№180 «2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы»

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы

№180 «2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға

мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана  төлемақысының                             мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 наурыздағы                               №180 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4147 болып тіркелген, 2020 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ы. Құлатай) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары А. Нұрдаулетовке жүктелсін.
  3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аким города                                                                       М. Ибагаров

№180 «2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы»
Дата публикации
26 мая 2020