Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы

2022 жылдың 18 желтоқсаны күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Теңге ауылының әкімінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бап пен 113-10 бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Теңге ауылы әкімінің сайлауы нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Теңге ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне  8762 сайлаушы енгізілді, оның ішінде  4563 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 245, «бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 145.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

М.Абдыров - 757, Т.Бекімбетов - 862,  Т.Шаудирбаев - 2554.

Сайлау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,  Теңге ауылының әкімі болып  Шаудирбаев Талгат Калибаевич сайланды, 1990 жылы туған, «Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Теңге ауылы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды, Жаңаөзен қаласында тұрады, «Ауыл» халықтық-демократиялық париоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша филиалымен ұсынылған, ұлты-қазақ.

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
19 декабря 2022