Жаңаөзен қалалық №7 округтік сайлау комиссиясының
Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаттығына
тіркелген кандидат туралы
ХАБАРЫ
Жаңаөзен қалалық №7 округтік сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 104-бабының 6-1 тармағының 1-тармақшасына сәйкес, 2023 жылдың 06 ақпаны күні, «Amanat» партиясының Жаңаөзен қалалық филиалынан ұсынылған келесі кандидатты тіркеді:
Калбаев Аргынбек Толыбекович - 1989 жылы туған, «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының №1 Мұнай және газ өндіру басқармасында жерасты жабдықтарын диагностикалау және жөндеу цехының механигі болып жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласы Теңге ауылында тұрады, «Amanat» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалынан ұсынылған, ұлты – қазақ.