САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР НАЗАРЫНА!

САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР НАЗАРЫНА! 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес, төменде көрсетілген жаңадан құрылған учаскелік сайлау комиссияларының  мүшелерін сайлау жоспарланып отыр.

           Жаңадан құрылған учаскелік сайлау комиссиялары:

           № 108 учаскелік сайлау комиссиясы - 7 (жеті) мүше.

           № 109 учаскелік сайлау комиссиясы - 7 (жеті) мүше.

           Осыған орай, кандидаттар туралы ұсыныстар 2022 жылдың 16 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында Жаңаөзен қалалық мәслихатына мына мекен-жай бойынша ұсынылуы керек:

         Жаңаөзен қаласы, Сәтбаев көшесі  1, әкімдік ғимараты № 219 бөлме.

         Байланыс телефондары: 77-091, 77-834

          Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылған кандидаттар тізімін Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы ТемирМусаевтың атына жолдайды.

         Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

                Ұсынысқа төмендегі құжаттар қоса жалғанады:

1. Саяси партияның әділет органдарында тіркелгендігі туралы
құжаттың көшірмесі;

2. Саяси партияның (олардың жарғыларына сай өкілеттілігі бар
құрылымдық бөлімшелерінің) сайлау комиссиясының құрамына
кандидаттар ұсыну туралы отырыстарының, жиналыстарының
(конференцияларының) қаулыларынан көшірмелер;

3. Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған адамдардың
оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініштері;

4. Кандидаттардың жеке куәлік көшірмесі.

         Қоғамдық бірлестіктер де саяси партиялар сияқты құжаттар тізбесін тапсырады.

         Белгiленген мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, қалалық мәслихат сайлау комиссияларын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

        

Жаңаөзен қалалық мәслихаты

САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР НАЗАРЫНА!
Дата публикации
16 сентября 2022