Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (электрондық аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (электрондық аукцион) өткізу туралы хабарландыру 

 «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2022 жылы 25 қазан күні сағат 10:00-де (Астана қаласының уақытымен) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру (ағылшын) әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.

Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021  жылғы 15 қазандағы №297 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады.

Аукционға өтінімдерін тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады. Яғни, 2022 жылдың 06 қазан күннен (Астана қаласының уақытымен) - 2022 жылдың 25 қазан күні сағат 09:55-ке дейін сауда-саттыққа қатысу туралы өтінім қабылданады.

Өтінімде көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде веб-порталда деректерді өзгертуді жүзеге асырады.

Өтінімді қабылдаудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

       1) қатысушының осы Қағидалардың 14-тармағында (Сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушы веб-порталда өтінім береді және электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қояды.) көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықтың басталуына бес минут қалғанға дейін ұйымдастырушының шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі;

       2) Жер кодексінің 20-бабы 2-тармағының үшінші абзацына және 24-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес;

      3) қатысушының Жер кодексінің 96-1-бабына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде болуы.

Аукционға қатысуға рұқсат етілген қатысушыға аукцион залына веб-портал берген аукцион нөмірі бойынша кіруге рұқсат етіледі.

Назар аударыңыз! Бағаны көтеру аукционына қатысушылар аукцион басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді, бастапқы бағадан төмен болмайтын сауда-саттық объектісі үшін өзінің баға ұсынысын көрсетеді.

Аукцион сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақытта басталады. Егер бағаны көтеру аукционы аяқталатын сәтте сағат 17:00-де аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда сауда-саттық объектісін сатып алуға ниетін растаған соңғы қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы сауда-саттық объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады.

Егер аукцион басталған сәтте сауда-саттық объектісі бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса (сауда-саттық объектісін жалғыз қатысушыға сатуға жол берілетіне үшінші аукционды (бағаны төмендету аукционын қоспағанда), аталған сауда-саттық объектісі бойынша аукцион өтпеді деп танылады.

Сауда-саттықтың сатып алушысының кепілдік жарнасы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сауда-саттыққа қатысу кезінде мәлімделген шарттарда жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуды қамтамасыз ету болып табылады.

Кепілдік жарна Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 916-бабының 10-тармағына сәйкес қайтарылмайды.

Әрбір сатылған сауда-саттық объектісі бойынша сауда-саттық нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз сауда-саттық өткізілген күні веб-порталда ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қояды.

Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама сауда-саттық нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының арасындағы сауда-саттық жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қою шарттарын тіркейтін құжат болып табылады.

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты веб-порталда электрондық форматта жасалады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, сатушы мен сатып алушы қол қояды.

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында жүргізіледі. Бұл ретте сатып алушы ұйымдастырушыға төлемдерді аударуды мынадай тәртіппен жүргізеді:

      1) кепілпұл (аванстық төлем) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сату бағасының 50 (елу) %-ы мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;

      2) қалған сома жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімде қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы веб-порталда қалыптастырылатын сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және аталған сауда-саттық объектісі күші жойылған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайта шығарылады.

Сауда-саттық объектісін беру жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы сату бағасын толық төлеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей сатушы мен сатып алушы веб-порталда қол қоятын қабылдау-тапсыру актісі бойынша жүргізіледі.

Егер сатып алушы соңғы төлемді өтеу міндеттерін осы Қағидалардың 58-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзімдерде орындамаса, онда сатып алушы күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жер учаскесі үшін төлем төленген күнге дейін төленуі тиіс күннен бастап кешіктірілген мерзім үшін өсімпұл (тұрақсыздық айыбын) төлейді.

Сауда-саттық нәтижелерін жарамсыз деп тану туралы даулар сот тәртібімен қаралады.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:

Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН:050540004455, ТТК:171, БЕК:16.

Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, ЖСК:KZ946017111000000330, БСК:HSBKKZKX.

Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

р/с

№

Жер учаскесінің орналасқан жері

Нысаналы мақсаты

Алаңы, га

Жер теліміне құқық түрі

Жер теліміне ауыртпалық

(шектеу)

 

Жылдық

жалдау төлемінің сомасы (теңге)

Сауда-саттықты өткізу тәсілі мен әдісі

Бастапқы баға

(ең төменгі баға)

теңге

Кепілдік төлемі

(теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

 

 

Жаңаөзен қаласы, Қызылсай ауылы, Жамбыл Жабаев көшесі, №45Г құрылыс

Этно-ауыл орналастыру үшін

5,0000

Жалдау құқығын сатумен 6 жылға

Жоқ

24000

Бағаны көтеру әдісі

6 990 000

1 048 500

 

 

2

Жаңаөзен қаласы, №2 өндірістік аймақ, №94Д

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін

0,2000

Жалдау құқығын сатумен 6 жылға

Жоқ

 

16 400

Бағаны көтеру әдісі

 

279 600

153 150

3

Жаңаөзен қаласы, Өркен шағын ауданы, №63Г құрылыс

Бір типті сауда павильонын орналастыру үшін

0,0050

Жалдау құқығын сатумен 6 жылға

Жоқ

410

Бағаны көтеру әдісі

6 990

153 150

4

Жаңаөзен қаласы, №2 Өндірістік аймақ, №109В құрылыс

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін

0,1500

Жалдау құқығын сатумен 6 жылға

Жоқ

12 300

Бағаны көтеру әдісі

209 700

153 150

5

Жаңаөзен қаласы, №2 Өндірістік аймақ, №109Д құрылыс

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін

0,2500

Жалдау құқығын сатумен 6 жылға

Жоқ

20 500

Бағаны көтеру әдісі

349 500

153 150

6

Жаңаөзен қаласы, №2 Өндірістік аймақ, №109Г құрылыс

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін

0,1500

Жалдау құқығын сатумен 6 жылға

Жоқ

12 300

Бағаны көтеру әдісі

209 700

153 150

7

Жаңаөзен қаласы, «Рауан» шағын ауданы

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін

0,2500

Жалдау құқығын сатумен 6 жылға

Жоқ

20 500

Бағаны көтеру әдісі

349 500

153 150

8

Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, «Мерей» шағын ауданы, Ж.Тлеуов көшесі, №84Д учаске

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін

0,0900

Жалдау құқығын сатумен 6 жылға

Жоқ

432

Бағаны көтеру әдісі

125 820

153 150

9

Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, «Мерей» шағын ауданы, №60 көше, №120Д учаске

 

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін

0,0750

Жалдау құқығын сатумен 6 жылға

Жоқ

360

Бағаны көтеру әдісі

104 850

153 150

10

Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, «Мерей» шағын ауданы, №59 көше, №120В учаске

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін

0,0750

Жалдау құқығын сатумен 6 жылға

Жоқ

360

Бағаны көтеру әдісі

104 850

153 150

11

Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, «Мерей» шағын ауданы, №59 көше, №119Д учаске

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін

0,0750

Жалдау құқығын сатумен 6 жылға

Жоқ

360

Бағаны көтеру әдісі

104 850

153 150

12

Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, «Мерей» шағын ауданы, №58 көше, №119Ж учаске

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін

0,0750

Жалдау құқығын сатумен 6 жылға

Жоқ

360

Бағаны көтеру әдісі

104 850

153 150

13

Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы, «Мерей» шағын ауданы, №58 көше, №120Г учаске

Құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін

0,0750

Жалдау құқығын сатумен 6 жылға

Жоқ

360

Бағаны көтеру әдісі

104 850

153 150

 Ұйымдастырушы: «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ

Анықтама телефондары: 8 (72 934) 47-4-55.

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (электрондық аукцион) өткізу туралы хабарландыру
Дата публикации
07 октября 2022