Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы бойынша (қалалар мен аудандар әкімдерінің тарапынан орындалатын)
ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс – шара атауы |
Жауапты |
Мерзімі |
Қаражат талап етіледі/ етілмейді |
Шешу жолдары
|
|
Жаңаөзен қаласы – 11 тапсырма Орындалды – 4 Бақылауда - 7
|
|||||
|
1. |
Көше жарығы туралы (Темирбаев Нурболат) |
М.Ибағаров |
2022 жыл IV тоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Орындалды Жаңаөзен қаласының көше жарығын салу және қайта жаңарту қызметі аясында, Марабаев даңғылы Ақтау бағытындағы жолдың кіре берісінен бастап "ҚазМұнайГаз" жанар жағармай құю стансына дейін және "КазМұнайГаз" ЖЖҚС-нан Балғынбаев көшесінің қиылысына дейін сонымен қатар Бейбітшілік көшесінің көше жарығының кабельдері жаңартылды. Ескі шамдар жаңа жарық диодты шамдарға ауыстырылуда. Нәтижесінде, 11225 метр кабель желісі, 359 дана жарықдиодты шамдар жаңадан орнатылады. 2022 жылдың 6 айында Марабаев көшесінің 4000 метр кабель желісі жаңартылып, 200 Вт - 87 дана жарықдиодты шамдар жаңадан орнатылып, толықтай жарықтандырылды. Қала аумағындағы алаңдар, саябақтарында жарықтандыру жүйесіне жаңғырту жүргізілуде. Жарық диодты шамдар және кабель желілері жаңартылған. |
|
2. |
2006 жылы берілген жер учаскесі газ желісінің санитарлық қорғау аймағында жатуына байланысты кері қайтарылып алынды. Кері қайтарып алған жер учаскесінің орнына басқа жер учаскесін беру туралы |
М.Ибағаров |
Үнемі |
Қаражат талап етілмейді |
Бақылауда Теңге ауылының оңтүстік шығысынан солтүстік-батысына дейін жеке тұрғын үй секторларынан, 100-250 метр қашықтықта «КазГПЗ – КС Узень» және «Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау» магистральдық газ құбырлары орналасқан. Бірқатар жер учаскелері магистральдық газ құбырларының санитарлық қауіпсіздік аймағына кіруіне байланысты, 2010-2011 жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «ҚазТрансгазАймақ» АҚ тарапынан тұрғын үй құрылысын жүргізуге тыйым салынған. Сол магистральдық газ құбырларының санитарлық қауіпсіздік аймағына кірген жер учаскелерінің иелеріне әкімдік тарапынан құжаттарының көшірмелерін тапсыру жөнінде жұмыстар жүргізілген болатын. Осыған сәйкес, ауыл әкімдері келіп құжаттарын тапсырғандар саны 22, яғни ешқандай құрылыстар жүргізілмеген жер учаскелерінің иелері болды. Осы күнге дейін, магистральдық құбырының 200 метр санитарлық аймағынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізбеген жер учаскесінің иелері, жеке тұрғын үй құрылысына өзге жерден жер учаскесін беру немесе тұрғын үй құрылысын өз жерлеріне жүргізу рұқсат беруді сұраған. Жаңаөзен қаласы әкімінің 2015 жылғы 16 сәуіріндегі № 484 қаулысымен Теңге ауылының нақты жоспарлау жобасы бекітілді. Жобаға сәйкес, бас жоспарға жаңадан жеке тұрғын үй құрылысына арналған 44,45,46, 47 және 48 көшелері енгізіліп, жалпы саны 68 жер учаскесі белгіленген. Алайда, аталған көшелерде инфрақұрылымы (газ, су) толық жүргізілмеген. Сонымен қатар, 44,45,46 көшелердегі су құбырын аяқтау, 48 көшеге су құбырын жүргізуге және 44,45,46 көшелерге газ желісін жүргізуге сметалық құжаттама жасақтау үшін ұсыныс берілген. Инфрақұрылым толық жүргізілгеннен кейін жер учаскелерін беру бойынша шаралар алынатын болады. |
|
3. |
№11 орта мектебі мен А.Жұбанов көшесіне дейін жарық шамдарын орнату туралы (Мұхамедқалиев Амангелді) |
М.Ибағаров |
2022 жыл IV тоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Орындалды Теңге ауылының көше жарық шамдарына қызмет көрсетуші мекемемен №11 орта мектебі мен А. Жұбанов көшесіне дейін жарық диодты шамдар орнатылды. |
|
4. |
Қала ішіндегі шағын аудандарда жер асты суларының шығуы, сорғылардың жасамауы туралы.
Жаяу жүргіншілер жолын салу туралы (Қармысова Гульбану, «Бостандық» ш/а тұрғыны) |
М.Ибағаров |
2022 жыл IV тоқсан
2022 жыл IV тоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда «Арай», «Бостандық» шағынаудандарында грунттық суларын жинау және жоюға арналған дренаждық жүйелерін тазалау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде(орындалды).
Қазіргі уақытта, «Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына бөлінетін қаражат есебінен қалаішілік көшелерге жаяу жүргінші жолдары «тротуар» салынып, ескірген тротуарларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қала бойынша 13,4 км, Рахат ауылы бойынша 6,7 км, Теңге ауылы бойынша 5,4 км, Қызылсай ауылы бойынша 2,9 км, барлығы 28,4 км жаяу жүргінші жолдары салынды. Сонымен қатар, 2022 жылы қала аумағына жаяу жүргінші жодарын салу жұмыстары кезең-кезеңмен жоспарға сәйкес жүргізілуде.
|
|
5. |
Тенге ауылына көше жарық шамдарын орнату туралы |
М.Ибағаров |
2022 жыл IV тоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда Теңге ауылының көше шамдары орнатылмаған жерлерге жарық диодты шамдар орнатуға сметалық құжаттама жасақталды. Сметалық құны -48 344 мың теңге. Қаражат бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылды. |
|
6. |
Бүлінген жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы |
М.Ибағаров |
2022 жыл ІІІ тоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда Теңге ауылы аумағында, бүгінгі таңда 18 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынған. 2022 жылға Қазақстан көшесінен Ахмет Жұбанов көшесі аралығы және Күләш Байсейітова көшесінен Шәкен Айманов көшесіне дейін 1000 метр жаяу жүргіншілер жолы жоспарға енгізіліп, қазіргі таңда жұмыстары басталды. Ауыл аумағындағы жаяу жүргіншілер жолының 710 шаршы метрінің тастарын, 1260 метр жиек тастарын ауыстыруды және 2745 шаршы метрін жол деңгейінен көтеру үшін сметалық құжаттама жасақталды. Сметалық құны -17,2 млн.теңге Қазіргі таңда қаражат қарастыру жұмыстары жүргізілуде. Смета жолданды |
|
7. |
«Мерей» шағынауданы №61 көшеден №78 көшеге дейін автокөлік жолы және жаяу жүргінші жолы құрылысын салу туралы (Рахат ауылының тұрғыны – Есиркепов Абидулла) |
М.Ибағаров |
2022 жыл IV тоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда «Рахат ауылы Мерей шағынауданы автокөлік жолдарын салу» (1), (2), (3) (17,84шқ) ЖСҚ жасақтау үшін жүргізілген алдын-ала іздену жұмыстары (ПИР) бойынша, 37,294 млн. теңге қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Бюджеттен тиісті қаражат бөлінген жағдайда, ЖСҚ жасақталып, құрылыс жұмыстарына қаражат бөлінуі үшін бюджеттік өтінім беріледі. Бюджеттен құрылыс жұмыстарына тиісті қаражат бөлінген жағдайда 17,84 шқ автокөлік тас жолдарын салу құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Ұсыныста аталған «Мерей» шағынауданы №61 көшеден №78 көшеге дейінгі №3 аралық жолы осы жасақтау жоспарланған ЖСҚ – ға енгізілген. |
|
8. |
Рахат ауылы, «Мерей» ш/ң көше жарық бағаналарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы |
М.Ибағаров |
2022 жыл IV тоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Орындалды 2022 жылдың жоспары бойынша ауылға 1 190 дана жарық диодты шамдар орнату жұмыстары бар. Қазіргі уақытта, 992 данасы толық орнатылды. Олар «Мерей» шағынауданының Ө.Нұрбаев (35) көшесінен 52 көшесіне дейінгі жұмыстар аяқталды. «Ақсу» шағынауданының Үстірт (13), Жеңіс (14), Мәтжан би (15) және Ш.Бөлтекұлы (18) көшелеріне жарық диодты шамдар орнатылды.
|
|
9. |
«Болашақ сарайы» салу туралы |
М.Ибағаров |
2022 жыл IV тоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда BI Group-тың қаржыландыруымен "EURASIA DESIGN" ЖШС проект жасақтауда. Жобалық-сметалық құжаттама шыққаннан кейін, құрылыс 2023 жылдың қаңтар айында бастауға жоспарланып отыр. |
|
10. |
Теңге ауылындағы жер асты жүргізілген газ құбырларының қауіпсіздігі туралы (Аймұрат Қойжанов) |
Б.Орынбасаров М.Мұханов М.Ибағаров |
2022 жыл IV тоқсан |
Қаражат талап етілмейді |
Орындалды Аталған мәселе бойынша Теңге ауылының Досан Тажиев көшесіндегі жер асты газ құбыры бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалына хат жолданған болатын. Аталған мекеме жауап хатында төмендегідей ақпарат ұсынды: Теңге ауылының газ тарату жүйесінің газ құбырлары мен жабдықтардың жоғары дәрежеде тозуын және жылыту маусымы кезінде газдың тұтынушыларға жетіспеушілігін ескере отырып және апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында ҚР 4.03-01-2011 жыл «Газ тарату жүйелері» құрылыс нормаларының, ҚР №242-11 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» туралы, ҚР «Газ және газбен жабдықтау» туралы заңдарына сәйкес жасақталып, «Мемлекеттік сараптама» қорытындысы алынған. «Жаңаөзен қаласында және Теңге аулында газ тарату желілерін жаңғырту» жұмыс жобасы негізінде құрылыс жүргізіліп, қолданысқа 2017 жылы берілген. Пластикалық газ құбырының кепілдік пайдалану мерзімінің өтпеуіне байланысты аталған газ құбырларын жер бетіне шығару жұмыстары қарастырылмайтындығын хабарлады. |
|
11. |
Ауыз су тапшылығын шешу мақсатында Кендірлі демалыс аймағы ауданында магистралды құбыр жолы бар, қуаты тәулігіне 50 000 текше метр теңіз суын тұшыту зауытын салу туралы |
Б.Орынбасаров Б.Қартбаев М.Ибағаров |
2022 жыл IV тоқсан |
Қаражат талап етіледі |
Бақылауда «Самрұқ-Қазына» АҚ ақпаратына сәйкес, «Кендірлі ауылында қуаты тәулігіне 50000 м3 тұщыландыру зауытын салу» жобасы Жаңаөзен қаласының тұрғындары мен кәсіпорындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге және Маңғыстау облысындағы су тапшылығын қанағаттандыру және әлеуметтік жүктемені төмендету үшін «Астрахань-Манғышлақ» магистральдық суағарына қаржылық және техникалық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. 2023 жылғы 1 тоқсанға дейін ТЭН-ге түзету жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, тұщыландыру зауытын жобалау және салу үшін EPC-мердігерді таңдау бойынша 2 кезеңдік ашық халықаралық конкурс өткізілетін болады. Құрылыс-монтаж жұмыстарына 2023 жылғы 3 тоқсанда кірісу жоспарлануда. |