2022 жылғы 18 желтоқсандағы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы Теңге ауылына сайланған әкімді тіркеу туралы Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2022 жылғы 18 желтоқсанда болған әкім сайлауының қорытындылары туралы сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы келесі ауыл әкімін тіркеді:
1) Теңге ауылының әкімі болып сайланған Шаудирбаев Талгат Калибаевич, 1990 жылы туған, жұмыс орны - «Теңге ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде Теңге ауылы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында тұрады.
Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы