Сараптамалық кеңесінің құрамын қалыптастыру туралы хабарландыру
Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» №18 бұйрығына сәйкес 2022 жылы «Жаңаөзен қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасының іске асырылуына мониторинг жүргізу» және «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асыру мақсатында тұрғындарға патриоттық тәрбие беру» тақырыптарында іске асырылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға бағалау жүргізу үшін сараптамалық кеңесінің құрамын қалыптастыру жұмыстарын жүгізуде.
Сараптамалық кеңесінің мүшесіне үміткерлерді іріктеу хабарландыру жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде кандидатуралар өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылады.