2020 жылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары

              «Бекітемін»

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Төрағасы

_________________ А. Жаилғанова

 

2020 жылғы 14 мамыр

 

 

2020 жылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

 «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын өткізу бойынша

іс-шаралар жоспары

 

 

№

Іс-шара

Жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көзі

Аяқталу нысаны

 

1.

Конкурсты ұйымдастырудың әдістемелік ұсынымдарын бекіту

МҚІА, ҰЭМ, АШМ, АҚДМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері

15 мамырға

 дейін

көзделмеген

әдістемені бекіту

2

Конкурсты өткізу туралы ақпаратты ресми интернет ресурстарында, әлеуметтік желілерде, БАҚ-та  жариялау

МҚІА, МҚІА аумақтық департаменттері, облыстық әкімдіктер

30 мамырға дейін

көзделмеген

конкурсты жариялау

 

3.

 

Аумақтық конкурстық комиссияларды құру (олардың құрамдарын бекіту)

МҚІА аумақтық департаменттері  және облыстық әкімдіктер

25 мамырға дейін

көзделмеген

конкурстық комиссияны құру

4.

Республикалық конкурстық комиссияны құру (оның құрамын бекіту)  

МҚІА, ҰЭМ, АШМ, АҚДМ

15 тамызға дейін

көзделмеген

конкурстық комиссияны құру

5.

Конкурсқа қатысуға үміткерлерден өтінімдер жинау

МҚІА, МҚІА аумақтық департаменттері, облыстық әкімдіктер

20 маусымға дейін

көзделмеген

конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің тізімін жасау

6.

Ауылдық округтардың әкімдерін бағалау үшін облыс әкімдігінің сайтында онлайн сұрақтарды немесе әлеуметтік  сауалнаманы жариялау

Облыстық әкімдіктер,  МҚІА  аумақтық департаменттері

20 маусымға дейін

жергілікті бюджет

сұрақтарды облыс әкімдігінің ресми сайтында жариялау

 

7.

Өңірлік деңгейдегі іріктеуді жүргізу. Үміткерлер ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру

МҚІА аумақтық департаменттері, облыстық әкімдіктер

30 маусымға дейін

көзделмеген

өңірлік  комиссияларға әңгімелесуге баратын қатысушыларды анықтау

 

8.

Әдеп жөніндегі уәкілдердің үміткерлер арасында сауалнама жүргізуі

облыстар әкімдіктерінің әдеп жөніндегі уәкілдері, МҚІА  аумақтық департаменттері

10 шілдеге дейін

көзделмеген

сауалнама   нәтижелерін әдеп жөніндегі уәкілдің қорытындысы түрінде аумақтық комиссияға ұсыну

 

9.

Облыс әкімдігінің сайтында онлайн немесе әлеуметтік  сауалнаманың қорытындысын шығару

МҚІА аумақтық департаменттері, облыстық әкімдіктер

10 шілдеге дейін

көзделмеген

онлайн  немесе әлеуметтік  сауалнама нәтижелерін аумақтық комиссияларға ұсыну

10.

Аумақтық комиссиялардың іріктелген үміткерлерді әңгімелесуден өткізуі

МҚІА аумақтық департаменттері, облыстық әкімдіктер

30 шілдеге дейін

көзделмеген

конкурстың бірінші кезеңін аяқтау, хаттамаға қол қою

11.

Конкурстың келесі кезеңіне өткен қатысушыларға хабарлау

МҚІА аумақтық департаменттері, облыстық әкімдіктер

5 тамызға дейін

көзделмеген

үміткерлерге уақытылы хабарлау

12.

Конкурстың екінші кезеңіне өткен үміткерлер туралы ақпаратты (құжаттарды, материалдарды) МҚІА жолдау

МҚІА аумақтық департаменттері, облыстық әкімдіктер

15 тамызға дейін

  

көзделмеген

ақпаратты МҚІА жолдау

13.

Дипломдар дизайнын жасау, оларды дайындау, естелік сыйлықтар дайындау мүмкіндігін қарастыру

 

МҚІА, ҰЭМ, АШМ, АҚДМ, жеңімпаздар анықталған облыстық әкімдіктер

конкурс нәтижесі белгілі болғанға дейін

көзделмеген

дипломдарды дайындау

14.

Республикалық деңгейде іріктеу (Республикалық комиссияның отырысын ұйымдастыру)

МҚІА, ҰЭМ, АШМ, АҚДМ

20 қыркүйекке дейін

көзделмеген

конкурстың жеңімпазын анықтау

15.

Салтанатты марапаттау рәсімі, конкурстың қорытындыларын шығару

МҚІА, ҰЭМ, АШМ, АҚДМ

қыркүйек айының соңына дейін

облыстық немесе республикалық бюджет қолдауымен

конкурстың жеңімпаздарын марапаттау

2020 жылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары
Дата публикации
20 мая 2020