Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдар аумағының тұрғындар көп шоғырланатын орындарда кәсіпкерлік қызмет нысандарын салу және орналастыру (аялдама сауда орнының кешені) үшін сауда орындарын беру жөніндегі комиссияның Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 784 «Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Укіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысына және Маңыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 1/11 «Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары туралы» шешіміне сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдар аумағының тұрғындар көп шоғырланатын орындарда кәсіпкерлік қызмет нысандарын салу және орналастыру (аялдама сауда орнының кешені) үшін сауда орындарын беру Қағидаларын бекітілсін.
- Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Худибаевқа жүктелсін.
Қала әкімі А. Қосуақов
Келісілді:
Н. Худибаев __________________
Қ. Кусаинов __________________
Л. Чаканова __________________
Дайындаған:
А. Джанатаева __________________ «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылығы бөлімі» ММ-нің басшысының м.а.
2
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «____»______________
№____қаулысына қосымша
Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдар аумағының тұрғындар көп шоғырланатын орындарда кәсіпкерлік қызмет нысандарын салу және орналастыру (аялдама сауда орнының кешені) үшін сауда орындарын беру Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдар аумағының тұрғындар көп шоғырланатын орындарда кәсіпкерлік қызмет нысандарын салу және орналастыру (аялдама сауда орнының кешені) үшін сауда орындарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қадиғалары) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 784 «Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Укіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысына және Маңыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 1/11 «Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары туралы» шешіміне сәйкес әзірленді және Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдар аумағының тұрғындар көп шоғырланатын орындарда кәсіпкерлік қызмет нысандарын салу және орналастыру (аялдама сауда орнының кешені) үшін сауда орындарын беру тәртібін айқындайды.
- Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2-тарау. Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдар аумағының тұрғындар көп шоғырланатын орындарда кәсіпкерлік қызмет нысандарын салу және орналастыру (аялдама сауда орнының кешені) үшін сауда орындарын беру тәртібі
- Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдар аумағының тұрғындар көп шоғырланатын орындарда кәсіпкерлік қызмет нысандарын салу және орналастыру (аялдама сауда орнының кешені) үшін сауда орындарын беру екі кезеңнен тұрады:
1) Кәсіпкерлік субъектілерінің жер алуға ниет білдірген өтінімдері Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдар аумағының тұрғындар көп шоғырланатын орындарда кәсіпкерлік қызмет нысандарын салу және орналастыру (аялдама сауда орнының кешені) үшін сауда орындарын беру жөніндегі комиссиясымен (бұдан әрі - Комиссия) қарастырылып, мақұлданған жобалар жер комиссиясына қарастыруға жолданады.
2) Комиссиямен мақұлданған жобалар бойынша өтінімдер (өтініштер) жер комиссиясымен қарастырылып, қорытындылар дайындалады.
3-тарау. Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдар аумағының тұрғындар көп шоғырланатын орындарда кәсіпкерлік қызмет нысандарын салу және орналастыру (аялдама сауда орнының кешені) бойынша талаптары
- Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдар аумағының тұрғындар көп шоғырланатын орындарда кәсіпкерлік қызмет нысандарын салу және орналастыру (аялдама сауда орнының кешені) үшін сауда орындары уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен 1 жыл мерзімге беріледі.
- Жер учаскесінің құжаттары толық рәсімделгеннен кейін, 6 ай мерзімде нысанның құрылысын аяқтап, іске қосылуы тиіс болып табылады. Іске қосылғаннан кейін мерзімін ұзартуға жол беріледі.
- Жер учаскесі уақытша өтеусіз негізде игерілгенге дейін азаматтық мәмілелер жасауға (сатуға, сыйға беруге) жол берілмейді, шектеу қойылады.
- Нысандарда жүргізілетін құрылыс жұмыстары «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен бекітілген нобайлық (эскиз) жобасына сәйкес болуы тиіс.
- Бөлінген жер учаскесінің аумағының пайыздық түрде келесі көлемде пайдаланылуы 60 (алпыс) пайызы коммерциялық нысаны, 20 (жиырма) пайызы ашық аялдама, 20 (жиырма) пайызы жабық аялдама арналуы тиіс.
- Осы көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда жер учаскесінің жалға уақытша өтеусіз беру туралы шарты ескертпе хабарламасы берілгеннен кейін бір жақты тәртіппен бұзылып, мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.
Аялдама кешені қалпына келтіру немесе салу, нысанды күтіп ұстау, коммуналдық шығындары, абаттандыру нысандарын бұзған жағдайда, инженерлік желілерге нұқсан келген жағдайда кәсіпкердің есебінен өтелуі тиіс. Сонымен бірге, аялдама орналасатын учаскенің маңына автокөлік жолы бойында қалташық (кармашка) салуға, іргелес 3 метр аумақты міндеттеледі.
Іске қосылған нысанның сәулеттік келбетін сақтау, олардың көркемдік-эстетикалық тартымдылығын арттыру (ғимарат маңдайшаларын жаңарту, қасбетін әрлеу, сырлау, түнгі мезгілде жарықпен безендіру, іргелес аумақты тазалау), абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі тиіс.
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын пайдалануға рұқсат алған кәсіпкерлік субъектілері міндеттемелерін орындамаған жағдайда, рұқсатнаманың күші біржақты тәртіпте тоқтатылады, кәсіпкерлік субъектісі келіспеген жағдайда, құзырлы органдарға жүгіну арқылы немесе сот арқылы шешіледі.
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
- Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Үлгі ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
- Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) болып Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі табылады.
- Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыруды, Комиссия отырысының күні мен орнын белгілеуді және мүшелерін шақыруды, Комиссия шешімін Жер комиссиясына жолдануды және басқа да қажетті іс-шараларды Жұмыс органы қамтамасыз етеді.
- Комиссия шешімі, егер оған оның құрамының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
- Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс беру нәтижелері отырысқа қатысушы комиссиясы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен айқындалады және егер Комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе шешім қабылданды деп саналады.
- Комиссияның оң қорытындысының бір данасы бес жұмыс күні ішінде Жер комиссиясына қорытынды шығару үшін жолданады.
- Жобаның қатысушылары болып жеке және заңды тұлғалар табылады.
Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдар аумағының тұрғындар көп шоғырланатын орындарда кәсіпкерлік қызмет нысандарын салу және орналастыру (аялдама сауда орнының кешені) үшін сауда орындарын алуға ниет білдірген жағдайда мынадай құжаттар тапсырылады:
- Жобаға қатысу үшін нақты қай орынға ниетті екені көрсетілген өтінім;
- Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмелері;
- Жеке кәсіпкерлікті растау жөніндегі куәлік көшірмесі;
- Аялдама сауда орнын салу және оны іске асыру үшін қандай да болсын басым болып табылатын қаржылай немесе материалдық мүмкіндіктерді анықтайтын кез-келген құжат көшірмелері.
- Өтініш білдірген кәсіпкерлік субъектілері құжаттарының толықтығы және заң талаптарына сәйкестігі тексеріліп, Комиссия отырысында жобаны мақылдау туралы шешім қабылданады.