Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 04 маусым
№352 қаулысымен
Бекітілген
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемсінің
ЕРЕЖЕСІ
Егер «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1)мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын-өмірге қосу;
2)Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамыту стратегиясын іске асыру, қалада мемлекеттік, әлеуметтік – экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және әлеуметтік, экономикалық үрдістерді басқару, осы мақсаттар үшін барлық жергілікті атқарушы билік органдарының келісіп қызмет етуін қамтамасыз ету.
3)заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азамттардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық-саяси өмірінде белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;
4)Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және орындалуын қамтамасыз ету және қаланың аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың оларды орындалуын бақылау;
5)Қазақстан Республикасының заңнамасы мен қарастырылған өзге де міндеттер.
16.Функциялары;
1)қаладағы ішкі саясат пен экономикалық жағдайларды талдайды, оның дамуын болжайды, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, қала әкіміне және әкімдігіне бағыныстағы жергілікті атқарушы органдардың және лауазымдық тұлғалардың жұмыстарын талдайды, қоғамдық пікірлерді зерделейді, қала әкімінің және әкімдік мүшелерінің сұраған мәселелері бойынша ақпарат дайындайды;
2)әкімдіктің және әкімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардан түскен ақпараттарды, өтініштерді және ұсыныстарды жинауға және өңдеуге жүзеге асырады;
3)қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз ету;
4)қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, ауыл әкімдерінің аппаратында атқарушы тәртіп жағдайына талдау жүргізетін және әкімді ақпараттандырады;
5)Аппарат жұмысын жоспарлайды, әкімдік отырыстарының, кеңестердің семинарлардың және басқа да іс-шаралардың өткізілуін, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады;
6)Қала әкіміне бағынысты мемлекеттік басқару органдарына қызметіндегі өзара іс-қимыл мен үйлесімді қамтамасыз етеді;
7)Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің және әкімдігінің, қала әкімінің және әкімдігінің актілерінің және тапсырмаларының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
8)әкімнің, әкімдік мүшелерінің тапсырмасы бойынша тұрақтылық негізде тексерулер жүргізеді, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерден тыңдайды және жазбаша түсініктемелерін талап етеді;
9)Аппаратты іс жүргізуді қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізеді;
10)қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарайды;
11)басшылықтың азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады;
12)мемлекеттік тілді кең түрде қолдануға бағытталған шараларды қабылдайды;
13)жұмыстың тәселі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
14)еңбек ақы қорының дұрыс жұмсалуын бақылауды, лауазымдық жалақылардың белгіленуін жүзеге асырады;
15)белгіленген уақытта дебиторлық берешектерді өндіріп алады және кредиторлық берешектерді өтейді;
16)Аппарат бойынша айлық, тоқсандық және жылдық есептерді құрады;
17)банктік құжаттарды өңдейді;
18)мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;
19)қала әкіміне бағынысты мемлекеттік органдардың қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарды белгіленген тәртіппен қала әкімі аппаратының мүдделерін ұсынады;
20)қала әкімі аппаратында нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізуді тұрақты түрде үйлестіреді;
21)нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және қала әкімі аппаратының құқықтық мәселелер жөніндегі құжаттарын дайындайды;
22)қала әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
23)заңнамалық актілермен көзделген жағдайларда, қала әкімі аппаратының құзыретіне жататаны құқықтық мәселелер бойынша қала әкімі аппаратының атынан түсініктеме дайындайды;
24)қала әкімі аппаратына келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастырады;
25)қала әкімі аппаратының норма шығармашылық қызметін талдайды және талдау нәтижелері бойынша қала әкімі аппаратының басшысына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізіледі;
26)мемлекеттік органның дербес басқару стратегиясын әзірлейді және іске асырады;
27)мемлекеттік органның кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдайды және жоспарлайды;
28)мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастырады және конкурстық іріктеуді ұйымдастырады;
29)мемлекеттік органның кадр мониторингін жүргізеді және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» дербес басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі;
30)мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етеді;
31)конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
32)мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз етеді;
33)мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастырады, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
34)мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
35)мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік орган басшысына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгізеді;
36)өзіңіз құзіреті шегінде Жаңаөзен қаласы әкімдігінің Регламентін сақтауға қамтамасыз етеді;
37)азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жұмысын бақылайды;
38)қала әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз етеді;
39)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін көтеру;
40)Төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою жүйесін көтеру;
41) «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық технологияларды қолдануды іске асыру;
42) «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті құжаттарды, қорытындыларды, материалдарды және мәліметтерді сұратуға және алуға;
2)қала әкімінің және қала әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын дайындауға ұсыныстар енгізуге және қатысуға;
3)қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерін, қала әкімдігіне ведомствоаралық бағыныстағы мекемелерді құру, қайта құру, тоқтату мәселелері бойынша ұсыныстарды енгізуге;
4)өзінің құзіретіндегі мәселелер бойынша «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің басшыларына, ведомствоаралық бағыныстағы ұйымдарға, мекемелерге қажетті тапсырмалар беруге;
5)Жаңаөзен қаласы әкімдігі және әкім аппараты атынан сотта талапкер және жауапкер болуға;
6)заңнамада қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға.
1)Қала әкімінің бекітуіне «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, қала әкімі орынбасарыларының арасында міндеттерді бөлу, «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық құрамы бойынша ұсыныстар енгізіледі;
2)Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мамандарының жұмысын үйлестіреді, «Жаңаөзен қала әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің және өзге құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
3)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
4)қала әкімдігі мен қала әкімінің актілерінің орындалуы мен қадағалануы, оның тапырмаларының орындалуын бақылау жұмысын үйлестіреді;
5)қала әкіміне қол қою және қарау үшін әкімдіктің қаулыларының, қала әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің және қала әкімдігіне жолданған басқа да материалдарды ұсынады;
6)бұйрықтар шығарады;
7)ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
8)қызметтік құжаттамаға қол қояды;
9)заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерді көтермелейді, оларға тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
10)қызметкерлерді іс сапарларға, тағылымдамаларға, оқуға жібереді;
11)қаланың өкілді органы – Жаңаөзен қаласының мәслихатымен, қалалық бөлімшелерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен тұрақты негізде байланысты қамтамасыз етеді;
12)қаланың кадр саясатын жүзеге асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
13)сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолдануға дербес жауапкершілікте болады;
14)осы Ережеде көрсетілген, сондай-ақ қала әкімі оған жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы, «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ұйғарған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үдерістерінің заңнамада белгіленген тәртіпте орындалысын жүзеге асырады.
Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.