БАҚ және әлеуметтік желілерінде жарнамалауға арналған үлгі

БАҚ және әлеуметтік желілерінде жарнамалауға арналған үлгі

Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы IT-компания «Mediana Services Limited», «Astana Hub» халықаралық технологиялық парк, «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ мен бірлесе отырып Стартап мәдениеті мен IT қозғалыстары тек Алматы мен Астанада ғана емес екенін дәлелдеу үшін Astana Hub базасында құрылған  Startup Orda тегін стартап-инкубаторын Ақтау қаласында іске қосылуда.

 «Startup Orda» тегін стартап-инкубатор жобасының мақсаты Сертификатталған спикерлермен оффлайн және онлайн сессия, семинар, шеберлік сабақтарын өткізу, IT жобаны нөлден бастау негіздерін үйретіп және идеяны жүзеге асыру үшін ақшалай сыйлық ұтып алуға мүмкіндік береді. 30 семинар, шеберлік сыныптары және трекерлердің көмегімен стартаптарды инвесторларға қорытынды IDEA BATTLE конкурсында ұсына алады. Жобаға өтініш беру үшін телеграм каналы https://t.me/startupordaaqtau және инстаграм желісі msa.kz арқылы жолданады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда аймақтық менеджер Мәжтай Айгерім Оңғарбайқызына  (ұ/т +77780304170) хабарласуыңызға болады. Біз Ақтау қаласында болашақ Илон Маск, Марк Цукерберг немесе Стив Джобс бар екеніне және өзінің бүкіл әлемге танылуын күтіп жатқанына шын жүректен сенеміз!

БАҚ және әлеуметтік желілерінде жарнамалауға арналған үлгі
Дата публикации
09 ноября 2022