Кәсіпкерлік қызмет нысандарын салу және орналастыру
(аялдама сауда орнының кешені) үшін сауда орындарын беру жөнінде
ХАБАРЛАНДЫРУ
Жоба атауы: Кәсіпкерлік қызмет нысандарын салу және орналастыру (аялдама сауда орнының кешені) үшін сауда орындарын беру.
Жоба мазмұны: Жаңаөзен қаласы мен оған қарасты ауылдар аумағының тұрғындар көп шоғырланатын орындарда кәсіпкерлік қызмет нысандарын салу және орналастыру (аялдама сауда орнының кешені) мақсатында сауда орындарын құру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу.
Жоба мақсаты: Кәсіпкерлік қызметті дамыту және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру, салық түсімдерін арттыру, сондай-ақ, сауда орындарын беру үшін жеке және заңды тұлғаларды анықтау болып табылады.
Жоба негіздемесі:
- Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары;
- 2021-2025 жылдарға арналған өңірлерді дамыту бағдарламасы;
- Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 05 қазандағы № 486 қаулысы.
Жоба қатысушылары: Жеке және заңды тұлғалар.
Жобаға құжат қабылдау мерзімі: 14.10.2022 жыл – 28.10.2022 жыл арылығы.
Жобаны қарау отырысы: 31 қазан 2022 жыл, сағат 11:00
Құжат қабылдау орны: Жаңаөзен қаласы, Сәтбаев көшесі, №1 ғимараты
(Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ғимараты, 116-кабинет, сервистік орталық)
Жобаға қатысушы қажетті құжаттар:
- Жобаға қатысу үшін нақты қай орынға ниетті екені көрсетілген өтінім;
- Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмелері;
- Жеке кәсіпкерлікті растау жөніндегі куәлік көшірмесі;
- Аялдама сауда орнын салу және оны іске асыру үшін қандай да болсын басым болып табылатын қаржылай немесе материалдық мүмкіндіктерді анықтайтын кез-келген құжат көшірмелері.
Жұмыс органы: Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі
Жобада қойылатын талаптар:
- Нысандарда жүргізілетін құрылыс жұмыстары «Жаңаөзен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-мен бекітілген нобайлық (эскиз) жобасына сәйкес болуы тиіс.
- Жер учаскесінің құжаттары толық рәсімделгеннен кейін, 6 ай мерзімде нысанның құрылысын аяқтап, іске қосу. Іске қосылғаннан кейін мерзімін ұзартуға жол беріледі.
- Жер учаскесі уақытша өтеусіз негізде игергенге дейін азаматтық мәмілелер жасауға (сатуға, сыйға беруге) жол берілмейді, шектеу қойылады.
- Осы көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда жер учаскесінің жалға уақытша өтеусіз беру туралы шарты ескертпе хабарламасы берілгеннен кейін бір жақты тәртіппен бұзылып, мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.
- Аялдама кешені нысанын күтіп ұстау, коммуналдық шығындары, абаттандыру нысандарын бұзған жағдайда, инженерлік желілерге нұқсан келген жағдайда кәсіпкердің есебінен өтелуі тиіс. Сонымен бірге, аялдама орналасатын учаскенің маңына автокөлік жолы бойында қалташық (кармашка) салуға міндеттеледі.
Байланыс телефоны: 8 /72934/ 92373