Рахат ауылы бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі

Рахат ауылы бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп

2021 жылдың қорытындысы бойынша, Рахат ауылындағы тұрғындардың саны 42 346 адамды құрап отыр. Тіркелген тұрғын үй саны 7 630. Құрамына: «Рахат», «Ақсу» және «Мерей» шағынаудандары кіреді. Өздеріңізге белгілі, Рахат ауылының халық саны жылдан жылға артып келеді. Бұл негізінен табиғи өсім болып табылады.

2021 жылы әр-түрлі сұрақтармен ауыл әкімінің және оның орыбасарының жеке қабылдауында 262 тұрғын келген болатын.

Жеке тұлғалардан 491 өтініш келіп түсті. Заңды тұлғалардан 7 өтініш келіп түсті. Көтерілген мәселелер бойынша заң талаптарына сәйкес уақытылы жауаптары берілді.

Өткен жылғы есеп беру кездесуінде ауыл тұрғындары тарапынан 10 ұсыныс келіп түскен болатын, қазіргі уақытта оның 8-і орындалды, 2-уі бақылауда.

 

Ауыл бюджеті

2021 жылға бөлінген ауыл бюджеті 338 млн. 874 мың теңгені құрап, бөлінген қаражат 100 %-ға игерілді. 2022 жылға арналған ауыл бюджетінің көлемі –  276 млн. 220 мың теңге.

2021 жылға бекітілген салық – 176 041 мың теңге болатын, бұл 116 %-ға артық орындалды.

 

Білім беру саласы

        Ауылда 3 орта мектеп пен 1 мемлекеттік балабақша және 7 жекеменшік балабақша қызмет атқарады.

        Орта білім беретін мектептерге тоқталатын болсақ, жалпы білім алатын оқушылар саны – 6 056, мұғалімдер саны - 517.

        2021 жылғы мектеп бітірген түлектер саны – 196 болса, Ұлттық Бірыңғай Тест тапсырған түлектердің саны – 191. Жалпы орташа ұпайдың көрсеткіші  – 61%. 39 түлек грантқа түссе, жоғары оқу орнына түскендер саны – 156, орта кәсіптік оқуға түскендер саны – 34.

        2021 жылы ауылымыз бойынша әлеуметтік осал топқа жататын 10 отбасының балаларына қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жоғары оқу орнын тегін оқуына жолдама берілді.

         Барлық мектептер толықтай кең жолақты интернет желісімен және көлікпен қамтамасыз етілген.

         «Ақсу» шағынауданында орналасқан 760 орындық Жаңаөзен политехникалық колледжінде қазіргі таңда – 592 студентке 63 мұғалім дәріс оқиды.

         Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары:

         Рахат ауылында 1 (бір) мемлекеттік балабақша бар.  Сыйымдылығы - 920 орын, қазіргі таңда – 920 бала тәрбие алады, тәрбиешілер саны– 250.

         Ауылда 7 (жеке меншік) балабақша орналасқан. Онда, бүгінде тәрбиеленуші бала саны – 407, тәрбиеші саны – 24.           

 

Денсаулық сақтау саласы

Рахат ауылында 250 келушіге арналған емхана орналасқан. Ауылда тұрғындар санының артуына және жедел жәрдем қызметкерлерінің шақырушыға уақытылы көмек көрсету үшін ауылдың әкімшілік ғимаратының ішінен арнайы жедел жәрдем қызметі үшін барлық жағдайы жасалған бөлме бөлінген. Емханада және жедел жәрдем бөлімінде 61 дәрігер және 320  медперсонал қызмет етеді.

  Қазіргі таңда, емхана бойынша 20 дәрігерге тапшылық бар. Олар: Жалпы тәжірибелі дәрігер,  Инфекционист, Онколог, Ревматолог, Акушер/Гинеколог, Терапевт, Нефролог, Лаборант, Эндокринолог, Невропотолог, Венеролог.

  2021 жылдың тамыз айында «Мерей» шағынауданында 50 орынға арналған отбасылық дәрігерлік амбулатория (СВА) құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары күнделікті бақылауда. Құрылыс нысаны 2022 жылдың мамыр айына дейін аяқтау жөнінде жоспары бар. 

 

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша

Республикалық "Дипломмен ауылға" бағдарламасы ауыл бойынша қарқынды жүріп жатыр. 2021 жылы 43 маман "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша барлығы 81,9 млн.тг. бюджеттік несие (1500 АЕК) мен көтерме жәрдемақы (100 АЕК) алды. Бұл жұмыстар да әрі қарай жалғасады.

 

Әлеуметтік сала

2021 жылы 267 отбасыға - 6 499 076 теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек, 323 отбасыға - 92 млн. 834 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек және ауған соғысының ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне «9 мамыр Жеңіс күніне» орай 41 млн. 713 мың теңге жәрдемақы берілді.

Жұмыспен қамту орталығында 2021 жылы Рахат ауылынан 1 675 адам жұмыссыздықта тіркеуде болған. Қоғамдық жұмысқа 478 адам, жастар практикасы бойынша 47 жас маманды практикадан өтуге, тұрақты жұмысқа 1 399 адам жіберілген.

Ауылымыздың әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларына ауыл әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауылдың кәсіпкерлері тарапынан түрлі деңгейде қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.

Осы жұмыстардың ең ауқымдысы «Харекет» қайырымдылық қоры арқылы 3 отбасыға және де қала кәсіпкерінің өзінің бастамасымен 1 отбасыға баспана алынып берілді.

 

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласы

Ауылда 168 шағын бизнес субъектілері және 3 шаруа қожалығы тіркелген. Бұлар бүгінгі күні өз істерін дамытып ауыл экономикасына өз үлестерін қосып, 900 – ден аса азаматты жұмыспен қамтып отыр.

2021 жылы 3 кәсіпкер «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы, 1 кәсіпкер өңірлік «НұрКапитал» жобасы аясында несиелер алған. Ауыл бойынша 59 адам кәсіпкерлік негізде           «Бизнес кеңесші» оқу курсын оқып, сертификат алды. Оның 44-і грант иегері атанған (583,4 мың.теңгеден – 44 адамға барлығы –             25,6 млн. теңге).

2021 жылдың қорытындысы бойынша Рахат ауылының мал басының саны – 3639 құрады.

Ауылда мал басын түгендеу үшін арнайы комиссия құрылып, барлық тіркелген шаруа қожалықтары мен жеке үй шаруашылығындағы мал саны нақтыланды.

Нәтижесінде, «Жасыл-дәліз -1» функционалы бойынша 115 жеке үй шаруашылығы – 6 741 711 теңге қайтарымсыз өтемақы алды. Ал, «Жасыл-дәліз-2» функционалы бойынша 94 жеке үй шаруашылығы – 2 423 414 теңге қайтарымсыз өтемақы алды.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының соның ішінде, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында иесіз жүрген бұралқы иттерді аулау мәселесі де басты назарда. Атап айтатын болсақ, 2021 жылы ауыл тұрғындарынан келіп түскен өтініштерін негізге ала отырып, иесіз жүрген 567 ит ауланды.

Өздеріңізге мәлім, 2021 жылы облыс аумағында қуаңшылық орын алуына байланысты басқа өңірлерден ауылға 14 вагон тегін шөп жеткізілді. 2021 жылы ауылға барлығы 234 тонна жем-шөп жеткізілген.

Рахат ауылында жем-шөп сататын 8 кәсіпкер жұмыс жасайды. Жалпы есеппен алғанда, айына 16 000 түп шөп, 450 тонна жем (арпа, кебек, бидай) сатылымға шығарылуда.

2022 жылдың басында 66 тонна кебек жемі жеңілдетілген бағамен (1000 теңге) берілді.

Күнделікті жем-шөп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қала әкімдігі және ауыл әкімі аппаратының өкілдерімен мониторинг шаралары өткізілуде.

 

Тазалық мәселесі

        2021 жылы санитариялық тазалық қызметін «Тазалық-С» мекемесінің 2 цехы қызмет көрсетеді.

        2021 жылы «Мерей» шағынауданына жаңадан 215 дана қоқыс контейнерлері орналастырылды. Оған қоса, осы жылы ауылдың негізгі көшелерінің бойында орналасқан 23 орынға қоқыс контейнерлеріне қоршау жасалды.

 

        Ауылды абаттандыру және көгалдандыру

        - Рахат ауылының негізгі көшелеріне ауыл әкімдігі арқылы барлығы 280 жарықдиодты шамдар орнатылып, жаңартылды;

        - 2021 жылы «Өзенэнергосервис» мекемесінің ұйымдастыруымен қосымша «Мерей» шағынауданының шеткі аумақтарына 100 дана жарық диодты шамдар орнату жұмыстары аяқталды;

        - Т.Айдаров даңғылы бойында орналасқан металл кермеге «жүгіртпе жол» құрылғысы орнатылды;

        - «Ақсу» шағынауданы, Ж.Дәуітов көшесіне «Өзенинвест» мекемесінің көмегімен 1 дана спорт алаңшасы пайдалануға берілді.

        - «Мерей» шағынауданы, Құланды тас жолының бойына көше атаулары белгіленген тақтайшалар орнатылды;

        - «Ақсу» шағынауданы, «Адайдың 60 батыры» аллеясына видеобақылау құрылғысы орнатылып, қалалық ІІБ-ның орталықтандырылған бақылау жүйесіне қосылды;

        - Құланды тас жолы бойындағы 4 дана бағдаршам қиылысы жолақтары кеңейтілді;

        Сонымен қатар, осы жылдың қазан айында ауылдағы 2 дана ойын алаңшасына («Ақсу» және «Мерей» шағынаудандарында) қосымша ойын детальдары орнатылып, жаңартылады.

        - Ауылдағы қоғамдық орындарда қараусыз бос жүрген төрт-түлік жануарларын уақытша ұстайтын «Айыптұрақ» қызметі жалғасын тауып, жыл басынан осы уақытқа дейін 90-ға жуық қараусыз жүрген төрт-түлік жануары қамалып, иелеріне шара алынды.

        Ауылымызда 4900-ге жуық жасыл-желек ағаштары бар. Барлығына тамшылап суару тәсілімен күтім жасалуда.

        2022 жылдың жоспарында 500 түп тал отырғызу және негізгі көшелердің бойына гүлзарлар орнату жұмыстары жүргізіледі.

 

Көше жарықтары

2021 жылы Рахат ауылы бойынша көше жарық шамдарына техникалық қызмет көрсету жұмыстары «Өзенэнергосервис» МКК мекемесімен келісім-шарт жасақталып, өз қызметтерін атқарды.

2021 жылы басталып, 2022 жылдың ақпан айында «Рахат» шағынауданының Жемісті, Лалагүл, Алмалы, Көкорай, Самал, Сандуғаш көшелеріне көше жарық шамдарын орнату жұмыстары аяқталды.    2022 жылдың жоспары бойынша ауылға қосымша 430 дана жарық диодты шамдар орнату жұмыстары бар.

 

Қоғамдық қауіпсіздік саласы

Рахат ауылында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, бұзақылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері басты назарда. Ауылда 9 учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасайды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша жалпы қылмыс саны – 23, ашылғаны – 23,

  1. Ұрлық дерегі – 14. Ашылған – 14.
  2. Бұзақылық дерегі – 3. Ашылған - 3.
  3. Есірткімен айналысу есебінде тұрғандар саны – 6.

 

Ауыл көшелері бойынша

Ауылда барлығы 79 көше бар, оның 14 асфальтталған.

- Жалпы жол ұзындығы – 57,6 шақырым

- Асфальттанбаған бөлігі – 148,74 шақырым

- Жалпы жол ұзындығы – 206,34 шақырым

Автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары бойынша         2021 жылы Рахат ауылының «Өтеп Балғынбаев» (әуежай жолы) көшесінің 3 шақырым жолы жөнделді.

2022 жылға «Рахат» шағынауданы Балауса (2), Гүлдер (3) және Жемісті (6) көшелеріне жалпы ұзындығы 3,6 шақырым болатын автокөлік жолдарының құрылысын жүргізу жоспарланған.

  Маршрут бойынша ауылда жолаушылар тасымалымен 3 маршрут айналысады. Олар №5, №11, №12 маршруттар. Маршруттардың қызметі ауыл әкімшілігінің үнемі бақылауында. Тұрғындар тарапынан келіп түскен ұсыныстармен жұмыстанудамыз.

 

Байланыс саласы

Рахат ауылында 7630 тұрғын үйдің 5332 тұрғын үйі кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде, «Қазақтелеком» АҚ-ы – 1546 үй, «SASTelecom» ЖШС-і – 2875 үй, «SYNERGYTelecom» ЖШС- і – 561 үй, «САМҒАУ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС-і - 350).

  Бүгінгі күнде, ауыл бойынша барлық көшелерге интернет желісі жүргізілуде. Бұл бойынша интернет желісін тартушы жеке кәсіпкермен жасалған келіссөздер бар.

 

Спорт саласы

Рахат ауылы, «Мерей» шағынауданы, Шоғы батыр көшесінен      2019 жылы 500 орындық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт кешені бой көтерді. Онда, әр түрлі бағыттағы спорттық салалар бойынша үйірмелер бар.

  2022 жылы «Ауыл ел бесігі» бағдарламасының аясында «Мерей» шағынауданына 1 дана ангар типтегі спорт кешені құрылысын салу жоспарда бар. Сонымен қатар, 4 дана балалар ойын алаңшаларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

 

Қорытындылай келе, 2021 жылы атқарылған жұмыстар аз емес, дегенмен, алда тұрған үлкен мәселелер, міндеттер бар. Оларды атап өтетін болсақ,

- 2021 жылдың тамыз айында «Мерей» шағынауданында құрылысы басталған отбасылық дәрігерлік амбулатория құрылысын жоспарланған мерзімінде аяқтау;

- «Рахат» шағынауданындағы  Балауса (2), Гүлдер (3) және Жемісті (6) көшелеріне жалпы ұзындығы 3,6 шақырым болатын автокөлік жолдарының құрылысына бақылау жасау;

- «Мерей» шағынауданына жалпы ұзындығы  17,84 шақырым болатын автокөлік жолы құрылысына ЖСҚ жасақтау;

- Қалалық «Өзенинвест» мекемесі арқылы жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысын салу («Мерей» ш/а 57 – 78 көшелері, «Ақсу» ш/а., Жосалы көшесі);

- «Мерей» шағынауданына ангар типтегі спорт кешені құрылысына бақылау жасау;

- «Мерей» шағынауданы және Кендірлі ауылына жүргізіліп жатқан ауыз су құбырының құрылысының жұмысына бақылау жасау;

- 2022 жылы ауылдың негізгі көшелеріне 430 дана жарық диодты шамдар орнату;

- Ауылымызға «Каспий банк» терминалдарын орналастыру;

- Ауылды телефон және интернет байланысын әлі де болса күшейту;

- Ауылда орналасқан балалар ойын алаңшаларына жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде міндеттер тұр.

Рахат ауылы бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі
Дата публикации
17 января 2022