Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ 

Жаңаөзен қаласы                             № 30                      «18» қараша 2022 жыл    

Жаңаөзен қаласының Рахат, Теңге ауылдары әкімдерінің

сайлауын тағайындау туралы

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жаңаөзен қаласының Рахат, Теңге ауылдары әкімдерінің сайлауы 2022 жылдың 18 желтоқсанына тағайындалсын.

2. Жаңаөзен қаласының Рахат, Теңге ауылдары әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы қаулы Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының интернет-бетшесінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
18 ноября 2022