Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №14 сайлау округі бойынша кандидат Д.А.Шыракбаевты тіркеудің күшін жою туралы округтік сайлау комиссиясының хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 104-бабының 6-1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттығына №14 сайлау округі бойынша кандидат Шыракбаев Дамир Алибековичті кандидат ретінде тіркеу туралы 2023 жылғы 12 ақпандағы №6 шешімнің күші жойылды.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі
№14 округтік сайлау комиссиясы