Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (электрондық аукцион) өткізу туралы хабарландыру
«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2023 жылы 09 наурыз күні сағат 10:00-де (Астана қаласының уақытымен) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру (ағылшын) әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.
Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы №297 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады.
Аукционға өтінімдерін тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады. Яғни, 2023 жылдың 17 ақпан күннен (Астана қаласының уақытымен) - 2023 жылдың 09 наурыз күні сағат 09:55-ке дейін сауда-саттыққа қатысу туралы өтінім қабылданады.
Өтінімде көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде веб-порталда деректерді өзгертуді жүзеге асырады.
Өтінімді қабылдаудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) қатысушының осы Қағидалардың 14-тармағында (Сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушы веб-порталда өтінім береді және электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қояды.) көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықтың басталуына бес минут қалғанға дейін ұйымдастырушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі;
2) Жер кодексінің 20-бабы 2-тармағының үшінші абзацына және 24-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес;
3) қатысушының Жер кодексінің 96-1-бабына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде болуы.
Аукционға қатысуға рұқсат етілген қатысушыға аукцион залына веб-портал берген аукцион нөмірі бойынша кіруге рұқсат етіледі.
Назар аударыңыз! Бағаны көтеру аукционына қатысушылар аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді, бастапқы бағадан төмен болмайтын сауда-саттық объектісі үшін өзінің баға ұсынысын көрсетеді.
Аукцион сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақытта басталады. Егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда сауда-саттық объектісін сатып алуға ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы сауда-саттық объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.
Егер аукцион басталған сәтте сауда-саттық объектісі бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса (сауда-саттық объектісін жалғыз қатысушыға сатуға жол берілетіне үшінші аукционды (бағаны төмендету аукционын қоспағанда), аталған сауда-саттық объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады.
Сауда-саттықтың сатып алушысының кепілдік жарнасы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сауда-саттыққа қатысу кезінде мәлімделген шарттарда жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуды қамтамасыз ету болып табылады.
Кепілдік жарна Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 916-бабының 10-тармағына сәйкес қайтарылмайды.
Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз сауда-саттық өткізілген күні веб-порталда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының арасындағы сауда-саттық жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қою шарттарын тіркейтін құжат болып табылады.
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты веб-порталда электрондық форматта жасалады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сатушы мен сатып алушы қол қояды.
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі. Бұл ретте сатып алушы ұйымдастырушыға төлемдерді аударуды мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) кепілпұл (аванстық төлем) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сату бағасының 50 (елу) %-ы мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;
2) қалған сома жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмей енгізіледі.
Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы веб-порталда қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және аталған сауда-саттық объектісі күші жойылған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады.
Сауда-саттық объектісін беру жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей сатушы мен сатып алушы веб-порталда қол қоятын қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүргізіледі.
Егер сатып алушы соңғы төлемді өтеу міндеттерін осы Қағидалардың 58-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде орындамаса, онда сатып алушы күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жер учаскесі үшін төлем төленген күнге дейін төленуі тиіс күннен бастап кешіктірілген мерзім үшін өсімпұл (тұрақсыздық айыбын) төлейді.
Сауда-саттық нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы даулар сот тәртібімен қаралады.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:
Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН:050540004455, ТТК:171, БЕК:16.
Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, ЖСК:KZ946017111000000330, БСК:HSBKKZKX.
Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.
|
р/с № |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Нысаналы мақсаты |
Алаңы, га |
Жер теліміне құқық түрі |
Жер теліміне ауыртпалық (шектеу)
|
Жылдық жалдау төлемінің сомасы (теңге) |
Сауда-саттықты өткізу тәсілі мен әдісі |
Бастапқы баға (ең төменгі баға) теңге |
Кепілдік төлемі (теңге) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
1 |
Жаңаөзен қаласы, №1 Өндірістік аймақ, №97/2 құрылыс |
Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін |
0,64 |
Жалдау құқығын сатумен 6 жылға |
Жер учаскесі толық игерілгенге дейін және жер учаскесін құнын толық төлегенше, жер учаскесіне меншік құқығымен мәмілелер жасауға тыйым салынады. |
52 480 |
Бағаны көтеру әдісі |
894 720 |
172 500 |
|
2 |
Жаңаөзен қаласы, №1 Өндірістік аймақ, №34/2 құрылыс |
Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін |
0,4 |
Жалдау құқығын сатумен 6 жылға |
Жер учаскесі толық игерілгенге дейін және жер учаскесін құнын толық төлегенше, жер учаскесіне меншік құқығымен мәмілелер жасауға тыйым салынады. |
32 800 |
Бағаны көтеру әдісі |
559 200 |
172 500 |
|
3 |
Жаңаөзен қаласы, №1 Өндірістік аймақ, №97/3 құрылыс |
Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін |
0,5 |
Жалдау құқығын сатумен 6 жылға |
Жер учаскесі толық игерілгенге дейін және жер учаскесін құнын толық төлегенше, жер учаскесіне меншік құқығымен мәмілелер жасауға тыйым салынады. |
41 000 |
Бағаны көтеру әдісі |
699 000 |
172 500 |
|
4 |
Жаңаөзен қаласы, №2 Өндірістік аймақ, №40/1 құрылыс |
Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін |
0,7 |
Жалдау құқығын сатумен 6 жылға |
Жер учаскесі толық игерілгенге дейін және жер учаскесін құнын толық төлегенше, жер учаскесіне меншік құқығымен мәмілелер жасауға тыйым салынады. |
57 400 |
Бағаны көтеру әдісі |
978 600 |
172 500 |
|
5 |
Жаңаөзен қаласы, №2 Өндірістік аймақ, №9Г құрылыс |
Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін |
0,375 |
Жалдау құқығын сатумен 6 жылға |
Жер учаскесі толық игерілгенге дейін және жер учаскесін құнын толық төлегенше, жер учаскесіне меншік құқығымен мәмілелер жасауға тыйым салынады. |
30 750 |
Бағаны көтеру әдісі |
524 250 |
172 500 |
|
6 |
Жаңаөзен қаласы, №2 Өндірістік аймақ, №8/1 құрылыс |
Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін |
0,2 |
Жалдау құқығын сатумен 6 жылға |
Жер учаскесі толық игерілгенге дейін және жер учаскесін құнын толық төлегенше, жер учаскесіне меншік құқығымен мәмілелер жасауға тыйым салынады. |
16 400 |
Бағаны көтеру әдісі |
279 600 |
172 500 |
|
7 |
Жаңаөзен қаласы, №3 Өндірістік аймақ, №24/3 құрылыс |
Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін |
0,16 |
Жалдау құқығын сатумен 6 жылға |
Жер учаскесі толық игерілгенге дейін және жер учаскесін құнын толық төлегенше, жер учаскесіне меншік құқығымен мәмілелер жасауға тыйым салынады. |
13 120 |
Бағаны көтеру әдісі |
223 680 |
172 500 |
|
8 |
Жаңаөзен қаласы, №3 Өндірістік аймақ, №24/4 құрылыс |
Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін |
0,16 |
Жалдау құқығын сатумен 6 жылға |
Жер учаскесі толық игерілгенге дейін және жер учаскесін құнын толық төлегенше, жер учаскесіне меншік құқығымен мәмілелер жасауға тыйым салынады. |
13 120 |
Бағаны көтеру әдісі |
223 680 |
172 500 |
|
9 |
Жаңаөзен қаласы, №4 Өндірістік аймақ, №19В құрылыс |
Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін |
0,1197 |
Жалдау құқығын сатумен 6 жылға |
Жер учаскесі толық игерілгенге дейін және жер учаскесін құнын толық төлегенше, жер учаскесіне меншік құқығымен мәмілелер жасауға тыйым салынады. |
9 815,4 |
Бағаны көтеру әдісі |
167 340,60 |
172 500 |
|
10 |
Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, Жұлдыз шағын ауданы, Дәулеткерей көшесі, №100А |
Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін |
0,15 |
Жалдау құқығын сатумен 6 жылға |
Жер учаскесі толық игерілгенге дейін және жер учаскесін құнын толық төлегенше, жер учаскесіне меншік құқығымен мәмілелер жасауға тыйым салынады. |
720 |
Бағаны көтеру әдісі |
209 700 |
172 500 |
|
11 |
Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылынан |
Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін |
0,0400 |
Жалдау құқығын сатумен 6 жылға |
Жер учаскесі толық игерілгенге дейін және жер учаскесін құнын толық төлегенше, жер учаскесіне меншік құқығымен мәмілелер жасауға тыйым салынады. |
192 |
Бағаны көтеру әдісі |
55 920 |
172 500 |
|
12 |
Жаңаөзен қаласы, Қызылсай-Жаңаөзен тас жолы бойынан |
Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін |
0,24 га |
Жалдау құқығын сатумен 6 жылға |
Жер учаскесі толық игерілгенге дейін және жер учаскесін құнын толық төлегенше, жер учаскесіне меншік құқығымен мәмілелер жасауға тыйым салынады. |
1152 |
Бағаны көтеру әдісі |
335 520 |
172 500 |
|
13 |
Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, Рахат шағын ауданы, Н. Тілендиев көшесі, №21Г құрылыс |
Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін |
0,016 |
Жалдау құқығын сатумен 6 жылға |
Жер учаскесі толық игерілгенге дейін және жер учаскесін құнын толық төлегенше, жер учаскесіне меншік құқығымен мәмілелер жасауға тыйым салынады. |
76,8 |
Бағаны көтеру әдісі |
22 368 |
172 500 |
|
14 |
Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, «Жұлдыз» шағын ауданы, Б. Сұлтан көшесі, №100А учаске |
Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін |
0,15 |
Жалдау құқығын сатумен 6 жылға |
Жер учаскесі толық игерілгенге дейін және жер учаскесін құнын толық төлегенше, жер учаскесіне меншік құқығымен мәмілелер жасауға тыйым салынады. |
720 |
Бағаны көтеру әдісі |
209 700 |
172 500 |
Ұйымдастырушы: «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ
Анықтама телефондары: 8 (72 934) 47-4-55.