2023 жылға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде іске асыруға жоспарланған әлеуметтік жобалар туралы ақпарат
Жаңаөзен қаласы
|
№ |
Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы |
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның атауы |
Жоспарланған сомасы (мың теңге) |
Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қысқаша мазмұны |
|
10-сала. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау |
||||
|
1 |
"Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі" ММ |
"Еңбек қатынастарынан туындайтын еңбек дауларын еңбек заңнамасына сәйкес реттеу, тараптардың іс-қимылдары" |
2 млн. 700 мың |
Соңғы жылдары Жаңаөзен қаласындағы «ӨзенМұнайГаз» АҚ және оған сервистік қызмет көрсететін кәсіпорындармен серіктестіктер, сондай-ақ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың «жұмыс беруші» мен «жұмысшы» арасындағы еңбек қатынастарынан туындайтын еңбек даулары жиелеп кетті. Аталған мәселелер еңбек заңнамасына сәйкес реттелмей жұмысшылар тарапынан заңсыз ереуілдер, аштық жариялау мен жаппай жұмысты тоқтату сияқты наразылықтар орын алды. Осыған орай, Жаңаөзен қаласындағы кәсіпорындар, мекемелерде «жұмыс беруші» мен «жұмысшы» арасындағы еңбек дауларды азайту мақсатында, оларды алдын алу және еңбек заңнамасына сәйкес шешу, «жұмыс беруші» мен «жұмысшылардың», кәсіподақ ұйымдарының құқықтық сауатттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажет етуде |
|
15-сала. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу |
||||
|
1 |
"Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі" ММ |
Азаматтық қоғамды дамыту |
1 млн. 800 мың |
2022 жылы Жаңаөзен қаласы мен іргелес ауылдарда барлығы 91 ҮЕҰ тіркелсе, оның 15 ҮЕҰ ғана белсенді. Осыған байланысты, мемлекеттік саясаттың іске асырылуы, жергілікті атқарушы органмен қабылданып жатқан шаралардың және азаматтық қоғамның дамуының маңыздылығын түсіндіре отырып, үкіметтік емес ұйымдардың өздерінің мақсаттары мен міндеттері бойынша қызметтерін жандандыру, құқықтық сауаттылығын, белсенділігін арттыру, сондай-ақ олармен азаматтық бастаманы қалыптастыруға ат салысуын, Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға шақыру. |