«Жаңаөзен қаласының қоғамдық даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай–ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы №70 бұйрығына сәйкес, «Жаңаөзен қаласының қоғамдық даму орталығы» КММ директорына бос лауазымдық қызметке конкурс жариялайды.
Функционалдық міндеттері: Заңнамаларға сәйкес мекеменің шарушылық, құқықтық-экономикалық қызметіне басшылық ету.
Біліктілік талаптар: Қажетті бейіні бойынша жоғары білімі. Басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Мекеменің электрондық мекен жайы, байланыс телефоны және орналасқан орны: din_uzen@mail.ru, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, «Неке Сарайы» ғимараты, 2-қабат, №205 бөлме, телефон: 8/72934/ 57-501, 57-503.
Мекеме атауы: «Жаңаөзен қаласының қоғамдық даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Негізгі атқаратын қызметі:
Жастар бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдау, жастар арасындағы ахуалға мониторинг және талдауды жүзеге асыру, деструктивті дәни ағымдардың қызметінен зардап шеккендерге көмек көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
ҚР Конституциясы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Мемлекеттiк жастар саясаты туралы, Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы, Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы Заңдарын білу
Конкурс жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн мерзім ішінде келесі құжаттар тапсырылуы тиіс:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада №21579 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттар болған жағдайда және тұлға талаптарға сәйкес келсе, құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылданады.
Құжаттарды қабылдайтын мекен жай: Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, құрылыс 1а, «Неке Сарайы» ғимараты, 2-қабат, №205 бөлмесі, телефон: 8/72934/57-501, 57-503.