Жаңаөзен қаласы әкімдігіне Қазақстан Республикасы ««Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылы 30 қыркүйектегі №726 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, 92 қызмет түрлері бекітілген.
Жаңаөзен қаласы және Теңге, Рахат, Қызылсай ауыл әкімдіктерімен 2019 жылы қаңтар-желтоқсан айларында (бұдан әрі - есептік кезең):
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша қаңтар – желтоқсан айларында өткізілген түсіндіру жұмыстары туралы
Қала әкімдігі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндіру жұмыстары бойынша өткізілген шаралар саны – 60, оның ішінде мақала – 10, ашық есік күні – 6, жәрмеңке – 1, жиналыс – 1, дөңгелек үстел – 13, газетке сұхбат – 2, телеарнаға сұхбат – 10, оқыту семинарлары – 17. Қамтылған адам саны – 2336.
Мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасын бақылау
Бойынша қаңтар - желтоқсан айларында өткізілген іс-шаралары
ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 «Мемлекеттік қызметтеркөрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміндедегі №14740 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, қала әкімі аппаратының басшысымен 2018 жылы 19 желтоқсанда №302 бұйрығымен бекітілген жоспар бойынша қаңтар-желтоқсан айларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шаралары – 18, оның ішінде ЖАО – 10, ведомстволық бағынысты мекемелер – 8.
Анықталған кемшіліктер саны – 261, оның ішінде:
- мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерінің сақталмау фактілері – 7;
- ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап ету фактілері – 81;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 62;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 96;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттар топтамасының толық емес жағдайында қызмет көрсету фактілері – 7;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу фактілері – 8.
Ұсынымдар саны – 57, оның ішінде:
Орындалғаны – 57.
Қолданылған тәртіптік шаралар:
Барлығы – 9, оның ішінде сөгіс – 1, ескерту – 8.