САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР НАЗАРЫНА!

САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес, аумақтық сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған 1 (бір) комиссия мүшесінің орнына, жаңадан комиссия мүшесін сайлау жоспарланып отыр.

Осыған орай, ұсыныстар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15 қаңтары аралығында Жаңаөзен қалалық мәслихатына мына мекен-жай бойынша ұсынылуы керек:

Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі  1, әкімдік ғимараты № 219 бөлме.

Байланыс телефондары: 77-091, 77-834

Эл.пошта: maslikhat-ozen@mail.ru

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидат ұсынылған ілеспе хатты Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Темир Мусаевтың атына жолдайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

Ұсынысқа төмендегі құжаттар қоса жалғанады:

  1. Саяси партияның әділет органдарында тіркелгендігі туралы
    құжаттың көшірмесі;
  2. Саяси партияның (олардың жарғыларына сай өкілеттілігі бар
    құрылымдық бөлімшелерінің) сайлау комиссиясының құрамына
    кандидат ұсыну туралы отырыстарының, жиналыстарының
    (конференцияларының) қаулыларынан көшірмелер;
  3. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамның
    оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініші;
  4. Кандидаттың жеке куәлік көшірмесі.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Қоғамдық бірлестіктер де саяси партиялар сияқты құжаттар тізбесін тапсырады.

Белгiленген мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, қалалық мәслихат сайлау комиссияларын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

 

 

Жаңаөзен қалалық мәслихаты

САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР НАЗАРЫНА!
Дата публикации
30 декабря 2022