Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы

2022 жылдың 18 желтоқсаны күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Рахат ауылының әкімінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бап пен 113-10 бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Рахат ауылы әкімінің сайлауы нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Рахат ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне  20041 сайлаушы енгізілді, оның ішінде  10221 сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 268, «бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 358.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ж.Жакенова - 2101, М.Койланов - 2402,  Р.Сырымов - 5092.

Сайлау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,  Рахат ауылының әкімі болып  Сырымов Райымбек Талғатұлы сайланды, 1993 жылы туған, «Рахат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде Рахат ауылы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс жасайды,  Жаңаөзен қаласында тұрады,  «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалымен ұсынылған, ұлты - қазақ.

 

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
19 декабря 2022