"Халық қатысатын бюджет" жобасы іске қосылды

"Халық қатысатын бюджет" жобасы іске қосылды

  • Креативті және жанашыр қала тұрғындарының назарына! 2023 жылдың 20 ақпаны мен 10 наурызы аралығында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінімдер қабылданады.
  • Кез келген адам қала аумағын дамыту мен абаттандыруға бағытталған өз идеясын ұсына алады. Егер сіздің бастамаңыз дауыс беру процесінде қала тұрғындары тарапынан қолдау тапса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.
  • Халық қатысатын бюджеті шеңберінде келесі іс-шараларға өтінім қабылданады:
    1) аумақты көгалдандыру;

2) тротуарларды жайластыру;

3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);

5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;

6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;

7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;

8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;

9) санитарияны қамтамасыз ету.

  • Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
  • Бір ұсыныс аясында қысқаша атау;
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің құзыретінде жүзеге асыру;
  • Бір автор - бір өтінім - бір нысан;
  • Ортақ пайдалану нысаны.

• Жобалық ұсыныста шығыстардың болжамды сметалық есебі немесе/және баға ұсынысы, сондай-ақ фото суреті/эскизі/макеті/схемасы болуы қажет.

"Халық қатысатын бюджет" жобасы іске қосылды
Дата публикации
16 февраля 2023