 

Орындалды:

Ағымдағы жылдың ақпан айының 27 күні «Каспий» ӘКК» АҚ және  Рахат ауылының тұрғыны Н.Табылдиев және т.б. азаматтармен  бірлікте Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлерінен  операторды белгілеу мәселесі бойынша жиналыс өтті. Жиналыс барысында оператор болуға ниет білдірген жоқ.

           

67.       

Жаңаөзен қаласында бір жылдық азық-түліктің және жем-шөптің қорын сақтайтын қойма салу мәселесін қарастыру туралы

(Рахат ауылының тұрғыны Н.Табылдиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

 

Орындалды:

Жаңаөзен қаласының өндірістік аймағынан жеке кәсіпкер  Абуев Азамат жалпы ауданы 1823 м2 құрайтын қойма құрылысын аяқтады. Қаражаттың жоқтығына байланысты қойма кез-келген заңды және жеке тұлғаларға сатып алуға және жалға беруге сатылымға қойылды.

 

68.       

Батыс Қазақстан облысынан темір жол қатынастары арқылы жем-шөп тасымалдау үшін кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдік жасау туралы «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ ұсыныс енгізу

(Рахат ауылының тұрғыны Н.Табылдиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

 

Орындалды:

Маңғыстау облысы әкімдігінің ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне 2022 жылғы 30.06 №04-19-3092 жем тасымалдау үшін Маңғыстау облысының фермерлерімен кәсіпкерлерін.еи жеңілдік тарифті 2022 жылдың соңына дейін ұзарту жөнінде ресми ұсыныс жолдады. Алайда, бүгінгі күні «Қазастан Темір жол» АҚ тарапынан 2022 жылдың соңына дейін жем шөп тасымалдлауға жеңілдетілген тариф көздемегендігін хабарлады.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 5 наурызында Шопан ата бірлестігінің төрағасы А.Садырбай қатысуымен ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлемен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында аталған сұрақтар қойылып, талқыланды. Алайда,   «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ-на субсидия қарастырылмағандықтан жеңілдіктер жоқ екенін хабарлады.

 

                                         

69.       

Жаңаөзен қаласынан темір қалдықтарын қайта өңдеу зауытын салу мәселесін қарастыру

(Рахат ауылының тұрғыны Н.Табылдиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» ММ басшысы Д.Жантуаров

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

 

Бақылауда:

Қазіргі таңда зауыттың  қажеттілі жөнінде жобалық сметталық құжаттамасын жасақтау үшін, қоршаған ортаға әлеметтік экономикалық әсері туралы есептеулер жүргізілуде.

Кәсіпкерлік бөлімі:

Қара метал сынықтары мен қалдықтарын жинау, сақтау және қайта өндеумен айналысатын төмендегі кәсіпкерлер айналысады.

1. ЖКАбдуллаұлы Убайдулла

2. Тоураходжа Заман Саид Акмалұлы

3. Абдилхаким Нуриддин Шарафутдинұлы

4. Медет Мамедасан

5. Гуламмохаюддин Хазірет

6. «KazSteelAktau» ЖШС Жаңаөзен қаласындағы филиалы

7. «ARA инвест груп» ЖШС

8 «KAZCHERMET KARAGANDY» ЖШС Жаңаөзен қаласының филиалы.

Жаңаөзен қаласынан темір қалдықтарын қайта өңдеу зауытын салу бойынша ұсыныстар жолданады.

70.       

Ветеринарлық қызметке көлік бөлу мәселесін шешу және ветеринарлардың еңбекақысын көтеру мәселесі

(Рахат ауылының тұрғыны Н.Табылдиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

Орындалды:

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринариялық станциямен пункттердің көліктерін жөндеуден өткізу үшін 2022 жылдың тамыз айындағы бюджетті нақтылау барысында мәслихат сессиясымен  бюджеттен қаражат қарастырды. Сондай-ақ, 2023-2025 жылдары облыс  бойынша ветеринариялық ұйымдардың  материалдық-техникалық жағдайын кезең-кезңімен жақсарту көзделген.

71.       

Жаңаөзен қаласына және іргелес ауылдарға 200 км асфальт, 400 км жаяу жүргінші жолдарын ірі өндіріс мекемелерінің демеушілігімен салу мәселесін қарастыру

(Рахат ауылының тұрғыны Н.Табылдиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

 

 

Бақылауда:

2022 жылы қала және оған іргелес елді мекендерге ұзындығы 13,3 шқ құрайтын автокөлік жолдарын салу үшін, РБ-тен тиісті қаражат бөлініп, 13,3 шқ автокөлік жолы, оның ішінде Рахат ауылы Ақсу шағынауданында 4,8 шқ жаяу жүргіншілер жолы салынған болатын.

          2023 жылы Кендірлі ауылында 10,4 шқ құрайтын автокөлік жолын жаяу жүргіншілер жолымен бірге салу жоспарлануда.

Осыған орай, Ауыл ел бесігі бағдарламасы бойынша 2023 жылға 200 млн.теңге бөлу жоспарланып, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс өткізілуде. Жеңімпаз мердігерді ағымдағы 2023 жылдың мамыр айында анықтау жоспарланған. Мердігер анықталғаннан кейін жоғарыда аталған 10,4 шқ автокөлік жолдарын жаяу жүргіншілер жолдарымен бірге салу құрылыс жұмыстары басталады.

Алдағы уақыттада автокөлік жолын салуға ЖСҚ жасақтау барысында автокөлік жолын жаяу жүргіншілер жолымен бірге салу мүмкіндіктері ескеріледі.    

72.       

Түрікменстан Республикасына Жаңаөзен қаласы тұрғындарының визасыз 10 күнге бару мәселесін шешу бойынша тиісті органға ұсыныс енгізу

(Рахат ауылының тұрғыны Н.Табылдиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының бастығы Б.Қорғанбаев

 

Бақылауда:

Түрікменстан Республикасына Жаңаөзен қаласы тұрғындарының визасыз 10 күнге бару мәселесін шешу бойынша сұрағы, Маңғыстау облысы ПД Көші-қон басқармасына жолданды.  Қазіргі таңда қаралу үстінде.

               

73.       

Жайылым үшін жер беру

(Рахат ауылының тұрғыны А. Тоғжан)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

 «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а. Р.Жалғасбай

 

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласы жер қатынастары бөлімінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарында қала аумағынан шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 20 жер учаскесін конкурс арқылы табыстау жоспарланған болатын.

Алайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі жер ресурстары басқару комитетінің 19-1-19/3924 хатына сайкес, Жаңаөзен қаласы бір тұтас елді мекен жері болғандықтан, ауыл шаруашылығы мақсатында жер учаскесін конкурс арқылы беру заңсыз деп танылуына байланысты қазіргі таңда жер учаскесін беру тоқтатылғанын хабарлайды.

74.       

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін қарызды сыйақы немесе пайызсыз бөліп төлеу  ретінде беру бойынша тиісті министрлікке ұсыныс енгізу

(Рахат ауылының тұрғыны Б.Жақсыбаев)

 

Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

 

 

Бақылауда:

Облыстық басқармаларға  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін қарызды сыйақы немесе пайызсыз бөліп төлеу  бойынша ұсыныс хат жолданады.

                

75.       

 «Мерей» шағын ауданындағы № 61 көшеден № 85 көшеге дейін асфальт төсеу немесе жолды тегістеп беру туралы

(Рахат ауылының тұрғындары А.Жаймағанбетова)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

 

Бақылауда:

Рахат ауылы Мерей шағынауданы «Аль –Фараби» (№37), №40, «Мұстафа Өзтүрік» (№43), №61, №65, №71 көшелер, №61 көшеден №78 көшеге дейінгі №3 аралық және №52 көшеден №78 көшеге дейінгі №7 аралық   жолын салу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақтауға іздену жұмыстары (ПИР) жүргізіліп, ЖСҚ жасақтауға  37,3 млн. теңге қажеттігі анықталып, бюджеттік өтінім берілді.

2023 жылға бюджеттен 2 млн.теңге бөлініп, ЖСҚ жасақтау үшін конкурс жарияланды. 2023 жылы қажетті қаражат толық бөлінген жағдайда ЖСҚ жасақталып, жоғарыда аталған көшелерге 2024 жылы автокөлік тас жолын  салу үшін бюджеттік өтінім беріледі.

76.       

№ 9 орта мектептің балаларын автобуспен тасымалдау мәселесі

(Рахат ауылының тұрғындары А.Жаймағанбетова)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов

«Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» ММ басшысы Ө.Табынчаев

Орындалды:

ҚР қолданыстағы заңнамасында Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарының теңгеріміндегі автокөліктермен оқушыларды мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды реттейтін нормалар қарастырылмаған. Мектеп көліктерінің міндеті – оқушыларды қала, облыс деңгейінде өтетін мәдени-көпшілік, спорттық шараларға тасымалдау болып табылады. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен жүргізушінің жалақысына, көліктің қосалқы бөлшектеріне, жанар-жағар майға тиісті қаражат бөлінеді. Оқушыларды тасымалдау елдімекенде білім беру ұйымы болмаған жағдайда ұйымдастырылады. «Білім туралы» ҚР Заңының 6-бабының, 2-тармағының, 24-12)- тармақшасына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабының                              2-тармағы, 4)-тармақшасына сәйкес балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге ата-ана міндетті делінген.

77.       

Жаңаөзен қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу және бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру

(Рахат ауылының тұрғыны Н.Қараманов)

 

Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

 

Орындалды:

Жаңаөзен қаласы және оған қарасты ауылдарда  462 нысан орналасқан. Оның ішінде 15 супермаркет  50 шағын маркет, 292 үй жанындағы дүкендер, 96 өзге тауарлар дүкендері,  10 базар және   1 көкөніс өнімдерінің қоймасы бар.

 Жаңаөзен қаласы әкімінің өкімімен    «Халық бақылауы» мониторинг тобының құрамы құрылды. «Халық бақылауы» мониторинг топ  құрамында облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, халық белсенділері және қала блогерлері, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері және жергілікті атқарушы орган өкілдері белгіленді. Аталған топтың жұмыс кестесі жасақталып, әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік   тауарларының бағаларына мемлекеттік реттеу бойынша 2022 жылы 40 рет, ағымдағы жылы 11 рет мониторинг жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда.   

Жаңаөзен қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бағалардың өсуі орын алған жағдайда шұғыл әрекет етуге арналған Call –орталығы байланыс қызметі іске қосылып, әлеуметтік желілер арқылы халыққа хабарландырулар берілді. Қаладағы және оған қарасты ауылдардағы дүкендердегі   әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының  үстемесіне 10% асырмау бойынша 60 ынтымақтастық меморандум жасақталып қол қойылды. Бүгінгі таңда нан бағасын бір қалыпты ұстау мақсатында «Даулет» ұнын 16 наубайханаға ұсынылды, соның ішінде 12 наубайхана 208 тонна ұнды алып,   нан бағасын 90/95 теңгеден, ал 152 дүкен сөрелерінде 100 теңгеден сатылуда. Қалған дүкендерде қалаш нан бағасы 120 теңгеден сатылып отыр.   

                    

78.       

Жаңбырды қолмен жаудыратын қондырғыны қоюға рұқсат беру мүмкіндігін қарастыру  туралы

(ауылының тұрғыны Т.Салихов, Рахат ауылының тұрғыны Н.Табылдиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев, «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының м.а. Р.Қартабаев

Бақылауда:

Сұрақ қоюшы тұрғынмен сөлесу барысында, ол қондырғының мобильдік екені анықталды. ҚР Жер кодексінің 36-бабына сәйкес мобильдік қондырғыларға жер учаскесін уақытша өтеусіз құқығымен беру көзделген. Осыған байланысты тұрғын тарапынан тиісті әкімдікке өтініш білдіру қажет.

Кендірлі ауылы

 

79.       

Кендірлі ауылындағы Саура көшесінің (№ 24 көше) 42-60 үйлер аралығына асфальт салынған, қалған үйлер аралығына асфальт жолын төсеу. Тротуарлар, отырғыштар салу  мәселесі

(Кендірлі ауылының тұрғыны C.Құлсариев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласы Кендірлі ауылы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 77,88 шақырымды құрайды.  Оның ішінде – 9,4 шақырым, яғни 12,11% асфальттанған. Ауыл тұрғындарының ұсынысы бойынша 2022 жылы жалпы ұзындығы 10,4 шақырымды құрайтын 2 көшеге автомомиль жолдарын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.

Осыған орай, Ауыл ел бесігі бағдарламасы бойынша 2023 жылға 200 млн.теңге бөлу жоспарланып, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс өткізілуде. Жеңімпаз мердігерді ағымдағы 2023 жылдың мамыр айында анықтау жоспарланған.

         2023 жылы қаражат толық бөлінген жағдайда, тиісті құрылыс жұмыстары жүргізіліп, асфальттанған жолдың  үлесі 25,42% құрайтын болады.

Рахат ауылы:

Рахат ауылының көшелері бойынша ауылда барлығы 79 көше бар, оның 14 асфальтталған.

- Жалпы жол ұзындығы – 57,6 шақырым

- Асфальттанбаған бөлігі – 148,74 шақырым

- Жалпы жол ұзындығы – 206,34 шақырым.

Жалпы ұзындығы – 18,3 шақырым атокөлік жолдарының құрылысы. Сметалық құжаттамасы жасақталған. Оның ішінде, «Мерей» шағынауданының Н.Тлеубергенов көшесі, №3 аралық 61-78 көшелер, №6 аралық 52-78 көшелер, №52 көшесі. Құрылыс жұмыстарына 773,4 млн.теңге қаражат бөлуді қажет етеді.  2023 жылы аталған құрылысқа қаражат бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізіледі      (2024 жылы). Бұл жоба Республикалық «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына ұсынылды.

Бұдан бөлек,  Рахат ауылы Мерей шағынауданы «Аль –Фараби» (№37), №40, «Мұстафа Өзтүрік» (№43), №61, №65, №71 көшелер, №61 көшеден №78 көшеге дейінгі №3 аралық және №52 көшеден №78 көшеге дейінгі №7 аралық   жолын салу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақтауға іздену жұмыстары (ПИР) жүргізіліп, ЖСҚ жасақтауға  37,3 млн. теңге қажеттігі анықталып, бюджеттік өтінім берілген болатын.

        Қазіргі таңда бюджеттен 6 млн.теңге бөлініп, ЖСҚ жасақтау үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылы қажетті қаражат толық бөлінген жағдайда ЖСҚ жасақталып, жоғарыда аталған көшелерге 2024 жылы автокөлік тас жолын  салу құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Кендірлі ауылы:

Ауыл ел бесігі бағдарламасы бйынша 2023 жылы қаражат бөлу жоспарланған. Аталған жоба жүзеге асқан жағдайда асфальттанған жолдың үлесі 25,42% құрайтын болады. Биыл, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Саура және Бейбарыс Сұлтан көшелеріне асфальт жолын төсеуді бастау үшін бөлінуге тиіс қаржының 15% бөлінді. Асфальт төсеу жұмыстары биыл бастайтын болады. Асфальт жолдың құрылыс құжаттамасына сәйкес, жолдың жигенінен жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады.

80.       

Ангар типтес роликті сырғанақ салу. Велосипедке, самокатқа арналған арнайы жол салу мәселесі

(Кендірлі ауылының тұрғыны C.Құлсариев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

Бақылауда:

УПТОК-тың қасындағы жерге ангар типтес роликті сырғанақ салу және велосипедке, самокатқа арналған арнайы жол салу үшін  алдымен жобалық сметалық құжаттама (ЖСҚ) жасақтауды қажет етеді. Жасақталған  ЖСҚ негізінде тиісті қаражаттың бөлінуі үшін бюджеттік өтінім беріледі. Бюджеттен тиісті қаражат бөлінген жағдайда тиісті шаралар алынады.

81.       

Жаңаөзен қалалық перинаталдық орталығында балалардың жан сақтау бөлімшесін ашу  мәселесі

(Кендірлі ауылының тұрғыны C.Құлсариев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов  Жаңаөзен қаласы бойынша денсаулық сақтау ісі үйлестірушісі, №2 Жаңаөзен қалалық емхана директоры С.Танаева

 

Орындалды:

Жаңаөзен көп бейінді қалалық ауруханасының перзентхана бөлімшесінде арнайы жаңа туылған және балаларға арналған неонатология және жан сақтау бөлімшесі қарастырылып, қажетті медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген.

        

82.       

Жаңаөзен қаласы аумағында салынып жатырған 8-9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы қолданыстағы құрылыс талаптарына сәйкестігі туралы

(Кендірлі ауылының тұрғыны C.Құлсариев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының м.а. С.Бектегенов

Бақылауда:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» №750 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес, құрылыс жұмыстарының жүру барысы, «Жаңаөзен қалалық сәйулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен үнемі бақылауда. Жанаөзен қаласы аумағында  40 тұрғын үй кешені құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінді  22 тұрғын үй кешені және 18 аз қабатты тұрғын үй (танхаус) құрылысы (тұрғын үй тізімі жалғанды).  Тұрғын үй кешені құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу бойынша хабарлама жолдаған – 14 нысан. Тұрғын үй кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті Басқармаға хабарлама жолданбай жүргізілген нысан саны – 26. Осы орайда, мемлекеттік сәулет құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан аталған тұрғын үй кешендеріне қатысты Маңғыстау облысының прокуратурасының 20.04.2022 жылғы № 2-11-22-02728 санды ұсынысына сәйкес, құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар сақтамай құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген анықталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  316, 321, 463 – баптарына сәйкес  тиісті шара қолданылып 11 684 745 теңге айыппұл мемлекет өндірісіне өндірілді.

Жалпы Жаңаөзен қаласы аумағында жүргізіліп жатырған түрғын үй құрылыстары, Жаңаөзен қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жүргізілуде.

83.       

№ 21  жалпы білім беретін мектепке және жертөлесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, нөсер жаңбырдан ғимаратты сақтау үшін дренажды су ағар жүйелері мен қосымша септиктер салу мәселесі

(Кендірлі ауылының тұрғыны Қ.Ахметова, Жаңаөзен қаласының тұрғыны А.Нурымбетов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» ММ басшысы Ө.Табынчаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

Бақылауда:

№21 жалпы білім беретін мектептің жертөлесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 59 млн теңгеге смета жасақталып, ағымдағы жылдың наурыз айында конкурс жарияланды. Конкурс қортындысы шыққанан кейін жөндеу жұмыстары жүргізіліеді. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында ауыл мектептерін жаңғырту мақсатында №21,23 мектептерде 2024 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезең-кезеңімен жоспарлануда.

 

84.       

№ 21  жалпы білім беретін мектептің материалдық-техникалық базасын жаңарту (парталарын, орындықтарын, есіктерін ауыстыру)

(Кендірлі ауылының тұрғыны Қ.Ахметова)

 

 

 

 

 

                           

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов

«Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» ММ басшысы Ө.Табынчаев

 

 

Бақылауда:

№21 жалпы білім беретін мектептің жертөлесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 59 млн теңгеге смета жасақталып, ағымдағы жылдың наурыз айында конкурс жарияланды. Конкурс қортындысы шыққанан кейін жөндеу жұмыстары жүргізіліеді. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы аясында ауыл мектептерін жаңғырту мақсатында №21,23 мектептерде 2024 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда

Сондай-ақ, № 21  жалпы білім беретін мектептің материалдық-техникалық базасын жаңарту ауыстыру мақсатында  2022 жылы 3 млн 852 мың теңгеге  170 дана парта сатып алынды. 2023 жылға 350 дана партаға 14 млн теңгеге  сұраныс жолданды.

 

 

 

85.       

№ 21 жалпы білім беретін мектеп жанындағы жол қиылысына жаяу жүргіншілер жолын және жасанды жол кедергісін  салу  мәселесі

(Кендірлі ауылының тұрғыны К.Базарбаева)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендерге 35 орынға жаңадан жол кедергілерін орнатуға тиісті қаражат бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс өткізілуде. Жеңімпаз мердігерді ағымдағы 2023 жылдың мамыр айында анықтау жоспарланған..

          Мердігер мекеме анықталғаннан кейін Сауалыңызда аталған Кендірлі ауылы 4 аралық жолдың 21 мектеп тұсына жасанды жол кедергілерін орнату жұмыстары жүргізіледі.

86.       

Мүгедектігі бар балаларға ем алу үшін   квота бөлу және жолдама бойынша Астана мен Алматы қалаларындағы республикалық орталықтарына ата-анасының бірінің ілесіп барып-келуін әуе көлігімен жол жүру құнының төлеу мәселесі туралы министрлікке ұсыныс енгізу

(Кендірлі ауылының тұрғыны К.Базарбаева)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов

«Жаңаөзен қалалық жұмысен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Ұ.Орынбаева

 

 

Бақылауда:

Жаңаөзен қалалық маслихатының 16.04.2021жылғы №3/27 шешім жобасына өзгерістер енгізіліп, қажетті материалдар ҚР Заңдарында белгіленген тәртіппен жинақталып, қазіргі таңда Әділет департаментіне келісімге жіберілді.

           

87.       

№ 23 жалпы білім беретін мектеп жанынан балабақша салу туралы.

(Кендірлі ауылының тұрғыны)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов

«Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» ММ басшысы Ө.Табынчаев

 

 

Бақылауда:

Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жеке кәсіпкерлерге балабақша салу үшін ұсыныстар берілуде. Алдағы уақытта Кендірлі ауылына  балабақша салу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

88.       

Кендірлі демалыс аймағы ауданында теңіз суын тұшыту зауытының құрылысы туралы

(Кендірлі ауылының тұрғыны Ш.Умиргалиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» ММ басшысы Д.Жантуаров

Бақылауда:

Аталған жобаға тапсырыс беруші "ҚазМұнайГаз" АҚ-на қарасты "АKSU KMG" ЖШС-гі болып табылады. Қазіргі таңда аталған жобаның ТЭН-сі (ТЭО) жасалды.  Әрі қарай тапсырыс беруші "АKSU KMG" ЖШС-гі жобалық сметталық құжаттамасын жасақтау үшін, "КазНИПИ" АҚ мен келісім шарт жасасуда. ЖСҚ аяқтау мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. 

89.       

Қаңғыбас, бұралқы иттерге шара қолдану, аулау мәселесі, ит аулау бригадасының санын көбейту

(Кендірлі ауылының тұрғыны Ш.Умиргалиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

 «Жаңаөзен қалалық ветеринариялық станциясы»КММ басшысының міндетін атқарушы

А.Ергалиев

 

 

Бақылауда:

«Жанаөзен қалалық ветеринариялық станциясы» КММ-нің штатында ағымдағы жылда бір ғана ит аулау бригадасында бір ит аулаушы, бір көмекшісі (ит жинаушы) қарастырылған. 

Қазіргі таңда қала және оған қарасты елді мекендерінде бұралқы (қараусыз) иттерді аулау жұмыстары -тұрғындардың дәлелді арыз-шағымдары бойынша ғана айналаға қауіп төндірген ит топтары аулануда.

Жалпы, Жаңаөзен қаласы бойынша жыл басынан бері барлығы 1352 бас, оның ішінде тек Қызылсай ауылынан күні бүгінге дейін тұрғындардың арыз шағымы бойынша 129  бас ит ауланды.

Ит аулау бригадасының санын көбейту бойынша әр бір ауылдың жергілікті атқарушы органы (ауыл әкімдігі) тарапынан 1 бригада қосымша ұйымдастыруды ұсынамыз.

Өздеріңізге белгілі, ҚР «Жануарлар жауапкершілікпен қарау туралы» заңының талабы бойынша, қаңғыбас үй жануарларын залал келтірмей (өлтірмей, мертіктірмей) аулап, ұстап арнайы панажайларға (уақытша ұстау пункттері) тапсыру керек. Сонымен бірге,  Жануарлар жауапкершілікпен қарау туралы» заңының  15-бабы 1-тармағы 4) тармақшасы және 3-тармағы бойынша  Жануар адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және жануарлар адамның жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда жануарларды жансыздандыруға жол берілетіндігі нақты көрсетілген. 

 

 

90.       

«Отпан» көшесіне асфальт төсеу  және жаяу жүргіншілер жолын, жасанды жол кедергісін салу мәселесі

(Кендірлі ауылының тұрғыны Ә.Таубаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік - экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілген болатын. Осыған орай 2023-2024 жылдар аралығында автокөлік тас жолдарын салуға, жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталып, тиісті қаражаттың бөлінуі үшін бюджеттік өтінім берілгендігін хабарлайды.

Сіздің сауалыңызда аталған Кендірлі ауылы Отпан көшесі жоғарыда аталған жоспарға енгізілмеген. Осыған орай, автокөлік тас жолдарын салу үшін, алдымен жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) жасақтауды қажет етеді. Жасақталған (ЖСҚ) негізінде, бюджеттің сыйымдылығына қарай қаражат бөлуге ұсыныс берілетіндігін хабарлайды.

Бюджеттен тиісті қаражат бөлінген жағдайда, аталған көшелерге автокөлік тас жолдарын салу құрылыс жұмыстары жүргізілетіндігін қаперіңізге береді. Автокөлік жолдары төселгеннен кейін жол кедергілерін орнату жұмыстары ескеріледі.

91.       

Жаңаөзен қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу және бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру

(Кендірлі ауылының тұрғыны Ү. Қожанова, Жаңаөзен қаласының тұрғыны Е.Құлатаев)

 

Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

 

Орындалды:

Жаңаөзен қаласы және оған қарасты ауылдарда  462 нысан орналасқан. Оның ішінде 15 супермаркет  50 шағын маркет, 292 үй жанындағы дүкендер, 96 өзге тауарлар дүкендері,  10 базар және   1 көкөніс өнімдерінің қоймасы бар.

 Жаңаөзен қаласы әкімінің өкімімен    «Халық бақылауы» мониторинг тобының құрамы құрылды. «Халық бақылауы» мониторинг топ  құрамында облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, халық белсенділері және қала блогерлері, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері және жергілікті атқарушы орган өкілдері белгіленді. Аталған топтың жұмыс кестесі жасақталып, әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік   тауарларының бағаларына мемлекеттік реттеу бойынша 2022 жылы 40 рет, ағымдағы жылы 11 рет мониторинг жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда.   

Жаңаөзен қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бағалардың өсуі орын алған жағдайда шұғыл әрекет етуге арналған Call –орталығы байланыс қызметі іске қосылып, әлеуметтік желілер арқылы халыққа хабарландырулар берілді. Қаладағы және оған қарасты ауылдардағы дүкендердегі   әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының  үстемесіне 10% асырмау бойынша 60 ынтымақтастық меморандум жасақталып қол қойылды. Бүгінгі таңда нан бағасын бір қалыпты ұстау мақсатында «Даулет» ұнын 16 наубайханаға ұсынылды, соның ішінде 12 наубайхана 208 тонна ұнды алып,   нан бағасын 90/95 теңгеден, ал 152 дүкен сөрелерінде 100 теңгеден сатылуда. Қалған дүкендерде қалаш нан бағасы 120 теңгеден сатылып отыр.    

          

92.       

Кендірлі ауылына көшелерге диодты жарық шамдарын, трансформатор орнату мәселесі

(Кендірлі ауылының тұрғыны Ш.Умиргалиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

Кендірлі ауылының әкімі М.Үйсенов

 

 

Бақылауда:

Кендірлі ауылының әкімшілігі:

Жыңғылды мен Бейбарыс Сұлтан көшелерінің     1-100 үйге дейінгі аралығы жаңа заманауи көше жарығының шамдарына ауыстырылады.

Осылайша келесі жылдары қаражаттың бөлінісіне қарай ауыл көшелерінің шамдары рет-ретімен ауыстырыла беретін болады.

Жұлдыз ш/а Бейбарыс Сұлтан көшесіне жыл басында жаңа трансформатор орнатылды.

               

Қаражат талап етіледі

Көше жарық шамдары жүргізілген жүйелері ескіруіне байланысты оларды жаңасына ауыстыру мақсатында заманауи жарық диодты көше шамдарды орнату үшін 4 сметалық құжаты дайындалып, жалпы құны 

165 млн теңге (әрбір сметалық құжат құны 35-45 млн. теңге) құрайтын жобаға бюджеттік өтінім берілді.

Трансформатор ларды жаңарту және жаңа трансформатор орнату бойынша жалпы құны 30 млн. теңге құрайтын ЖСҚ жасақталып, бюджеттік өтінім берілді.

Жалпы «Өзенэнергосервис» МКК жұмыстары бойынша:

Кендірлі ауылының  Жыңғылды, Көкесем,
Н. Қарабашев, Саура, Қараған Босаға, Исан Түбек, Отпан, Дәулеткерей, Бейбарыс Сұлтан, Ер Бегей, Есір Айшуақұлы, Жалғас Айтенов көшелерінің 1-100 үйлер аралығына жарық диодты жарық шамдар орнатылды. Қазіргі таңда қызмет көрсету аясында ауыл бойынша істен шыққан жарық шамдарын ауыстыру, дроссельдерін ауыстыру, ажыратқыштарын басқа да жабдықтарын ауыстыру  жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар жыл басында Кендірлі ауылына Дәулеткерей көшесіне КТПН-6/0,4 кВ трансформатор станциясы орнатылып, орнатылған аумақтағы 0,4 кВ әуе желілері теңдей бөлінді. Кейін Ж. Айтенов көшесіндегі КТПН-3-11-1 трансформаторы Дәулеткерей көшесіне көшірілді, ендігі кезекте 0,4 кВ әуе желілерін тұрақтандыру мақсатында теңдей бөлу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. 

Көше жарық шамдары жүргізілген жүйелері ескіруіне байланысты оларды жаңасына ауыстыру мақсатында заманауи жарық диодты көше шамдарды орнату үшін 4 сметалық құжаты дайындалып, жалпы құны 

165 млн теңге (әрбір сметалық құжат құны 35-45 млн. теңге) құрайтын жобаға бюджеттік өтінім берілді.

Трансформатор ларды жаңарту және жаңа трансформатор орнату бойынша жалпы құны 30 млн. теңге құрайтын ЖСҚ жасақталып, бюджеттік өтінім берілді.

Басқа Рахат, Теңге, Қызылсай ауылдары бойынша  жарық шамдары жоқ көшелерге жарықдиодты жарық шамдарын орнату жұмыстары жүруде.  Елді мекендердегі КТПН-6/0,4 кВ трансформатор станцияларына жоспарға сәйкес ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

93.       

Кендірлі ауылына аялдамалар салу мәселесі

(Кендірлі ауылының тұрғыны Ш.Умиргалиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

Кендірлі ауылының әкімі М.Үйсенов

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласы және оған іргелес  елді мекендер Қызылсай, Теңге, Рахат, Кендірлі ауылдары көшелеріне жаңадан аялдама орнату бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жаңадан 50 дана аялдама орнатуға (Жаңаөзен қаласы бойынша – 15, Қызылсай ауылы бойынша – 5, Теңге ауылы бойынша – 5, Рахат ауылы бойынша – 15, Кендірлі ауылы бойынша – 10.) Бюджеттік өтінім берілді. хат

    Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер тарапынан 50 орынға аялдамалы дүкендер салуға жер бөлу үшін, қалалық сәулет, қала құрылысы бөліміне және қалалық жер бөліміне тиісті ұсыныстар жолданды. Нәтижесі күтілуде.

       Сондай ақ,жолаушылардың уақытын тиімді пайдалану, яғни аялдамаларда қоғамдық көліктерді ұзақ күтуінің алдын алу мақсатында қоғамдық көліктерге GPS құрылғысы орнатылуда.

        Қоғамдық көліктердің жүру бағытын онлайн қарау үшін плей маркеттен INFOBUS қосымшасын жүктеуіңіз және қосымшадан автобус  батырмасын басып, барлығын таңдау қажет.

         Сондай ақ, аялдамалар орнатуға бюджеттен тиісті қаражат бөлінбеуіне байланысты, қала әкімінің орынбасары Ж. Қайнарбаевтың тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысын әлеуметтік экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес, Жаңаөзен қаласы бойынша 19 мобильді павильоны бар автобус аялдамаларын орнатуға  Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан 2023 жылдың 7 сәуірінде конкурс жарияланған болатын. 2023 жылдың мамыр айында жеңімпаз кәсіпкерді анықтап 6 ай ішінде аялдама  мобильді павильоны бар автобус аялдамаларын орнату жоспарлануда. Осы жоспарға сәйкес, Кендірлі ауылына 3 орынға  мобильді павильоны бар автобус аялдамаларын орнату қаралған.

 

94.       

Рахат ауылы «Мерей» шағын ауданындағы отбасылық дәрігерлік амбулаторияға баратын көлік тасымалы маршрутының мәселесін шешу туралы

(Кендірлі ауылының тұрғыны Ш.Умиргалиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

 

 

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласында қоғамдық көлік тасымалын дамыту, жолаушыларды сыйымдылығы үлкен заманауи жаңа автобустарға ауыстыру, бүгінгі  бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап «AKTAU BUS» ЖШС №3 «Теңге ауылы (АТП) – Бөкен базары» және №11 «Мерей ш/а 74 көше – Бөкен базары» бағыттарына  жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау ұйымдастырылды.

2022 жылдың қараша айында 3-ші рет жарияланған конкурстың нәтижесі бойынша 2023 жылдың қаңтар айынан айынан бастап, №9 «Қызылсай ауылы – Бөкен базары» бағыты «AKTAU BUS» ЖШС және №12 «Мерей ш/а 61 көше – Бөкен базары» бағыты жеке кәсіпкер «Е.Аманов» тарапынан жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау ұйымдастырылды.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар деп танылған, кәсіпкердің шығынын бюджет есебінен субсидиялауға мүмкіндік бар (субсидия алдымен жолаушылар санына, тиімсіз болған жағдайда қоғамдық көліктің нарықтағы бағасы есептеле отырып жүрген қашықтығына байланысты төленеді) №4 маршрут «Темір жол вокзалы - Бөкен базары», №5 маршрут «Кендірлі ауылы Жұлдыз ш/а 27 көше - Бөкен базары» бағыттарына және №1 маршрут «Мамыр ш/а Жаманқара Иса к-сі - Бөкен базары», №2 маршрут «Теңге ауылы - Бөкен базары»,  №6 маршрут «Сак базары - Бөкен базары» және №10 маршрут «Рауан ш/а - Бөкен базары» бағыттары бойынша 2023 жылдың 2 наурызында жолаушыларды тасымалдау қызметіне арналған конкурс жарияланды. Алайда кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық болмауына конкурс өтпеді деп танылды. .  Мамыр айының 21 жұлдызынан бастап  жолаушыларды тасымалдау қызметіне арналған конкурс жарияланды, нәтижесі күтілуде.

                    

95.       

Кендірлі ауылына «Kaspi bank» банкоматтарын, терминалдарын орнату

(Кендірлі ауылының тұрғыны Ш.Умиргалиев)

 

Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

 

Бақылауда:

Ауылдарға  «Kaspi bank» банкоматтарын, терминалдарын орнату бойынша екінші деңгейлі банктерге ұсыныс хат жолданды.                        

Алайда, 12.04.2023 жылғы №1204-001-102/3 шығыстағы жауап хатында Кендірлі ауылы Жұлдыз шағын ауданы бойынша қосымша құрылғылар (банкомат, терминал) орнатуға уақытша мүмкіндік жоқ екендігін хабарлаған болатын..

                         

96.       

Кендірлі ауылынан саябақ салу  мәселесі

(Кендірлі ауылының тұрғыны Ш.Умиргалиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

Кендірлі ауылының әкімі М.Үйсенов

Бақылауда:

Кендірлі ауылының әкімшілігі:

Кендірлі ауылы Жұлдыз ш/а Шерқала көшесінің 100-100а үйлер аумағындағы бос алаң ауыл тұрғындары демалатын саябақ үшін резервке алынған. Аталған аумақта саябақ салу үшін ЖК «Г.Жидебаева» тарапынан эскизді жоба дайындалып, бизнес жобалық жоспары дайындалған. Аталған жобаны іске асыру үшін қаржыландыру көздері қарастырылуда.

Жоба құны 154 млн теңге құрайды

Жобаның құны 154 млн теңгені құрайды. Қаражат мөлшері ауқымды болуына байланысты бюджеттен қаржыландыруға мүмкіндік жоқ болуына байланысты, демеушілік арқылы қарастыру қажет.

97.       

Кендірлі ауылының «Шерқала» көшесі № 40 үй қиылысына жасанды жол кедергісін және бағдаршам орнату мәселесі

(Кендірлі ауылының тұрғыны Ш.Умиргалиев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендерге 35 орынға жаңадан жол кедергілерін орнатуға тиісті қаражат бөлінді. Қазір конкурс өткізу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін Сауалыңызда аталған Кендірлі ауылы Шерқала көшесі 40 үй тұсына жасанды жол кедергілерін орнату жұмыстары ескеріледі. Сонымен қатар алдағы уақытта Кендірлі ауылы Шерқала көшесімен 3 аралық жолдың қиылысына бағдаршам орнату үшін бюджеттік өтінім беріледі. Қаражат бөлінген жағдайда тиісті шаралар алынады.

Жаңаөзен қаласы

 

98.       

5 шағын ауданда № 19 мектептің алдына тротуар салу, жаяу жүргінші белгісін, жасанды жол кедергісін қою туралы

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны О.Мархабаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

 

 

Бақылауда:

5 шағын ауданда № 19 мектептің алдындағы асфальт жолында жаяу жүргінші белгісі, жасанды жол кедергілері орнатылған. Ал жаңадан салынатын жаяу жүргіншілер жолын салу үшін  алдымен жобалық сметалық құжаттама (ЖСҚ) жасақтауды қажет етеді. Жасақталған  ЖСҚ негізінде тиісті қаражаттың бөлінуі үшін бюджеттік өтінім беріледі. Бюджеттен тиісті қаражат бөлінген жағдайда тиісті шаралар алынады.

            

99.       

Қаңғыбас, бұралқы иттерге шара қолдану, аулау мәселесі, ит аулау бригадасының санын көбейту, Call-орталық ашу (Жаңаөзен қаласының тұрғындары О.Мархабаев, А. Өткелбаева)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев

«Жаңаөзен қалалық ветеринариялық станциясы»КММ басшысының міндетін атқарушы

А.Ергалиев

 

 

Бақылауда:

 «Жанаөзен қалалық ветеринариялық станциясы» КММ-нің штатында ағымдағы жылда бір ғана ит аулау бригадасында бір ит аулаушы, бір көмекшісі (ит жинаушы) қарастырылған. 

Қазіргі таңда қала және оған қарасты елді мекендерінде бұралқы (қараусыз) иттерді аулау жұмыстары -тұрғындардың дәлелді арыз-шағымдары бойынша ғана айналаға қауіп төндірген ит топтары аулануда.

Жалпы, Жаңаөзен қаласы бойынша жыл басынан бері барлығы 1352 бас, оның ішінде тек Қызылсай ауылынан күні бүгінге дейін тұрғындардың арыз шағымы бойынша 129  бас ит ауланды.

Ит аулау бригадасының санын көбейту бойынша әр бір ауылдың жергілікті атқарушы органы (ауыл әкімдігі) тарапынан 1 бригада қосымша ұйымдастыруды ұсынамыз.

Өздеріңізге белгілі, ҚР «Жануарлар жауапкершілікпен қарау туралы» заңының талабы бойынша, қаңғыбас үй жануарларын залал келтірмей (өлтірмей, мертіктірмей) аулап, ұстап арнайы панажайларға (уақытша ұстау пункттері) тапсыру керек. Сонымен бірге,  Жануарлар жауапкершілікпен қарау туралы» заңының  15-бабы 1-тармағы 4) тармақшасы және 3-тармағы бойынша  Жануар адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда және жануарлар адамның жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда жануарларды жансыздандыруға жол берілетіндігі нақты көрсетілген. 

 

100.    

«Көктем», «Өркен» шағын аудандарында асфальттарын күрделі жөндеуден өткізу мәселесі

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны О.Мархабаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

Бақылауда:

 «Көктем», «Өркен» шағын аудандарының шағынаудан ішілік автокөлік жолдарына күрделі жөндеу жүргізу үшін алдымен жобалық сметалық құжаттама (ЖСҚ) жасақтауды қажет етеді. Жасақталған  ЖСҚ негізінде тиісті қаражаттың бөлінуі үшін бюджеттік өтінім беріледі. Бюджеттен тиісті қаражат бөлінген жағдайда тиісті шаралар алынады.

101.    

Жаңаөзен қаласының және оған іргелес ауылдардың тазалық мәселесі, қоғамдық резонанс тудырған «Тазалық С» ЖШС орнына басқа мекемені қою, тендерді ұйымдастырғанда полигонды, ТҚҚ шығаруды, санитарияны бір мекемеге беру, полигонды мемлекеттік мекеменің балансына қайтару мәселесі

(Жаңаөзен қаласының тұрғындары А. Өткелбаева,  Д. Жоламан,  Е.Джуматов,                      И. Қаржаубайұлы, Рахат ауылының тұрғындары Н.Табылдиев,  Д.Тасмағамбет,  А.Нурымбетов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

 

Орындалды:

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттының 25.11.2022 жылы №4712-22-00-2/1544 ісі бойынша шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 18.01.2023 жылғы №4799-23-00-2а/84 қаулысына сәйкес Теңгерім ұстаушы  - Жаңаөзен  қалалық   тұрғын – үй   коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ өзіне жүктелген полигонды пайдалану функциясын бастады.

Тазалық-С ЖШС-не ескерту хат бірнеше рет берілді. Қазіргі таңда өз жұмысын уақытылы орындамау бойынша сотқа жүгіндік. Қазір полигон мемлекет меншігіне қайтарылды.

«Тазалық-С» ЖШС Рахат, Кендірлі, Теңге, Қызылсай ауылдарымен 2023 жылы 1 қаңтардан бастап өз жұмыстарын тоқтатқанын хабарлаймыз. «Тазалық-С» ЖШС-мен әкімдік ешқандай шартқа отырмағанын, мекеме тек тұрғындар мен жария шарт негізінде жұмыс жасап жатқанын хабарлай отырып, жария шартты бұзуға немесе басқа мердігер мекемемен жария шарт жасақтауға құқылы екеніңізді қаперіңізге береміз.

 

                  

102.    

Жаңаөзен қаласының экологиялық жағдайын тәуелсіз экология сарапшыларымен тексеріп, Жаңаөзен қаласының экологиялық апат аумағы мәртебесін беру туралы және  тұрғындарға жеңілдіктер қарастыру туралы министрлікке ұсыныс енгізу

(Теңге ауылының тұрғыны Ж.Исмагулов, Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ж. Ұлықпан)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

 

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласының түрғындары Ж. Ұлықпан, Ж. Исмагуловтың өтініші негізінде ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департамаентіне хат жолданды          

 

 

 

                           

 

103.    

Жаңаөзен қаласында балаларға ойын алаңын салу, үйлердің арасынан танхаустар салуға тыйым салу мәселесі

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны                   А. Өткелбаева)                                                         

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының м.а. С.Бектегенов

 

 

Орындалды:

2022 жылы демеушілікпен Жаңаөзен қаласы бойынша Самырұқ – Қазына АҚ тарапынан 16 ойын алаңшалары салынған болатын. Ағымдағы жылда демеушілік тарапынан тағы да ойын алаңшалары салынбақ. Қазіргі таңда, қала аумағындағы таунхаус типті блокталған тұрғын үй құрылыстары, Жаңаөзен қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» №750 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес, құрылыс жұмыстарының тиісті тәртіпте жүргізілуі үнемі бақылауда.

      

        

104.    

Жаңаөзен қаласында автобус маршруттарын көбейту туралы

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны                   А. Өткелбаева)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев
«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

 

 

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласында қоғамдық көлік тасымалын дамыту, жолаушыларды сыйымдылығы үлкен заманауи жаңа автобустарға ауыстыру, бүгінгі  бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап «AKTAU BUS» ЖШС №3 «Теңге ауылы (АТП) – Бөкен базары» және №11 «Мерей ш/а 74 көше – Бөкен базары» бағыттарына  жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау ұйымдастырылды.

2022 жылдың қараша айында 3-ші рет жарияланған конкурстың нәтижесі бойынша 2023 жылдың қаңтар айынан айынан бастап, №9 «Қызылсай ауылы – Бөкен базары» бағыты «AKTAU BUS» ЖШС және №12 «Мерей ш/а 61 көше – Бөкен базары» бағыты жеке кәсіпкер «Е.Аманов» тарапынан жолаушыларды қоғамдық көлікпен тасымалдау ұйымдастырылды.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар деп танылған, кәсіпкердің шығынын бюджет есебінен субсидиялауға мүмкіндік бар (субсидия алдымен жолаушылар санына, тиімсіз болған жағдайда қоғамдық көліктің нарықтағы бағасы есептеле отырып жүрген қашықтығына байланысты төленеді) №4 маршрут «Темір жол вокзалы - Бөкен базары», №5 маршрут «Кендірлі ауылы Жұлдыз ш/а 27 көше - Бөкен базары» бағыттарына және №1 маршрут «Мамыр ш/а Жаманқара Иса к-сі - Бөкен базары», №2 маршрут «Теңге ауылы - Бөкен базары»,  №6 маршрут «Сак базары - Бөкен базары» және №10 маршрут «Рауан ш/а - Бөкен базары» бағыттары бойынша 2023 жылдың 2 наурызында жолаушыларды тасымалдау қызметіне арналған конкурс жарияланды. Алайда кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық болмауына конкурс өтпеді деп танылды. .  Мамыр айының 21 жұлдызынан бастап  жолаушыларды тасымалдау қызметіне арналған конкурс жарияланды, нәтижесі күтілуде.

 

105.    

«Көктем» шағын ауданында балалар ойнайтын ойын алаңшаларын салу  мәселесі

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

 

 

Бақылауда:

Көктем шағын ауданында №22,23 және №32 үй алдында ойын алаңшалары салынды. 2023 жылы демеушілік тарапынан жаңа ойын алаңшалары салыну жоспарда бар.

 

                   

106.    

Жаңаөзен қаласын көгалдандыру мәселесі, көгалдандыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану, аллеяның ішінен ұңғымалар қазып, су мәселесін шешу туралы

(Жаңаөзен қаласының тұрғындары Нұрлан, М. Изтуров)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

 

 

Орындалды:

Жаңаөзен қаласы көгалдандыру мәселесі, ұңғымалар бойынша қала аумағында 10 ұңғыма қазу  жоспарланған болатын. Бүгінгі күнде 8 ұңғыма қазылып, су шықты. Зертханаға қорытындысы алынды.  Тұздылығы  көп екені анықталып, қазіргі таңда тұщыту қондырғысын алдырту бойынша жұмыстар атқарылуда.

          

107.    

16.01.2023ж. бастап «Компания Стройинвест 2020» ЖШС-нен жұмыстан шыққан 75 қызметкердің 15 күндік еңбекақысын төлеу, соңғы есеп айырысуды жүргізу, қызметкерлердің еңбек кітапшаларын беру

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ф. Көптілеуова)

 

Қала әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов

«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Ұ.Орынбаева

Орындалды:

«Компания Стройинвест 2020» ЖШС-гі 01.03.2023 жылдан бастап жұмысын толық тоқтатты. Жұмыстан шыққан 75 қызметкердің 15 күндік еңбекақысын төлеу, соңғы есеп айырысудың қаражаты толық есептеліп тұр, қаражат болған кезде төленеді. Жалпы   75 қызметкермен тиісті жауапты құзырлы органдармен кездестіріп түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жұмыссыз қалған азаматтар мен азаматшаларға көгалдандыру жұмыстары ұсынылды, уақытша жұмыс болғандықтан аталған жұмыстан бастартты. Еңбек инспекциясына арызданыды, қазіргі таңда сотқа жүгінуде сот процессі алдағы  уақытта жүргізіледі.

108.    

Рахат ауылына қыста жылы, жазда салқын болатын жабық аялдамалар салу мәселесі

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны Е.Джуматов)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласы және оған іргелес  елді мекендер Қызылсай, Теңге, Рахат, Кендірлі ауылдары көшелеріне жаңадан аялдама орнату бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жаңадан 50 дана аялдама орнатуға (Жаңаөзен қаласы бойынша – 15, Қызылсай ауылы бойынша – 5, Теңге ауылы бойынша – 5, Рахат ауылы бойынша – 10, Кендірлі ауылы бойынша – 15.) Бюджеттік өтінім берілді.

Бюджеттен тиісті қаражат бөлінген жағдай аяладама орнату жұмыстары жүргізілетіндігін қаперіңізге береді.

Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер тарапынан 50 орынға аялдамалы дүкендер салуға жер бөлу үшін, қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне қала бойынша тиісті ұсыныстар жолданды. Нәтижесі күтілуде.

Сондай ақ,жолаушылардың уақытын тиімді пайдалану, яғни аялдамаларда қоғамдық көліктерді ұзақ күтуінің алдын алу мақсатында қоғамдық көліктерге GPS құрылғысы орнатылуда.

        Қоғамдық көліктердің жүру бағытын онлайн қарау үшін плей маркеттен INFOBUS қосымшасын жүктеуіңіз және қосымшадан автобус  батырмасын басып, барлығын таңдау қажет.

                 

109.    

Жаңаөзен қаласының ортасында орналасқан «Мetal star» ЖШС өндірістік аймағын тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізбеу мақсатында мүмкіндігінше зауытты қаланың сыртына көшіруді қарастыру туралы

(Жаңаөзен қаласының тұрғындары И. Қаржаубайұлы, Қ.Жайлы)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының м.а. С.Бектегенов

Бақылауда:

Қазіргі таңда, Жаңаөзен қаласы, №2 Өндірістік аймақ, №28В (13-201-004-2260 кадастр нөмірлі) жер учаскесі өндірістік база құрылысы үшін жеке тұлғаға жекеменшік құқығымен тиесілі. Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, аталған жер учаскесі өндірістік аймақта орналасқан.

110.    

Жаңаөзен қаласында экология бөлімін ашу мәселесі

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны Қ.Жайлы )

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы Д.Жақсылықов

Персоналды басқару бөлімінің басшысы М.Каленова

 

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласы әкімдігімен қаладағы экологиялық мәселелер жан-жақты зерделеніп және қала әкімінің есептік кездесулерінде қала, ауыл тұрғындарының  экологиялық мәселелерге қатысты қозғалған ұсыныстарын негізге ала отырып,  Экология департаментіне Жаңаөзен қаласына департамент есебінен 1 эколог маман штатын енгізу туралы ұсыныс берілді.            

 

111.    

Жаңаөзен қаласы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатқызылғандықтан, сейсмологиялық ахуал туралы зерттеулер ұйымдастыру туралы

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны Қ.Жайлы )

 

Қала әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев  Жаңаөзен қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы. А.Кулманов

 

Бақылауда:

 «Аймақтық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою» бағдарламасы бойынша.

Сейсмикалық қауіпті бағалау ықтималдылығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және Маңғыстау облысының аумағын I кезеңдегі егжей-тегжейлі сейсмикалық аймақтарға бөлу карталарының жинақтарын жасау қызметіне бюджеттік қаржыландырудың қажетті көлеміне өтінім берілді.

                

112.    

Тұрғын үй мәселесі

(Жаңаөзен қаласының тұрғындары Ұ.Бержанова,   Д.Маркашова, Ә. Түгелбаева және  тұрғындар)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласы күрделі жөндеу жұмыстары қажет етілетін 52 көппәтерлі тұрғын үй бар. 2 үй авария тұрғын үй ретінде таңылған.

2020 жылы 3 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2021 жылы 2 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2022 жылы 7 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2023 жылға 5 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 Қазіргі таңда инвесторлардың қолдауымен  «Шаңырақ» ш/а ауданы үйлеріне  ренавация бағдарламасы аясында  жаңа тұрғын үй салыну жоспары жүргізілуде.

 

113.    

Мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін оңалту орталығын (логопед, бассейн т.б.) ашу  мәселесі

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны А.Базарбаева)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов

«Жаңаөзен қалалық бөлім бөлімі» ММ басшысы Ө.Табынчаев

«Оңалту орталығы» КММ директоры

Ж.Нуртаева

 

Орындалды:

«Білім басқармасына» қарасты қала бойынша 132 баламен бір оңалту орталығы жұмыс жасайды. Аталған орталықтың қызметіне мұқтаж мүгедектігі бар бала еш кедергісіз қабылданады. Бүгінде оңалту орталығына кезекте тұрған бала жоқ.

 

Оңалту орталығы:

Маңғыстау облысы әкімінің  2003 жылы  25 сәуірде  № 601 қаулысы негізінде, Оңалту орталығы мемлекеттік мекемесі  ашылып, жұмыс жасап келді.

Мекеменің өз алдына жеке ғимараты болмай 2003 – 2004 жылдары «Айгул» балабақшасында, 2004 – 2011 жылдары №16 бастауыш мектеп ғимаратында, 2011-2017 жылдары «Жаңаөзен арнайы жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым» КММ – нің ғимаратының бір бөлігінде орналасып, 2017 жылдың маусым айынан бастап, Облыс әкімінің қолдауымен «Ақбұлақ» шағын ауданынан балабақша салынып, осы нысанға Оңалту орталығы және Аймақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі Аймақтық ПМПК) мекемелері көшірілді.

114.    

2021 жылы «Шұғыла» шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қайтарымды қаражат механизмімен күрделі жөндеу жүргізілген көппәтерлі үйдің жертөлелік инженерлік желілері мен шатыры жаңартылды. Қалған жөндеу жұмыстарын, сыртқы келбетін әрлеу жұмыстары туралы

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

 

Орындалды:

2021 жылы Шұғыла шағын ауданы №1,3 үйге тұрғындардың келісімен тұрғын үйге қайтарамды қаражат есебінен  күрделі жөндеу жұмыстары  жасалды. Алайда,  қайтарамды қаражатты азайту мақсатында сыртқы келбетті әрлеу жұмыстарынан тұрғындар тарапынан бас  тартылды. Кондоминиум обьектісіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу заң талабына сәйкес 2 үйге 62 миллион теңге бюджеттік өтінім жолданды.

             

115.    

«Астана» шағын ауданы М.Жұмабаев  көшесі 27б үйдің бастапқы құжаттарын жөндеу, жылумен және газбен қамтамасыз ету, пандус орнату, тротуар салу мәселесін шешу туралы

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ж.Омарова және тұрғындары)

 

Қала әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

 «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының м.а. С.Бектегенов

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

 

Орындалды:

Астана шағын ауданы, 27 көшесі 12 үйіне газ құбырын жүргізу мақсатында құжаттарын «ҚазТрансГазАймақ» мекемесімен бірлікте толықтыру жұмыстары жүргізіледі. Мердігер мекеме тарапынан құжаттар толықтырылған жағдайда, «ҚазТрансГазАймақ» мекемесі газбен қамтуға дайын.

Жол төсеу мәселесі бойынша, өтініш иесіне барып кездесу барысында Көктем ш/а 27Б үй айналасы асфальттанғандығын, яғни жол мәселесі жоқ екендігін қаперіңізге береді.

Балаларға ойын алаңшасын салу мәселесі бойынша, бюджеттік қаражат бөлінген жағдайда немесе демеушілік тарапынан ойын алаңшалары салынатын жағдайда Астана ш/а 27 көшеге ойын алаңшасын салу мәселесі қарастырылатын болады.

Жаяу жүргіншілер жолы және пандустармен жабдықтау  мәселесі бойынша, бюджеттік өтінім жіберіліп, қаражат бөлінген жағдайда аталған мекенжай бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Қанат Имашевтің тұрғын үй кіреберісіндегі пандусты жабдықтау мәселесі бойынша, өтініш иесіне барып кездесу барысында барлық ұсыныс тілектері ескеріліп, Көктем ш/а 27Б тұрғын үйінің пандус құрылысы стандартқа сәйкес жүргізіліп, пайдалануға берілгендігін қаперіңізге береді.

 

                      

116.    

Жұмыссыздық мәселесі

(Жаңаөзен қаласының тұрғындары Д. Қадырбек, Б. Тұрашов,  Ұ.Бержанова,                         Ә. Түгелбаева, Т.Избанова, Қ. Шакиров)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов 

«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Ұ.Орынбаева

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласының тұрғындары:

Д.Қадырбекова 18.01.2023ж «Өзенинвест» МКК-не ақылы қоғамдық жұмысқа жолданған.

Т.Избанова жұмыспен қамту орталығына «жұмыссыз» ретінде тіркелмеген. Жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарына қатысуға мүмкіншілігі бар.

Шакиров Құрманбек жұмыспен қамту орталығында «жұмыссыз» ретінде тіркеуде бар. Ұялы байланыс арқылы жұмыс жасаймын жобасы бойынша бос орындар ұсынылды. Алайда жұмыс жасаймын жобасынан өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап  аталған жобаның заңдылығына сәйкес қатыса алатындығы ескертілді.

E-Qamtu платформасының «Мүгедегі бар отбасы» санатының №215 кезегінде тұр.  Кезегі келген жағдайда «Өзенинвест»МКК-не жолданады.

Турашев Бакытжан:  жұмыспен қамту орталығына «жұмыссыз» ретінде тіркелмеген. Жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарына қатысуға мүмкіншілігі бар. E-Qamtu платформасынада тіркелмеген.

Тугелбаева Әлия:  жұмыспен қамту орталығына «жұмыссыз» ретінде тіркелмеген. Жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарына қатысуға мүмкіншілігі бар. E-Qamtu платформасынада тіркелмеген.

Ұ.Бержанова Тұрғын үй мәселесі бойынша.

Тұрашов Болат жұмыспен қамту орталығына «жұмыссыз» ретінде тіркелмеген. Жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарына қатысуға мүмкіншілігі бар.

117.    

Жаңаөзен қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізу және бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру

(Рахат ауылының тұрғыны Д.Тасмағамбет )

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев
«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Р.Абишаев

 

Орындалды:

Жаңаөзен қаласы және оған қарасты ауылдарда  462 нысан орналасқан. Оның ішінде 15 супермаркет  50 шағын маркет, 292 үй жанындағы дүкендер, 96 өзге тауарлар дүкендері,  10 базар және   1 көкөніс өнімдерінің қоймасы бар.

 Жаңаөзен қаласы әкімінің өкімімен    «Халық бақылауы» мониторинг тобының құрамы құрылды. «Халық бақылауы» мониторинг топ  құрамында облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, халық белсенділері және қала блогерлері, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері және жергілікті атқарушы орган өкілдері белгіленді. Аталған топтың жұмыс кестесі жасақталып, әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік   тауарларының бағаларына мемлекеттік реттеу бойынша 2022 жылы 40 рет, ағымдағы жылы 11 рет мониторинг жүргізіліп, жұмыстар жалғасуда.

Жаңаөзен қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бағалардың өсуі орын алған жағдайда шұғыл әрекет етуге арналған Call –орталығы байланыс қызметі іске қосылып, әлеуметтік желілер арқылы халыққа хабарландырулар берілді. Қаладағы және оған қарасты ауылдардағы дүкендердегі   әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының  үстемесіне 10% асырмау бойынша 60 ынтымақтастық меморандум жасақталып қол қойылды. Бүгінгі таңда нан бағасын бір қалыпты ұстау мақсатында «Даулет» ұнын 16 наубайханаға ұсынылды, соның ішінде 12 наубайхана 208 тонна ұнды алып,   нан бағасын 90/95 теңгеден, ал 152 дүкен сөрелерінде 100 теңгеден сатылуда. Қалған дүкендерде қалаш нан бағасы 120 теңгеден сатылып отыр.   

                      

118.    

Рахат ауылын интернет желісімен қамту мәселесін шешу

(Рахат ауылының тұрғыны Д.Тасмағамбет)

 

Қала әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

Рахат ауылының әкімі Р.Сырымов

«Қазақтелеком» АҚ директоры Н.Имамкулов

 

Орындалды:

 «Рахат ауылы әкімнің аппараты» ММ-і: Рахат ауылында 7 392 тұрғын үй бар («Рахат» шағынауданы –1 583 (1 579 үй қамтылған), «Ақсу» шағынауданы – 2 882 (2 078 үй қамтылған), «Мерей» шағынауданы – 2 927 (1 996 үй қамтылған). Оның ішінде, 5 653 (76%) тұрғын үй интернет желісімен қамтамасыз етілген.

Негізгі ауқымды жұмыстар «Мерей» шағынауданында жүргізілуде. Қазір 61 көшеден 65 көшеге кабель желісін тарту жұмыстары жасалуда. Әрі қарай, 78 көшеге дейін жұмыстар жалғасады. Жүргізуші мекеме «Самғау-Телеком» ЖШС-і.

 

Бүгінгі күнде, ауыл бойынша барлық шағынаудандарға интернет желісі жүргізілуде.  Жалпы ауыл бойынша мобильді интернет жылдамдықтарына анализ жасалды. Нәтижесінде мүлдем мобильді интернет желісі ұстамаймын аумақтар анықталған жоқ.

                    

119.    

 «Мерей» шағын ауданындағы № 61 көшеден № 85 көшеге дейін асфальт төсеу немесе жолды тегістеп беру туралы

(Рахат ауылының тұрғыны  А.Малаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

Бақылауда:

Рахат ауылы Мерей шағынауданы «Аль –Фараби» (№37), №40, «Мұстафа Өзтүрік» (№43), №61, №65, №71 көшелер, №61 көшеден №78 көшеге дейінгі №3 аралық және №52 көшеден №78 көшеге дейінгі №7 аралық   жолын салу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақтауға іздену жұмыстары (ПИР) жүргізіліп, ЖСҚ жасақтауға  37,3 млн. теңге қажеттігі анықталып, бюджеттік өтінім берілді..

2023 жылға бюджеттен 2 млн.теңге бөлініп, ЖСҚ жасақтау үшін конкурс жарияланды. 2023 жылы қажетті қаражат толық бөлінген жағдайда ЖСҚ жасақталып, жоғарыда аталған көшелерге 2024 жылы автокөлік тас жолын  салу үшін бюджеттік өтінім беріледі.

120.    

№ 9 орта мектептің балаларын автобуспен тасымалдау мәселесі

(Рахат ауылының тұрғыны , А.Малаев)

 

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов, «Жаңаөзен қалалық бөлім бөлімі» ММ басшысы Ө.Табынчаев

Орындалды:

ҚР қолданыстағы заңнамасында Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарының теңгеріміндегі автокөліктермен оқушыларды мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды реттейтін нормалар қарастырылмаған. Мектеп көліктерінің міндеті – оқушыларды қала, облыс деңгейінде өтетін мәдени-көпшілік, спорттық шараларға тасымалдау болып табылады. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен жүргізушінің жалақысына, көліктің қосалқы бөлшектеріне, жанар-жағар майға тиісті қаражат бөлінеді. Оқушыларды тасымалдау елдімекенде білім беру ұйымы болмаған жағдайда ұйымдастырылады. «Білім туралы» ҚР Заңының 6-бабының, 2-тармағының, 24-12)- тармақшасына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабының                              2-тармағы, 4)-тармақшасына сәйкес балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге ата-ана міндетті делінген.

121.    

«Бейнеу – Маңғышлақ» пойызын Жаңаөзен станциясына қайтадан келуін ұйымдастыру

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны М. Изтуров)

 

Қала әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының м.а. Н.Базарбаев

 

 

Бақылауда:

«Бейнеу – Маңғышлақ» пойызын Жаңаөзен станциясына қайтадан келуін ұйымдастыру бойынша «КТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалына хат жолданды, нәтижесі күтілуде.

        

122.    

Жаңаөзен қаласының «Шаңырақ» шағын ауданы 2, 3, 4, 6, 17, 18, 19 үйлердің арасында балаларға арналған ойын алаңдарын күрделі жөндеуден өткізу туралы

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны М.Изтуров)

 

Қала әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

Бақылауда:

  Үйлердің арасында балаларға арналған ойын алаңдарын күрделі жөндеуден өткізу, күтіп ұстау «Өзен инвест» МКК-ның үнемделген қаражаты есебінен жүргізіледі. Кезең кезеңімен жасалатын болады.

123.    

Жаңаөзен қаласындағы кәріздерді жаңарту, аула коллекторларын ауыстыру

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны)

 

Қала әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» ММ басшысы Д.Жантуаров

 

 

Бақылауда:

Жоба құны -3 млрд. 411,441 теңгені құрайды.

Жоба бойынша кәріз құбырының ұзындығы 21,9 шақырым, ауыз су құбырының ұзындығы 21,1 шақырым.

2022 жылға - 891,820 млн.теңгеге жоспарланып, нәтижесінде су тазарту имаратынан "Мамыр" ш/а дейін, диаметрі Ø450мм болатын 7,8 ш/м су құбыры салынып, қаражаты толық игерілді.

2023 жылы құрылысты аяқтауға республикалық бюджеттен қалған 971,000 млн теңге және жергілікті бюджет есебінен бөлінетін 1 млрд. 548,621 млн.теңге қаражатқа бюджеттік өтінім жолданды.

Құрылыстың аяқталу мерзімі: 2023 жылдың желтоқсан айы.

 

124.    

Коммуналдық қызмет саласындағы қызметкерлердің (аула сыпырушы, слесарь, жертөлеге қызмет көрсетуші т.б.) еңбекақысын өсіру мәселесі

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны)

 

Қала әкімінің орынбасары Ж.Қайнарбаев

«Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы Е.Сарыев

Бақылауда:

Жаңаөзен қаласындағы МКК-дың коммуналдық қызмет саласындағы қызметкерлер жалақысы соңғы үш жылда бір қалыппен өсіп келе жатыр. Атап айтқанда, «Энергосервис» МКК қызметкерлерінің 2021 жылғы жалақы өсімі – 40%, 2022 жылғы 14%, 2023 жылы 10%ға өсті. «Өзенинвест» МКК қызметкерлерінің жалақысы соңғы 3 жылды қоса алғанда 54% өсімді құрап отыр.

125.    

Жаңаөзен қаласында 6-7 сыныптан бастап медицинаны тереңдетіп оқытатын медициналық білім беру ұйымын ашуды қарастыру туралы

(Жаңаөзен қаласының тұрғыны)

 

Қала әкімінің орынбасары Ж.Аймағанбетов

«Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Ө.Табынчаев

Орындалды:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022  жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында 6-7 сынып оқушыларына медициналық білім беру ұйымын ашу мәселесі қарастырылмаған

 

 

 

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың облыс халқымен кездесулерде көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
Дата публикации
17 марта 2023