Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

 

№

Іс – шара атауы

Жауапты

Мерзімі

Қаражат талап етіледі/ етілмейді

Шешу жолдары

 

Жаңаөзен қаласы – 41 тапсырма

Орындалды – 10

Бақылауда - 31

 

1.         

Қызылсай ауылына «Kaspi bank» терминалдарын, банкоматтарын орнату туралы

(Утепова Нұргүл)

 

Ә.Құттұмұрат-ұлы

А.Қосуақов

С.Нарешова

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

08.06.2022 жылғы №09-14-656 хатпен «Kaspi Bank» АҚ атына Қызылсай ауылында терминал банкоматты орнатуға  ықпал етуге  жіберілді.  «Kaspi bank» АҚ 02.08.2022 жылғы №0208-001-102/8 хатына сәйкес, Банк  Кызылсай ауылының қашықтығына, техникалық бұзылу кезінде инкасация қызметін жасау қызметтерін уақытылы мерзімінде көрсету мүмкін еместігіне байланысты банкомат орналастыруға дайын емес екендігін хабарлады.

2.         

Қызылсай ауылының мектебіндегі оқушылардың сыйымдылығы туралы

(Қызылсай ауылының тұрғындары -

Ускимбаев Бакытжан, Темирбаев Нурболат)

 

Г.Қалмұратова

Г.Қызылғұлова

А.Қосуақов

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

2023-2025 жылға арналған инвестициялық тізімнің 2025 жылына 300 орынды қосымша құрылысын салуға енгізілді.

Қызылсай ауылындағы №4 мектептің жобалық қуаты 1140 орындық, қазіргі таңда 1469 оқушы білім алуда. Жыл сайын оқушы санының өсуіне байланысты, 2024-2025 жылдары мектеп жанынан 288 орындық жапсаржай салу жоспарлануда. "Гауһартас финанс" ЖШС-і тарапынан жобалау және іздестіру жұмыстарының сметалық құны есептелуде.

3.         

Су тұщыту зауытының құрылысы туралы

(Қызылсай ауылының тұрғындары -

Өтелген Алиев, Темирбаев Нурболат)

Б.Орынбасаров

А.Қосуақов

Б.Қартбаев

 

2024 жыл

IV тоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

«Кендірлі демалыс аймағы ауданында магистралды құбыржолы бар, қуаты тәулігіне                  50 000 текше метр теңіз суын тұшыту зауыты» жобасының 08.04.2021ж. №01-0197/21 техникалық-экономикалық негіздемесі жасақталып, «Мемлекеттік сараптама» РМК қорытындысы алынды. «Ak Su KMG» ЖШС  жобалық компаниясы құрылды.

Қазіргі уақытта, Қор жобалық - сметалық құжаттаманы әзірлеу, жабдықтарды, материалдарды сатып алу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын қамтитын EPC-келісімшартты жасасу бойынша тендерлік құжаттаманы дайындауда.

4.         

Қызылсай ауылында спортзал ғимаратын салу туралы

Г.Қалмұратова

А.Қосуақов

Қ.Жұмабаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік - экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға  арналған кешенді жоспары аясында 2021 жыл Жаңаөзен қаласында бірнеше әмбебап (ангар типтегі) спорттық кешендерінің құрылысын салу үшін «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның демеушілігімен 1 млрд теңге бөлініп, «ӨМГ» АҚ, Жаңаөзен қаласы әкімдігі және «Жарылқау» қоры арасында 05.02.2021 жылы  үшжақты меморандум  жасақталып, Жаңаөзен қаласында 10 ангар типті спорт зал салуға қол қойылды.

Қазіргі таңда Қызылсай ауылдық №3 БЖСМ жанынан салынатын ангар типті спортзалдарға «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, 10.07.2022 жылы конкурс жарияланды. Конкурс жеңімпазы «Нұр-Жол» ЖШС. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

5.         

Теңге ауылына «Каспий» және «Home банк» банкоматтарын орнату туралы

 

Ә.Құттұмұрат-ұлы

С.Нарешова

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

08.06.2022 жылғы №09-14-656 хатпен «Kaspi Bank» АҚ және 08.06.2022 жылғы №09-14-656 «Home bank» хатпен мекен-жайларына Теңге ауылына терминал банкоматтары орнатуға ықпал етуге жіберілді.  «Банк Хоум Кредит» АҚ филиалы 19.07.2022 жылғы №03-15-01/176469 хатына сәйкес, Банк Теңге елді мекенінің орталығында жеке  кәсіпкер объектісінде терминал орнату бойынша шешім қабылдағанын және жақын арада терминал орналастырылатынын хабарлады. Қаржы басқармасы 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №09-14-1470 хатымен «Банк Хоум Кредит» АҚ қабылданған шаралар туралы хабарлауды сұраған болатын. 21.12.2022 жылғы №03-15-01/292060 алынған жауапқа сәйкес қазіргі уақытта төлем терминалын орнату бойынша шарт жасасу үшін құжаттарды жинау жұмыстары жүргізілуде. «Kaspi bank» АҚ 02.08.2022 жылғы №0208-001-102/8 хатына сәйкес, Банк  Тенге ауылының қашықтығына, техникалық бұзылу кезінде инкасация қызметтін жасау қызметтерін уақытылы мерзімінде көрсету мүмкін еместігіне байланысты банкомат орналастыруға дайын емес екендігін хабарлады.

 

 

 

 

6.         

Теңге ауылының емханасына қажетті жалпы  тәжірибелік 2 дәрігер бөлу мәселесі туралы

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Теңге елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаториясына қазіргі таңда 2 дәрігер ағымдағы жылдың 1 тамызынан жұмысқа қабылданды. Оның бірі-Ақтөбе қаласынан М.Оспанов атындағы медициналық университеттен резидентура бітірген,                  2-дәрігер ЖТД Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей медициналық университетін бітірген.

7.         

Теңге ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан тас карьерінің тарихи орнын қалпына келтіру туралы (рекультивация)

 

Б.Орынбасаров

Қ.Бағынов

А.Қосуақов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

Қазіргі таңда, 50 ГА құрайтын ескі карьер орынын қалпына келтіру үшін құрылыс қалдықтарын төгу тоқтатылды. Әкімдік тарапынан 2025-2027 жж. аралығында бюджеттен есебінен рекультивациялауға ұсыныс берілді.   Жоба жүзеге асқан жағдайда ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына   үлкен серпіліс берілетіндігі жоспарлануда. Сонымен қатар, өндірістік мекемелердің қолдауымен арнайы техникаларды жұмылдырып, қоқыс қалдықтарын тегістеу-көму жұмыстары жүргізілуде. Тиісті жұмыстар жалғасын табуда.

8.         

Рахат ауылы «Мерей» шағын-ауданында құрылысы жүргізіліп жатырған 50 орындық отбасылық дәрігерлік амбулатория құрылысын жедел аяқтау туралы

(Аманов Тоқберген - Рахат ауылы Ардагерлер кеңесінің төрағасы)

 

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

А.Манкешова

А.Қосуақов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Рахат ауылы «Мерей» шағынауданында 50 орындық отбасылық дәрігерлік амбулатория жұмыстары толықтай аяқталды. Қазіргі таңда компютерлік кабель жұмыстарын қалпына келтіру үстінде 09.01.2023 жылы ауыл тұрғындарын қабылдау жұмыстарын бастайды. Амбулаторияда жұмыс жасайтын дәрігердердің саны.

Директоры- Шалхарбаев Женис Жубатканович

Жалып тәжірибелі дәрігер-5;  Жалып тәжірибелі медбике-18; Кіші буынды медбике-1; Дәрігерге дейінгі қарау медбикес-1, Егу кабинет медбике-1; Манту кабинет медбике-1; Егу кабинетінде медбике-1; Гинеколог-1; Акушерка-2; Күндізгі бөлім медбике-1, Стоматолг дәрігер-1; Стоматолг медбике-1; Лаборант-2; Әлеуметтік қызметкер-1; Физ. Кабинет медбике-1; Тіркеу бөлімі-2; Дені сау бала кабинеті-1; Жүргізуші-1;

 

 

 

9.         

«Рахат» ауылы «Ақсу» шағынауданында орналасқан №3 емханаға жетіспейтін мамандарды қызметке шақыру туралы

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Ағымдағы жылы №3 Жаңаөзен қалалық емханасына М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан медициналық университетін бітірген 2 жалпы тәжірибелі дәрігер жұмысқа қабылданды. Сонымен қатар, бала күтім демалысынан оториноларинголог пен маммолог дәрігерлері жұмысқа кірісті.

10.     

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қажеттіліктері үшін өндірістерді оқшаулау жолымен Жаңаөзен қаласында жұмыс орындарын құру туралы

 

Б.Орынбасаров

А.Шопанов

А.Қосуақов «Өзенмұнайгаз» АҚ

(келісім бойынша)

Үнемі

 

 

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

«Өзенмұнайгаз»АҚ-ның

қажеттіліктері үшін өндірістерді оқшаулау жолымен Жаңаөзен қаласында алгоритмге сәйкесжыл басынан бері   1348 адам жұмысқа орналастырылды.  Оның ішінде  848 адам  қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылды.

"Өзенмұнайгаз" АҚ 2022 жылға жергілікті тауар өндірушілермен жасалған сату шарттарына сәйкес, "Metall Star" ЖШС арматура өндіру цехін 4000 тонна (15.03.2022 жылғы № 425-232 келісім-шартқа сәйкес), "Silkway Trading" ЖШС арматура өндіру цехін 4000 тонна (15.03.2022 жылғы № 424-232 келісім-шартқа сәйкес) көлемінде есептен шығарылған штангалар түріндегі шикізатпен қамтамасыз етеді.

01.11.2022 жыл кезеңге алынған шикізаттың жалпы көлемі 2830 тонна, қамтылған жұмыс орны 105 адамды құрады, оның ішінде:

1) «Silkway Trading» ЖШС – 1 100  тонна, 32 адам;

2) «Metal Star» ЖШС – 1730 тонна, 73 адам.

 

11.     

Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытының құрылысын салу туралы

Б.Орынбасаров

Б.Қартбаев

А.Қосуақов

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 25.01.2022 жылғы №33 қаулысымен ауданы 32,9 га жаңа зауыт салу үшін жер учаскесі бөлінді.

2022 жылғы 1 ақпанда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қорытындыға сәйкес, жобаның жалпы құны 167,673 млрд.теңгені құрайды (ҚҚС-мен қоса есептегенде).

 24.03.2022 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ уәкілетті органының қарыз беруге мақұлдауы алынды. 28.02.2022 жылы қоршаған ортаға әсерін бағалауға техникалық-экономикалық негіздемеге Экологиялық сараптаманың қорытындысы алынды.

Жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс-монтаждау жұмыстары кезеңінде 361 уақытша жұмыс орны іске қосылу жоспарлануда.

Бұл жобаны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кепілдігімен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қарыз қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр.

Алайда, сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге енгізілген мемлекеттік бағалық реттеу жобаның қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне теріс әсер етті.

Қазіргі уақытта іске асыруға келісім алу мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ корпоративтік органдарында жобаны келісу рәсімін жүргізуде.

 

12.     

Жаңаөзен қаласында медицина саласы бойынша кадр тапшылығы туралы

Г.Қалмұратова

А.Жұмыров

2022 жыл

желтоқсан

 

 

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

Биыл  қалаға 36 дәрігер жұмысқа қабылданды, аса қажетті 21 дәрігерлерді толықтыру мақсатында,  бұл жұмыс орындар жас мамандармен және арнайы мамандарға (резидентураға  биыл грантқа № 2 ЖҚЕ нан 1 лор, 1 окулист, 1 инфекционист, 1 лучевая диагностика, 1 гастроэнтеролог мамандықтарына дәрігерлер оқуға түсті, 1 неонатолог, УДЗ дәрігері резидентура 2022 жылы бітіріп, жұмыс жасауда) сонымен қатар, басқа өңірден жұмысқа тарту арқылы толықтырылатын болады.

 

 

13.          

Қызылсай ауылының тұрғындары қоғамдық көліктің мәселесін реттеуді сұрайды

(Қызылсай ауылының тұрғындары: Утепова Нұргүл, Бесінбаева Жания,

Адилов Оразалы,Темирбаев Нурболат)

Б.Орынбасаров

М.Альбекова

А.Калиев

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

2022 жылы №1 «Мамыр ш/а Жаманқара Иса к-сі - Бөкен базары», №2 «Теңге ауылы - Бөкен базары», №4 «Темір жол вокзалы - Бөкен базары», №5 «Кендірлі ауылы (бұрынғы Рахат ауылы) Жұлдыз ш/а 27 көше - Бөкен базары», №6 «Сак базары - Бөкен базары», №9 «Бөкен базары - Қызылсай ауылы», №10 «Рауан ш/а - Бөкен базары», №12 «Рахат ауылы Мерей ш/а 61 к-сі - Бөкен базары» маршруттары бойынша конкурс 2 рет өткізіліп,  кәсіпкерлер тарапынан еш қызығушылық болмады.

Сондықтан Рахат, Теңге ауылдарында қоғамдық көлікпен тасымалдаушы «AKTAUBUS» ЖШС-мен «Қызылсай ауылы-Бөкен базары» №9 бағытын уақытша жүргізу туралы келіссөздер жүргізіліп, 2022 жылдың 14 қыркүйекте уақытша келісім-шарт жасақталды. 1 дана автобус қызмет көрсетуде.

Сондай ақ, жолаушылардың уақытын тиімді пайдалану, яғни аялдамаларда қоғамдық көліктерді ұзақ күтуінің алдын алу мақсатында қоғамдық көліктерге GPS құрылғысы орнатылды.

Қазіргі таңға дейін №9 (Қызылсай ауылы – Бөкен базары) 1 дана автобусқа GPS қондырғысы орнатылды.

Қоғамдық көлікті жүру бағыты бойынша онлайн қарау үшін плей маркеттен INFOBUS қосымшасын жүктеуіңіз және қосымшадан автобус  батырмасын басып, барлығын таңдау қажет.

2022 жылдың қараша айының 1 жұлдызынан бастап 3 рет конкурс өткізілуде. Конкурсқа №9 (Бөкен базары - Қызылсай ауылы) бағытына кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық білдіріп, конкурсқа қатысуда. Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз анықталған жағдайда Қызылсай ауылы бағыты қоғамдық көліктермен қамтылатын болады.

14.          

Қызылсай-Жаңаөзен автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

Б.Орынбасаров М.Альбекова

А.Калиев

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Қызылсай-Жаңаөзен автокөлік жолын қала әкімінің қаулысы арқылы  аудандық маңыздағы жол ретінде танып, оның жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қолдау алу мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, осы аталған жолға биыл жолдарды күтіп ұстау есебінен қатты ойылған  шұңқырларды бітеу жұмыстары жүргізілді.

15.          

Қызылсай ауылдық амбулаторияға рентген аппаратын алу туралы

Г.Қалмұратова

М.Альбекова

А.Жұмыров

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Орындалды

2022 жылы Қызылсай ауылдық амбулаториясына флюрограф аппараты сатып алынды.  

16.          

Қызылсай ауылында Өрт сөндіру депосын салу туралы

Б.Орынбасаров

М.Альбекова

М.Мұханов

Ғ.Андалиев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Маңғыстау облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына  (бұдан әрі – даму жоспары, Маңғыстау облысы әкімдігінің 02.12.2022ж. Қаулысымен жаңартылған) 2023-2024ж. аралығында (жалпы 544 млн. тн., 2023ж.- 272 млн, 2024ж.-272 млн.) Қызылсай ауылына 2 шығысқа арналған өрт сөндіру депосының құрылысы енгізілген.

2021-2022 ж.ж. аралығында Қызылсай ауылы өрт сөндіру бөлімінің ЖСҚ жалпы соммасы 11,5 млн. теңгеге жасақталды. 2023 жылы мемлекеттік сараптамадан өткізу шараларын жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) жұмыстануда.

17.          

Қызылсай ауылының ауылішілік автокөлік жолдарын салу туралы

Ә.Құттұмұратұлы

М.Альбекова

А.Қосуақов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

«Қызылсай ауылы автокөлік жолдарын салу» (6,25 шақырым)  жобалық сметалық құжатты  жасақтау үшін жүргізілген алдын ала іздену жұмыстары (ПИР) бойынша, Ауылішілік автокөлік жолын салу мақсатында 6,2 шақырым 11 көше, 2 аралық. Атап айтатын болсақ, О.Оңғарбаев, Қ.Аманиязов,             Б.Борсанов, Ж.Қаспаев, Жаңақұрылыс, Қазақстан, Бұрғышы, И.Тайманов, Ғ.Мұратбаев, Т.Рысқұлов, Жоғарғы ауыл және Мешіт ауылының №3, 4 аралыққа жобалық-сметалық құжат жасақтауға тапсырыс берілді.  22, 870 млн. теңге қаражат  бөлуге  Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына  бюджеттік өтінім берілді. Бюджеттен тиісті қаражат бөлінген жағдайда,  жобалық сметалық құжатты  жасақталып, құрылыс жұмыстарына қаражат бөлінуі үшін бюджеттік өтінім беріледі. Бюжеттен құрылыс жұмыстарына тиісті қаражат бөлінген жағдайда 6,25 шқ автокөлік тас жолдарын салу құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

 

18.          

Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылына балалар ойын алаңшасын салу туралы

(Теңге ауылының тұрғындары -Жантлеуова Узим, Мұхамедқалиев Амангелді)

Ә.Құттұмұратұлы

Б. Орынбасаров

А.Қосуақов М.Альбекова

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Теңге ауылының Достық даңғылы, Р.Қошқарбаев және Н.Тілендиев көшелерінде орналасқан балалар ойын алаңдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттама жасақталды. Жоба құны - 7,3 млн. теңге.

Қазіргі таңда Н.Тілендиев және Достық даңғылы бойындағы балалар ойын алаңына конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталды.

Жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды.

Р.Қошқарбаев көшесіндегі ойын алаңшасын жөндеуге конкурс жарияланды, нәтижесі күтілуде.

 

 

Сонымен қатар ауыл аумағынан жаңадан ойын алаңдарын салуға жер телімдері белгіленді.

 

 

19.          

Теңге ауылының 11,7 шақырым автокөлік жолының  құрылысына қаражат бөлу туралы

(Ақжігітов Шәріп)

Ә.Құттұмұрат-ұлы

М.Альбекова

А.Қалиев

А.Қосуақов

 

 

 

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Аталған жоба «Моно және шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында 2023 жылға Ұлттық экономика министрлігіне бюджеттік өтінім ұсынылды. Жоба құны – 719 млн. теңге.

20.          

Теңге ауылының «Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын» (ПДП) жасақтау туралы

Б.Орынбасаров

М.Альбекова

А.Манкешова

А.Қосуақов   

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Жобалау іздестіру жұмыстары (ПИР)  жасақталды. Жоба құны 103,4 млн. теңгені құрайды. 2022 жылға облыстық бюджетті бекіту барысында – 50 млн. теңге бөлінді, 2022 жылдың тамыз айындағы нақтылауымен – 10 млн. теңге бөлінді. Қосымша қалған қаржы 2023-2025 жылдарға арналған бюджет бекіту барысында 43,3 млн.теңге қаражат қарастырылды. Жұмыстар атқарылуда.

21.          

Теңге ауылының №14 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу туралы

Г.Қалмұратова

М.Альбекова

Г.Қызылғұлова

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Сметалық құны 987,7 млн. теңге құрайтын №14 жалпы білім беретін мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге  конкурс жарияланып, Жеңімпаз мердігер мекеме  "ОҢДАСЫН СТРОЙ" ЖШС танылды. Қазіргі таңда, жұмыс басталып кетті.

Қазіргі таңда, жаңадан шатырын орнату, әктеу, қабырғаларын және еденін кафельдеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 100 қызметкер тартылды.

2023 жылдың наурыз айының 15-ші жұлдызында жұмыстар толықтай аяқталады.

 

 

22.          

Теңге ауылы әкімшілігіне жаңа ғимарат салу туралы

Ә.Құттұмұрат-ұлы

М.Альбекова

А.Манкешова

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Қазіргі таңда, ауыл әкімшілігіне жаңа ғимарат салуға жер телімі белгіленді және Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі  жобалық сметалық құжаттамасы жасалып, құрылыс құны -256,274 млн. теңге құрайтын 02.12.2022 ж. №FE-0029/22 сараптама қорытындысы алынды.

Аталған жоба 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасы тізбесіне енгізілді.

23.          

Жаңаөзен қаласы және ауыл ішілік ішінде «Инватакси» қызметін жетілдіру туралы

 

Г.Қалмұратова

А.Қосуақов

А.Шопанов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Орындалды

Мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға арналған жаңа инватакси көлігі пайдалуға берілді

Жаңаөзен қаласы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының №91, 92, 93 тармақтарын орындау мақсатында «Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан мемлекеттік сатып алу арқылы  ЖШС «Сағат Фарм» мекемесі жеңімпаз болып, ағымдағы жылдың шілде айында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдауға арналған 1 бірлік инватакси көлігі сатып алынып, қолданысқа берілді. Инватакси қызметі                   2014 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тапсырысына сәйкес тасымалдау қызметін көрсетеді. Қазіргі таңда қала және оған іргелес орналасқан елді мекендерде 5 000 жуық мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде инватакси қызметін пайдалаушылар саны - 497. Заман талабына сай, соңғы үлгіде жабдықталған жаңа көлікпен қала ішінде және қала аралық бағыттарға тапсырыстар қабылдап, тасымалдау қызметін жандандыру жоспарлануда.

 

24.          

Рахат ауылы «Мерей» шағын-ауданына жалпы ұзындығы  17,84 шақырым болатын автокөлік жолы құрылысына ЖСҚ жасақтауға қаражат бөлу туралы

 

Ә.Құттұмұрат-ұлы

М.Альбекова

А.Қалиев

А.Қосуақов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

2023-2025 жылдарға арналған бюджетті бекіту барысында 6 млн.теңге қаржы ЖСҚ жасақтауды бастауға жоспарланды.

25.          

Рахат ауылы «Ақсу» шағынауданы, №18 орта мектепке 288 орындық қосымша жапсаржай ғимараты құрылысын салу туралы

 

Г.Қалмұратова

М.Альбекова

Г.Қызылғұлова

А.Манкешова

А.Қосуақов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Рахат ауылындағы №18 орта мектепке 288 орындық жапсаржай салу жобасы бойынша  жобалық сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны – 539,887 млн. Рахат ауылындағы №18 мектепке жапсаржай «Жәйлі мектеп» бағдарламасы аясында 2023-2025 жылдары бағдарламасы аясында құрылысы салынатын болады.

26.          

Жаңаөзен қаласында интеллектуалды мектептерді салу туралы

Г.Қалмұратова

М.Альбекова

Г.Қызылғұлова

А.Манкешова

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Жаңаөзен қаласындағы «Балалар үйі» 2012 жылы жабылып, тәрбиеленушілері облыстық балалар ауылына ауыстырылды.

Қазіргі таңда «Балалар үйі» ғимараты бос тұрғандықтан,  орнына 1200 орындық интеллектуалдық мектеп салу жоспарланып, комиссия отырысы өтті. Жоба 30 млн. теңгеге бағаланып, конкурс жариялауға құжаттар дайындалуда.

"Самұрық-Қазына" АҚ қаржыландыру күтілуде. Тапсырыс беруші: Құрылыс бөлімі. Мердігер: «Bi Group» ЖШС. «Bi Group» ЖШС тарапынан Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімімен бірге ЖСҚ әзірленуде.  Шамамен 8,2 млрд. теңгені құрайды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда  «Шаңырақ» шағын ауданында орналасқан    «Балалар үйі» ғимараты  бос тұрғандықтан  орнына «ABAY MEKTEPTERI» қоғамдық қоры  жалпы ауданы 11 000 ш.м., 4 қабатты, 48 сынып  орналасатын 1200 орындық интеллектуалдық мектеп салу бойынша ұсыныс  білдірді.

27.          

Қызылсай ауылындағы муниципалды тұрғын үйлерді қайта қалыпқа келтіру туралы

(Нұрболат Темірбаев)

Б.Орынбасаров

М.Альбекова

А.Қосуақов

Б.Қартбаев

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Қызылсай ауылындағы              4 муниципалды тұрғын үйлердің: бір үйге толықтай ремонт жүргізілді, тағы бір үй ремонт жасауға келмегендіктен бұзу жасалады. Қалған екі үйге қаражат бөлінген жағдайда 2023 жылы ремонт жасау жоспарлануда

 

28.          

Жаңаөзен қаласының тыныс тіршілігін қалыпты деңгейде қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызмет көрсететін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына қаржылық қолдау көрсету туралы

 

Ә.Құттұмұрат-ұлы

М.Альбекова

Б.Қартбаев

А.Қосуақов

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Орындалды

Бүгінгі күнге  Жаңаөзен қаласының тыныс тіршілігін қалыпты деңгейде қамтамасыз ететін  «Тазалық-С»     ЖШС-нің  10, 20, 30% -ға жұмыстың ауыр және жеңіл түрлеріне қарай жалақылары мекеменің кірісі есебінен көтерілді.

2022 жылға бюджетті бекіту барысында Жаңаөзен қаласының санитариялық тазалау жұмыстарына 804 млн. теңге қарастырылды.

29.          

Жаңаөзен қаласының тозығы жеткен көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу туралы

Б.Орынбасаров

М.Альбекова

Б.Қартбаев

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Жаңаөзен қаласында   көппәтерлі тұрғын үйлер  саны 260 (екі жүз алпыс) қамтиды.  2012 жылы «Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау - эксперименталдық сейсмикаға төзімді құрылыс пен сәулет институты» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынының (ҚазҒЗСТҚСИ) мамандарымен - Жаңаөзен қаласының 1950-1970 жылдар аралығындағы  көппәтерлі тұрғын үйлерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп 52 тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмыстарын жасау қажет деп тапты. Бұл  үйлердің пайдалануға берілгеніне 40-50 жыл болған. Бұған дейін күрделі жөндеу  жұмыстары жасалмаған.

Өз кезегінде, Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді дамыту жоспары аясында 2019 жылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының демеушілігімен 25 көппәтерлі үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 257 млн теңге қаражат бөлінген болатын.  Осы қаражаттың 74 млн теңгесі аталған тұрғын үйлерге құрылыс-техникалық зерттеу жүргізуге, энергоаудит жасауға, жобалық-сметалық құжат әзірлеп, ведомстводан тыс сараптама қорытындысын алуға жұмсалды (өзге де қаражат көздерінің есебінен жалпы жиыны 27 көппәтерлі тұрғын үй қамтылды). Сараптама қорытындысына сай, күрделі жөндеу жұмыстарының құны 1,6 млрд теңгені құрайды.

Бөлінген қаражаттың қалған бөлігіне, яғни 183 млн теңгесіне 3 көппәтерлі тұрғын үйге (Шаңырақ ш/а 19 үй, Шұғыла ш/а 5, 6 үйлер) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.   2021 жылы қайтарымды механизм қаражаты есебінен жобалық-сметалық құжатнамалары дайын  тұрғын үйлердің пәтер иелеріне  күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға ұсыныс беріліп, «Шұғыла» шағын ауданы №1,3 тұрғын үйлерге  жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 Күрделі жөндеу жұмыстары көппәтерлі тұрғын үйлердің тіреу конструкциялары, баспалдақтарды жаңарту, ішкі инженерлік желілері толық ауыстырылып, шатыры жаңартылып, энерготиімді нысанға айналды. Қазіргі таңда  2 үйдің сыртқы келбетін әрлеуге жергілікті бюджеттен 52 миллон шамасында қаражат күтілуде.

 Қайтарымды механизмді басты мақсаты көппәтерлі тұрғын үйлерді қалыпқа келтіріп, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау.  Бұл бағдарламаға республикалық бюджет есебінен 69 806 171  теңге қаражат бөлінді («Шұғыла» шағын ауданы №1 үйге 27 618 709 теңге. №3үйге 42 187 462 теңге). Бөлінген қаражаттың қайтарылу мерзімі 7 жыл, әр пәтердің көлеміне қарай 7500 -10000 теңге аралығында пәтер иесі «Ақтау тұрғын үй» үкіметтік емес  ұйымына  төлем жасап отырады.

2022 жылға  бұл механизмді кең көлемде тұрындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қазіргі таңда 7 үйге 377 801 646,4 теңгеге («Шаңырақ» шағын ауданы №2 үйге 64 045 202,7 теңге. №3 үйге 62827921,4  теңге, «Шұғыла» шағын ауданы №7 үйге 22 863 454 теңге. №25 үйге 60 677 832,6 теңге, «Самал» шағын ауданы №15 үйге 61 767 524,7 теңге. №14 үйге 81 377 951 теңге. №18 үйге 24 241 750 теңге ) жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісім шарт берілді. Жұмыстар жасалуда. Аяқталу уақыты  2023 ж. ақпан айы. Жоспарда 14 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жасаумыз қажет.

 

 

30.          

Жаңаөзен қаласы және оған қарасты елді мекендерде автомобиль жолдарының құрылысын салу туралы

Б.Орынбасаров

М.Альбекова

А.Калиев

А.Қосуақов

 

2022 жыл

желтоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендерге автокөлік тас жолдарын салу үшін ұзындығы          14,3 шқ (13көше) құрайтын,          5 ЖСҚ – ларға Республикалық бюджеттен 851,310 млн. теңге бөлінді.

2 жоба бойынша        6,9 шқ (7көше) автокөлік жолын салуға Республикалық бюджеттен 351,750 млн. теңге бөлінді.

Қосымша қаржыландырылған 3 жоба бойынша 7,4 шқ         (6,көше) автокөлік жолдарын салу үшін 468,05 млн. теңге бөлінді.

Жоғарыда аталған 5 жобаға қажетті қаражат көлемінің 90% 851,310 млн. теңге Республикалық бюджеттен бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Қосымша жергілікті бюджеттін 10% 96,867  млн. теңге қаражатты бөлуді қажет етеді.

(Жобалар өтпелі кезең 2022ж.-2023ж.)

31.          

Көше жарығы туралы

(Темирбаев Нурболат)

М.Ибағаров

2022 жыл

IV тоқсан

Қаражат талап етіледі

Орындалды

Жаңаөзен қаласының көше жарығын салу және қайта жаңарту қызметі аясында, Марабаев даңғылы Ақтау бағытындағы жолдың кіре берісінен бастап "ҚазМұнайГаз" жанар жағармай құю стансына дейін және "КазМұнайГаз" ЖЖҚС-нан Балғынбаев көшесінің қиылысына дейін сонымен қатар Бейбітшілік көшесінің көше жарығының кабельдері жаңартылды. Ескі шамдар жаңа жарық диодты шамдарға ауыстырылуда. Нәтижесінде, 11225 метр кабель желісі, 359 дана жарықдиодты шамдар жаңадан орнатылады. 2022 жылдың 6 айында Марабаев көшесінің    4000 метр  кабель желісі жаңартылып, 200 Вт - 87 дана жарықдиодты шамдар жаңадан орнатылып, толықтай жарықтандырылды. Қала аумағындағы алаңдар, саябақтарында жарықтандыру жүйесіне жаңғырту жүргізілуде. Жарық диодты шамдар және кабель желілері жаңартылған.

32.          

2006 жылы берілген жер учаскесі газ желісінің санитарлық қорғау аймағында жатуына байланысты кері қайтарылып алынды. Кері қайтарып алған жер учаскесінің орнына басқа жер учаскесін беру туралы

М.Ибағаров

Үнемі

Қаражат талап етілмейді

Бақылауда

Теңге ауылының оңтүстік шығысынан солтүстік-батысына дейін жеке тұрғын үй секторларынан, 100-250 метр қашықтықта «КазГПЗ – КС Узень» және «Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау» магистральдық газ құбырлары орналасқан. Бірқатар жер учаскелері магистральдық газ құбырларының  санитарлық қауіпсіздік аймағына кіруіне байланысты, 2010-2011 жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ және «ҚазТрансгазАймақ» АҚ тарапынан тұрғын үй құрылысын жүргізуге тыйым салынған.  Сол магистральдық газ құбырларының санитарлық қауіпсіздік аймағына кірген жер учаскелерінің иелеріне әкімдік тарапынан құжаттарының көшірмелерін тапсыру жөнінде жұмыстар жүргізілген болатын. Осыған сәйкес, ауыл әкімдері келіп құжаттарын тапсырғандар саны 22, яғни ешқандай құрылыстар жүргізілмеген жер учаскелерінің иелері болды. Осы күнге дейін, магистральдық құбырының 200 метр санитарлық аймағынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізбеген жер учаскесінің иелері, жеке тұрғын үй құрылысына өзге жерден жер учаскесін беру немесе тұрғын үй құрылысын өз жерлеріне жүргізу рұқсат беруді сұраған.

Жаңаөзен қаласы әкімінің 2015 жылғы 16 сәуіріндегі № 484 қаулысымен Теңге

ауылының нақты жоспарлау жобасы бекітілді. Жобаға сәйкес, бас жоспарға жаңадан

жеке тұрғын үй құрылысына арналған 44,45,46, 47 және 48 көшелері енгізіліп, жалпы саны 68 жер учаскесі белгіленген. Алайда, аталған көшелерде инфрақұрылымы (газ,

су) толық жүргізілмеген.

Сонымен қатар, 44,45,46 көшелердегі су құбырын аяқтау, 48 көшеге су құбырын

жүргізуге және 44,45,46 көшелерге газ желісін жүргізуге сметалық құжаттама

жасақтау үшін ұсыныс берілген. Инфрақұрылым толық жүргізілгеннен кейін жер учаскелерін беру бойынша шаралар алынатын болады.

33.          

№11 орта мектебі мен А.Жұбанов көшесіне дейін жарық шамдарын орнату туралы

(Мұхамедқалиев Амангелді)

М.Ибағаров

2022 жыл

IV тоқсан

Қаражат талап етіледі

Орындалды

Теңге ауылының көше жарық шамдарына қызмет көрсетуші мекемемен №11 орта мектебі мен А. Жұбанов көшесіне дейін жарық диодты шамдар орнатылды.

34.          

Қала ішіндегі шағын аудандарда жер асты суларының шығуы, сорғылардың жасамауы туралы.

 

 

 

Жаяу жүргіншілер жолын салу туралы

(Қармысова Гульбану, «Бостандық» ш/а тұрғыны)

М.Ибағаров

2022 жыл

IV тоқсан

 

 

 

 

 

 

2022 жыл

IV тоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

«Арай», «Бостандық» шағынаудандарында грунттық суларын жинау және жоюға арналған дренаждық жүйелерін тазалау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде(орындалды).

 

Қазіргі уақытта, «Өзенинвест» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына бөлінетін қаражат есебінен қалаішілік көшелерге жаяу жүргінші жолдары «тротуар» салынып, ескірген тротуарларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда қала бойынша 13,4 км, Рахат ауылы бойынша 6,7 км, Теңге ауылы бойынша 5,4 км, Қызылсай ауылы бойынша 2,9 км, барлығы 28,4 км жаяу жүргінші жолдары салынды.

Сонымен қатар, 2022 жылы қала аумағына жаяу жүргінші жодарын салу жұмыстары кезең-кезеңмен жоспарға сәйкес жүргізілуде.

 

35.          

Тенге ауылына көше жарық шамдарын орнату туралы

М.Ибағаров

2022 жыл

IV тоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Теңге ауылының көше шамдары орнатылмаған жерлерге жарық диодты шамдар орнатуға сметалық құжаттама жасақталды. Сметалық құны -48 344 мың теңге. Қаражат бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылды.

36.          

Бүлінген жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

М.Ибағаров

2022 жыл

ІІІ тоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

Теңге ауылы аумағында, бүгінгі таңда 18 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынған.

2022 жылға Қазақстан көшесінен Ахмет Жұбанов көшесі аралығы және Күләш  Байсейітова көшесінен Шәкен Айманов көшесіне дейін 1000 метр жаяу жүргіншілер жолы жоспарға енгізіліп, қазіргі таңда жұмыстары басталды.

Ауыл аумағындағы жаяу жүргіншілер жолының 710 шаршы метрінің тастарын,  1260 метр жиек тастарын ауыстыруды және 2745 шаршы метрін жол деңгейінен көтеру үшін сметалық құжаттама жасақталды.

Сметалық құны -17,2 млн.теңге

Қазіргі таңда қаражат қарастыру жұмыстары жүргізілуде.

Смета жолданды

37.          

«Мерей» шағынауданы №61 көшеден №78 көшеге дейін автокөлік жолы және жаяу жүргінші жолы құрылысын салу туралы

(Рахат ауылының тұрғыны – Есиркепов Абидулла)

М.Ибағаров

2022 жыл

IV тоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

«Рахат ауылы Мерей шағынауданы автокөлік жолдарын салу» (1), (2), (3) (17,84шқ) ЖСҚ жасақтау үшін жүргізілген алдын-ала іздену жұмыстары (ПИР) бойынша,  37,294 млн. теңге қаражат  бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Бюджеттен тиісті қаражат бөлінген жағдайда, ЖСҚ жасақталып, құрылыс жұмыстарына қаражат бөлінуі үшін бюджеттік өтінім беріледі. Бюджеттен құрылыс жұмыстарына тиісті қаражат бөлінген жағдайда 17,84 шқ автокөлік тас жолдарын салу құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

       Ұсыныста аталған «Мерей» шағынауданы №61 көшеден №78 көшеге дейінгі №3 аралық жолы осы жасақтау жоспарланған ЖСҚ – ға енгізілген.

38.          

Рахат ауылы, «Мерей» ш/ң көше жарық бағаналарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

М.Ибағаров

2022 жыл

IV тоқсан

Қаражат талап етіледі

Орындалды

2022 жылдың жоспары бойынша ауылға 1 190 дана жарық диодты шамдар орнату жұмыстары бар. Қазіргі уақытта, 992 данасы толық орнатылды. Олар «Мерей» шағынауданының Ө.Нұрбаев (35) көшесінен 52 көшесіне дейінгі жұмыстар аяқталды. «Ақсу» шағынауданының Үстірт (13), Жеңіс (14), Мәтжан би (15) және Ш.Бөлтекұлы (18) көшелеріне жарық диодты шамдар орнатылды.

 

39.          

«Болашақ сарайы» салу туралы

М.Ибағаров

2022 жыл

IV тоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

BI Group-тың                        қаржыландыруымен  "EURASIA DESIGN" ЖШС проект жасақтауда. Жобалық-сметалық құжаттама шыққаннан кейін, құрылыс 2023 жылдың қаңтар айында бастауға жоспарланып отыр.

40.          

Теңге ауылындағы жер асты жүргізілген газ құбырларының қауіпсіздігі туралы

(Аймұрат Қойжанов)

Б.Орынбасаров

М.Мұханов

М.Ибағаров

2022 жыл

IV тоқсан

Қаражат талап етілмейді

Орындалды

Аталған мәселе бойынша Теңге ауылының Досан Тажиев көшесіндегі жер асты газ құбыры бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалына хат жолданған болатын.

Аталған мекеме жауап хатында төмендегідей ақпарат ұсынды:

Теңге ауылының газ тарату жүйесінің газ құбырлары мен жабдықтардың жоғары дәрежеде тозуын және жылыту маусымы кезінде газдың тұтынушыларға жетіспеушілігін ескере отырып және апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында ҚР 4.03-01-2011 жыл «Газ тарату жүйелері» құрылыс нормаларының, ҚР №242-11 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» туралы, ҚР «Газ және газбен жабдықтау» туралы заңдарына сәйкес жасақталып, «Мемлекеттік сараптама» қорытындысы алынған. «Жаңаөзен қаласында және Теңге аулында газ тарату желілерін жаңғырту» жұмыс жобасы негізінде құрылыс жүргізіліп, қолданысқа 2017 жылы берілген.

Пластикалық газ құбырының кепілдік пайдалану мерзімінің өтпеуіне байланысты аталған газ құбырларын жер бетіне шығару жұмыстары қарастырылмайтындығын хабарлады.

41.          

Ауыз су тапшылығын шешу мақсатында Кендірлі демалыс аймағы ауданында магистралды құбыр жолы бар, қуаты тәулігіне 50 000 текше метр теңіз суын тұшыту зауытын салу туралы

Б.Орынбасаров

Б.Қартбаев

М.Ибағаров

2022 жыл

IV тоқсан

Қаражат талап етіледі

Бақылауда

«Самрұқ-Қазына» АҚ ақпаратына сәйкес, «Кендірлі ауылында қуаты тәулігіне 50000 м3 тұщыландыру зауытын салу» жобасы Жаңаөзен қаласының тұрғындары мен кәсіпорындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге және Маңғыстау облысындағы су тапшылығын қанағаттандыру және әлеуметтік жүктемені төмендету үшін «Астрахань-Манғышлақ» магистральдық суағарына қаржылық және техникалық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. 2023 жылғы 1 тоқсанға дейін ТЭН-ге түзету жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, тұщыландыру зауытын жобалау және салу үшін EPC-мердігерді таңдау бойынша 2 кезеңдік ашық халықаралық конкурс өткізілетін болады. Құрылыс-монтаж жұмыстарына 2023 жылғы 3 тоқсанда кірісу жоспарлануда.

Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың Маңғыстау облысы тұрғындарымен кездесуінің қорытындысы бойынша ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ
Дата публикации
30 декабря 2022