Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2023 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2023 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі

№

Заңның

5-бабының

1-тармағына сәйкес емлекеттік грант саласы

Мемлекеттік гранттың басым бағыты

Мәселенің қысқашасипаттамасы

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Грант түрі

Нысаналы индикатор

Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар

(ұзақ мерзімді гранттарды іске асыру кезінде ғана белгіленеді)

1.       

Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау

Еңбек қатынастарынан туындайтын еңбек дауларын еңбек заңнамасына сәйкес реттеу, тараптардың                            іс-қимылдары

Соңғы жылдары Жаңаөзен қаласындағы «ӨзенМұнайГаз» АҚ және оған сервистік қызмет көрсететін кәсіпорындармен серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың «жұмыс беруші» мен «жұмысшы» арасындағы еңбек қатынастарынан туындайтын еңбек даулары жиелеп кетті. Аталған мәселелер еңбек заңнамасына сәйкес реттелмей жұмысшылар тарапынан заңсыз ереуілдер, аштық жариялау мен жаппай жұмысты тоқтату сияқты наразылықтар орын алды.

Осыған орай, Жаңаөзен қаласындағы кәсіпорындар, мекемелерде «жұмыс беруші» мен «жұмысшы» арасындағы еңбек дауларды  азайту мақсатында, оларды алдын алу және  еңбек заңнамасына сәйкес шешу, «жұмыс беруші» мен «жұмысшылардың», кәсіподақ ұйымдарының  құқықтық сауатттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажет етуде

(тапсырыс берушімен алдын ала келісу қажет).

2 700

1 қысқа мерзімді грант

Нысаналы индикатор:

 

Жобаны іске асыру шеңберінде            5 заңды тұлғалардың (кәсіпорын, серіктестік және т.б.) еңбек ұжымдарымен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

 

Күтілетін нәтиже:

 

1)                 5 заңды тұлғалардың еңбек ұжымы еңбек заңнамасы мен тараптардың іс-қимылы туралы ақпараттандырылады;

 

2)                 Еңбек ұжымдары тарапынан ұйымдастырылатын заңсыз                    іс- әрекеттердің саны төмендейді.

 

2.       

Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу

Азаматтық қоғамды дамыту

2022 жылы Жаңаөзен қаласы мен іргелес ауылдарда барлығы               91 ҮЕҰ тіркелсе, оның 15 ҮЕҰ ғана белсенді.

Осыған байланысты, мемлекеттік саясаттың іске асырылуы, жергілікті атқарушы органмен қабылданып жатқан шаралардың және азаматтық қоғамның дамуының маңыздылығын түсіндіре отырып,

үкіметтік емес ұйымдардың өздерінің мақсаттары мен міндеттері бойынша қызметтерін жандандыру, құқықтық сауаттылығын, белсенділігін арттыру, сондай-ақ  олармен азаматтық бастаманы қалыптастыруға ат салысуын, Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға шақыру.

1 800

1 қысқа мерзімді грант

Нысаналы индикатор:

 

Жобаны іске асыру шеңберінде            5 үкіметтік емес ұйым басшыларымен (мүшелері) тәжірибе алмасу, кездесулер ұйымдастыру, әлеуметтік жобалар бойынша ақпарат беру;

 

 

Күтілетін нәтиже:

 

1)                 Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері өз міндеттері бойынша жұмыс жасауды бастайды, жұмыс бағыттарын айқындайды;

 

2)                 Азаматтық қоғамның дамуына жаңа серпін береді.

 

 

 

 

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2023 жылға арналған басым бағыттарының тізбесі
Дата публикации
21 февраля 2023